Күнделікті және теориялық сана. Бұл екеуі қоғамдық сананың төменгі және жоғары деңгейі болып табылады. Оларды қоғамдық құбылыстарды, процестерді терең түсіндіруімен ерекшелейміз. Күнделікті сана барлық адамдарға тән. Ол адамдардың күнделікті практикалық қызметі процесінде олардың эмпирикалық тәжірибесі негізінде қалыптасады. Көп жағдайда бұл қоғамдық өмірді стихиялық тұрғыдан бейнелеу болып табылады. Мұнда қоғамдық құбылыстарды жүйелеу мен олардың терең мәнің ашу жоқ. Адамдардың кейбір қоғамдық құбылыстар ғылыми түсінігі болмаған жағдайында сол құбылыстар жөнінде күнделікті сана деңгейінде ой қозғауға мәжбүр болады. Мұндай жағдай адамдар тобы мен жеке адамның өмірінде жиі кездесіп тұрады, өйткені, біз бәрін ғылыми тұрғыдан ойластыра бермейміз.Адамдардың білімділігі төмен болса, онда олар қоғамдық өмірдің құбылыстары жөнінде көп жағдайда күнделікті сана деңгейінде ойлады. Бірақ білімді адамның өзі де бәрін ғылыми жолмен тани алмайды. Сондықтан күнделікті сананың қызмет ету аясы өте кең.
Теориялық сана күнделікті санаға қарағанда қоғамдық өмірді танығанда қоғамдық құбылыстар мен процестердің мәнің ашуға, олардың объективті даму заңдылықтарын көрсетуге тырысады. Бұл қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өміріне қатысты. Осыған байланысты, ол қоғамдық сананың біршама жоғарғы деңгейі болып табылады. Теориялық сана қоғамдық өмірдің кез келген құбылысына байланысты белгілі бір ғылыми концепция болып саналады. Теориялық сананың субъектісі ретінде барлық адамдарды қарастыра бермейміз. Мұндайларға қоғам дамуының тиісті құбылыстары жөнінде ғылыми тұрыдан ойлай білетін адамдарды, яғни әр түрлі білім саласында қызмет ететін ғылымдарды, мамандарды, теоретиктерді жатқызамыз.Күнделікті және теориялық сана бір-бірімен өте күрделі байланыста болады. Әсіресе күнделікті сананың мазмұны өзгеріп, ол ғылыми көзқарастармен ойларға тола түсті. Бұл сәтте қазіргі күнделікті сананың шамамен бір немесе екі ғасыр болған санадан айырмашылығы жер мен көктей. Қоғамдық сананың екі деңгейі – күнделікті және теориялық – қоғамның дамуы мен адамдардың өмірі мен қызметінде өте маңызды рөл атқарады. Қоғамдық психология және идеология. Бұл екеуі қоғамдық сананың маңызды құрылымдық элементтері. Олар әр түрлі әлеуметтік топтар мен ұлттық-этникалық қауымдықтардың әлеуметтік шыңдықты қатынасын айқындайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани - адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани - адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |