Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі



бет26/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Байланысты:
ХОӘ

Бор метил эфирін алу
Бір колбаға 10-15 мл метил спиртін құйып, оның үстіне концентрлі күкірт қышқылынан бірнеше тамшы тамызыңдар және 1-2 г бор қышқылын қосыңдар. Колбаны газ шығатын ұзын түтігі бар тығынмен жауып, штативке бекітіп, қоспаларды қыздырыңдар. Ішіндегі ауа тегіс ығысқан кезде түтіктің аузына от жақындатыңдар. Сол кезде бор метил эфирі өзіне тән жасылдау жалынмен жанады. Реакция теңдеуін жазыңдар.
CH3OH + H3BO3


Глицериннің негізгі қасиеттерімен танысу
Глицерин – үш атомды спирттің өкілі. Оның формуласы:
СН2-СН-СН2
| | |
ОН ОН ОН
Глицерин – жабысқақ келген, түссіз, өте гигроскопиялы, суда жақсы еритін, тәттілеу дәмі бар, сұйық зат. Химиялық қасиеттері жағынан глицерин біратомды спирттерге ұқсас болады. Спирттерден айырмашылығы – глицерин кейбір металл гидроксидтерімен реакцияласады.
Жұмыстың мақсаты. Глицериннің негізгі қасиеттеріне тәжірибе жасап байқау.
Құрал-жабдықтар: Бірнеше сынауық, штатив, кәрлен тостағанша
қысқыш, спирт шамы, түтік кигізілген тығыны бар сынауық, қар немесе мұзсалынған стакан.
Реактивтер. Глицерин, металл натрий, тотияйынның ерітіндісі,
күйдіргіш натр ерітіндісі, құрғақ натрий хлориді.
Глицериннің суда еруі. Сынауықка 1 мл глицерин құйып, үстіне 2-3 мл су қосыңдар. Шайқап араластырыңдар, оның дәмін татып көруге де болады. Глицериннің суда еруіне назар аударыңдар.
Глицериннің жануы. Кәрлен тостағаншаға күні бұрын құрғатылған глицериннен шамалы құйып, спирт шамының жалынында қыздырыңдар. Біраздан соң оның буына от қойып тұтатыңдар. Глицерин түссіз жалынмен әлсіз жанады. Оның жануынан қандай заттар түзілетінін реакция теңдеуін жазып дәлелдеңдер.
С2Н5(ОН)3 + О2
Глицериннің натриймен әрекеттесуі. Колбаға 2-3 мл глицерин құйып, оның үстіне бір түйір натрий салыңдар. Аузын түтігі бар тығынмен бекітіңдер. Реакцияны тездету үшін аздап қыздырыңдар. Сол кезде натрий глицеринмен қуатты түрде әрекеттеседі. Глицерин жанып, көмірленіп кетеді. Нәтижесінде этил спиртінің натриймен әрекеттесуінен алкоголятқа ұқсас қосылыс түзіледі. Реакция тендеуін жазыңдар. С3Н5(ОН)3 + Na
Мыс глицератының түзілуі. Мыс гидроксиді мен көпатомды спирттің арасындағы реакция - олардың біратомды спирттерден негізгі айырмашылығын көрсетеді. Бұл тәжірибені былай жасап көріңдер. Алғаш мыс гидроксидін әзірлеңдер. Ол үшін күйдіргіш натрдың 1 мл ерітіндісіне 1 мл тотияйынның ерітіндісін құйыңдар. Түзілген мыс гидроксиді ерігенше тамшылатып глицерин құйып шайқап араластырыңдар. Оның алғашқы мыс гидроксидінен қандай айырмашылығы бар екенін анықтаңдар. Реакция тендеуін жазыңдар. С3Н5(ОН)3 + Cu(OH)2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет