Семасиология – тілдегі сөздерге тән мағыналарды зерттейтін сала.
Этимология – жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін сала.
Фразеология - тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін сала.
Диалектология – диалектілер, говорлар, жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала.
Топонимика – жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерттейтін сала.
Антропонимика – кісінің фамилиясын, әкесінің атын, кісінің шын аты мен лақап атын, бүркеншік аттарын (псевдоним) қарастыратын сала.
Лексикография – сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала.
Сондай-ақ лексиканың ономасиология, этнонимика, астронимика сияқты салалары бар.
ҚОЛДАНУ АЯСЫ ШЕКТЕУЛІ СӨЗДЕР
КӨНЕРГЕН СӨЗ
Көнерген сөз – қазіргі уақытта қолданыстан шығып қалған немесе мағынасы көмескеленген сөз. Оның екі түрі бар: архаизм және историзм.
Архаизм – әр халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, яғни қазір басқаша аталатын ұғымның бұрынғы атауы болатын сөз.
Ескі атауы
(архаизм)
Қазіргі атауы
(неологизм)
аэрофлот
адрес
рыноктық
таможня
станция
әуежай
мекен-жай
нарықтық
кеден
бекет
Историзм – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға байланысты туып, қазір қолданудан шығып қалған сөз. Мысалы: уез, барымта, ханзада, нөкер, батырақ, қауыл керуен, жүз басы, би, болыс т.б.
ЖАҢА СӨЗ
Жаңа сөз (неологизм) – ғылым мен техниканың дамуына байланысты қолданысқа енген жаңа сөз.
Мысалы:
Қазіргі атауы
(неологизм)
Ескі атауы
(архаизм)
кеден
ұшақ
жарнама
делдал
зейнетақы
саябақ
кешен
құжат
таможня
самолет
реклама
посредник
пенсия
парк
комплекс документ
ДИАЛЕКТ СӨЗ
Диалект сөз – белгілі бір аймақта тек ауызекі тілде ғана қолданылатын сөз. Мысалы, «сым» сөзі Оңт. Қазақстанда ғана қолданылады.
Диалект сөз
Әдеби баламасы
сым
азанда
бәдірен
оттық
көпшік
шалбар
таңертең
қияр
сіріңке
жастық
Диалект сөз бір жағынан көбіне кәсіби сөз бола береді. Мысалы, "атыз" сөзі - әрі диалект сөз, әрі кәсіби сөз.
ТЕРМИН СӨЗ
Термин сөз – ғылымның, техниканың, спорттың белгілі бір салаларына жататын сөз. Термин бір ғана тура мағыналы сөз болып келеді.
Мысалы: фонетика, грамматика, экология, бизнес т.б.
КІРМЕ СӨЗ
Кірме сөз – ана тілімізге шет тілінен енген сөз. Мысалы:
Араб тілі: қалам, ғылым, отан, мұғалім т.б.
Парсы тілі: тақта, дос, нан, апта, т.б.
Орыс тілі: парта, кино, цирк т.б.
КӘСІБИ СӨЗ
Кәсібисөз – белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, өнерге байланысты қолданылатын және негізінен сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсінікті сөз.
Мысалы: көнек, қауға, жылым, күнжара, ау, атыз, шиіт, сүзекі тоспай, торша т.б.
ТАБУ СӨЗ
Табу сөз (бұрмалау) – қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөз.
Табу – индонезия тіліндегі “тыйым салу” деген мағынадағы сөзден шыққан. Бұл ұғым қазақ салт-дәстүрінде жиі қолданылады. Мәселен, жаңа түскен келіннің күйеуінің туыстарын өз атымен атамай, оларға лайықтап ат қоюы: шырайлым, айдарлым, төре жігіт, мырза жігіт.
ЭВФЕМИЗМ мен ДИСФЕМИЗМ
Эвфемизм – мағынасы тұрпайы (дөрекі) сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып қолданылатын сыпайы сөз.
Мысалы:
Сыпайы түрі (эвфемизм)
Дөрекі түрі
(дисфемизм)
қоспайайт
өтірік айтпа
бақиға аттанды
өлді
ақ саусақ
жалқау
қолының сұғанағы бар
ұрлықшы
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕС (фразеологизмдер)
Тұрақты тіркес – сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес.
Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге, басқа сөзбен ауыстыруға келмейді.
Мысалы:
Тұрақты тіркес
Мағынасы
ит өлген жер
тайға таңба басқандай
тепсе темір үзеді
өгіз аяң
жел аяқ
тілді үйіреді
көз шырымын алу
су татиды
алыс
анық
мықты
жай басар
жүйрік
тәтті
ұйықтау
дәмсіз
Тұрақты тіркес сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады. Мысалы, Оқуинемен құдық қазғандай. ("Инемен құдық қазғандай" тұрақты тіркесі қандай? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің баяндауышы болып тұр.)
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
(күнделікті өмірде жиі қолданылатындары)
Ағама жеңгем сай, апама жездем сай – мінез-қылығы үйлес
Ағынан жарылды – ештеңені жасырмады, бар сырын ақтарды
Ажал оғы атылды – өлді, мерт болды
Ажары кірді – көріктенді
Азуы алты қарыс – қаһарлы
Азуын айға біледі – мейлінше батыл қайрат көрсетті
Айдар тақты – әйгілі қылды
Айдарынан жел еседі – асқақтап дәурен сүру
Айды аспанға бір шығарды – аты шықты, таң қалдырды
Мақал – өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі.
Оның мәтелден ерекшелігі:
Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады.
Ой нақты айтылады.
Ақыл-кеңес, үлгі-өнеге түрінде айтылады.
Жақсы бала ата-анасын төрге сүйрейді, жаман бала ата-анасын көрге сүйрейді.
Жері байдың елі бай.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық.
Еменнің иілгені – сынғаны, ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.
Мәтел – белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.
Оның мақалдан ерекшелігі:
Көбіне бір бөлімді болады.
Ой ишара, тұспал түрінде айтылады.
Көбіне эмоциялық мағына басым болады.
Көппен көрген - ұл той.
Әлін білмеген әлек. Кемедегінің жаны бір.
Ел құлағы - елу.
Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар.
НАҚЫЛ СӨЗ
Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже – қағидалар. Мысалы:
Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас. (М. Әуезов).
Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот. (Н. Байғ.)
ИДИОМА
Идиома(лық тіркес)дегеніміз:
бөліп-жаруға келмейтін және оның тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сөздер;
құрамындағы сөздердің мағынасында метафоралық, пародиялық ерекшеліктер болатын мәтелге және тұрақты тіркеске бейім келетін тіркестер;
өзге тілге тура аударуға келмейді;
Мысалы:
Идиома(лық тіркес)
Мағынасы
ұзын құлақ
қырық пышақ
өгіз аяң
мұртын балта шаппау
асқар тау
ақ саусақ
аузын қу шөппен сүрту
көпшілік
ұрыс-керіс
жай
мұқтаждық көрмеу
биік тау
жалқау
сараң
СӨЗ МАҒЫНАЛАРЫ
Сөздің лексикалық мағынасына қарай мынадай түрлері бар:
Сөздің тура мағынасы – сөздің бастапқы мағынасы.
Сөздің ауыспалы мағынасы – сөз мағынасының ауысып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылуы. Сөздің ауыспалы мағынасы екінші сөзбен тіркескенде ғана пайда болады.
Мысалы:
Тура мағына
Ауыспалы мағына
терең көл
ашық терезе
өткір қайшы
домбыра шерту
майлы төстік
терең ой
ашық мінез
өткір көз
сыр шерту
майлы дастархан
Сөздің көп мағыналығы (полисемия) – бір сөздің басқа сөздермен тіркескен кездегі әр түрлі мағынаға ие болуы. Мысалы:
Адамның басы
Судың басы (бұлақ)
Сөздің басы (сәлем)
Таудың басы (шың)
Омоним – дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер.
Мысалы: «Жақ» омоним сөзінің мағыналары:
Адамның жағы / От жақ / Оң жақ / Маған жақ бол / Қара бояу жақ
Омонимдердің жасалу жолдары:
Жұрнақ арқылы: шығыс (шық+ыс), жастық (жас+тық);
Кірме сөз арқылы: бақ (парсы. "бақт»), сап (араб. "саф");
Сөздің дыбыстық өзгеріске ұшырауы: біз (бігіз);
Көп мағыналы сөз бен омоним сөздің айырмашылығы:
Омоним сөз жеке тұрып, бірнеше мағынаны білдіреді, ал көп мағыналы сөз екінші сөзбен тіркескенде ғана бірнеше мағынаны білдіре алады.
Омоним сөздің мағыналарының арасында ешқандай мағыналық ұқсастық болмайды. Мысалы, адамның жағы, отты жақ дегендегі «жақ» сөзі бірінде есім сөз болып, дене мүшені білдіріп тұр, бірінде етістік ретінде қимылды білдіріп тұр. Ал көп мағыналы сөздің мағыналарының арасында ұқсастық болады. Мысалы, судың басы (бұлақ), таудың басы (шың), сөздің басы (сәлем) дегендегі «бас» сөзі бірінде «бұлақ», бірінде «шың», бірінде «сәлем» деген мағыналарды білдірсе де, бәрінде де бір нәрсенің басталу орны, басталар жері деген мағынаны білдіріп тұр.
Антоним – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Мысалы: Аласа – биік, Ұзын – қысқа, Ақ – қара, Жақын – алыс, Су жүрек – жүрек жұтқан
Синоним – айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Мысалы: сабырлы, байсалды, төзімді, ұстамды, салмақты.
Синонимдерді қолданудың мынадай тәсілдері бар:
Алдыңғы сөйлемде немесе қатар тұрған тексте бір рет пайдаланған сөзді қайталамас үшін оны басқасымен алмастырады. Мысалы: Ерегісте ер өлер, екі батыр егессе, екеуінің бірі өлер (Мақал). Айнала шабытты еңбек, қызу жұмыс.
Белгілі бір ұғымды түрлі белгілерімен жан-жақты сипаттап көрсету үшін синонимдер бір-біріне қарсы қойылып та, салыстырылып та, ыңғайласып та тұра береді. Мысалы: Бет көрсе, жүз ұялады (Мақал). Қауіп бар жерде қатер бар (Мақал). Ақтамақ жымиса, ол ыржияды. Ақтамақ мырс етсе, ол жарқылдап күледі (Ғ.Мұстафин). Ата дұшпан сен едің, ата жауың мен едім (Махамбет).
Белгілі бір ұғымды әр жақтан толық сипаттап беру үшін 2 немесе 3-4 синоним сөз қатарынан қолданылады. Мысалы: Балташ жолдасқа опашыл, уәдешіл болатын (Ж.Аймауытов). Майлыбайдың уысындағы күміске өзді-өзі таласып, қырылысып, төбелесіп, өліп қала жаздады (Ж.Аймауытов). Жылатушы көп болса, уатушысы, жұбатушысы да мол болған ел сорлы бола ма? (М.Әуезов). Дәл қасымызда үш бастау, қайнар, бұлақ бар. (Ә.Тәжібаев). Жақып езіліп, еріп, балқып кеткен сияқты болады (Ғ.Мұстафин). Ибалы, инабатты, ізетті жандар қазақта баршылық («Жас алаш»).
Тілдегі синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топтап та қолданғанымыз сияқты бұларды қосарлап та пайдалануға болады. Мысалы: күш-қуат, кұрбы-құрдас, ар-ұят, аман-сау, үлгі-өнеге, азып-тозу, қорқытып-үркіту, қажымай-талмай, өткен-кеткен, даусыз-талассыз, мұңды-зарлы, өніп-өсу т.б. Екі синоним сөз қосарланып қолданғанда бұлардың бұрынғы жеке мағыналары абстракцияланып (яғни жалпыға айналып), білдіретін ұғымның көлемі кеңейеді. Мұндағы күрделі ұғым екі сөздің дара мағыналарының жиынтығынан шығады.
Қазақ тілінде мағыналас екі сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мысалы: кең байтақ ел, айдын шалқар көл, қырмызы қызыл жібек, заңғар биік тау, зәулім биік үй, қызыл жоса қан, нән семіз жылқы, жайдары жарқын мінез, орасан зор жұмыс, құр бекер жүріс т.б.
Синонимдер тек жеке сөздерден ғана емес, фразалық тіркестерден де кездеседі. Көңілдегі көрікті ойды сөзбен кестелеп айтып беру үшін фразалық тіркестер де тілде орасан зор қызмет атқарады. Мәселен, Кеңес армиясы 1945 жылы неміс басқыншыларын талқандады деген сөйлемдегі талқандады деген сөздің орнына жермен-жексен етті, күлін көкке ұшырды десек, сөзіміз әлдеқайда күшті шыққан болар еді. Сондай-ақ екі синоним сөздің қатар қолданылғаны тәрізді мағына жағынан өте жақын екі фразалық тіркестер де қаз-қатар жұмсала береді. Мысалы: Қатерлі қауіп төнген күндер де өтті, итжығыс, бірде олай, бірде бұлай (Қ.Айнабекұлы). Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой – бұл да бір (Қ.Жұмаділов). Бұл салада да жетістіктермен қатар әттеген-ай дегізіп, сан соқтырарлық олқылықтар да бар («Жетісу»).
Синонимдерді жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен фраза күйінде ғана емес, араластырып та жұмсай беруге болады. Мысалы: Ақсақал абдырды, састы, қысылды, жан терге түсті (Ж.Аймауытов). Гүлнаш апай ақтарылмады, шешіліп сыр жармады (Т.Әлімкұлов). Жолыққан жанның бәрі де оған ат үсті, асығыс жауап берді (Ж.Жұмақанов). Ойдың да шикісі бар күлді-көмеш, Сүйкімсіз арам астай адам жемес. Дүмбілез, дүбарасы бар оның да, Әрі-сәрі, не ол емес, не бұл емес (Ә.Оңалбаев). Ел-жұрт, халқы мен ата-анасын көреді (Батырлар жыры).
Синонимдерді қолданудың тағы бір тәсілі – парафраза. Бұл сөздің мәнісі жеке сөздің орнында оның түсінігін сипаттап беру болып шығады. Мәселен, Алматы дегеннің орнына Қазақстанның астанасы, М.Әуезов деудің орнына «Абай жолы» романының авторы, Күләш деудің орнына қазақтың бұлбұл әншісі деп қолдануға болады. Парафраза бір заттың белгілі бір қасиетін айрықша атап өткісі келгенде, немесе соған ерекше назар аудартып, ден қойғызу мақсатында қолданылады. Кейде бір сөзді қайталамай, ойды түрлендіріп баяндау үшін де жұмсалады.
Мағынасы жағымсыз сөздердің мәнін тыңдаушыларға жеңілдетіп, жұмсартып айту тәсілін тіл білімінде эвфемизм деп атайды. Бұл да тіл мәдениетінің бір тәсілі болып саналады. Мәселен, өсек-аяң дегеннің орнына жаяу почта, ұзын құлақ, сымсыз телефон деп, өтірік сөз дегеннің орнына қоспа деп, өсекші дегеннің орнына жеңіл ауыз деп, пара дегеннің орнына ауыз бастырық деп, ұрлық дегеннің орнына жиендік деп, қартаю дегеннің орнына жасы ұлғаю деп жұмсартып қолдана беруге болады.
М.Әуезов «Абай жолы» атты романында Абайдың өлімін мынадай эвфемизмдер арқылы бейнелеген: «Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман ішінде ұлы жан дүниеден көшті. Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай және қаза тапты. Ұлы кеуденің демі тоқталды. Шел даланы жарып аққан дариядай игілік өмір үзілді. Сонау бір шақта тасты тақыр, жалтыр биік басына жалғыз шығып, зәулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті». Мұнда жазушы Абай деудің орнына бірде ұлы жан, бірде ұлы кеуде, бірде игілік өмір, бірде зәулім өскен алып шынар деп парафраза тәсілімен ерекше назар аудартқызып отырған болса, өлді деген жағымсыз сөздің орнына дүниеден көшті, қаза тапты, демітоқталды, үзілді, кұлады, кетті сияқтанған эвфемизмдер қолданған.1
Сөздің ауыспалы мағынасының көркем әдебиетте қолданылатын түрлері
Метафора (грек. «ауысу, ауыстыру») – бір-біріне ұқсас екі не одан да көп зат немесе құбылыстың балама аталуы. Мысалы, Хан емессің, қасқырсың... Хан емессің, шаянсың... өлеңіндегі «қасқыр», «шаян» сөздері жауыз, қатыгез сөздерінің орнына қолданылған.
Метонимия (грек. «атын өзгертіп атау») – ойда сақталып тұрған бірер сөзді айтпай-ақ, ол сөзді екінші бір сөз мағынасына сыйыстырып жіберу. Мысалы, Сәкеннің шығармаларын оқыдым деудің орнына Сәкенді оқыдым деу.
Синекдоха (грек. «бірге жобалап, шамалап түсіну») – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні, немесе керісінше, бөлшектің орнына бүтінді, жалқының орнына жалпыны қолдану негізінде сөз мағынасын алмастыру амалы. Мысалы, Төрт-бес қой-ешкіміз бар деудің орнынатөрт-бес тұяғымыз бар деу.
МОРФОЛОГИЯ
Морфология сөз құрамы, қосымша және сөз таптарын зерттейді.
Сөз құрамының 2 түрі бар: дара сөз және күрделі сөз.