пәннің тақырыптық жоспары
Тақырыптар
|
Сағат бөлінісі
|
лек
|
практ.
|
Тақырып 1. «Адвокатура» курсының ұғымы, пәні мен міндеттері. Қазақстандағы адвокатураның пайда болуы және даму тарихы
|
2
|
1
|
Тақырып 2. Адвокатураның және адвокаттық қызметтің түсінігі, мәні және мақсаттары. Адвокатура ұйымының және қызметінің қағидалары және нысандары
|
2
|
1
|
Тақырып 3. Қазақстан Республикасында адвокатура қызметінің құқықтық негіздері
|
2
|
1
|
Тақырып 4. Адвокаттардың құқықтық жағдайы. Адвокаттық қызметті лицензиялау тәртібі
|
4
|
1
|
Тақырып 5. Адвокатура алқасының ұйымдастырушылық – құқықтық мәртебесі, оның органдары
|
3
|
2
|
Тақырып 6. Заң консультациясы, адвокаттық контора: адвокаттық қызметті ұйымдастырудың нысандары.
|
1
|
1
|
Тақырып 7. Заңды және жеке тұлғаларға адвокаттардың құқықтық көмегі.
|
1
|
1
|
Тақырып 8. Адвокаттың кәсіби этикасы.
|
2
|
1
|
Тақырып 9. Адвокаттың ораторлык өнерінің негіздері. Адвокаттың соттық сөйлеуі.
|
2
|
1
|
Тақырып 10. Қылмыстық сот өндірісіндегі адвокаттың қатысуы.
|
2
|
1
|
Тақырып 11. Адвокаттың азаматтық сот өндірісіне қатысуы. Басқа да юрисдикциялык өндірістерге адвокаттың қатысуы.
|
3
|
1
|
Тақырып 12. Адвокаттық қызметтің психологиясы.
|
1
|
1
|
Тақырып 13. Адвокаттық қызметтің тактикалық аспектілері.
|
2
|
1
|
Тақырып 14. Шет елдердегі адвокатура.
|
1
|
1
|
Барлығы:
|
30
|
15
|
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Бұл пәнде ҚР адвокатурасымын ұйымдастырылу қағидалары мен қызметі, адвокаттық қызметтің жеке және заңды тұлғаларға заңдық көмек көрсету қызметі ретінде мазмұны мен мәні оқытылады. Пәнді оқу барысында студенттер адвокаттық қызметтін тек қана теориялық ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілерін біліп қана қоймай, онымен қоса оның тактикалык және әдістемелік жақтарын да білуі керек.
Дәріс сабақтарын өткізу барысында оқытушы маңызды және қолданбалы сипаттағы негізгі сұрақтарды баяндайды.
Практикалық және семинар сабақтарын өткізу барысында оқытушы жұмысын студенттердің барлығы сол тақырыпты меңгеру дәрежесін анықтайтындай етіп өткізу керек. Ол үшін мынадай әдіс фронтальды экспресс-сұрақ қолданылады, яғни топқа ортақ бір сұрақ қою, белгілі бір жағдайға байланысты сұрақ қою конспектіні дайындау және тексеру. Жалпылай алғанда келесідей бақылау түрлерін қолдануға болады: сауалнама, баяндама жасау процессуалдық акт жасау іскерлік ойындар өткізу, дискуссия коллоквиум.
Қосымша оқыту нысаны ретінде: студенттің өз бетінше оқытушы мен жұмысы (БОӨЖ) және студенттің өзіндік жұмысы. Аталған оқу нысанының міндеті студенттің жекеленген тақырыптарды өзі оқып менгеруі және өзіндік шығармашылық қабілетін арттыру. (БӨЖ) Студенттің өзіндік жұмысы семинар және практика сабақтарында қарастырылған тақырыптардың, материалдык және практикалық құқық нормаларын қолдануға икемдеу мен белгілі бір блокта алған білімін жүйелеу үшін жалғастыру. БӨЖ. БОӨЖ тапсырмалары келесідей: қазус шешу, процессуалдық шешім қабылдау. процессуалдық құжат зандылықты жазбаша сараптау коллоквиум тест шешу, кроссворд құрастыру, реферат жазу, монографиялық әдебиеттерден конспект жазу, кесте және таблица құрастыру, іскерлік ойын. "мимен жұмыс", эссе құрастыру және аналитикалық жазбалар жазу және т.б.
Оқытушылар мен студенттерге қолайлы болу үшін пәнді игеру үшін қажетті оку-әдістемелік кешен құру қажет. Аталған оқулықта студенттер үшін дәріс тезистері, семинар сұрақтары мен тақырыптары. БӨОЖ. БОЖ және әрбір тақырыпқа қажетті әдістемелік нұсқаулар беріледі.
Бұл тәжірибеде мамандықтарды дайындауға қойылатын жан-жақтылық заңдық сот өндірісіне қатысу кезінде қажетті білімдерді осы сала бойынша теориялық білімді толық меңгеруді талап етумен байланысты. Сонымен қатар сотқа дейінгі және соттық сатыдағы сот және тараптардын бірі ретіндегі қажетті практикалық тәжірибені қалыптастыру үшін қажет.
Адвоктура курсы оқу пәні ретінде адвокатура туралы ғылым негізінде құрылады және студенттерге арналған оку құралдарын ұсынады. Тек солар ғана болашақ заңгерге білім кешенін, қабілетін қалыптастыру құралы болып табылады.
Адвокатура ғылым ретінде ресми түрде сот төрелегі, құқық қорғау органдары, құқық қорғау қызметін ұйымдастыру 12.00.11. мамандығы шегінде, салыстырмалы түрде алғанда жақында ғана мойындалды ал жеке ғылыми зерттеулер денгейінде бұрыннан әрекет етеді. Сонымен қатар арнайы курс ретінде бұрынғы КСРО Жоғаағы оқу орындарында оқытылды. Осы бағытта Ю.Н.Стецовскийдің "Советская адвокатура" атты "Высшая школа" баспасынан 1989 жылы шыққан оқу құралы кеғінен танымал. Аталған еңбек сол кездегі жалғыз оку-әдістемелік қайнар көз болды.
Адвокатура ғылымының объектісі болып адвокатура және адвокаттық қызметтің азаматтық қоғамның инситуты және мемлекеттің құқықтық жүйесінің бір бөлігі ретіндегі заңдылыктың пайда болуы және дамуы табылады. Адвоктура туралы ғылымның пәні болып нормативтік-құқықтық актілер, корпоративтік актілер, адвокаттық қызмет пен адвоктураны реттейтін этикалык нормалар. Адвокаттық қызметтің нормативтік базасын бірынгай құқықтық мазмұны, құқықтық институттар бойынша дифференциаланған құқықтық нормалар кешені ретінде алып қарауға болады. Ғылымның пәніне заңдылықтан басқа адвокатура мен адвокаттық қызмет тарихы, адвокатура институты, адвокатура туралы заңдылыктың қолдану тәжірбиесі және шетел адвокатурасы жатады.
Адвокатура туралы ғылым әдістерінен әдеттегі жалпы әдіс-диалектикалық және жеке әдістерді (логика-заңдылық сараптама, салыстырмалы құқықтану, тарихи, статистикалық, нақты-социологиялық және т.б.) бөліп қарастыруға болады.
Адвокатура туралы ғылым жалпы теоретикалық тарихи-құқықтың пәндерімен, салалық құкықтың ғылымдарымен, құқық қорғау органдарының қызмет тәртібін, ұйымдастырылуын және құрылымын оқытатын, халықаралық құқық және қолданбалы заң ғылымдарымен оқытатын ғылымдармен тығыз байланысады.
Мемлекет және құқық теориясынан адвокатура туралы ғылым үшін құқықтық мемлекет тұжырымдамасы адамның құқықтары мен бостандықтары теориясы, азаматтық қоғам тұжырымдамасы қоғам мен мемлекет бірлесіп әрекет ету мәселелері категориялары маңызы. Мемлекет құқық тарихымен байланыс тарихи-құқықтық әдісті қолданумен адвокатура институтын сараптауда көрінеді. Конститутциялық құқық ғылымымен байланысы ол адвокатура институты көптеген конституциялық идеялар мен ережелерді нақты мазмұнымен толықтыра отырып орындауында.
Адвокаттық қызмет жариялы түрде және мәні бойынша соттық билік, құқық қорғау органдары қатарынан болғандықтан сол билігі құқық қорғау қызметін оқытатын ғылымдармен тығыз байланысты.
Қылмыстық, азаматтық, кәсіпкерлік, әкімшілік, қаржы және салық құқықтары сияқты құқық салаларының пәндерімен байланыс міндеттерінің және процессуалдык құқық салалары, адвокаттың заңдық сот өндірісіне қатысуының нысаны, әдістері, тәртібінің түйісуінде.
Конституциялық сот өндірісі қылмыстық, азаматтык және әкімшілік іс жүргізу сияқты процессуалдық құқық салаларымен өте тығыз байланыста, себебі аталған құқық салалары құқық-өндірістерде адвокаттық қатысу тәртібі, әдісі мен нысанын реттейді.
Адвокатура туралы ғылымның қолданбалы заңдылық ғылымдармен байланысы (соттық медиңина, психиатрия, криминалистика, жедел-іздестіру қызметі, криминология), осы ғылымдардың көптеген ұсыныстары адвокаттық қызметтің жетістіктерінде қолданылады.
Сонымен адвоктура туралы ғылым ғылымдар цикліне кіретін құқық қорғау қызметін оқытатын және заң ғылымдары жүйесінде ерекше орын алатын толыққанды заң ғылымы.
Достарыңызбен бөлісу: |