Adv3205- «Адвокатура»



бет100/197
Дата08.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#123288
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   197
Байланысты:
umkd 21-22 advokatura

Түйінді сөздер: Адвокатура, Адвокат, Адам құқығын қорғау, Қорғаушы, Құқықтық көмек азаматтық іс, өкіл, сот қаулысы, қайта қарау, әкімшілік құқық бұзушылық, талап-арыз, зиян.
Қаралатын сұрақтар:
1.Азаматтық іс бойынша адвокат-сенімдінің өкілеттігі. Адвокаттың процессуалдық дербестігі. Азаматтық істі жүргізуде тапсырмаларды адвокатпен қабылдау жағдайлары.
2.Азаматтардың сотқа жүгіну және өкіл болу құқығы. Өкіл ретінде қатысу негіздері. Тараптардың және үшінші тұлғалардың, азаматтық талап арыз берушінің, азаматтық жауапкердің өкіл ретінде қатысу ерекшеліктері.
3. Әкімшілік өндіріске қатысушы және өкіл ретінде адвокаттың қатысуы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндіріске қатысу. 1.Азаматтық іс бойынша адвокат-сенімдінің өкілеттігі. Адвокаттың процессуалдық дербестігі. Азаматтық істі жүргізуде тапсырмаларды адвокатпен қабылдау жағдайлары.
2.Азаматтардың сотқа жүгіну және өкіл болу құқығы. Өкіл ретінде қатысу негіздері. Тараптардың және үшінші тұлғалардың, азаматтық талап арыз берушінің, азаматтық жауапкердің өкіл ретінде қатысу ерекшеліктері.
3. Әкімшілік өндіріске қатысушы және өкіл ретінде адвокаттың қатысуы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндіріске қатысу.

ҚР Конституциясына және 1999-ж. 13-шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу кодексінің қағидаларына сәйкес әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын неме­се заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың не­месе адамдардың белгілі бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы (ҚР АІЖК 8-бап, 1-тармақ).


Әрбір адамның азаматтық процесс барысында білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
ҚР АІЖК-де көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.
Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық істерді қарау кезінде көмек көрсете, мүдделерін білдіре отыра адвакаттар істі заңға дәл сәйкестікпен дұрыс шешуге жәрдемдеседі. Азаматтық процеске қатысушылардың азаматтық заңнама нормаларын білмегендіктен өз құқықтарын жүзеге асыру жолдары туралы қате пікірде болатын окиғалар да кездеседі. Мүның арты уақыттың жоғалуына, денсаулықтың төмендеуіне және сот дауын шешу үшін артық қаражаттың жұмсалуына әкеліп соғады. Бұл мәселе қолданыстағы заңнама шегінде басқа әдістермен шешілуі мүмкін. Осы жағдайда адвокаттың білікті көмегі тұлғаға (клиентке) өз құқықтары мен мүдделерін қорғаудың өте тиімді жолдарын тандауға мүмкіндік береді.
Кез келген қол сұғушылық пен тәртіп бұзушылықтың кімнің тарапынан болғандығына қарамастан, азаматтардың құқығын қорғау жөніндегі өз міндетін адвокаттар занда көзделген барлық құралдармен және әдістермен жүзеге асырады. Бұл - заңгерлік мәселелер бойынша консультация беру; азаматтардың және меншік нысанына қарамастан заңды түлғалардың тапсырмасы бойынша сотта өкілдік ету; талапкерлердің, жауапкерлердің және өзге тұлғалардың өкілі ретінде азаматтық істерде сот талқылауына катысу, сондай-ақ өзге іс бойынша өкіл, оның ішінде кәсіби заңгер- адвокат ұстау құқығы азаматтық іс жүргізу құқық қабілетінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Азаматтың іске өзінің қатысуы бұл жағдайда оны өз өкілін ұстау құқығынан айырмайды. AІЖK азаматтарға сотта өз ісін жүргізудің ең ынғайлы әдісін тандауға, атап айтқанда:
- істі жеке жүргізуге;
- істі өкілмен бірге жүргізуге;
- істі процеске катыспай өкілі арқылы жүргізуге мүмкіндік береді.
Барлық жағдайда іс жүргізуге байланысты барлық шығынды, сондай-ақ сот шешімін, анықтамасы мен қаулысын орыңдауға байланысты барлық шығынды істе тарап болып табылатын тұлға өтейді.
Сөйтіп іске тұлғаның жеке қатысуы кәсіби қорғау тарабынан болатын көмекті жоққа шығармайды, оның үстіне азаматтық-құқықтық даудың толық құқықты қатысушысы ретінде іс-әрекет ететін азаматтың тілегі мен мүддесіне сай онымен үйлесім табуы мүмкін.
Заңды тұлғалардың ісін сотта олардың органдары және заңдармен, басқа нормативтік құқықтық актілермен, құрылтай құжаттармен, сенімхатпен берілген өкілеттік шегінде іс әрекет ететін өкілдері жүргізеді. Кәсіптік негіздегі көмекті, сондай-ақ әртүрлі азаматтық-құқықтық шарттар бойынша ұйымдарға қызмет ететін адвокаттар да көрсете алады.
Занды тұлғалардың басшылары сотқа олардың лауазымдық жағдайы мен өкілеттігін айғақтайтын құжаттарды тапсырады. Занды тұлғаның органы іске тиісті өкілеттілігі бар өзге өкілмен қатар қатыса алады.
Азаматтық істерді талқылау кезінде сотта өкілдік ету әрбір тараптың, оның ішінде үшінші тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін заңда көзделген барлық іс жүргізу кұралдары мен әдістерін пайдалануды өз мақсаты етеді. Талапкер мен жауапкер процесте өз атыңан сөз сөйлеп мән-жайларға талаптар мен наразылықтардың зандылығын негіздейтін айғақтарды келтіру арқылы өзінің материалдық-құқықтық мүдделерін қорғайды. Ал сот өкілдері болса, сот ісіне олардың немесе үшінші тұлғалардың атынан қатыса отыра, өзі мүддесін білдіріп отырған тараптың құқығын қалпына келтіретін не дауға түсіп отырған құқықты бұзудан қорғайтын шешім шығару қажеттігі үшін соттың көзін жеткізуге тырысады. Сөйтіп, соттық талқының мәні өкілдің іс бойынша жоқ жеке материалдық-құқықтық мүддесі емес, керісінше өзі мүддесін білдіріп отырған азаматтық-құқықтық дауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болып табылады.
Сотта өкілдік етудің екі түрі бар: заң бойынша өкілдік ету және шарт негізінде өкілдік ету.
Заңмен өкілдік ету процесте әрекетке қабілетсіз азаматтардың, әрекет қабілетіне толық ие емес немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостаңдықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Өздерінің өкілеттігін куәландыратын құжаттарды сотқа көрсеткен ата-аналар, асырап алушылар, қамқоршылар немесе қорғаншылар заңды өкіл бола алады.
Сотта тапсырма бойынша шарт негізінде өкіл бола алатындар:
1) адвокаттар;
2) заңды тұлғалардың қызметкерлері - осы занды түлғалардың істері бойынша;
3) кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары - құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша;
4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;
5) заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін корғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;
6) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;
7) іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.
Шарт бойынша өкілдік етуді азаматтармен немесе ұйымдармен жасалынған шарт негізінде адвокаттар немесе заң консультациялары я болмаса адвокаттық кеңселер жүзеге асырады. Адвокат азаматтық іс жүргізуде тарап болып танылмаса да, ол шарттан туыңдайтын барлық міндеттемелерді орындауға, клиентке оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға көмектесу мақсатында оның өкілі ретінде іске қатысуға өкілеттенеді.
Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, әрекет кабілетіне толық ие емес немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың процесте бір уақытта екі өкілі қатар: бола алады: занды өкілі және шарттық өкілі. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті азаматтың мүддесін екі тұлға; бірдей білдіретін жағдайлардың да болуы мүмкін. Бұл сот талқылауына жеке өзінің қатысу мүмкіндігі жоқ тараптың ісі бойынша туыстарын немесе басқа адамды өз өкілі ретінде өкілеттеуіне, ал олар өз кезегінде кәсіби заңгер-адвокатты шақыруына байланысты болуы мүмкін.
Сотта өкілдік ету туралы шартта екі тарап болады: сенімі білдірілген адам, яғни істе тарап болып табылатын, мүдделері сот талқысының мәнін құрайтын тұлға және өз атынан немесе сенім білдірушінің заң консультациясымен немесе адвокат кеңсесімен келісім бойынша өзіне сенім білдірген адамның мүддесін білдіруге тапсырма алған (сенім білдірілген) адвокат. Азаматтық сот жүргізу ісінде адвокат әрқашан сенім білдірген адамның атынан және оның мүддесі үшін іс-әрекет еткендіктен, оның іс жүргізу әрекеттерінің салдары өзі мүддесін білдіріп отырған адам үшін туындайды. Егер талап сот шешімімен қисынды болып табылса, онда бұл жағдайда, талап қоюшының материалдық құқығы айғақталады немесе шектеледі, егер талаптан бас тартылса - жауапкер құқығы қорғалады.
Сөйтіп, шарт бойынша адвокат жүзеге асыратын өкілдік етуде өзара қатынастың екі жағын ажыратқан жөн:
1) өкіл мен оның клиенті арасындағы азаматтық-құқық қатынас, оның негізін адвокаттың өз атынан жеке немесе заң консультациясының немесе адвокаттық кеңсенің тапсырмасы бойынша жасаған тапсырмалық шарт құрайды;
2) сотқа қатысты адвокат өкілеттігінің көлемі анықталған іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін сот өкілі мен соттың арасындағы азаматтық іс жүргізу қатынастары.
Азаматтақ сот ісіндегі адвокаттың жағдайын жалпы былайша анықтауға болады. Өзіне сенім білдірген адамның өкілі бола отыра, ол клиенттің занды құқықтары мен материалдық-құқықтық мүдделерін жүзеге асыруына жәрдемдесу арқылы кәсіптік негізде заң көмегін көрсетеді75.
Адвокаттың сенім білдірілген өкіл ретіндегі өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокат кеңсесі берген ордермен, ал өз қызметін жеке дара жүргізген кезде адвокаттың өзіне көмекке жүгінген тұлғамен (клиентпен) жасаған шартпен айғақталады. Ордер мен шартта адвокат лицензиясының номері және оның берілген күні көрсетілуге тиіс.
Ордер мыналардан басқа мүддесін білдіретін адамның атынан жасалатын барлық процессуалдық әрекеттерді жасауға құқық береді:
1) талап арызға қол қоюға;
2) істі аралық сотқа беруге;
3) талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуға және талап қоюды тануға;
4) талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуге;
5) бітімгершілік келісім жасауға;
6) өкілеттіктерді басқа адамға беруге (сенімді басқа біреуге аударуға);
7) соттың қаулысына шағым беруге;
8) соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етуге;
9) берілген мүлікті немесе ақшаны алуға.
Жоғарыда тізбеленген тоғыз әрекеттің әрқайсысын жасау туралы өкілдің өкілеттігі муддесін білдіруші берген сенімхатта арнайы қарастырылуға тиіс. Егер олар адвокатқа тапсырылмаса, ол толық көлемде іс жүргізу бостандығы мен дербестікті ала алмайды.
Адвокаттың клиентпен құқықтық қатынасының негізіне клиент пен адвокат я болмаса заң консультациясы немесе адвокат кеңсесі арасында жасалынған тапсырма шарты жатады.
ҚР АК 846-бабына сәйкес (ерекше бөлім) тапсырма -бұл азаматтық құқықтық шарт, оның күшіне орай тараптардың бірі (сенім білдіріленген тұлға) басқа тұлғаның (сенім білдірушінің) атынан және есебінен белгілі бір зандық әрекеттерді жасауға міндеттенеді. Адвокат жасаған мәміле бойынша құқықтар мен міндеттемелер тікелей сенім білдірушіде пайда болады.
Іс бойынша шығарылған шешімге тараптар және іске қатысушы өзге де тұлғалар, оның ішінде адвокат шағым жасай алады. Егер бірінші сатыдағы сот ұйғарымына шағым жасалынбаса немесе наразылық білдірілмесе, түпкілікті нысанда шешім шығарылған сәттен бастап 15 күн өткен соң күшіне енеді.
Адвокат сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған қол койылған сәттен бастап бес күннің ішінда хаттамада болған кемшіліктер мен жетіспеушілікті көрсетіп жазбаша ескертпе жасауға құқылы.
Хаттамаға ескертпені оған қол қойып, төрағалық етуші қарайды, ол ескертпелермен келіскен жағдайда оның дұрыстығын куәләндырады.
Төрағалық етуші берілген ескертпелермен келіспеген жағдайда, ол хаттамаға ескертпе берген адвокатқа айтылып, сот отырысында қарастырылады. Ескертпені қарау нәтижесінде төрағалық етуші оның дұрыстығы не олардан толық немесе ішінара бас тарту туралы анықтама шығарады. Ескертпе кез келген жағдайда іске тігіледі.
Хаттамаға ескертпе ол берілген күннен бастап бес күннің ішінде қаралуға тиіс.
Ic бойынша төрағалық етуші белгілі бір объективті себептермен хаттамаға ескертпені қарай алмаса, бұл ескертпелер материалдарға қоса тігіледі.
Егер шағымдану үшін жеткілікті негіздеме болса, онда адвокат апелляциялық шағымды құрастыра алады, онда шешімнің және осындай талаптардың мәнінің дұрыс еместігінің неде екендігі нақты және түсінікті көрсетілуге тиіс.
Іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы және олардың дұрыс айқындалмауы; бірінші сатыдағы сот анықтамасымен белгіленген іс үшін маңызы; бар мән-жайдың дәлелденбеуі; бірінші сатыдағы сот шешімінде баяндалған қорытындылардың мән-жайға сәйкес келмеуі; материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығы нормаларының дұрыс қолданылмауы шағымдануға негіздеме болып табылады.
Сот ұйғарымына, егер іс бойынша іс жүргізуді токтату үшін негіздеме болтан жағдайларда да шағым түсуі мүмкін:
1) іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса;
2) сол тараптардың арасындағы сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немесе талап қоюшының өз талабынан бас тартуына немесе тараптардың бітімгершілік келісімін орнықтыруына байланысты іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы соттың ұйғарымы болса;
3) талап коюшы өз талабынан бас тартса және бас тартуды сот қабылдаса;
4) тараптар бітімгершілік келісімін жасаса және оны сот бекітсе;
5) іс бойынша тараптардың бірі болып табылатын азамат қайшы болғаннан кейін даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол бермесе;
6) іс бойынша тарап ретінде әрекет жасайтын ұйым қызметі тоқтатылуына және құқық мирасқорлары болмауына байланысты таратылса, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.
Адвокаттың негізді және дәлелді арызы өз сипаты және күші бойынша заң күшіне енген сот шешіміне қарсы келсе, істі қайта карауға септігін тигізеді. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға және заңдылықты нығайтуға бағытталған адвокаттық қызметтің негізгі мәні осында.
Егер сот жіберген қате апелляциялық сатыда түзелмесе немесе екінші сатыдағы сот дауды қате шешсе, заң күшіне енген шешімге адвокат жоғары тұрған сотқа шағымдана алады.
Шағымдануға негіздеме болған жағдайда адвокат, ең алдымен, істі қарау ушін негіздемені, яғни іс бойынша құқықтық айкындаманың бар-жоғын анықтауға тиіс. Өз сенім білдірушісінің құқықтық айқыңдамасы үшін анықтау мен негіздеме бірінші сатыдағы сот берген және апелляция­лық сатыдағы сот дұрыс деп мойындаған нақты және дәлелдемелік материалдың бағалануына және оның құқықтық мәніне жан-жақты толық және объективтік талдау болуға тиіс. Құқықтық айқыңдаманың бар екендігі немесе жоқтығы туралы мәселені талқылау, сөйтіп, істер бойынша шығарылған сот ұйғарымдарының дұрыс еместігін анықтауға келіп тіреледі.
Осы мақсаттарда адвокат сот шешімін және апелля­циялық сатының анықтамасын талдаумен шектелмейді, істің барлық материалдарын ой елегінен өткізеді, талап кою арыздары мен талапкердің наразылықтарын, тараптардың қолдау хатын және осылар бойынша сот қаулысын, осы шешімдердің себептерін, тараптардың түсініктемесін және сот зерттеуінің, апелляциялық шағымының мәні болып табылатын ұсынылған дәлелдерді және оларға берілген түсініктемені зерттейді, сондай-ақ, мазмұндары сот талқысы үшін жан-жақты, толық және объективтік корытынды мен соттың құқықтық пайымдауының қисыңдығы туралы түйін жасауға мүмкіндік беретін іс үшін маңызы бар қосымша материалды алу ықтималдығын анықтайды. Егер барлық материалдарды мұқият және объективті зерттеу нәтижесіңде адвокат сот анықтаған мән-жайдың толық және дұрыс екеңдігіне, ал заңнамалық корытындылардың заңның мазмұны мен мәніне сәйкестілігі жөнінде ұйғарымға келсе, ол өз сенім білдірушісіне заң күшіне енген сот шешімін қайта қарау мақсатында іс жүргізу үшін алған тапсырмасынан бас тартуға құқылы.
Әкімшілік сот өндірісі аясында адвокат әкімшілік іс жүргізуге Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 548-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып отырған тұлғаның не жәбірленушінің өкілі ретінде қатыса алады. Қорғаушы әкімшілік іс жүргізуге тұлға ұсталған кезден не әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған кезден бастап қатысады.
Қорғаушы - әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегiн көрсететiн адам.
Қорғаушы ретiнде адвокаттар, әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкiлдерi, кәсiподақтардың және қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң iстерi бойынша осы бiрлестiктердiң өкiлдерi жiберiледi. Егер заңда белгiленген тәртiппен өзара қатынас негiзiнде Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, шетелдiк адвокаттар iске қорғаушы ретiнде қатысуға жiберiледi.
Қорғаушы әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамды әкiмшiлiк ұстау кезiнен немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап iске қатысуға араластырылады.
Егер бiрiнiң мүдделерi екiншiсiнiң мүдделерiне қайшы келсе, әкiмшiлiк жауапқа тартылатын екi адамға бiр адамды қорғаушы етуге болмайды.
Адвокаттың әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамды өз мойнына алған қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ.
Қорғаушының мiндеттi түрде қатысуы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге мынадай жағдайларда, егер:
1) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам бұл жөнiнде өтiнiш жасаса;
2) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам дене немесе психикалық кемiстiктерi салдарынан өзiн қорғау құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмайтын болса;
3) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе;
4) iстiң материалдарында әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамға медициналық сипатта мәжбүрлеу шаралары белгiленуi мүмкiн деп пайымдайтын деректер болса;
5) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам кәмелетке толмаған болса, қорғаушының қатысуы мiндеттi.
Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған жағдайда әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның өзi, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ оның тапсыруымен басқа да адамдар қорғаушы шақырмаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) iс жүргiзудiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, бұл туралы олар кәсiби адвокаттар ұйымына мiндеттi қаулы шығарады.
Адвокат барлық іс материалдәрімен танысады, іс қарауға қатысады, дәлелдемелер ұсынады,ұсыныстар мен қарсылықтар білдіредідсті жүргізып отырған судьяның, органдар мен лауазымды адамдардың рұқсатымен іске қатысушы тұлғаларға сүрақтар қоя алады.Және іс бойынша шығәрілған қаулыларға шағымдаңа алады.
Адвокат әкімшілік құқық бұзушылық істерде сондай-ақ, жәбірленүшінің де өкілі болып қатыса отырып, өзі өкіл болып отырған тұлғаның барлық іс жүргізу құқықтарыпа ие болады.іс жүргізу міндеттеріп мойнына алады. Адвокат өкіл өзі өкілдің беріп отырған тұлғаның мүддесыпе қарама-қайшы әрекет жасауға құқығы жок. Іс жүргізуге жәбірленүшінің өкілмен бірге қатысуы олардың іс жүргізу құқығынан айырмайды. Әкімшілік іс жүргізуге адвокат өкіл егер ол әкімшілік іс қозғауға негіз болған, бақылау не қадағалау жүргізген органның қызметкері болса, ол іске қатысуға жіберілмейді.Оған қарсылық білдіріледі. Адвокат өкілге қарсылық білдіру не оның өзінің іс жүргізуден бас тартуы туралы әкімшілік іс жүргізып отырған сотқа шағым беріледі. Ол шағым үш күн мерзімде қаралады да қорытындысында шағымды қаңағаттаңдыру не қаңағаттандырудаң бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
Қорғаушыны, өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тапсыруымен немесе келiсуiмен басқа да адамдар шақырады. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам қорғау үшiн бiрнеше қорғаушы шақыруға құқылы.
Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның өтiнуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) қорғаушының қатысуын қамтамасыз етедi.
Таңдалған немесе тағайындалған қорғаушының қатысуы мүмкiн болмаған жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға жиырма төрт сағат iшiнде басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыныс айтуға құқығы жоқ.
Әкiмшiлiк ұстау жағдайында, егер өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам таңдаған қорғаушының үш сағат iшiнде келуi мүмкiн болмаса, өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындауға шаралар қолданады.
Адвокаттың еңбегiне ақы заңдарға сәйкес төленедi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) негiз болған жағдайда өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамды заң көмегiне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұл жағдайда еңбекке ақы мемлекет есебiнен төленедi.
Адвокат клиентпен iс жүргiзуге келiсiм жасаспай, тағайындау арқылы қатысқанда, осы Кодекстiң 589-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда да адвокат еңбегiне ақы төлеу шығыны мемлекет есебiне жатқызылуы мүмкiн.
Қорғаушы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судьяға, органға (лауазымды адамға) өз жағдайын растау үшiн жеке басын куәландыратын құжаттарды және тиiстi жағдайларда: адвокатураға жататындығын растайтын құжатты және адвокаттың осы iске қатысу құқығына заң консультациясы берген ордерiн немесе маңызы жөнiнен соған теңестiрiлген құжатын; қоғамдық бiрлестiктiң немесе оның басшы органының қорғаушы тағайындау туралы шешiмiн, сезiктiмен немесе айыпталушымен туыстық қатынастарын растайтын құжатты тапсырады.
Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам iс жүргiзудiң кез келген кезiнде қорғаушыдан бас тартуға құқылы, бұл оның өзiн қорғауды өз бетiнше жүзеге асыру ниетiн бiлдiредi. Заң көмегiне ақы төлеуге қаражаты жоқтығын сылтау етiп қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша түрде ресiмделедi.
Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның қорғаушыдан бас тартуы оны бұдан былай қорғаушыны iске қатысуға жiберу туралы өтiнiш жасау құқығынан айырмайды. Қорғаушының iске кiрiсуi сол уақытқа дейiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқпайды.
Қорғаушы iстiң барлық материалдарымен танысуға; iстi қарауға қатысуға; дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш мәлiмдеуге және қарсылық бiлдiруге; iстердi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) рұқсатымен iстiң қаралу процесiнде жауап берушiге сұрақтар қоюға; iс жүргiзудi қамтамасыз етуге қолданылатын шаралар және iс бойынша қаулы жөнiнде шағымдануға; өзiне заңмен берiлген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
Қорғаушының: қорғалушының мүдделерiне қарсы қандай да болсын iс-әрекеттер жасауға және оның өз құқықтарын жүзеге асыруына кедергi келтiруге; қорғалушының көзқарасына қарамастан, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа қатыстылығын және оны жасауға кiнәлiлiгiн тануға, қорғалушының жәбiрленушiмен татуласқандығы туралы мәлiмдеуге; қорғалушының берген шағымы мен өтiнiшiн қайтарып алуға; заң көмегiн сұрау мен оның жүзеге асырылуына байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жария етуге құқы жоқ.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзу кезiнде заң жүзiнде құқығы бар адвокаттар мен өзге де адамдар жәбiрленушiнiң заңды мүдделерiн бiлдiретiн өкiл бола алады.
Жәбiрленушi өкiлдерiнiң өздерi өкiл болып отырған жеке және заңды тұлғалармен осы Кодексте көзделген шекте iс жүргiзу құқықтары бiрдей болады.
Өкiлдiң өзi өкiлi болып отырған адамның мүдделерiне қайшы қандай да бiр iс-әрекеттер жасауға құқығы жоқ.
Жәбiрленушiнiң iсiне жеке қатысы оны осы iс бойынша өкiл алу құқығынан айырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет