Зерттеудің мақсаты. Экспортты әртараптандыруды теориялық-әдіснамалық негіздеу, Қазақстан аймақтар мысалында экспортты әртараптандыру деңгейін бағалау және даму сценариін әзірлеу.
Зерттеудің міндеттері.Зерттеудің негізгі мақсатына қол жеткізу үшін мынадай нақты міндеттер қойылды:
Экспортты әртараптандыру ұғымына теориялық анықтамаларды зерделеу және экспортты әртараптандыру ұғымын авторлық көзқараспен толықтыру;
Экспортты әртараптандыру мүмкіндігін бағалау әдістемесін ұсыну;
Экспорттық әлеуетті бағалаудың әдістерін зерделеу, ҚР өңдеу өнеркәсібі саласының экспорттық әлеуетін әртүрлі индекстік әдістеме арқылы есептеу, талдау, Ұсынылған әдіс негізінде ҚР өңдеу өнеркәсібі саласының экспорттық мүмкіндіктерін бағалау;
Қазақстанда экспортты әртараптандырудың даму сценариі әзірлеу;
Экспортты әртараптандырудың даму сценариін іске асыру тетіктерін ұсыну.
Зерттеу объектісі -Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібі саласының экспорты.
Зерттеу пәні - Қазақстанда экспортты әртараптандыру процессінде туындайтын экономикалық қатынастар.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізі болып тақырыпқа байланысты отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі зерттеу еңбектері болып табылады. Зерттеу бағытына байланысты рейтінгі жоғары басылымдардың 50-ге жуық мақала іріктеліп, сарапталды. Зерттеудің екінші бөлімінде логикалық, салыстырмалы, аналитикалық, графикалық талдау жүргізілді. Экспортты әртараптандырудың деңгейі индекстік тәсіл арқылы бағаланды және соңында Қазақстан Республикасының экспортты әртараптандыру мүмкіндіктерін бағалауда кешенді интегралды индекстік әдістеме қолданылды.
Зерттеудің ақпараттық базасышетелдік және отандық ғалымдардың тақырыпқа қатысты монографиялары, еңбектері, Web of Scince және Scopus деректер базасына енетін басылымдардағы материалдары құрайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері, Индустриалды инновациялық мемлекеттік бағдарламалары, Ұлттық экспорттық стратегия бағдарламасы, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми мәліметтері, Әлемдік банк, Халықаралық сауда орталығы секілді халықаралық статистикалық агенттіктердің статистикалық деректері, ҚР Ұлттық Статистика бюросы базасы және басқа да халықаралық ұйымдардың ресми ақпараттары мен мерзімді басылым мәліметтерінен алынды.