Қазақ тілінде қосымшаның 2 түрі бар. Олар: жұрнақ және жалғау.
ЖҰРНАҚ
Жұрнақ өзі жалғанған сөзге жаңа мағына беріп, туынды сөз жасайды.
Жұрнақтың екі түрі бар: сөз тудырушы жұрнақ және сөз түрлендіруші жұрнақ.
Сөз тудырушы жұрнақ түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп оған жаңа мағына береді. (Қой+шы – қойшы, өнер+паз – өнерпаз, ой+лa – ойла, тау+лы – таулы)
Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің бастапқы мағынасын өзгертпей, сәл түрлендіреді. (Үй+шік – үйшік, сандық+ша – сандықша, алаң+қай – алаңқай, қала+шық – қалашық.)
Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Мысалы, жаз-у-шы-лық.
Бір сөзден әр түрлі жұрнақ арқылы туынды сөздер жасалады. Ондай бір түбірден жасалған сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы, біл-ім, біл-дір, біл-гіш т.б.
Жұрнақ сөзге жалғаулардан бұрын жалғанады. Мысалы, кітапханалардан, оқушымын т.б.
Жалғаулар сөздерді байланыстырады.
Оның 4 түрі бар:
Көптік жалғауы
Тәуелдік жалғауы
Септік жалғауы
Жіктік жалғауы
Көптік жалғауы – көптік мағына береді.
-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.
Көптік жалғаулары тек қана зат есімдерге жалғанады.
Тәуелдік жалғауы – меншіктілікті білдіреді.
Жекеше түрі (оңаша тәуелдену)
| |
-м, -ым, -ім Менің досым
-ң, -ың, -ің Сенің досың
-ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз Сіздің досыңыз
-сы, -сі, -ы, -і Оның досы
|
Көпше түрі (ортақ тәуелдену)
| |
-мыз, -ымыз, -міз, -іміз Біздің досымыз
тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің
Сендердің достарың
-тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз
Сіздердің достарыңыз
-сы, -сі, -ы, -і Олардың достары
| | |
Менің үй-ім.
Сенің үй-ің
Сіздің үй-іңіз
Оның үй-і
|
Біздің үй-іміз
Сендерің үй-лерің
Сіздердің үй-леріңіз
Олардың үй-і
|
3. Септік жалғауы
Септік жалғаулары – сөздерді байланыстырады. Қазақ тілінде септіктің 7 түрі бар:
| | | | | | | | | | |
-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің Мектептің
| | | |
-а, -е, -қа, -ке, -ға, -ге, -на, -не Мектепке
| | | |
-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н
Мектепті
| | | |
-да, -де, -та, -те, -нда, -нде Мектепте
| | | |
-дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен Мектептен
| | | |
-мен (менен), -бен (бенен), -пен (пенен) Мектеппен
|
Достарыңызбен бөлісу: |