Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Қазақстанда адвокатураның бүгінгі қызметі мен жай-күйін, оның қалыптасу, құрылу және даму тарихын түсіну үшін аталған тақырыпты қарастыру керек. Адвокатураның даму тарихын негізгі төрт кезеңге бөліп қарастырған жөн:
1. 1917 жылға дейін Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы мен дамуы.
2. ХІХ ғасырдың аяғындағы және ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қорғау институты.
3. Кеңес заманыдағы Қазақстандағы қорғау институты.
4. адвокатураның қазіргі кездегі дамуы.
Студенттер кеңестік саяси жүйе орныққаннан кейінгі адвокатураның өзгеріске ұшырауын және оның атқаратын функциясының ерекшеліктерін, қазіргі кездегі адвокатураның дамуындағы 1917 ж. 5 желтоқсандағы ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының алатын орнына ерекше назар аударған дұрыс.