Адилханов олжас шайзандаевич


Екінші бөлім бойынша қорытындылар



бет18/28
Дата27.02.2023
өлшемі1,79 Mb.
#170278
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
adilhanov-o-povtor-phd-s-sp
2-дәріс. Бейнелеу өнерінің даму тарихы
Екінші бөлім бойынша қорытындылар:

  1. Қазақстан Республикасының жалпы экспорты және өңдеу саласы экспортының даму динамикасы талданды. Географиялық және тауарлық құрылымда Қазақстандық экспорттың әртараптандырылу деңгейінің төмендігі анықталды. Экспорт құрылымы, үлесі жоғары тауарлардың экспорты, еңбек өнімділігінің индекстері, салалар бойынша өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар, Қазақстанның негізгі сауда серіктестері жан жақты талқыланды.

  2. Қазақстан аймақтары өңдеу өнеркәсібі саласының экспортын автор ұсынған «экспортты әртараптандыру мүмкіндігі (ExDO)» индекстік әдістемесін пайдалану негізінде бағаланды. Бұл бағалау үш негізгі индекстік бағалау әдістемесіне негізделді. Бағалау нәтижесі ретінде аймақтардың рейтінгі жасалды. Өңдеу өнеркәсібі саласының экспортын әртараптандыру мүмкіндігі жоғары аймақтарға Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкент және Алматы қаласы енді. Ал аталған саланың әртараптандыру мүмкіндігі төмен аймақтарға Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары еніп отыр. Бұл бағалау әдістемесінің нәтижелері аймақтардағы өңдеу өнеркәсібі саласының экспорттау мүмкіндігі деңгейін шынай көрсетеді. Бұл өз кезегінде осы салаға жауапты ұйымдардың стратегиялық және тактикалық дұрыс шешімдер қабылдауда маңызды құрал бола алады.

  3. Өңдеу өнеркәсібі салаларының бәсекелестік артықшылықтары талқыланды. Өңдеу өнеркәсібінде металлургия және машина жасау салаларының артықшылықтарына тоқталдық. Өйткені бұл салаларда жеткілікті шикізат қорының болуы, технологиялық базасын жаңғырту мүмкіндігінің жоғарылығы және өңдеу экспортының басым бөлігі осы екі салаға тиесілі. Металлургия өнеркәсібіне SWOT-талдау жүргізілді, машина жасау өндірісі көлемінің серпіні, машиналар мен жабдықтар өндірісінің негізгі кәсіпорындарын сараланды.


3.ӨҢДЕУ САЛАЛАРЫНЫҢ ЭКСПОРТЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ-ДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН МЕХАНИЗМІ


3.1 Өңдеу салаларында экспорттық әлеуетті арттыруды институционалдық қамтамасыз ету
Экспорттық әлеуетті арттыруда мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің дұрыс құрылған жүйесінің болуы маңызды. Мұндай іс-шараларды іске асырудағы маңызды, шешуші рөл мемлекетке тиесілі. Бұл мемлекет: а) өндірістің негізгі параметрлері мен мақсаттарын айқындайды; ә) өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына көмектеседі; б) ауқымды өнеркәсіптік кәсіпкерлікті жүзеге асырады; в) негізгі экспорттық бағдарды айқындайды; г) экспорттық кедергілерді төмендету мүмкіндіктерін қарастырады; ғ) отандық өндірушілерді қаржылық және қаржылық емес түрлі қолдаулар жиынтығын әзірлеп, оларды іске асырады және т.б.
Сауда және сауда саясаты ұғымы 2004 жылдың 12 сәуірінде қабылданған «Сауда қызметін реттеу туралы» заңда сауданы жүзеге асыруғы негізгі міндеттер мен тәртіпті орындауда мемлекеттік институттар ұйымдастырушы, құқықтық қамтамасыз етуші, экономикалық қолдаушы, салада бақылау жүргізу және тағы басқа іс-шаралардың жиынтығын орындаушы ретінде белгіленген.
Қазақстан Республикасының экспортын қолдау жүйесінде бірнеше ұйымдар қызмет атқаруда. Атап айтқанда, ҚР Сауда және интеграция министрлігінен бастап, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы», «ҚазақЭкспорт» экспорттық - несиелік сақтандыру корпорациясы, «Kaznex invest» экспорт және инвестициялардың ұлттық агенттігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сияқты мемлекеттік институттар бар.
Аталған институттардың экспортты қолдау бойынша негізгі қызметтеріне қысқаша тоқталар болсақ: Қазақстанның Даму Банкі - инвестициялық жобаларды қаржыландырумен қатар экспорттық операцияларға кредит беру қызметтерін ұсынады. ҚазЭкспортГарант - экспорттаушының шикізаттық емес тауарлардың, қызметтер мен өнімдердің бүкіл отандық экспорттаушыларға ыңғайлы, тиімді несиені сақтандыруды іске асырады. Сақтандыру келтірілген шығындар сомасының 80% - на дейінгі коммерциялық және саяси тәуекелдерді өтейді. Экспорт пен инвестициялардың ұлттық агенттігі» KAZNEX INVEST» - қазақстандық шикізаттық емес экспортты дамытуға және ілгерілетуге және Қазақстан экономикасының басым секторларына тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға жәрдем көрсетеді. Өңдеу саласы экспорттаушыларына ақпараттық қолдаумен қатар, кәсіпкерлерді экспорттық қызметке оқытады. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің экспортын ілгерілетуге, оны жүзеге асыруға көмектесу болып табылады.
Жоғарыдағы бөлімдегі талдау шикізаттық емес өнім экспортының ұлғаюына теріс әсер ететін факторлар: 1) экономиканың төмен технологиялық уклады; 2) энергия тұтынудың жоғары деңгейі; 3) еңбек өнімділігінің төмен деңгейі; 4) негізгі капиталға инвестициялардың төмен үлесінің нәтижесінде негізгі құралдардың физикалық және моральдық тозуы болып табылатынын көрсетті.
Шикізаттық емес өнімнің экспортын ұлғайтудың алғышарттары: экспорталатын салаларды әртараптандыру мен тұтынушы сұранысын ескере отырып, экспортталатын тауар санын арттыру болып табылады. Ұлттық экономиканы экспортқа бағдарланған дамыту стратегиясының басты міндеті өнімнің технологиялық жаңғыртылуы мен әртараптандырылуы негізінде оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Сондықтан елдегі өңдеу өнеркәсібін жаңғырту қажет. Ол үшін алдымен жаңа технологиялар мен қаржы көздеріне қол жеткізуді шешу керек. Одан бөлек, ішкі және сыртқы нарыққа өңдеу саласы өнімдерін өткізудің барлық кедергілерін жою қажет. Сонымен қатар одан басқа экспорттаушыларды қолдайтын кешенді іс-шаралар жүйесі болғаны маңызды. Мұның барлығы мемлекеттік қолдау негізінде жүзеге асырылатын іс-шаралардың жиынтығы.
Елімізде экспорттың тауарлық құрылымы соңғы он бес жылда аз өзгерді. Экспорт құны жылдам өсті, 2000 жылғы 8,8 миллиард АҚШ долларынан ел тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш 2012 жылы 86 миллиард АҚШ долларына дейін жетті. Бірақ экспорттық құрылым белгілі тауар тобына шоғырланған, яғни, мұнай өнімдері көбірек басым бола бастады. Басқа экспорттық тауарлардың басым көпшілігі да пайдалы қазбалар мен металдарға жатады, бірақ олар экспорттық себеттегі өзінің аз үлесін арттыра алмады. Бұдан басқа, экспорт белгілі бір нарықтарға шоғырланған: соңғы жылдары Нидерланды мен Түркия шикізат сатып алушыларына айналса да, басты экспорттық нарықтар Ресей мен Қытай болып табылады.

Сурет 16 – Қазақстандық экспорттың құрылымы


Ескертпе [] деректерінен алынды


Қазақстан теңге бағамының әлсіреуін экспортты ұлғайту үшін пайдалана алмады. Экспорттаушы кәсіпорындар халықаралық бәсекегеге қабілетті болмады. Теңге бағамының әлсіреуі тек өндірісі күшті елдерде ғана экспорттаушыларды ынталандыра алатынын тағы дәлелдеді.
Қазақстан экономикасы халық саны мен ішкі сұраныс тұрғысынан өте шағын. Халықаралық және аймақтық сауда ұйымдарына мүше болу Қазақстан өзінің отандық кәсіпорындарын шетелдік ірі алпауыт кәсіпорындармен бәсекеге шығарғанмен тең. Өйткені ішкі және сыртқы нарықта отандық өндірушілер шетелдік ірі компниялармен бәсекелесе алмайды. Сондықтан Қазақстан отандық тауар өндіруші кәсіпорындарды қорғау үшін уақытша шетелдік тауарларға квота қоя отырып, ішкі нарықты отандық кәсіпорындарға беру мәселесін шешуі қажет. Квота тек Қазақстанда өндірілетін тауарларға енгізіледі. Квотаның қалай жұмыс істейтінін нарықтағы жеңіл көлік мысалында түсіндірейік. Қазақстанның сұранысы жылына 50 мың көлік тұтынады деп есептесек. Оның жартысын отандық, ал қалғанын шетелдік өндірушіден сатып аламыз. Мемлекет көлік өндіру саласының отандық құрастырушылары әлеуетін бағалап, отандық өндірушілер нақты қанша көлікпен қамтамасыз ете алатынын есептейді. Егер нарықтағы 50 мың сұраныстың 30 мыңын қамтамасыз ете алса, мемлекет шетелдік көлік сатушыларға бұл жылы тек 20 мың квота енгізеді. Яғни, шетел өндірушісі Қазақстанда 20 мың көліктен артық көлік сата алмайды. Демек, отандық көлік өндірісі артады. Жыл сайын әр таңдалған сала бойынша осылай болады.
Әлемдік су тасымалдау жолына шыға алмаса да Қазақстанның географиялық орналасуы көптеген әлеуетті артықшылықтарға ие. Бұл әлеуетті пайдалану үшін алдымен Орталық Азия аймағы бойынша көршілермен ықпалдастықты тереңдету қажет. Орталық Азияға Қазақстанның жалпы экспорттың 5 пайызын ғана құрайды. Бұл, негізінен, сауданың өзара толықтығының төмен деңгейімен байланысты. Ресей Федерациясымен сауданың өзара толықтырылу деңгейі одан да төмен. Алайда, Қазақстанның өңірлік әріптестермен саудасы өндіруші салалар үшін әлдеқайда маңызды, бұл әртараптандыру бойынша Қазақстанның күш-жігерін қолдау үшін өңірлік нарықтардың маңыздылығын атап көрсетеді.
Қазақстан су тасымалдау жолына шыға алмайтын мемлекет болғандықтан экспортты әртараптандыруда темір жол және көлік транспорты жолдарын дамытуы қажет. Қытайдан Каспийге дейін, Ресейден Оңтүстіктегі көршілер Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанға дейін, Түркіменстан арқылы Оңтүстік Азия мемлекеттеріне шығу қажет. Каспий теңізі арқылы Батыс елдерге су жолын тұрақты қалыптастыру маңызды. Көлік жолын әртараптандыру арқылы тек отандық тауар тасымалы ғана емес, шетелдік тауар тасымалы көбейеді. Бұл елімізде логистикалық инфрақұрылымды жетілдіруге көмегін береді және отандық өнімдердің шетелдік нарыққа тез әрі төмен бағада жеткізілуіне апарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет