Реферат тақырыбы: «Насывай зияндығы»



бет1/3
Дата14.12.2022
өлшемі17,22 Kb.
#162747
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
реферат Азат


БҚО ӘББ «Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы кешен»
«мектеп-интернат-колледжі» КММ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Насывай зияндығы»


Дайындаған: Латип Азат
Тексерген: Нұрахметов Ж . С .
Орал 2022 жыл
Насыбай – құрамында есірткі бар алқа тұқымдасына жататын темекі өсімдігінен жасалтын, құмарлық үшін ататын (пайдаланылатын) зат. Отарлаушы орыс мемлекетімен, Қытаймен етене араласып, сауда-саттық жасаудың нәтижесінде қазақ даласына темекі келіп, насыбай жасау, оны ату етек жайған. Темекінің құрғатылған жапырағынан мүштікке папирос салып тартудың пайда болуы тәрізді, темекіні ұнтақтап, оған түрлі заттар қосып насыбай дайындауды далада мал бағып, көшіп-қонып жүрген қазақтардың әу- баста өзгелерден үйренгені хақ.
Ұлттық болмысымызға жат насыбай ату әдетінің ел арасында кеңінен тарағаны соншалықты, біздің тілімізде «Адам көңілі бір атым насыбайдан қалады», - деген де мәтел бар. Бұрындары насыбайды қариялар атып, оған елтіп жүретіндіктен, олар жас ер баланың пүшәнәйін де насыбайға теңеп, жақсы көріп кеткенінде жанына шақырып алып, немересінің «насыбайынан» атып қоюды да ғұрыпқа айналдырған. Осылайша, насыбайдың зияндылығы естен шығып, оны негізінен қариялар атқандықтан, елімізде насыбай атуға тиым салынбаған.
Насыбай ату қан қысымын көтеріп, ұйқыны қашыратындықтан, түнде жылқы баққан немесе жолға шыққан атты кісілер, қотан мен ауылды күзеткендер де, көңіл күйін көтергісі келгендер де насыбай атты.
Насыбай ату – темекі тарту, араққа салыну, нашақорлық тәрізді дерт болғандықтан, оған үйренгендер бір мезет насыбай атпаса, басы ауырып, жүрегі соғып, мазасыз күйге түседі. Сөйтіп отырғанында насыбайды атып жіберсе, жаны жадырап, басының ауырғаны тиылып қоя береді. Мұның «бас жазу» тәрізді қылық екенін түсінбейтіндер, насыбайда сондай күш бар деп ойлайды. Сірә, сол себептен де шығар, насыбайқұмар қарттар атып жіберген насыбайының жанын сергітіп, көңілін көтергенін, басының сынып ауырып тұрғанының жазылып кеткенін айтып отырушы еді.
Насыбайды қалай жасайды? Қазақтар насыбайды темекі ұнтағына күл, қалампыр қосып жасаған, ол ащы, күшті иісті зат болған. Насыбайды құмарлық үшін ату – көп адамның жаман әдеті. Жалпы, насыбайды былай әзірлейді: саптыаяққа (үккішке) темекі жапырағын салады, оны әбден ұнтақтайды. Оған арша немесе сексеуіл, қайың, тобылғы, қылша күлін қосады, үстіне су себеді. Бұл насыбайды жасаудың жалпы тәсілі.
Ал, насыбайдың басқа түрін, яғни, бұйра насыбайды былай жасайды: саптыаяққа (үккішке) темекі жапырағын салып, оны ұнтақтаған соң, су сеуіп, сосын бәрін де тесік қалбырдан (елеуіш) өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет