3.3 Экспортты әртараптандырудың даму сценариін іске асыру тетіктерін ұсыну
Елімізде экспортты әртараптандыруды жүзеге асыру үшін ұлттық стратегиялық бағдарламалар негізінде түрлі іс-шаралар атқарылуда.
Индустрияландырудың екі бесжылдығын іске асыру нәтижесінде бүгінгі күні елімізде өңдеу өнеркәсібі оң серпінінмен дамуы қалыптасып отыр, жалпы алғанда, өндірістің көлемі 3 есеге жуық өсіп, 70 трлн. теңгеге отандық өнім өндірілді. Өндірістің құрамында металлургия саласының өнімдері, машина жасау, химия өнеркәсібі және тамақ өнімдері алдыңғы орында.
Инновациялық – индустриалды дамудың келесі бесжылдығы 2020 жылдан бастап жүзеге асырыла бастады. Мұндағы басты бағдар өндірістің ауқымын одан әрі арттыруға және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, сапалы өнім түрлерін көбейтуге қойылып отыр. Дегенмен осы зерттеу нәтижелерін ескере отырып экспортты әртараптандырудың даму сценарилерін іске асыру тетіктерін ұсынамыз.
Қазіргі қалыптасқан жағдайда экспортты әртараптандыруға мүмкіндік бермейтін бірнеше тәуекелдер бар. Оларды шешу үшін Қазақстан әр аймақтың экспорттық салаларының мүмкіндіктерін, ерекшеліктерін, әлеуетін ескере отырып экспорттаушыларға экономикалық және институционалдық жағдайлар жасау қажет. Олар бірнеше кешенді тетіктерден тұрады:
|
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
2021
|
2021, %
|
1
|
|
5 473 161
|
6 072 687
|
6 591 482
|
7 024 709
|
7 762 303
|
8 770 572
|
11 179 036
|
12 576 793
|
12 270 144
|
13 242 233
|
100%
|
2
|
Ақмола
|
143 782
|
141 716
|
181 328
|
199 021
|
223 045
|
264 892
|
278 177
|
333 723
|
436 633
|
514 683
|
3,9
|
3
|
Ақтөбе
|
432 988
|
496 248
|
526 249
|
349 912
|
374 020
|
438 049
|
516 893
|
598 864
|
648 036
|
817 136
|
6,2
|
4
|
Алматы
|
383 786
|
431 364
|
453 209
|
490 619
|
528 883
|
524 217
|
578 720
|
647 330
|
682 407
|
733 426
|
5,5
|
5
|
Атырау
|
1 033 961
|
1 038 438
|
1 129 627
|
1 470 262
|
2 036 852
|
2 468 570
|
3 691 401
|
4 328 236
|
3 178 960
|
2 910 114
|
22,0
|
6
|
Батыс Қазақстан
|
164 652
|
193 869
|
270 092
|
365 963
|
401 646
|
407 589
|
450 382
|
586 265
|
481 485
|
428 742
|
3,2
|
7
|
Жамбыл
|
152 437
|
248 842
|
208 554
|
194 321
|
215 906
|
225 863
|
264 520
|
296 398
|
350 068
|
398 609
|
3,0
|
8
|
Қарағанды
|
323 816
|
405 015
|
411 852
|
343 351
|
317 571
|
363 267
|
489 030
|
811 433
|
692 347
|
796 866
|
6,0
|
9
|
Қостанай
|
163 754
|
180 419
|
192 134
|
162 976
|
178 452
|
202 289
|
249 340
|
288 737
|
336 599
|
431 179
|
3,3
|
10
|
Қызылорда
|
255 979
|
371 935
|
262 583
|
236 995
|
215 920
|
243 100
|
332 655
|
400 209
|
292 344
|
308 941
|
2,3
|
11
|
Маңғыстау
|
396 385
|
440 025
|
532 239
|
458 956
|
405 604
|
434 446
|
504 649
|
556 558
|
582 279
|
629 138
|
4,8
|
12
|
Оңтүстік Қазақстан
|
318 169
|
415 277
|
449 385
|
417 562
|
380 570
|
485 402
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
13
|
Павлодар
|
263 513
|
276 246
|
353 112
|
451 714
|
439 764
|
483 795
|
411 958
|
494 620
|
487 154
|
571 927
|
3,9
|
14
|
Солтүстік Қазақстан
|
97 999
|
101 758
|
116 943
|
155 431
|
167 066
|
191 689
|
214 181
|
234 490
|
286 252
|
333 149
|
2,5
|
15
|
Түркістан
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
314 114
|
443 503
|
705 722
|
659 114
|
5,0
|
16
|
Шығыс Қазақстан
|
266 194
|
301 168
|
345 943
|
411 930
|
436 751
|
436 107
|
494 597
|
621 913
|
729 115
|
834 080
|
6,3
|
17
|
Астана қ.
|
617 470
|
547 490
|
646 634
|
782 326
|
858 679
|
956 891
|
1 067 455
|
919 107
|
1 125 211
|
1 225 027
|
9,3
|
18
|
Алматы қ.
|
458 276
|
482 877
|
511 598
|
533 370
|
581 574
|
644 406
|
732 930
|
820 449
|
976 795
|
1 187 620
|
9,0
|
19
|
Шымкент қ.
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
588 034
|
194 958
|
278 737
|
462 482
|
3,5
|
Ескертпе: [] дереккөзі негезінде құрастырылды
|
Кесте 29 – Аймақтар бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
Инвестиция тарту. Инвестиция тарту негізінде отандық мықты инфрақұрылымды, өндірістік базаны қалыптастыру қажет. Халықаралық стандарттарға сай өнім шығару экспортты ілгерілетудің негізі. Жоғарыда Малайзия мысалында атап өткендей өндірісті дамытудың алғышарты инвестиция болды. Алдымен агроөнеркәсіпті дамытып, соңынан өңдеуші саланы қолдады. Соның нәтижесінде Малайзияның жалпы экспорттағы өңдеу саласының үлесі 80% асты. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына 22% инвестиция жасалған.
Инвестицияның қомақты бөлігі тау-кен өндірісіне маманданған аймаққа салынуда. Өңдеу саласына бейін аймақтарға инвестицияны арттыру қажет. Қазақстандық экспорттың минералды ресурстарға шоғырлануының бір себебі шетелдік инвестицияның 60 пайызға жуығы тау кен өндірісіне салынуымен түсіндіруге болады. Оның ішінде 90 пайыздан астамы шикі мұнайды қазуға, 6 пайыздан астамы метал кендерін қазуға құйылған. Ал 2022 жылдың сегіз ай көрсеткіштеріне сәйкес шетелдік инвестицияның 17% сауда саласына, 42% тау кен саласына, 22% өңдеу өнеркәсібіне құйылған. Сондықтан елімізде өңдеу саласының өсу қарқыны баяу жүруде. Мұндай жағдай ұзақмерзімді макроэкономикалық тұрақтылық үшін қауіпті. Сондықтан өңдеуші салаға инвестицияны тау кен саласына пропроционалды өсуін қамтамасыз ету арқылы еселеп көбейту саланың дамуына септігін тигізеді.
Технологиялық трансферттер жасау арқылы технологиялық жаңғыру. Жоғарыда талдау бөлімінде көрсеткеніміздей еліміздегі технологиялық тозу деңгейі жоғары. Бұл өз кезегінде әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруда жөғары өнімділікті тежейді. Өнімділікті тежейтін тегізгі факторлары негізгі құралдар тозуы, төменгі технологиялық өндіріс т.б.
Жоғарыда талдау нәтижелері көрсеткендей Қазақстанда технологиялық тозудың жоғары деңгейі қалыптасқан. Өңдеуші саладағы 50% жуығы орташа технологиялы өндіріс. Қазақстанның 9 өңірінде төменгі технологиялы өндіріс, 7 өңірінде орта технологиялы өндіріс басым. Ал жоғары технологиялы өндіріс Жамбыл (44%), Алматы (27%), Қостанай (26%) облыстарына тиесілі. Сондықтан технологиялық трансферттер жасау арқылы технологиялық жаңғыру Қазақстан өндірісі мен экспортын әртараптандыру үшін маңызды. Қазіргі геосаяси шиеленіс кезеңінде (санкция, сауда кедергілері т.б) технологиялық трансферттер жасау да қиынға соғары сөзсіз. Сондықтан Азия мемлекеттерінің әлеуетін пайдалану маңызды.
Институционалды, қаржылық, жанама, тікелей қолдау шаралары
ӘРТАРАПТАНДЫРЫЛҒАН ЭКСПОРТ
Сала экспорты құнының саланың әлемдік экспорттағы үлесімен сәйкестігі
ExDO = RCA+XCI+HHI / 3
ExDO ≥ 1
Көп факторлы интегралды индекстік әдіс
ExDO= XCI + RCA +HHI / 3
Ішкі нарықты отандық өнідушілерге беру
Өндірісті әртараптан-дыру
Технологиялық жаңғыру
Инвестиция тарту
Транспорттық шығындарды азайту
Сауда, кедендік кедергілерді төмендету
Экспорттау-шыларды қаржылық қолдау
Білікті мамандарды даярлау
Географиялық нарықты кеңейту
Ақпараттық қамтамасыз ету
Сақтандыру
Субсидия
Нәтижелері
Валюталық табыстың көбеюі
Сыртқы қаржылық қысымның төмендеуі
Экспорттық түсімнің тұрақталуы
Тенгенің нығаюы
Инфляцияның төмендеуі
Макроэкономикалық тұрақтылық
Ескертпе – автормен құрастырылды
Сурет 23 – Экспортты әртараптандырудың даму сценариін іске асыру тетіктерінің моделі
Мәселен, біздегі машина жасау саласына Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай мемлекеттерінің технологиясын меңгеру қажет. Технологиялық трансферттер жасауда отандық кәсіпорындарға қолдау ретінде кедендік баж салығанан босату, тасымалдау шығындарын төменгі тарифпен қамтамасыз ету, жаңа кәсіпорындарды барлық салықтардан бастапқы жылдары босату қажет.
Технологиялық жаңғыру отандық кәсіпорындар үшін тек табыс көзі ғана емес, сонымен қатар жаңа технологиялық деңгейге шығып сыртқы нарықта бәсекелестерінен озуға мүмкіндік беретін құрал.
Сапалы өнім шығару және отандық өндірісті әртараптандыру. Экспорттың дамуы өндірістің әртараптануымен тікелей тығыз байланысты, оның алғышарты десек те болады.
Әртүрлі өнім, әсіресе жоғары технологиялы өнім шығару басты мақсатымыз болуы шарт. Мәселен, Қазақстан қазіргі шикізат күйінде экспорттап жатқан темірді орта технологиямен өңделген тауар шығарсақ 10 есе, жоғары технологиялы тауар шығарсақ 100 есе жоғары бағаға өткізе аламыз. Өнім сапасының жоғары болуы сыртқы нарықта бәсекегеге қабілеттілік үшін маңызды рөл атқарады. Дұрыс жоспарланған бизнес-процестер, халықаралық стандарттарды енгізу өнімнің сапасын айтарлықтай арттыруға, қазақстандық өнімге деген сенім деңгейін нығайтуға, тұтынушылардың ең жоғары сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сапалы өнім шығара отырып өндірісті, экспортты әртараптандырудың әлеуеті жоғары. Өңдеу өнеркәсібі экспортының перспективалы салаларына назар аудару қажет. Екінші бөлім талдау нәтижелеріне сәйкес еліміздің металлургия, химия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп экспортын дамытуға мүмкіндігі бар.
Машина жасау саласы мысалында қарастырсақ. Соңғы 5 жылда сала өнімі 62% өсімді құрап 13 трлн.теңгеден асты. Бұл өндірістің жартысынан көбі 4 аймаққа «Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары, Астана мен Алматы қалалары) тиесілі. Саланың әлемдік сұранысы жылына 7 трлн.доллардан асатынын ескерсек, елімізде бұл саланың дамуына мүмкіндігі зор.
Өндірушілерді қолдау мақсатында ішкі нарығымызды отандық өнідушілерге беру. Қазақстанда ашық нарық және түрлі халықаралық сауда ұйымдарына мүше болғандықтан отандық өндірушілердің әлемдік мықты кәсіпорындармен сыртқы нарықтан бұрын ішкі нарықта бәсекеге түсуі оларға қиындықтар туғызары анық. Соңғы жылдары мемлекеттің қолдауымен салынған өндіріс орындарының басым бөлігі қайта жабылған. Сондықтан біз ішкі нарықта импорттық тауарларға квота қою арқылы отандық өндірушілерді қолдай аламыз. Әрине бұл уақытша процес, отандық өндірушілер бәсекеге қабілетті болған сәтте шетелдік өндірушілермен де ашық бәсекеге түсе алады.
Мәселен, Өзбекстан Қазақстаннан бидайды импорттап, түрік диірмен технологиясын пайдалана отырып ұн дайындайды. Өз кезегінде ұн импортына кедендік баж салығын салып, шетелдік ұн импорттаушыларына кедергі келтіреді. Нәтижесінде өзбек ұн өндірушілер шикізатты бізден алып, оны ұнтақтап ішкі нарығын өздері қамтамасыз етеді және қосымша құнмен шетелге сатады. Өзбекстан арқылы өтетін транзиттік тасымалдарға бағаны көтереді. Өзбекстан нақты осы қолдау шарасын машина жасау саласында да пайдаланды, сондықтан мемлекеттің отандық өндірушілерді ішкі нарықта қолдауы да маңызды.
Транспорттық логистиканы әртараптандыру. Транспорттық шығындарды азайту. Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту отандық өндірушілердің халықаралық нарықта жеткізу тізбектеріне қосылуына оң әсер етеді [83]. Отандық өнімнің ішкі нарықпен қатар сыртқы нарықтарда да бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Теңіз су жолына шыға алмайтын Қазақстан үшін экспортты әртараптандыру үшін көлік қатынасын дамыту маңызды бағыт. Еліміз арнайы экономикалық аймақтағы Қорғас Шығыс қақпасы «құрғақ портының» құрылысын бітіру, Ақтау және Каспий маңы жағалауларында теңіз порттарының инфрақұрылымдарын қалыптастыру, сонымен қатар, Тынық мұхиты жағасындағы мемлекеттер мен Парсы шығанағында отандық өндірушілердің өнімдерін сақтайтын қоймалар салу мүмкіндігін қарастырып отыр. Мұндай шаралар логистикалық шығындарды оңтайландырып, отандық өнімді әлемнің көптеген мемлекеттеріне тез әрі тиімді жеткізуге жағдай жасар еді.
Әлемдегі соңғы саяси-экономикалық шиеленістер біздің логистикалық тораптарды әртараптандыру қажеттілігін тағы да дәлелдеді. Себебі еліміздің экспорты мен импортының басым бөлігі осы уақытқа дейін Ресей арқылы орындалып отырған. Өзбекстан, Түркіменстан арқылы Оңтүстік Азия елдеріне шығу, әлемдік теңіз жолына шығатын порттар салу, Батыс елдерге Каспий теңізінің су жолын пайдалануды арттыру мүмкіндіктерін қарастыру қажет.
Өндіріс орнынан дүкен сөресіне дейін жылдам және төмен шығынмен жеткізетін көтерме орталықтар құру қажет. Бұл өндірушілер мен тұтынушылар арасын тікелей байланыстыратын орталықтандырылған жүйе. Мұндай жүйе спекуляциялық жағдайлардан сақтайды, сонымен қатар транспорттық шығындарды төмендетеді.
Географиялық нарықты кеңейту - экспортты әртараптандырудағы басты міндеттердің бірі. Қазіргі өткізу нарықтарына қатысуды күшейту сонымен қатар бұрын болмаған жаңа нарықтарға шығу арқылы экспорттық нарық аясын кеңейту маңызды. Неғұрлым жоғары өңделген өнімге көшу ИИДМБ-3 көзделген іс-шаралар мен шаралар шеңберінде жоспарланған, олар еңбек өнімділігін арттыра отырып, өңдеу өнеркәсібіндегі қайта жасалатын өнімдер үлесін ұлғайтуға бағдарланған.
2020 жылы алғаш рет отандық өңдеу өнеркәсібі саласынан аккумлятор Италияға, навигациялық ұшу жабдығы Камбоджаға экспортталды. Әрбір өңделген тауарды жаңа мемлекеттерге шығару мүмкіндіктерін экспортты ұйымдастырушы мемлекеттік институттар қамтамасыз етуі тиіс.
Шикізат базасының сапасын арттыру мен оны біркелкі бөлудің дұрыс құрылған жүйесі және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары мен сапалы дайын өнім өндірушілер арасында коллаборациялық байланыс құру. Шет елдік нарықта маркетингтік талдау (нарыққа қол жеткізу шарттары, нарық сыйымдылығы, тұтыну қажеттіліктері, сауда желілерінің шарттары) жүргізу.
Ең алдымен Еуразиялық одақ елдерінің нарығын тиімді пайдалану мәселесі тұр. Қазақстан бұл нарықта тұтынушы емес ұсынушы (экспорттаушы) ел болуы тиіс. Сонымен қатар Шығыс және Оңтүстік Азия, т.б елдер нарығына шығу маңызды.
Ақша-несие саясатын тиімді жүргізу. Қысқа, орта, ұзақмерзімді перспективада экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету отандық экспорттаушылардың өсуіне көмектеседі. Ол үшін елдегі инфляция деңгейін ұстап тұру маңызды. Егер экспортты әртараптандыру процесі сәтті жүзеге асса онда ол өз кезегінде экспорттан түсетін валюталық кірісті арттырады және ол импорттық тауарларды алуда кедергілерді жояды, инфляцияны қалыпты ұстауға көмектеседі, ұлттық валютаның нығаюына әкеледі, макроэкономикалық тұрақтылықты сақтайды.
Сауда, кедендік кедергілерді төмендету. Экспортты әртараптандыруда басымдықтардың бірі сыртқы экономикалық қызметті жүргізуде болатын кедергілерді жою. Бұл экспорттық операциялар жүргізуді қиындататын ішкі және сыртқы әкімшілік және қаржылық ішкі кедергілер болуы мүмкін. Кедендік рәсімдеу, өнімді сақтандыру т.б. мәселелерде кездесетін ішкі кедергілердің барлығын жою экспорттаушы кәсіпорындарды одан әрі алға жылжуға септігін тигізеді. Сонымен қатар сыртқы нарықтағы кедергілерді де анықтап, оларды жою мүмкіндігін қарастырған жөн.
Мәселен, Еуразиялық одақтың шеңберінде одаққа мүше елдер саяси немесе экономикалық себептерді алға тартып Қазақстандық өнімнің сол елге кіруіне тосқауылдар қойды. Сауда және интеграция министрлігінің дегенше бір жылдың ішінде осындай тосқауылдар алынды.
Үшінші елдермен көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы туралы келісімдер жасасу кезінде арадағы кедергілерді жоюды негізге алу керек. Неғұрлым бәсекеге қабілетті болып табылатын секторлар экспортын арттыруға назар аудару, сондай-ақ осы секторларға деген сұраныс жоғары елдерге басымдық беру керек.
Біздің шетелдік өкілдіктер сол немесе өзге елдерде компанияларымызға қарсы жүргізілетін жұмысты қадағалап отыруға тиіс, өйткені сыртқы нарықтарға қол жеткізу бойынша жиі кедергілер жасалады. Мемлекеттің рөлі мемлекеттік органдар, экспортты қолдау жөніндегі негізгі операторлар және бизнес-қоғамдастық арасындағы кедергілерді еңсеру бойынша дереу ден қоюды және бірлескен іс-қимылдар жасауды білдіреді. Бұл функцияны орындау жоғары біліктілікті талап етеді. Сондықтан сыртқы нарықта отандық мүддені қорғайтын білікті кадрлай дайындау қажет.
Сыртқы саудаға бейімделген білікті мамандарды даярлау. Соңғы уақытта әлемдік сауда қатынастарында жаңа трендтер, жаңа білімді қажет ететін салалар пайда болуда. Әлемдік нарықта отандық өнімнің мүддесін қорғайтын, оны сыртқы нарыққа сенімді түрде шығаратын, сыртқы нарықты талдап, ондағы Қазақстанның мүмкіндігін бағалап, жүзеге асыратын білікті мамандарды даярлау қажеттілігі туындап отыр.
Сондықтан отандық экспортты ілгерілету жөнінде нақты мәселелермен айналысу үшін жыл сайын экономикалық бағытта маман дайындайтын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Еуразия Ұлттық университеті, Нархоз, Тұран, Халықаралық бизнес университеттері секілді экономикалық университеттер мен өңірлердегі мемлекеттік университеттерде докторантураға орындар бөлуді ұсынамыз. Бұл мамандар оқу процесінде-ақ нақты экспорттық деректермен жұмыс істеп, ондағы проблемаларды анықтап, отандық экспорттаушылармен сауалнама жүргізіп саладағы проблемаларды зерттеуге, әртүрлі кейстерді шешуге, шетелдік нарықта Қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктерін қарасытруға бағытталады. Өңдеу өнеркәсібінің әр саласы бойынша білікті мамандарды даярлау сала экспортын одан әрі ілгерілетіге септігін тигізеді. Әрбір дайындалған мықты маман елімізге қыруар экспорттық түсім әкелері сөзсіз.
Өңдеу саласының экспорттаушыларын қаржылық қолдау. Қаржылық қолдауды тікелей және жанама жүргізу қажет. Қазіргі таңда отандық экспорттаушылар қажетті деңгейде қаржылық қамтамасыз етілмеген. Бұл өнімді экспорттау кезінде біршімі қиындықтар туғызады. Қаржылық қолдау экспортталатын өнімді сақтандыру, субсидия түрінде беріледі.
Қаржылық қолдауды Түркия мысалында алғашқы жылдары ғана көрсеткен дұрыс. Себебі, өнім сапасын арттыруға ынталанбай мемлекеттің қаржылық қолдауын ғана табыс көзі ретінде пайдаланатын кәсіпкерлікке тосқауыл қою маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |