Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Адвокаттар алқасының ұйымдық-құқықтық нысаны «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 20- бабында көрсетілген. Осы тақарыптағы адвокаттар алқасының заңдық мәртебесіне анықтау үшін оның органдарының жалпы жиналысы, адвокаттар алқасының төралқасы, тексеру комиссиясының орнын анықтау керек. Сонымен қатар, заң консультациясының негізгі мақсаттарына да тоқталған жөн.
Ұсынылатын әдебиет: Адвокаттық қызмет туралы. ҚР Заңы 1197 жылғы 5 желтоқсан N 195.
С.Тыныбеков. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. Алматы, Дәнекер, 2003.
Қ.Балабиев, Ж.Утенов. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы. Алматы, Заң әдебиеті, 2003.
Адвокатура нормативтiк құқықтық актiлердiң жинағы. - Алматы: 1999 жыл.