Тақырып. Сырғанау және тербелу подшипниктері Подшипниктер біліктермен өстердің тірегі ретінде қолданылады және олардың еркін айналуын қамтамасыз етеді. Подшипниктер радиалды және өстік күштерді қабылдап, оларды машинаның рамасына станинасына таратады. Подшипниктер үйкеліс түріне байланысты екі түрге бөлінеді:
1. Сырғанау подшипниктері. Бұл подшипниктердің ішкі беті біліктер мен өстер бетімен жанасады және олардың арасында өзара сырғанау пайда болады.
2. Домалау подшипниктері. Бұл подшипниктерде біліктер мен тіректер арасында шариктер мен роликтер орналастырылады. Сондықтан оларда домалау үйкелісі пайда болады.
Сырғанау подшипниктері.Қазіргі кезде сырғанау подшипниктері машина жасау өндірісінде кеңінен пайдаланылуына байланысты олар тек төменде көрсетілген жағдайларда ғана қолданылады:
1. егер біліктердің салмағы ауыр болып, біліктердің подшипниктеріне өте көп күш түсетін болса;
2. егер білікке үлкен соққы немесе айнымалы күштер әсер ететін болса;
3. құрастыру жағдайына, алынып-салынуына (ауыспалылығына) байланысты (иінді біліктерде)
4. біліктер бірімен бірі жақын орналасқан жағдайларда;
5. конструкцияның қарапайымдылығына және тез алынып-салынуына байланысты.
Подшипниктер корпустан және астардан тұрады. Подшипниктердің астарларын антифрикцилық материалдардан жасайды және олардың тозуына байланысты астарлар ауыстырмалы болуы қажет (көбінесе астарларды екі бөлікке бөлінетін етіп жасайды, себебі тозған жағдайда ауыстыру оңай). Астарлардың берік болуы үшін олар болаттан, шойыннан немесе антифрикциялық материалдардың құймасынан жасалады. Өте жоғары жылдмдықпен айналатын және өте жоғары қысымда жұмыс істейтін бөлшектерде қалайы қосылған баббиттер, қорғасын қосылған қола және кейбір алюминий мен темір қосылған қола қолданылады.
Домалау подшипниктері.Қазіргі кезде біздің подшипник жасау өнеркәсібіміз домалау подшипниктерінің мыңнан астам түрін шығарады. Ал олардың ішкі диаметрлерін 1 мм-ден 5 м-ге дейін, салмағын 0,5 г-нан 3,5 т-ға дейін жуықтап жасайды. Көбінесе домалау подшипниктері домалау жолдары (науашалары) бар сыртқы және ішкі шығыршықтан, осы шығыршық жолдарында домалайтын шариктерден немесе роликтерден (домалау бөлшектерінен) және сеператордан тұрады. Сеператор домалау бөлшектерін бір-бірінен бөліп бағыттап, олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Бірқатар жағдайларда домалау подшипниктерінің өлшемдерін кішірейту үшін шығыршықтардың алынып тасталуы мүмкін. Мұндай подшипниктерде домалау бөлшектері біліктегі немесе өстегі домалау жолдарында (науашаларда) қозғалып тұрады.
Сырғанау подшипниктерімен салыстырғында домалау подшипниктері аса көп күтімді қажет етпейді және жұмыс кезінде мұндай үйкеліс бөлшектерінің қызуы шамалы болады. Сонымен бірге бұл подшипниктерде үйкеліс күшінің моменті мен жүргізу моменті аз және майлау материалы да көп жұмсалмайды. Міне осы артықшылықтар домалау подшипниктерінің машина жасау және прибор жасау өнеркәсіптерінде кеңінен қолданылуын қамтамасыз етеді. Домалау подшипниктері кеңінен стандартталған және оларды өндіру ісі мамандандырылған заводттарда шығарылады. Бұл заводтарда домалау подшипниктерін жаппай өндіру олардың сапасының жоғары және бағасының төмен болуына мүмкіндік береді.
Осындай артықшылықтарымен қатар домалау подшипниктерінің сырғанау подшипниктеріне қарағанда бірқатар кемшіліктері де бар. Атап айтқанда, жоғары бұрыштық жылдамдық пен үлкен күш әсер еткенде подшипниктердің шыдамдылығының кемуі; соққы және айнымалы күштерді қабылдау шектілігі; үлкен күштерде жұмыс істейтін подшипниктердің диаметрлерінің үлкен болуы; подшипниктерді аз шығарғанда олардың қымбатқа түсуі. Осыған орай тиісті машина жасау өнеркәсібінің кейбір салаларында домалау подшипниктерінің орнына сырғанау подшипниктері шығарылады. .
Тапсырма: Тақырып бойынша презентация дайындау, қорғау