Септік жалғауының мағыналары:
Ілік септігі бір заттың екінші затқа тәуелді екенін (Қайраттың кітабы) немесе қатысты екенін (алма ағашы) білдіреді.
Барыс септігі қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді. Мысалы, Мұса Алматыға (бағыт) кетті. Мұса Алматыға кітап алуға (мақсат) кетті.
Табыс септігі объектіні білдіреді. Мысалы, Мен сөмкені алдым.
Жатыс септігі мекендік, мезгілдік мағына береді. Мысалы, Омар қалада (мекен) тұрады. Оспан жазда (мезгіл) келеді.
Шығыс септігі іс-қимылдың шыққан орнын, мезгілін, себебін білдіреді. Мысалы, Мен әкемнен алма алдым.
Көмектес септігі іс-қимылдың орындалу амалын және ортақтасу қатынасын білдіреді. Мысалы, Мен атпен келдім. Мен әкеммен сөйлестім.
| |
А. Үй
І. Үй-дің
Б. Үй-ге
Т. Үй-ді
Ж. Үй-де
Ш. Үй-ден
К. Үй-мен
|
А. Үйім
І. Үй-ім-нің
Б. Үй-ім-е
Т. Үй-ім-ді
Ж. Үй-ім-де
Ш. Үй-ім-нен
К. Үй-ім-мен
|
4. Жіктік жалғауы
Жіктік жалғауы – жақты білдіреді. Ол етістікке және есім сөздерге жалғанады.
| | | | | | | | |
Сен дәрігерсің
Сіз дәрігерсіз
|
Сен келесің , келдің
Сіз келесіз , келдіңіз
| | | | | | | | |
Сендер дәрігерсіңдер
Сіздер дәрігерсіздер
|
Сендер келесіңдер, келдіңдер
Сіздер келесіздер, келдіңіздер
| | | |
Зат есім – заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?
|
Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім.
| | |
Зат есімге және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған зат есім.
|
білім, достық,
боран, тарсыл
| | |
Бір ғана түбірден тұрады.
|
от, ара, қант, оқушы, баспалдақ
| |
Кемінде екі сөзден тұрады.
|
кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ
|
Жалпылай немесе жекелей атауына қарай
| |
Біртектес заттардың жалпы атауы.
| | | | |
Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атауы.
| | | | | |
Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат пен құбылыстардың атауы.
|
ағаш, қалам, су, домбыра, есік, сия
| |
Оймен, ақылмен сезіп білетін ұғымдардың атауы.
|
қайғы, арман, сана, қуаныш, жақсылық
|
Зат есім жасайтын жұрнақтар
Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтары
№
|
жұрнақ
|
мысал
|
1
|
-еке, -ке, -қа, -а, -е
|
атеке(атке) Исеке (Иса)
ағеке(ағке) Жәке(Жамбыл)
әпеке(әпке) Нүке (Нұрпейіс)
Мұқа(Мұхтар)
|
2
|
-й
|
атай, әкей, шешей, жездей
|
3
|
-тай
|
ағатай, апатай, әкетай, шешетай
|
4
|
-жан
|
ағажан, атажан, апажан, Абайжан
|
5
|
-қан, -кен, -қай, -кей, -ан, -ң
|
балақан, бұзауқан, шешекей, Дәкен(Дәріқұл)
|
6
|
-шақ, -шек
|
құлыншақ, інішек
|
7
|
-шық, -шік
|
қапшық, төбешік
|
8
|
-ша, -ше
|
сандықша, күрекше
|
9
|
-ш, -ыш, -іш
|
қалқаш, Нұрыш (Нұртай)
|
10
|
-сымақ
|
қорасымақ, таусымақ
|
Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар
№
|
жұрнақ
|
мысал
|
1
|
-шы, -ші
|
қойшы, күйші
|
2
|
-шылық, -шілік
|
шаруашылық, кеңшілік
|
3
|
-лық, -лік, дық, -дік, -тық, -тік
|
балалық, кісілік, адалдық, жеңілдік, жолдастық, биіктік
|
4
|
-кер, -гер
|
айлакер, саудагер
|
5
|
-кеш, -стан, -хана -паз, -қой, - қор
|
шайхана, кітапхана, арбакеш, жемқор
|
Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар
№
|
жұрнақ
|
мысал
|
1
|
-м, -ым, -ім
|
байлам, күзем, қысым
|
2
|
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе
|
ұрма, көрме, сүзбе, кеспе
|
3
|
-қы, -кі, -ғы, -гі
|
шалғы, тепкі, бұрғы
|
4
|
-с, -ыс, -іс
|
талас, айтыс, жүріс
|
5
|
-қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек
|
тарақ, күрек, қызық
|
6
|
-ыш, -іш
|
қуаныш, таяныш, өкініш
|
7
|
-н, -ын, -ін
|
боран, жуын, түйін
|
8
|
-у
|
сабау, жамау, көсеу
|
9
|
-ынды, інді
|
шайынды, үйінді үгінді
|
10
|
-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш
|
сүзгіш, сыпырғыш, білгіш
|
11
|
-уыш, -уіш
|
өлшеуіш, бастауыш
|
12
|
-ыр, -ір, -р, -ар, -ер
|
үңгір, шұқыр
|
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
|
Ереже
|
Мысалдар
| |
Зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады. Кейде кім? не? сұрақтары тәуелденіп қойыла береді. (кімім? неңіз?)
|
Жел күшейе түсті. Ер елімен көрікті, жер кенімен көрікті.
Менің әкем -кәсіпкер.
| |
Зат есім ілік септігінде тұрып және өзінен кейінгі сөзді айқындап, анықтауыш болады.
|
Алтын сағат сыйлаған екен. Қырда ауылдың малдары жайылып жүр.
|
Толық-тауыш
|
Зат есім атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында тұрып, толықтауыш болады.
|
Тәрбие тілден басталады. Ертегімен ұрпағыңды естелікке үйрет.
| |
Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші есіммен, септеулік шылаумен тіркесіп пысықтауыш болады.
|
Біз мектепке қарай жүгірдік. Мен оқу үшін қалаға барамын. Көлеңкеде атам отыр.
| |
Зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып сөйлемде баяндауыш болады.
|
Біз бейбіт еңбекті
сүйетін елміз. Бала – артта қалған із, байлық – қолдағы
мұз.
|
КӨМЕКШІ ЕСІМ
Көмекші есім – лексикалық мағынасынан айырылып, сөйлемде екінші бір сөздің шылауында қолданылатын зат есім. Мысалы, сырт, іш, маң, алд(ы), арт(ы), үст(і), қас, жан т.б. (Ауылдың жаны терең сай)
Әдетте көмекші есім тәуелдік жалғауында тұрып, негізгі зат есіммен тіркесіп сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.
Ескерту: Кейде көмекші есім көптік, септік жалғауларында келіп, басқа сөзге тәуелді болмай, жеке тұрып та сөйлем мүшесі бола алады. Мысалы Арттағылар(кімдер?) жетіп қалды. Сыртын(нені?) көріп, ішінен(неден?) түңілме.
СЫН ЕСІМ
Сын есім – заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? қай?
Достарыңызбен бөлісу: |