1) "Деп" етістігі ашық райдағы етістікпен тіркессе, себеп бағыныңқы болады, ал бұйрық, шартты және қалау райдағы етістікпен тіркессе, мақсат бағыныңқы болады.
2) Төмендегі жасалу жолдары бірнеше сабақтас түрін жасауға қатысады. Мұндай жағдайда сабақтастың түрін сөйлемнің мағынасына қарай ажыратуға болады.
1. -са, -се:
- шартты бағыныңқы:
- қарсылықты бағыныңқы:
- мезгіл бағыныңқы:
2. -ғанда, -генде, -қанда, -кенде:
- шартты бағыныңқы:
- мезгіл бағыныңқы:
3. -ып, -іп:
- себеп бағыныңқы:
- қимыл-сын бағыныңқы:
4. -ғанша, -генше, -қанша, -кенше:
- қарсылықты бағыныңқы:
- мезгіл бағыныңқы:
АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
Аралас құрмалас сөйлем – кемінде үш сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмалас түрі.
Аралас құрмалас сөйлемнің сызбасы төмендегідей:
Басыңқы, бағыныңқы,
басыңқы.
|
Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр.
|
Бағыныңқы, басыңқы,
басыңқы.
|
Көзін сәулеге үйреткен Асқар терзеден қараса, аспан айдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен.
|
Бағыныңқы, басыңқы,
бағыныңқы, басыңқы.
| |
Басыңқы, бағыныңқы,
бағыныңқы, басыңқы.
|
Ол бастықтың бөлмесіне келген еді, бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін кезек келмей, есік алдында күтіп қалды.
| ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ
Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем – құрамында кемінде 3 жай сөйлем болатын және олардың баяндауыштары тиянақты болатын салалас түрі.
Сызбасы: басыңқы, басыңқы, басыңқы.
Мысалы: Ол келді де, есікті ашып қарап еді, бәрі тегіс келіп болыпты.
Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем – құрамында бірнеше бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас түрі.
Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы.
Мысалы: Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді.
Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің (к.б.с.қ) 2 түрі бар:
1) Жарыспалы к.б.с.қ – бағыныңқы сөйлемдері басыңқысымен тікелей байланысатын сабақтас түрі.
Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
Мысалы: Тау басына бүркітін алып Тұрғанбай жеткенше, Баймағамбет қорым тасты қағуға кіріспей, Қарашолақтың тамағасы тартылғанын тосып тұр екен.
Бірыңғай жарыспалы к.б.с.қ – бағыныңқылары бірдей сөйлем. (шартты бағ. , шартты бағ. , басыңқы.)
Әр алуан жарыспалы к.б.с.қ – бағыныңқылары әр түрлі сөйлем. . (шартты бағ. , қимыл-сын бағ. , басыңқы.)
2) Сатылы к.б.с.қ – бағыныңқы сөйлемдері басыңқысымен тікелей байланыспайтын сабақтас түрі.
Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
Мысалы: Егер бұл тулап, бойды үркітіп жүргенде, Ұлжан көріп қойса, жаман болады.
Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем – құрамында бір бағыныңқы және бірнеше басыңқы сөйлемі бар сабақтас түрі. Бағыныңқы сөйлемі әрбір басыңқы сөйлемімен тікелей байланысады.
Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
Мысалы: Қыс түскенше, ағаштарды жарып тастадық, қораның төбесін де жауып үлгердік.
Ескерту: Кемінде үш сөйлемнен құралған аралас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлемі әрбір басыңқы сөйлемімен тікелей байланыспайды.
Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
Мысалы: Ол үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді.
ПУНКТУАЦИЯ
Пунктуация (латын."нүкте") – 1) тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы; 2) мәтіндегі ойды бір-бірінен айырып түсінуге көмектесетін негізгі құрал; 3) тыныс белгілерін зерттейтін ережелер жиынтығы.
Тыныс белгілерінің негізгі қызметі 3 принципке негізделеді:
Грамматикалық принцип – тыныс белгілерін сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктеріне сүйеніп қою.
Мағыналық принцип – сөйлем және сөйлемдегі сөздердің мағынасын анықтау.
Интонациялық принцип – мәтінді, сөйлемді және сөзді оқығанда, дауыс ырғағының өзгеріп отыруы.
Тыныс белгілерінің қойылатын орны және атқаратын қызметі төмендегідей:
| | | |
нүкте ( . )
сұрақ белгісі ( ? )
леп белгісі ( ! )
көп нүкте ( ... )
|
Даралушы қызмет атқарады.
|
Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері
|
үтір ( , )
қос нүкте (:)
жақша ( )
тырнақша (" ")
сызықша ( – )
|
Ерекшелеуші қызмет атқарады.
|
Құрмалас сөйлемге қойылатын тыныс белгілері
|
үтір ( , )
қос нүкте ( : )
нүктелі үтір ( ; )
үтір сызықша (, – )
|
Ойдың ара жігін ажырату қызме-тін атқарады.
|
НҮКТЕ
| | | | |
Маңайда тірі жан көрінбейді.
| |
Жай, екпінсіз айтылған бұйрық және тілек мәнді сөйлемнен кейін
|
Әже, сізден Алла разы болсын.
| |
Драмалық шығармада кейіпкер атынан кейін
|
Нұрхан. Міне, міне, әлгі мен айта беретін ауыл!
Мүсірепов. (құлазып) Қыбыр еткен жан жоқ. Ит те үрмейді.
| |
Драмалық шығармада автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін жақша ішінде
|
Нұрхан. Кім бар? (Айқара есікті итеріп ашады.) Кім бар?
| | |
Ғ.Мүсірепов / Ғ.М. Ғ.Мұстафин / Ғ. Мұст.
| |
Газет-журнал атауын шартты түрде қысқарт-қанда
|
“Қ.Ә.” (“Қазақ әдебиеті”)
| |
Кейбір сөздер шартты түрде қысқартылғанда
|
тағы басқалар – т.б.
тағы сол сияқты – т.с.с.
тағысын тағылар – т.т.
| |
Ғасыр, жыл, сағат, минут, секунд сөздері қысқартылғанда
|
А.Яссауи кесенесі (XII ғ.) –Қазақстандағы үлкен тарихи мұралардың бірі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |