5-тарау. Адвокаттардың кәсіптік әдебі кодексін бұзудың құқықтық
салдарлары
20.
Адвокаттың осы Кодекстің талаптарын бұзуы Қазақстан
Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасында көзделген тәртіптік
жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соқтырады.
Тәртіптік жауапкершілік шаралары адвокаттың бұзушылық белгілері
шартты түрде қамтылған, бірақ мәні бойынша адвокаттың ар-намысы мен
қадір-қасиетін жаман атқа қалдырмайтын, адвокатураның беделін түсірмейтін
және сенім білдірушіге немесе адвокаттар алқасына елеулі зиян келтірмеген
әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды. Тәртіптік жаза қолдану, оларды
алу және шағым беру тәртібі адвокаттар алқасының жарғысымен айқындалады.
Тәртіптік іс жүргізу адвокаттар алқасы төралқасының құзыретіне
жатады, ол адвокаттық қызмет туралы заңнамаға және осы Кодекске сәйкес
қабылдаған шешімнің уақытында, жан-жақты, объективті, әділ қаралуы мен
орындалуын қамтамасыз етеді.