Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: IV
5.Мұғалім: А.Тілеуқұлова
Сабақтың тақырыбы: Бірігу жолмен жасалған
туынды сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың бірігу жолмен жасалған туынды сөздер туралы түсініктерін кеңейту, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту , жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың бірігу жолмен жасалған туынды сөздер түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін, сөз байлығын дамыту , талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1.Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздертуралы түсінік.
2.365,366 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру
Өздік жұмыс
-
Төмендегі түбірлерден түберлес сөздер жаса
Жақ, тақ, қар, орын.
ІVжаңа сабаққа дайындық
-
Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
-
Сабақ мақсатын түсіндіру
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Екі я оданда көп сөзден бірігіп, жаңа лексикалық мағына беретін сөздер жасалады. Мысалы: Ақтөбе, көкқұтан, өнеркәсіп, Үштөбе, Сырдария, Болатбек, тасбақа, т.б. Бұларды тіл білімінде біріккен сөздер деп атайды.
VІ Түсінік тексеру
-
Жаңа сөздер қандай жолдармен жасалады?
-
Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздерге мысал жаз.
-
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздерге мысл жаз.
-
Бірігу тәсілімен жасалған қандай құс, аң, өсімдік, жер атауларын білесіңдер?
VІ І. Сабақты бекіту
-
– жаттығу
* Төмендегі сөздердің қандай сөздерден бірігіп жасалғанын айтыңдар.
375– жаттығу
* Мына біріккен сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құраңдар.
377– жаттығу
* Мәтіннен біріккен сөздерді тауып жазыңдар.
VIІІ Сабақты қорыту
-
Бағалау
2.Үй тапсырмасы:
1.Бірігу жолмен жасалған туынды сөздертуралы түсінік.
2.380 - жаттығу
Достарыңызбен бөлісу: |