Адилханов олжас шайзандаевич


І. ЭКСПОРТТЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет6/28
Дата27.02.2023
өлшемі1,79 Mb.
#170278
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
adilhanov-o-povtor-phd-s-sp

І. ЭКСПОРТТЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1 Экспортты әртараптандырудың теориялық эволюциясы
Қазіргі кезде экспортты әртараптандыру мәселелерін зерттеу кез келген мемлекетте, әсіресе қазба байлыққа бай дамушы мемлекеттерде өзектілігі жоғары. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы №636 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында 8 - жалпыұлттық басымдық Әртараптандырылған және инновациялық экономика құру және 9 - жалпыұлттық басымдық Экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту бөлімдерінде Қазақстанның өңдеу саласы экспортын әртараптандыру міндеті қойылған [20]. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей экспорты әртараптандырылған елдердің экспорты әртараптандырылмаған елдерге қарағанда экономикалық өсімі жоғары және тұрақты болады
Экономикалық әдебиеттерде «әртараптандыру» термині өте кең көлемде қолданылатын түсінік. «Әртараптандыру» ұғымы латынның екі сөзінен diversus – әртүрлі, facio – істеу, жасау. Яғни, әртүрлілік немесе әр тараптылық деген мағынаны білдіреді [21].
Әртараптандыру ХХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ, Жапония, Германия және алдыңғы қатарлы нарықтық экономикасы бар елдерде пайда болды. Нарықтық экономиканың даму тарихында әртараптандыру мен мамандандырудың көптеген үйлесімдері бар, бұл құбылыстың теориялық және практикалық мәселелерін алғаш рет 1962 жылы американдық экономист М.Горт, ал сәл кейінірек 1979 жылы Е.Есинара жетекшілігімен жапон мамандарының тобы сипаттаған. Олардың зерттеулерінің нәтижесінде әртараптандыру қолайсыз жағдайларда нарықтық қызмет тәуекелін төмендететін және компанияның қаржылық тұрақтылық дәрежесін арттыратын стратегия ретінде танылды.
Бұл ғалымдар әртараптандыруды - стратегия десе, енді бірі кәсіпорынның жұмысын оңтайландыратын процесс, енді бірі елдің өсімін қамтамасыз ететін құрал деген анықтама берген. Әртараптандыру терминіне ғалымдар кәсіпорын, аймақ, мемлекет деңгейінде түсінік берген.
Экономиканы әртараптандыруды анықтаудың әртүрлі тәсілдерін зерделей отырып, біз келесі негізгі авторлық тәсілдерді атап өтейік.

Кесте 1 – «Әртараптандыру» терминін анықтауға ғалымдардың әртүрлі тәсілдерінің классификациясы



Автор

Нысаны

Классификациясының анықтамасы

Горт М.

Кәсіпорын

«Әртараптандыру» - бұл компанияның бір уақытта бірнеше нарыққа қызмет көрсетуі [22]

Берри С.

Әртараптандыру - компания жұмыс істейтін нарық санының өсуі болған кезде пайда болады [23]

Есинара Е.

Алғаш рет әртараптандыруды нарықтық тәуекелмен байланыстырып, әртараптандыру стратегиясы нарықта жұмыс істеу тәуекелін төмендетуге және оның қаржылық тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті [24]

Ансофф И.

әртараптандыру фирманың ресурстарын белгілі бір фирма үшін негізгі емес салаларға бөлу кезінде жүреді деп есептеді [25]

Азрилиян A.

Жалпы экономика

Әртараптандыру - бұл жан-жақты даму. Әртараптандыру – мүмкін болатын шығындарды төмендету мақсатында капиталды әртүрлі нысандарға бөлу [26]

Дж. Макмиллан

Әртараптандыру - аймақтағы өнеркәсіптің алуан түрлілігі. Әртараптандыру - фирма ұсынатын тауарлардың кең спектрі [27]

Ламбен Ж.

Әртараптандыру дәстүрлі қызмет аймағынан тыс мүмкіндіктерге негізделген өсу ретінде қарастырылады [28]

Котлер Ф.

Әртараптандыру – бұрын болмаған салаларға шығу арқылы компанияның дамуын іске асыру әдісі [29]

Маркова В.Д.

Әртараптандыру - бұл шаруашылық қызметті жаңа салаларға бейімдеу [30]

Экономикалық терминдер

Әртараптандыру - бұл кәсіпорынның өндірістің басқа жаңа салаларына енуімен байланысты экономикалық қызмет ауқымын кеңейту [31]

Новиков В.А.

Әртараптандыру дегеніміз - орташа коммерциялық тәуекелді азайту мақсатында әртүрлі бағалы қағаздарға инвестициялау немесе әртүрлі өндірістерге қаржы салу [32]

О.Сәбден

Әртараптандыру – шикізаттық экономикадан шығудың бірден-бір жолы [33]

А.А.Сатыбалдин

Әртараптандыру - экспортталатын салалардың үлесін оңтайландыру [34]

Ескерпе: [35] негізінде автормен құрастрылды

Бұл жерде әртараптандыру нәтижелері экономикалық резервтерді толық пайдалануға және атап айтқанда: салалық кірістерді теңестіруге; өндіріс теңгерімсіздігін жоюға; қайта құру мен дамудың статистикалық тұрақтылығына; бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және тәуекелдерді азайтуға; экономиканы әртараптандырудың тұрақты дамуына бағдарлануы тиіс екенін атап өту қажет [36].


Котлер Ф. әртараптандыруды көлденең және конгломераттық деп бөліп көрсете отырып, кәсіпорынның өсу мүмкіндіктеріның стратегиясы ретінде көрсетеді [].
Осылайша әртараптандыру терминін экономист ғалымдар өзінің зерттеу саласына орай әр қырынан түсіндірген. Әртараптандыру термині экономиканың дерлік барлық саласында қолданылады. Оның мәні мен мазмұны қолданылатын саласына байланысты әртүрлі болғанымен мақсаты бір. Мәселен, экономиканы, инвестициялық қорды, өндірісті, капиталды, қызметті, бизнесті, бағаны және экспортты әртараптандыру терминдері бар (1 - сурет).

Сурет 1 – Әртараптандырудың негізгі түрлері

Ескертпе – автормен құрастырылды


Экспортты әртараптандыру - экономиканы әртараптандырудың құрамдас бөлігі. Көптеген елдерде ХХ ғасырдың ортасында өндіріс тиімділігінің төмендеуінен экономикалық құрал ретінде әртараптандыру ұғымы қолданыла бастады. Жаһандық өзгерістер қарсаңында әрбір мемлекет экономикалық өсім мен әлемдік нарыққа таласқа бәсекеге түскен әрбір мемлекет өзінің өндірісін әртараптандыруға тырысты. Яғни, өндірісті әртараптандыру мен экспортты әртараптандыру бір-бірімен байланысты егіз ұғым десек те болады. Өндіріс қаншалықты әртараптандылыса, экспортта сондашықты әртараптандырылуға мүмкінідігі бар. Бұл ғылыми дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома іспеттес.


Халықаралық сауда қатынастарында мемлекеттердің тиімді әрекет етуі мәселесін ғалымдар жан-жақты қарастырып, зерттеп келеді. Сондай-ақ экспорттық құрылымды тиімді жетілдіру тақырыбына да ерекше мән беріп отыр. Экспорт дегеніміз нарықты кеңейтудің нақты құралы. Экспорт ты айырбас құралы ретінде де қарауға болады. Яғни, әр ел өзіне қажетті технологияны экспорттық түсім арқылы қамтамасыз етеді [37].
Кез-келген әртараптандыру екі кіші түрге бөлінеді: байланысты немесе байланысты емес.
Байланысты – кәсіпорын өзінің бұрыннан бар өндірісіне жаңа сала енгізу. Мысалы, экспорттық тауарлардың жаңа түрін өндірудің басталуы.
Байланысты емес әртараптандыру - компанияның қазіргі қызметімен байланысты емес мүлдем басқа салаға шығуы (2-сурет). Суреттің мағынасын толық көрсету үшін бірнеше сипаттама беру орнықты деп санаймыз.

Сурет 2 – Әртараптандырудың негізгі жіктелуі

Ескерпе – [] дереккөзі негізінде құрастырылды






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет