Adv3205- «Адвокатура»


Дәріс 10. Тақырыбы: Қылмыстық сот өндірісіндегі адвокатың қатысуы



бет98/197
Дата08.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#123288
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   197
Байланысты:
umkd 21-22 advokatura

Дәріс 10. Тақырыбы: Қылмыстық сот өндірісіндегі адвокатың қатысуы


Мақсаты: қылмыстық сот өңдірісіндегі адвокаттың мәртебесін анықтау, оның құқықтары мен міндеттеріне сипаттама беру
Түйінді сөздер: заң көмегі, қылмыстық іс, жәбірленушінің өкілі, жеке айыптаушы, айыптауды қолдау, қылмыстық сот өндірісі, міндетті және қосымша қорғау, қорғаудың мақсаты, адвокаттық тергеу, алдын ала тертеу сатысы, хаттама, аппеляциялық өндіріс, сот шешімі
Қаралатын сұрақтар:
1.Адвокаттың қылмыстық процесте қатысуы заң көмегінің бір түрі ретінде. Қылмыстық сот өндірісіне адвокаттың қатысуының негіздері мен нысандары. Өкіл, қорғаушы, куәнің адвокаты. Қылмыстық іс жүргізуде өкілдік етудің ерекшеліктері.
2.Қылмыстық істі қозғау сатысындағы адвокаттың қатысу ерекшеліктері.
3.Сот шешімін атқару сатысына адвокаттың қатысуы. Осы сатыдағы адвокаттың өкілеттігі.
4.Адвокат-қорғаушы және айыпталушының қорғауға құқығы. Міндетті және қосымша қорғау. Қорғаушыны шақыру, тағайындау және ауыстыру. Қорғаушыдан бас тарту, адвокат-қорғаушының қылмыстық іс бойынша қатысуынан алып тастау. Адвокат-қораушының құқықтық жағдайы1.Адвокаттың қылмыстық процесте қатысуы заң көмегінің бір түрі ретінде. Қылмыстық сот өндірісіне адвокаттың қатысуының негіздері мен нысандары. Өкіл, қорғаушы, куәнің адвокаты. Қылмыстық іс жүргізуде өкілдік етудің ерекшеліктері.
2.Қылмыстық істі қозғау сатысындағы адвокаттың қатысу ерекшеліктері.
3.Сот шешімін атқару сатысына адвокаттың қатысуы. Осы сатыдағы адвокаттың өкілеттігі.
4.Адвокат-қорғаушы және айыпталушының қорғауға құқығы. Міндетті және қосымша қорғау. Қорғаушыны шақыру, тағайындау және ауыстыру. Қорғаушыдан бас тарту, адвокат-қорғаушының қылмыстық іс бойынша қатысуынан алып тастау. Адвокат-қораушының құқықтық жағдайы

Адвокаттар өзінің кәсіби қызметінде әртүрлі заң көмегін көрсетеді. ҚР ҚПК әрбір адамға білікті заң көмегін алудың үлкен және тең мүмкіндігін береді. Бұл жағдайда заң көмегі мазмұны бойынша іс-әрекеттің үлкен шеңберін қамтиды, оның ішінде анықтау, алдын ала тергеу, сот органдарына жеке және заңды тұлғаларға өкілдік ету мен қорғауды жүзеге асырады. Адвокаттың қылмыстық процесске қатысуы – бұл адвокат қызметінің маңызды түрлерінің бірі, ол негізінен айыпталушыны (сезіктіні) қорғау әрекеттерін жүзеге асыруға байланысты.


Қорғау – қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық ізге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі.
Қорғаушы – заңда белгіленген тәртіппен сезіктілердің мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам.
Тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтірілгендігін хабарлап, соған байланысты ҚПК-де белгіленген негіздерде және тәртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған адам сезікті болып табылады.
Өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғаған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адам айыпталушы болып танылады.
ҚР қылмыстық іс жүргізу заңнамасында қорғаушы ретінде іске, егер бұл ҚР тиісті мемлекет пен халықаралық шартында өзара негізде көзделсе, заңнамада белгіленген тәртіппен іске қорғаушы ретінде шетел адвокаттарының қатысуына жол беріледі.
Қорғаушылар (адвокаттар) іске қатысуға тұлға айып тағылған немесе ұсталған, айыпталушы деп танылған не айыпталғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап жіберіледі.
Бір адам, екі сезіктінің, айыпталушының біреуінің мүддесі екіншісінің мүддесіне қайшы келетін болса, екеуіне бірдей қорғаушы бола алмайды.
Қылмыстық іс бойынша кәсіби қорғауды тек адвокаттар жүзеге асырады.
ҚР ҚЖІК-да қылмыстық процесс барысында білікті заң көмегін алуға құқығы бар субъектілер анықталады. Олар – қылмыстық сот ісін жүргізу барысында құқықтары мен мүдделері қорғалатын немесе білдірілетін тұлғалар (сезікті, айыпталушы, сотталушы, жәбірленуші, жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, куә).
Сондықтан кәсіби қорғау – адвокаттың білікті заң көмегін көрсету мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген және белгіленген құралдар мен әдістер негізінде ғана жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі, оның құрамдас бөлігі айыпталушының, сезіктігің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, қылмыстық қудалауға заңсыз ұшыраған адамның айыбын теріске немесе жеңілдету мен анықтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Заң қорғаушының қылмыстық іс бойынша міндетті қатысуының келесі негіздерін қарастырады.
Біріншіден, осындай негіздеме сезіктінің (айыпталушының) қорғаушы алғысы келетіндігі туралы өтініші болып табылады. Қорғаушыны міндетті қатыстару институты оның қатысуын, ең алдымен, сезіктінің (айыпталушының) өз еркі және келісімі бойынша қарастырады.
Екіншіден, сезікті немесе айыпталушы кәмелетке толмаса, қорғаушының қатысуы міндетті. Қылмыс жасаған сәтте он сегіз жасқа толмаған, сондай-ақ бірнеше қылмысы үшін айыпталып, оның бірін он сегізге толмаған жасында жасаған тұлға кәмелетке толмаған болып саналады.
Үшіншіден, сезікті немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемістігінен өзінің қорғану құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын жағдайда. Бұл мән-жайдағы ахуалда сол тұлға әрекетке қабілетті болып танылғанымен, жүйкесінің ұдайы немесе ара-тұра бұзылатындығынан, тіл, көз, құлақ мүкістігінен немесе өзге де ауыр кемістігінен зардап шегетіндігі меңзеледі. Төртіншіден, сезікті немесе айыпталушы сот ісі жүргізілетін тілді білмейді.
ҚР қылмыстық сот ісі мемлекеттік тілде, ал қажеттілік болса сот ісінде мемлекеттік тілмен қатар орыс немесе басқа тілдер қолданылады. Басқа тіл ретінде сол жерде көп тұратын халықтың тілі түсініледі.
Бесіншіден, адам жазалау шарасы ретінде он жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылу, өмір бойы бас бостандығынан айырылу немесе өлім жазасы тағайындалуы мүмкін болатын қылмыстық істі жасағандығы үшін айыпталады.
Алтыншыдан, айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылса немесе ол мәжбүр етіліп стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға жіберілсе.
Жетіншіден, сезіктілердің немесе айыпталушылардың мүдделері арасында қайшылық болып, олардың біреуінің қорғаушысы болса (айыпты біреу мойындап, екіншісінің дауласуы; бір сотталушының кінәні екіншісіне аударуы; әрқайсысына тағылған айыптау сипатынан туындаған наразылық және т.б.). Бұл сотталушыны бір іс бойынша өтетін, мүдделері қарама-қайшы және қорғаушылары бар басқа сотталушылар мен салыстырғанда оны қылмыстық іс жүргізуде тең емес жағдайда қоятындығымен түсіндіріледі.
Сегізіншіден, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге жәбірленушінің (жеке айыпталушының) немесе азаматтық талапкердің өкілі қатысады. Тараптардың теңдігін және сот ісіне қатысушылардың бәсекелестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективтік зерттеу үшін қорғаушының қатысуы міндетті болып табылады.
Тоғызыншыдан, іс сотта қаралған кезде мемлекеттік айыпталушы қатысады, прокурордың сот талқылануына қатысуы қорғаушысы жоқ сотталушыны тек соттың алдында ғана емес, сондай-ақ кәсіби заңгерлердің алдында да тең емес жағдайда ұшыратады. Сондықтан заң осы жағдайларда қорғаушының (адвокаттың) міндетті қатысуын анықтады.
Оныншыдан, айыпталушы Қазақстаннан тысқары жерде жүр және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтаруда.
Сонымен, іске қорғаушының міндетті қатысуы жоғарыдағы мән-жайларға орай қосымша кепілдіктерге мұқтаж тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту мақсатын көздейді. 2-4, 6- негіздерде көзделген жағдайларда (стационарлық сот-психиятрилық сараптамаға айыпталушыны мәжбүрлеп жеткізген кезде) айыпталушының қорғаушыдан бас тартуын қылмыстық іс жүргізуші орган қабылдай алмайды.
Адвокаттың қорғаушы ретінде қатысу мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар
Адвокаттың қорғаушы ретінде қылмыстық іс бойынша қатысуынан шеттету үшін мыналар негіздер болып табылады, егер ол:

  1. бұрын іске судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы, сот отырысының хатшысы, сот приставы, куә, сарапшы, маман, аудармашы немесе куәгер ретінде қатысса;

  2. осы істі тергеуге немесе соттың қарауына қатысқан немесе қатысатын лауазымды адаммен туыстық қатынаста болса;

  3. қорғаушымен немесе сенім білдіруші қарама-қарсы мүдделері бар адамға заңгерлік көмек көрсетіліп жүрсе немесе бұрын көмек көрсеткен болса, сонымен бірге мұндай адамдармен туыстық қатынаста болса;

  4. заңның күшімен немесе соттың шешімімен қорғаушы немесе өкіл болуға оның құқығы жоқ болса.

Айыпталушы мен сезікті кез келген сәтте қорғаушыдан, басқа қорғаушыны шақырудан бас тартуға немесе өз бетінше қорғануға құқылы, тек мына жағдайларда жол берілмейді, егер:

  • сезікті немесе айыпталушы кәмелетке толмаса;

  • сезікті немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемістігінен өзінің қорғану құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмаса;

  • сезікті немесе айыпталушы сот ісі жүргізілетін тілін білмесе;

  • айыпталушы мәжбүр етіліп стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға жіберілсе.

Қылмыстық іс бойынша заң көмегін көрсету туралы тапсырманы адвокатқа көмекке жүгінуші тұлға (клиент) береді.
Қылмыстық іс жүргізу тапсырмасын адвокат кез келген түлғаның өтініші бойынша қабылдайды. Егер айыпталушы сол адвокаттың қылмыстық істі жүргізуіне келіспесе, мұндай келісім бұзылуға тиіс.
Қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу қорғаушыны айыпталушының немесе сезіктінің дербес шақыру, сондай-ақ оның жақын туыстары мен заңды өкілдерінің немесе айыпталушының және сезіктінің тапсырмасы не келісімі бойынша басқа тұлғалардың шақыру принципін орнықтырады. Айыпталушы немесе сезікті қорғану үшін бірнеше қорғаушы шақыруға құқылы.
Қорғаушыны таңдау құқығын беру, ең алдымен, сол қорғаушыға айыпталушы тарапынан сенімді қаматамасыз ету қажеттілігі мен түсіндіріледі (яғни, айыпталушы өз адвокатына хабарлаған мәліметтердің тек іс бойынша және өз мүддесіне пайдаланатындығына сенімді болуға тиіс). Сөйтіп, қорғаушыны таңдау – тұлғаның еркі мен тілегіне байланысты. Бұл құқық процесстің барлық сатысында қолданылады және сезіктінің, айыпталушының, сотталушының қорғану құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.
Сезіктінің, айыпталушының өтініші бойынша қорғаушының қатысуын процесті жүргізуші орган қамтамсыз етеді.
Қорғаушының процессуалдық жағдайы, құқықтары мен міндеттері
Қорғаушыда бір ғана іс жүргізу міндеті бар. Ол – қорғау міндеті. Қорғаушы процесте қорғау міндетін жүзеге асыру үшін қажет, одан айыпталушының да, мемлекеттің де күтетіні осы. Қылмыстық іс жүргізуші мемлекеттік органдар қорғаушының өз міндетін атқаруына нақты мүмкіндігі болуы үшін барлық шараларды қабылдауға тиіс.
Адвокаттың өзіне қабылдаған сезіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны қорғаудан бас тартуға құқы жоқ, бұл оның қызметі мен кәсіптік сипатымен түсіндіріледі. Бас тартуға тек ерекше жағдайларда ғана жол беріледі (сырқаттану және өзге де объективтік себептер). Өзінің іс жүргізу міндетін бұзғаны үшін адвокат “Адвокаттық қызмет туралы” Заңда және адвокаттар алқасының Жарғысында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Қорғаушы – қылмыстық іс жүргізудің дербес субъектісі. Сонымен қатар ол айыпталушымен (сезіктімен) тығыз іс жүргізу қатынастарымен байланысты, сондықтан оның іс жүргізу дербестігінің белгілі бір шекарасы бар. Қорғаушы заң шегінде қорғауды жүзеге асырудың нысандары мен әдістерінде еркін, оның көзқарасы, егер оны өзі таңдаған қорғау бағыты айыпталушының жағдайына қолайлы болса, оның көзқарасы қорғауындағы адамдікінен басқаша болуы мүмкін, ал кейбір жағдайларда тіпті оның көзқарасын теріске шығаруға міндетті (өзіндік үкім, айыбын айғақтарсыз мойындау). Алайда қорғаушының қорғауындағы адамның жағдайын қандайда бір деңгейде төмендететіндей мән-жайлардан әрекетсіз қалуға құқығы жоқ. Әйтпесе қорғану құқығы өз маңызын жоғалтады.
Қорғауды табысты іске асыру үшін адвокатқа ауқымды іс жүргізу құқықтары берілген. Қатысуға жіберілген сәттен бастап ол мыналарды жүзеге асыруға қақылы:

  1. сезіктімен айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша және құпия жолығуға;

  2. заңгерлік көмек көрсету үшін қажетті заттарды, құжаттарды және мәліметтерді жинауға және ұсынуға;

  3. айып тағылған кезде қатысуға, сезіктіден немесе айыпталушыдан жауап алу кезінде, сондай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың өтініші бойынша жүргізілітін өзге де тергеу әрекеттеріне, сондай-ақ қорғаушының өз өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;

  4. қарсылықтар білдіруге;

  5. ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулымен сезіктінің, айыпталушының немесе қорғаушының өзінің қатысуымен жасалған тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сезіктіге және айыпталушыға ұсынылған не ұсынылуға тиіс болатын құжаттармен, ал анықтау немесе алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;

  6. өтініш жариялауға (өтініш жасау – тараптың немесе мәлімдеушінің қылмыстық процессті жүргізуші органға арналған өтініші).

  7. Кез келген сатыдағы сотта істі алдын ала тыңдауға, соттың талқылауына қатысуға, сот жарыссөздерінде сөйлеуге, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі жаңарту кезінде соттың отырысына қатысуға;

  8. Сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпе енгізуге;

  9. Іс жүргізу құжаттарының көшірмелерін алуға;

  10. Тарап пен қылмыстық істі жүргізуші адамның заңсыз әрекеттеріне қарсылық білдіруге;

  11. Анықтаушының, тергеушінің прокурордың және соттың әрекеттері мен шешімдеріне шағым енгізуге және оларды қарауға қатысуға (шағым – процесске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу прокурор немесе соттың іс-әрекетіне өздерінің құзыреті шегінде және ҚІЖК-де белгіленген тәртіппен енгізілген көңіл аудару актісі);

  12. Заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсілдерін пайдалануға құқылы.

Сезіктімен, айыпталушымен және сотталушымен қатар білікті заң көмегіне сондай-ақ өзін немесе мүддесі білдіріліп отырған құқықтары мен мүдделерін қорғайтын қылмыстық процесске өзге де қатысушыларда мұқтаж. Мүндай қатысушыларға, атап айтқанда, жәбірленуші, азаматтық талапкер, жеке айыптаушы мен азаматтық жауапкер жатады. Бұл субъектілер өз құқығын жеке, сондай-ақ өкілінің көмегі арқылы жүзеге асырады.
Бұл жағдайда жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, жеке айыптаушының және азаматтық жауапкердің заңды мүдделерін заңның немесе келісімнің шегінде білдіруге өкілетті тұлғалар өкіл бола алады. Сонымен, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, жеке айыптаушының және азаматтық жауапкердің мүдделерін білдіре алады.
Сонымен қатар, адвокат жоғарыда аталған тұлғалардың өкілі ретінде олармен келісім жасалып, заң консультациясынан, не адвокат кеңесінен ордер алғаннан кейін қатыса алады (адвокат заң консультациясы немесе адвокат кеңсесі құрамында жұмыс істеген жағдайда). Егер адвокат өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жеке дара жүргізсе, онда өз клиентінің мүддесін білдіру мақсаты үшін тиісті шарт негіздеме болып табылады, онда адвокаттық қызметпен шұғылдану құқығы лицензиясының нөмірі мен алынған күні көрсетіледі.
Адвокатты жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, жеке айыптаушының және азаматтық жауапкердің өкілдері ретінде қылмыстық процеске қатысуға осы тұлғалардың өзі, сондай-ақ олардың заңды өкілдері шақыра алады.
Адвокат азаматтық талапкердің, жеке айыпталушының және азаматтық жауапкердің өкілі ретінде міндетті:

  • өзі мүддесін білдіретін процесске қатысушыларға білікті заң көмегін көрсетуге;

  • өзі мүддесін білдіретін процесске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін белсенді қорғауға;

  • өзі өкілі болып отырған процеске қатысушының мүдделеріне қайшы қандайда бір болмасын әрекеттер жасамауға; айғақ жинауға, тексеруге және бағалауға, айғақты зерттеуге қатысуға бағытталған қолдаухат мәлімдеу жолымен азаматтық талаптың негіздері мен көлемін анықтау үшін қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге қатысуға және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет