Adv3205- «Адвокатура»



бет3/197
Дата08.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#123288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   197
Байланысты:
umkd 21-22 advokatura

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Қазақстан Республикасының ««Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚРЗ» 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VІ Заңына сәйкес әзірленген.



5. «Құқықтану» кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинары отырысында ҚАРАЛҒАН және ҰСЫНЫЛҒАН
201_ жылғы «___» __________ №___ хаттама


Түсіндірме жазба

Адвокатура курсын оқытудағы басты мақсат - адвокаттық құқықтық өндіріске қатысу әдістері мен тәсілдерін, құралдарды қолдану қабілетін, білім жүйесін студенттерде қалыптастыру.


Аталған бағдарлама - типтік болып табылады және Заң жоғары оқу орындарының "Адвокатура" курсын оқыту нысаны мен мазмұнын және көлемін анықтайды. Соның негізінде жаңа оқу құжаты қалыптастырылады. Курстың мақсаты - құқықтану және юриспруденция мамандықтары бойынша заңгерлер дайындау мақсатымен сәйкес келеді.
Курстың мақсаттары: адвокатура мен адвокаттық қызметтің тактикалық құқықтық және ұйымдастырушылық аспектісі бойынша білім алу және олардың юрисдикциялык өндірістерге қатысуы.
Соған сәйкес курстын міндеттері:
- 1917 жылдан жана кезенге дейінгі аралықтағы Қазақстандағы адвокатураның қалыптасу және даму жағдайы туралы адвокатураның мәні мен міндеттері туралы адвокатураның мәні мен міндеттері туралы қажетті көлемдегі білім алу;
- адвокаттық қызметті ұйымдастыру мен құқықтық негізі туралы білімді жүйелеу;
- қылмыстық азаматтық және т.б. құқықтық өндірістегі адвокаттық қызметті жүзеге асыру туралы нормативтік ережелерді сараптау;
- адвокаттық қызметтің тактикалық психологиялық және этикалық аспектілері туралы білім алу;
- алған білімдерін заңдық көмек көрсету мен құқықтық өндірістерге қолдану (сот өндірісіне қатысу әдістемесі, еңбекті ғылыми ұйымдастыру адвокатпен процессуалдық актілерді құрастыру, клиент позициясына сәйкес құқықтық ситуация біліктілігі).
Аталған курстық бағдарламасын жетік білу үшін студент аталған тапсырмалардың барлығын орындауы керек. Соған сәйкес пәнді оқытудың әдістемелік және тәрбиелік міндеттерін бөліп қарастыруға болады. Бұл: кәсіби өкіл ретінде процессуалдык әрекеттерді жасау және қатысу құқықтық өндірісте кәсіби өкіл ретінде құқыққолданушылық қызметтің ерекшеліктері туралы білім алу өз білімін тәжірибеде бекіту үшін заңдық көмек көрсету барысында процессуалдык актілер мен баска да құжаттарды толтыру әдістемесі туралы білім алу заңдык процесс үшін маңызды оқиғаны кәсіби бағалау және кәсіби субъект ретінде соған сәйкес құқыққолданушылық шешім қабылдау, адвокаттық қызметтің ұйымдастырушылық және құқық негізі туралы білімді жүйелеу, адвокаттық қызметті регламенттейтін нормативті ережелерді сараптау адвокатты қызметті қорғаушы, жәбірленушінің өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және жеке айыптаушы өкілдері ретінде қабылдау.
Тәрбиелік міндеттер қылмыстық азаматтық және басқа да сот өндірісінде заңдылық әлеуметтік әділдік және ізгілік қағидаларын терең түсінумен, мемлекет пен қоғамдағы адвокатураның маңызымен байланысты.
Оқытылып отырған пәнді меңгеру үшін сот өндірісінің негізін, құқық қорғау органдарының кұрылымын білу, құқықтық біліктілік пен құқық нормаларына сараптама жасай білу кажет. Ол үшін келесі пәндерді қосымша оқу керек: Мемлекет және құқық теориясы (құқықтық түсінігі мәні және мазмұны, құқықтық жауапкершілік), құқық қорғау органдары (Қазақстан Республикасының сот жүйесі Қазақстан Республикасының прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары. Қазақстан Республикасының Ұлттық қапуіпсіздік органдары алдын-ала тергеу органдары. Қазақстан Республикасының адвокатура шетел құқық қорғау органдары). Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (жалпы бөлім: қылмыс түсінігі қылмыс құрамы, қылмыстық жауапкершілік және оның негізгі қылмыс субъектісі, қылмыстық жауапкершілікті тудырмайтын жағдайлар, қылмыс сатылары қылмысқа қатысу, жаза түсінігі, жүйесі, мақсаты, жаза тағайындау қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату, жазаны орындауды кейінге қалдыру, соттылықтың жойылуы мен алынып тасталуы, медициналық сипаттағы міжбүрлеу шаралары), қылмыстық құқық (ерекше бөлім, барлык бөлімдер), азаматтық құқық (барлық бөлімдер), қылмыстық процессуалдық құқық (барлық бөлім), азаматтық істер жүргізу құқығы, әкімшілік құқық, еңбек құқығы.
Адвокатура курсына сабақтас пәндер: заңгердің кәсіби этикасы, құқықтық психологиянын негізі, прокурорлық қадағалау, криминалистика, сот риторикасы, және т.б. Бұл аталған пәндердің адвоктура курсымен байланысы, бұл пәндерде адвокатурада тереңдетіліп оқытылатын аспектілер жеке және үстіртін қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет