Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі


Сірке альдегидін алуға арналған құрал



бет29/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
ХОӘ

Сірке альдегидін алуға арналған құрал


Мыс оксиді мен этил спиртін тотықтыру арқылы сірке альдегидін алу. 17-суретте көрсетілгендей сынауыққа жуылған өзен құмын салып, үстіне тамызғышпен бірнеше тамшы спирт тамызыңдар. Сынауықты штативке көлбеу бекітіп, сынауықтағы құмның алдыңғы жағына мыс оксидін салыңдар. Сынауыққа газ шығатын имек түтігі бар тығынды кигізіңдер. Түтіктің ұш жағын ішінде шамалы суы бар сынауыққа батырып, сынауықты суық су құйылған стаканға салыңдар. Алғаш мыс оксидін қатты қыздырып алып, одан кейін құмды қыздырыңдар. Сол кезде спирттің буы қызған мыс оксидінің үстінен өткенде тотығып, сірке альдегидіне айналады. Оны сынауықтағы суға жіберсеңдер, су өзіне сіңіреді. Мыс оксиді мысқа дейін тотықсызданады. Суға сіңірілген сірке альдегидінің өзіне тән иісі болады. Алынған сірке альдегидін екі сынауыққа бөліп, біріншісіне күміс айна реакциясын жасаңдар немесе мыс (II) гидроксидімен әрекеттестіріңдер. Екінші сынауықтағы альдегидті лакмус қағазымен тексеріп көріңдер. Енді осы ерітіндінің үстіне 2-3 тамшы әлсіз калий перманганатының ерітіндісін тамызыңдар. Ол түссізденеді. Егер осы ерітіндіге лакмус ерітіндісін тамызса, түсі қызарады. Бұл тәжірибеден спирттер, альдегидтер және карбон қышқылдарының арасындағы байланысты көруге болады. Реакция теңдеуін жазыңдар.


Ацетиленді гидраттау арқылы сірке альдегидін алу (Кучеров реакциясы).
18-суретте көрсетілгендей құрал құрастырыңдар. Вюрц колбасына 2-3 г кальций карбидін салып, бөлгіш немесе тамшылатқыш құйғышы бар тығынмен бекітіңдер. Тамшылатқыш воронкаға күкірт қышқылының (1:3) ерітіндісін құйыңдар. Себебі ол кальций карбидімен әрекеттескенде кальций карбидінің сыртына кальций сульфатын түзіп, реакцияның жүруін баяулатады. Келесі қабылдағыш бірінші сынауыққа 0,3- 0,4 г шамасында сынап (II) оксидін салып, оның үстіне 2 мл күкірт қышқылын және 4 мл су құйыңдар. Сынап (II) оксиді ерігенше сынауықты қыздырыңдар. Бірінші сынауықты қайнағаннан ыстық суы бар стаканға салып, оны 3-4 мл суы бар екінші сынауықпен жалғастырыңдар. Екінші сынауықты суық суы бар стаканға салыңдар. Осыдан кейін кальций карбидіне тамшылатып күкірт қышқылын құйыңдар. 10 минуттай уақытқа дейін ацетилен жайлап бөлінетіндей болсын. Тәжірибе біткеннен кейін екі сынауықтағы сірке альдегидін алып, өзіне тән реакциялары арқылы сынап көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет