6
Адвокат заңның бұзылуын, соттың, процесті жүргізуші басқа да
органдардың, процеске басқа қатысушылардың оған сенім білдірушіге, өзіне
немесе тұтастай адвокатураға жөнсіз және менсінбеушілік көзқарастарын
назардан тыс қалдырмауға және тиісті әрекеттерге қолданыстағы заңнамада
көзделген нысандарда қарсылық білдіруге тиіс. Бұл ретте процесті жүргізуші
органның лауазымды адамдарының намысы мен абыройына нұқсан келтіруіне
жол берілмейді.
Процестік заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындау бойынша немесе
жазбаша шарттың негізінде тапсырманы алдын ала тергеу сатысында
қабылдаған адвокат бірінші сатыдағы сотта сенім білдірушіні қорғау жөнінде
өзіне қабылдаған міндеттерден дәлелді себептерсіз бас тартуға құқығы жоқ. Бұл
ретте адвокат қорғаушы міндеттерін орындауға және қажет болғанда
апелляциялық шағымды дайындап ұсынуға тиіс.
11.
Сот
жарыссөздеріне
қатысушы
ретінде
адвокат
өзінің
оппоненттеріне құрметпен қарағаны жөн. Оның уәждері сот зерттеген іс
материалдарының талдауына негізделуге тиіс.
Адвокат өзінің сөйлейтін сөздерінде куәгерлік жауаптар ретінде қаралуы
мүмкін тұжырымдар айтуға жол бермеуге тиіс.
Процестік заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындау бойынша
қорғауды жүзеге асыратын адвокат қылмыстық процестің кез келген сатысында
заң көмегін көрсету жөнінде шарт жасасуға құқылы.
Адвокатқа мүдделері оған сенім білдірушінің мүддесіне қайшы келетін
басқа айыпталушыларға, сотталушыларға қарсы бағытталған әрекеттерді
жасауға, оған сенім білдірушінің құқықтары мен заңды мүдделерін онсыз толық
мөлшерде жүзеге асыру мүмкін болмағанда ғана, рұқсат етіледі.
Адвокат өзінің сенім білдірушісінің процестік қарсыласымен, оған
өкілдік ететін басқа адвокаттың келісімімен немесе соның қатысуымен ғана
әңгімелесуге құқылы.
Адвокаттық қызметті жүзеге асыру барысында жедел іздестіру қызметін
жүзеге асыратын органдармен құпия негізде ынтымақтастық жасау адвокат
статусымен үйлеспейді.
Қамаудағы адамдармен кездесу кезінде адвокат олар ұсталып отырған
орындар үшін белгіленген қағидаларды сақтауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: