Адилханов олжас шайзандаевич



бет17/28
Дата27.02.2023
өлшемі1,79 Mb.
#170278
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Байланысты:
adilhanov-o-povtor-phd-s-sp
2-дәріс. Бейнелеу өнерінің даму тарихы
Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

-мол шикізат қорының болуы;
- дамыған инфрақұрылым;
-өндірістік-технологиялық тәжірибе;
- металдардың кең спектрі;
- жоғары кәсіби кадрлық корпус.

өндірістік қорлардың тозуы;
- технологиялық артта қалу;
- металл бұйымдарының шағын ассортименті;
- жас кадрлардың жеткіліксіз ағыны;
- шикізат тауарларымен және қайта өңделген төмен бөліністі тауарлармен ұсынылған экспорттық қоржынның төмен табысты құрылымы,
- Инвестиция қажеттілігінің жоғары деңгейі
-экспорттық рәсімдердің ұзақтығы;
- логистикалық қызметтердің жеткілікті деңгейде дамымауы.

Мүмкіндіктері

Қауіп-қатерлер

-әлемдік нарықта түсті металдарға сұраныстың жоғары болуы;
-қайталама техногендік түзілімдерді пайдалану;
-серіктестік және кооперациялық қатынастарды кеңейту.

- 5-10 жыл ішінде жаңа бәсекеге қабілетті мыс, мырыш және алтын кен орындарының болмауы;
- саланы стратегиялық мемлекеттік реттеудің жеткіліксіздігі;
- радикалды шешімдер қабылдау кезінде сала бойынша дұрыс ақпараттың толық болмауы және жүйесіздігі;
- жинақталған білім мен технологиялық тәжірибені жоғалту.

Ескертпе – [] дереккөзі негізінде құрастырылды

Қара және түсті металдар өндірісі және экспортының көлемі мен ассортименті өсуде, алайда бұл металдарды ішкі тұтыну республикада өте нашар өсуде (өнімнің 93-97% экспортқа кетеді). Бұл жағдай онымен ұштасқан машина жасау мен құрылыс материалдарының ішкі рыногын дамытуға мүмкіндік бермейді.
Елдің сыртқы саудадағы металлургия саласының үлкен үлесіне қарамастан, отандық металдан жасалған жоғары технологиялық өнім (қосылған құны жоғары өнім) Қазақстанда іс жүзінде өндірілмейді және экспортқа шығарылмайды. Керісінше, отандық өңдеу кәсіпорындары оларға қажеттілікті сезініп, елде өндірілген түсті металды импорттайды.
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің машина жасау саласы экспортын арттыруға мүмкіндігі жоғары. Бұл сала өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі бойынша металлургия мен тамақ өнімдерін өндіруден кейін үшінші орын алады. Әлемде машина жасау өнеркәсіптің негізгі салаларының бірі болып табылады, оның даму деңгейі ел экономикасының деңгейін көрсетеді. Машина жасаудағы әлемдік көшбасшылардың басым көпшілігі әлемнің дамыған елдерінің компаниялары болып табылады. Алдыңғы қатарлы экономикасы бар елдерде машина жасау саласының үлесі өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемінде 30-50% - дейін жетеді (Қытай - 35,2 %, Италия - 36,4 %, Англия - 39,6 %, Жапония - 51,5 %, Германия - 53,6 %) [78].
Саланың тұрақты дамуы байқалмайды, дамуда теріс динамика байқалады деп айтуға болады. Мәселен, жұмыспен қамтылған қызметкерлердің санына келетін болсақ біршама азаяды. Машина жасаудағы персонал санының өзгеру динамикасы өндірістің нақты көлемімен, өндірістік процестің технологиялық жоспарындағы жетілмегендігімен және машина жасау кәсіпорындарындағы орташа айлық жалақы мөлшерінің артта қалуымен байланысты.
Қазақстанның экспорты мен импортының жалпы көлемінде аталған сала бүкіл кезең бойы өзгеріссіз қалады – шамамен 2% экспорт және 42% импорт. Өнімдер орта технологиялық өндірістерге жатады. Негізгі импорттаушылар - Ресей, Өзбекстан, АҚШ, Қытай, Нидерланды. Жалпы алғанда, саланың тиімділігі өсіп келеді, бірақ фрагменттік және тұрақсыз, сондықтан қол жеткізілген деңгей олардың дамуының нысаналы индикаторларын іске асыру үшін әлі де жеткіліксіз. Тіпті рентабельділіктің 10%-ы (қазіргі уақытта 4,5% - ға дейін төмендеу үрдісі жүріп жатыр) инвестицияларды өз пайдасы есебінен қамтамасыз ету және қарыз көздеріне қолжетімділікті ашу үшін жеткіліксіз.
Сурет 15 – Машина жасау өндірісі көлемінің серпіні, млрд. теңге

Машина жасау өнімінің ішкі нарығының нашар дамуы оның бәсекеге қабілетсіздігіне орай сыртқы нарыққа шығуына мүмкіндік бермейді. Қазақстан машина жасау саласының әлемдік саудасында өте аз үлесті – 0,6% - ды құрайды, бұл ретте машина жасау өнімінің сауда айналымының жалпы көлемі 13,3 млрд.долларына жетті, экспорттық жеткізілімдер бар болғаны 719 млн. долларды немесе жалпы көлемнің 7%-ын, ал 9,6 млрд. немесе 93% Қазақстанға импорттық жеткізілімдерге тиесілі. Машина жасау импортының құрылымы жабдықтар мен қондырғылардан (35%), электр машиналарынан (26%), көлік құралдарынан (20%), кемелер және қайықтардан (10%) тұрады. Экспорттың негізгі тауарлары - жеңіл автомобильдер, аккумуляторлар, шарикті подшипниктер, тиекті арматура, тарату қалқандары, трансформаторлар және т.б. экспорттық өнім әлемнің 100-ден аса еліне кетеді. Өңделген өнімдердің негізгі алушылар ретінде Ресей 27%, Нидерланды 14%, Өзбекстан 14%, АҚШ 9%, Испния 6% Қырғызстанға 5%-ы экспортталады .


Қазақстанның машина жасау саласының негізгі мәселелері: саладағы кәсіпорындардың технологиялық тозу, бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі. Әлемдік нарықтағы басқа өндірушілермен байланыстың төмендігі, инвестиция көлемінің аздығы, ішкі нарық көлімінің аздығы.

Кесте 25 – машиналар мен жабдықтар өндірісінің негізгі кәсіпорындары.



Кіші сала



Кәсіпорын



Аймақ


Салық
мың тг.

Саладағы үлесі

Тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған техника

«Maker» ЖШС

Қарағанды обл.

1 836 633

13,4%

«Дон Мар» ЖШС

Қостанай обл.

272 505

2,0%

«Агротехмаш» ЖШС

Қостанай обл.

143 543

1,0%

Арнайы мақсаттағы машиналар мен жабдықтар өндірісі



«Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ

Ақтөбе обл.

584 178

4,2%

«Западно-Казахстанская машиностроительная компания» АҚ

Батыс Қазақстан обл.

558 472


4,1%


«ФМС Технолоджиз
Казахстан» ЖШС

Маңғыстау обл.

477 671

3,5%

«Мунаймаш» АҚ

Солт.Қазақстан

403 692

2,9%

«Петропавловский завод
тяжелого машиностроения» АҚ

Солт.Қазақстан обл.

285 495

2,1%

«Sewon – Vertex Heavy
Industry» АҚ

Маңғыстау обл.

221 256

1,6%

«Каскор-Машзавод» АҚ

Маңғыстау обл

169 004

1,2%

«Атыраунефтемаш» ЖШС

Атырау обл.

168 490

1,2%

Нефтегазоборудование» ЖШС

Алматы қ.

164 216

1,2%

Металл өңдеу станоктары

«Elbor Engineering» ЖШС

Алматы обл.

434 625

3,2%

Крандар өндірісі

«Бёмер Арматура» ЖШС

Қарағанды обл.

405 906

3,0%

Металлургияға арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі

«Алматинский завод тяжелого машиностроения» АҚ

Алматы қ.



351 549


2,6%


Өнеркәсіптік желдеткіш

«Тыныс» АҚ

Ақмола обл.



349 890


2,5%


Көтергіш және тасымалдау жабдықтары

«ERG Service» АҚ

Астана қ.

330 436

2,4%

«ЦЭМ-Геомаш» ЖШС

Қарағанды обл.

143 426

1,0%

Жалпы мақсаттағы машиналар мен жабдықтар

«Новус Силинг Каспиан» ЖШС

Атырау обл.

198 150


1,4%


Сорғылар мен компрессорлар

«Флоусерв Казахстан» ЖШС

Атырау обл.

150 900

1,1%

Тоқыма, тігін, әзірлеутін құралдар

«Производственная инновационная компания «Астана Ютария LTD» ЖШС

Астана қ.

137 485

1,0%

Ескертпе – [79] дерекөзі негізінде құрастырылды

Алайда, перспективалар бар және олар мына факторларға негізделеді: біріншісі – ТМД-ның ішкі және көрші нарықтарындағы машина жасау өніміне үлкен әлеуетті сұраныс; екіншісі-өңдеуші өндірістерді қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың басымдықтары әзірленеді. Машина жасауда бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыру іс жүзінде толығымен Қазақстанда ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да мемлекеттік қолдау ауқымына байланысты.
10 машина жасау кәсіпорындарын іріктеп зерттеуге сүйене отырып, өндірістің ең көп үлесі Қарағанды облысының кәсіпорындарына тиесілі екенін атап өтуге болады (13,4%). Бұдан бұрын айтылғандай, Қарағанды облысында өңдеу өнеркәсібі жыл сайын 2,7 миллиард долларға өнім экспорттайды, оның ішінде машина жасау өнімдері де бар.
Машина жасау саласы кәсіпорындарының жұмысын талдау машина жасау өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың 10 өңірде бар екенін, олардың үлесі үлкен емес екенін, бірақ тиісті мемлекеттік қолдаудың арқасында бұл кәсіпорындар саланың көшбасшысы бола алатынын және бәсекеге қабілетті өнім шығара алатынын көрсетті. Қолда бар экспорттық әлеуетті әртараптандыру негізінде жоғары технологиялық экспорттық өнім шығару жағына қарай кеңейту керек.
Машина жасау саласында да өсім болады деп жоспарлануда. Мұндағы өсімнің негізгі себебі саланың локомотиві машина құрастыру саласының дамуымен байланысты, саладағы үлесі 35% құрайды. Алдағы уақытта машина құрастыру саласына жіті мән беру қажет. Алдымен импортты алмастыру арқылы ішкі нарықты қамтамасыз етіп, соңынан экспортқа бағдарлану маңызды. Машина құрастыруды 29 %-ға өсіріп, 100 000 данаға жету көзделген, аккумулятор өндірісі 10 %-ға, ауылшаруашылық техникасын 58 %-ға, теміржолға арналған вагондарды 180 %-ға дейін арттыру міндеті қойылған. [].
Машина жасау саласындағы әлеует шамамен 300 млн. АҚШ. Бұл бағыттағы негізгі жеткізушілер Ақмола және Алматы облыстарының өндірушілері бола алады.
2022 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша елімізде 68644 дана техника, оның 62543 жеңіл автокөлік шығарылған. Атап айтқанда Қостанай қаласындағы СарыарқаАвтоПром 42603 дана автокөлік, Көкшетау қаласындағы Камаз Инжиниринг 809 дана жүк көлігі, Саран қаласындағы QazTehna 157 автобус, Семейдег қаласындағы СемАЗ 1384 комерциялық техниа, Daewoo Bus Kazakhstan 124автобус, Алматы қаласындағы Hyundai Trans Kazakhstan 22100 жеңіл автокөлік шығарған [80].
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің құрылымын жаңғырту қалыптасқан шикізаттық экономиканы еңсеруге, өндірісті технологиялық жаңа деңгейге жаңғыртуға, ұлттық экономикалық жүйенің оңтайлы моделін жасауға мүмкіндік береді, тұтастай алғанда отандық экономиканың стратегиялық бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға ықпал ететін болады. Өңдеу саласын әртараптандыру импортты алмастыруға да бағдарлануы тиіс.
Осылайша, қазіргі уақытта экспортты әртараптандыру - бұл ел экономикасына әлемдік нарық тарабынан түскен барлық сын-қатерлерге жауап. Алайда, экспортты қайта құрылымдау процесі үлкен саяси ерік-жігер мен ұзақ уақытты қажет етеді. Осыған байланысты экономикалық даму мен өндірістік құрылымды әртараптандырудың ұлттық және аймақтық деңгейдегі өзара байланысының ескеру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет