А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова



бет15/65
Дата27.10.2023
өлшемі371,15 Kb.
#188549
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
Байланысты:
А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова-emirsaba.org

Мәтін №5 
Жыл сайын наурыз айының алғашқы жексенбісінде Франция елі Әжелер
күнін (Fête des grands-mères) атап өтеді. Бұл күні жасы 55-тен асқан апа-
әжелерге ерекше құрмет көрсетіледі. Әжелер мерекесі ұлттық мәртебеге ие
болғандықтан, бұл күнді француз халқы асыға күтеді. Бұл мерекенің француз
халқының өмірінде орын алуына «Әжелер» кафесі мен ірі сауда орындарының
маркетингтік агенттіктері себепші болды. Жүздері мейірімге толы апа-әжелер
бұл күні әдемі көйлектерін киіп, төл мерекелерін атап өтуге дайындалады.
Мереке күні апа-әжелерін құттықтап, олардың көңілін көтеру үшін немере-
шөберелер арнайы сый-кәделер жасайды.
Бұл күні барлық дүкендер мен сауда орталықтарында әжелер үлкен
жеңілдікпен өздеріне қажетті бұйымдарды сатып ала алады. Мейрамханалар
мен кафелерде мерекелік мәзір дайындалады. Ал туристік фирмалар әжелер
мен олардың немерелеріне тегін экскурсиялық бағдарламалар қарастырады.
Әжелер мерекесінің жексенбі күні тойлауында бір гәп бар. Француз халқының
апа-әжелерінің жасы келіп, зейнетке шықса да, олар еңбек етуден жалықпайды.
Олардың ойынша, жұмыс істеген жан ешуақытта қартаймайды. Сондықтан
болар, әжелер күні жексенбі, демалыс күні тойланады. Ал 8наурыз мерекесі



21
Франция елінде мемлекеттік мәртебеге ие болмағандықтан, бұл күні ешкім


демалмайды. Мереке кең көлемде атап өтілмегендіктен, француз халқының
қыз-келіншектері мен апа-әжелері өздеріне бағытталған игі тілектерді естумен
ғана шектеледі.
1.8 наурыз мерекесінің Францияда тойланбауының себебі
A) Ешкім дем алмағандықтан
B) Мереке кең көлемде аталып өтілмегендіктен
C) Мемлекеттік мәртебеге ие болмағандықтан
D) Әжелер күні ғана тойланатындықтан
E) Демалыс күнге дөп келгендіктен
2. Әжелерге жататын құрметтің бірі
A) Әжелерге кез келген адам кедә-сый жасайды.
B) Әжелер жексенбі күні жұмыс жасамады.
C) Әжелерге жеңілдікпен экскурсиялар ұымдастырылады.
D) Әжелерге немерелері арнайы сый-кәде жасайды
E) Әжелерге әдемі көйлектер сыйланады.
3. Әжелер күні мерекесінің жексенбі күні жасалуының мәнісі
A) Жексенбі күні жұртшылықтың барлығы дем алатындықтан.
B) Көктемнің ең алғашқы жексенбісі болатындықтан.
C) Барлық адамдарға жексенбі ыңғайлы болғандықтан
D) Туристік фирмаларда саяхатқа орындар болатындықтан
E) Зейнетке шықса да, еңбек етуден жалықпайтындықтан
4. Мәтін мазмұнына лайықты даналық ой
A) Кәрілік – дауасыз дерт
B) Күлсең, кәріге күлме
C) Өсетін елдің қарты - қазына болар
D) Қарттың айтқанын істе
E) Қарт кебінін қапта сақта


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет