10
Адвокат өзінің сенім білдірушілерімен басқа
адвокаттың жеке өміріне
қатысты мән-жайларды, оның материалдық жағдайын,
шыққан тегін, ұлтын
және адвокатқа қатысты, бірақ тапсырманың мәніне қатысы жоқ басқа да мән-
жайларды талқыламауы тиіс.
Адвокат:
1)
құжаттарды жасау кезінде, заң көмегіне жүгінуге
келген
адамдармен әңгімелесу барысында бұрын осы адамдарға заң көмегін көрсеткен
басқа адвокаттың қадір-қасиетін, ар-намысын немесе іскерлік беделін
төмендететін
сөздерді пайдалануға, осы адвокаттың әрекеттері мен
консультацияларына баға беруге және сынауға, заң көмегіне жүгінген
адамдармен басқа адвокаттардың алатын төлем
мөлшерінің негізділігін
талқылауға;
2)
басқа адвокат туралы дұрыс емес мәліметтерді әдейі таратуға;
3)
заң көмегіне жүгінген адамның көзінше басқа адвокаттың
әрекеттерінің дұрыстығына дауласуға жол
бермеуге тиіс және олардан
тартынуға міндетті.
Әріптесінің қатесін тапқан кезде адвокат әдептілікпен оны түзету
мүмкіндігін іздестіруі керек.
19. Адвокат басқа адвокатқа келген адамның өзі мен осы адамның
арасында заң көмегін көрсету туралы шарт жасауға көндіруге құқылы емес.
Адвокат басқа адвокат қатысатын іс бойынша тапсырманы қабылдаған
кезде оған өзінің іске қатысатыны туралы хабарлауға міндетті.
Адвокат басқа адвокаттың сенім білдірушісімен іс
мәселелері жөнінде
өзіне сенім білдірушінің ғана келісімімен әңгімелесуге құқылы.
Адвокаттардың біреуі басқа адвокатпен істі бірлесіп жүргізуге
келіспеген кезде, осы адвокаттардың әрқайсысы сенім білдірушіге адвокатты өз
қалауына қарай таңдау құқығы туралы түсіндіруге құқылы.
Адвокаттардың арасындағы қарым-қатынастары іске қатысатын
тараптардың мүддесін қорғауға әсер етпеуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: