7
есеге дейін, тіпті, одан да еселеп сауап жазады.
Ал кімде-кім бір жамандық жасауға ниеттеніп,
алайда оны жасама- са (яғни, одан Аллаһ үшін
айныса), Аллаһ мұны да Өз құзырында толық
жасалған бір жақсылық деп жазады. Ал егер
іштей ұйғарған жамандығын жасаса, Аллаһ
тағала сол жамандықты ғана жазады», – деген
(БҰХАРИ, РИҚАҚ 31; МУСЛИМ, ИМАН 207) .
1
1
имам ән-Нәуәуи
«Риядус салихин»,
Ниет-ықылас
бабы.
8
НИЕТ
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі
болсын) өзінің бір хадисінде былай дейді:
«Амалдар түпкі ниетке байланысты. Расында,
әрбір адам ниет еткеніне қол жеткізеді»
2
.
Бұл аталмыш хадисті Яхья ибн Сәғид әл-Ансари,
Мухаммад ибн Ибраһим әт-Тәймиден, ол
болса
Ғәлқама ибн Уәққостан, ал Ғалқама Омар ибн
әл-Хаттабтан(Алла олардың баршасынан разы
болсын) жеткізеді.
Ниет дегеніміз – жүректің
бір іске қарай бағыт
алуы. Ой мен амалдың арасындағы нәрсе. Араб
тілі сөздіктеріндегі тура мағынасы – бағыт,
мақсат деген мағынаны білдіреді.
Ғалымдарымыз бұл хадистің сахих екендігіне
бірауыздан келіскен. Имам әл-Бұхари өзінің хадис
жинағын осы хадиспен бастаған. Өйткені,ол
«Алла үшін болмаған істердің барлығы пайдасыз.
Оның бұл дүниеде де, ақіретте де жемісі жоқ»,–
деп айтып өткен.
2
Сахих
әл-Бұхари