А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


Мәтін №3  Терек қандай ағаш?



бет13/65
Дата27.10.2023
өлшемі371,15 Kb.
#188549
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65
Байланысты:
А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова-emirsaba.org

Мәтін №3 
Терек қандай ағаш?
Терек таулы жерде өсетін көктеректен (осина) таралған. Іле Алатауының
ылғалды бөктерлерінде, қар көп тоқтап қалатын жерлерде өседі. Қазір теректің
түрі көп. Гибридті түрлері де жеткілікті. Суарылуы жақсы болса, бір жылда 2-3
метрге дейін көтеріледі. Бәрі күтіміне байланысты. Қарағай мен еменнің жүз
жылда беретін өнімін терек 13-ақ жылда береді. 50-60 жылға дейін өсе береді,
сосын ғана өсімі азаяды. Жағдайлы жерде бұл ағаш 120-150 жылға дейін өмір
сүреді. Терек – өте әдемі ағаш. Тік өседі. Ағаш өсіргісі келгендердің көпшілігі
теректі мамық шашады деп егуден қашқақтайды. Мұның шешімі оп-оңай.
Аталық теректен алған шыбық мамық шашпайды. Асықпай қарап жүріп, мамық
шашпайтын аталық теректің тұқымын алу керек.
Теректі егіп, өсіру үшін көп қаражат керек емес. Қалемшесін,
шыбықтарын күз соңында немесе ақпан айында кесіп алып, көлеңкелі жерге
көміп тастаған дұрыс. Қазылған жердің тереңдігі бір жарым метрдей болса
жетеді. Осы ұраға терек шыбықтарын елу-елуден байлап, үстіне сабан тастап,
көміп тастаңыз. Сәуір айының 27-29-ы аралығында қайтадан аршып алып, 20-
25 сантиметр қалемшелеп кесіп, жерге қисығынан қадау керек. Қисық дегенде,
шамамен 45 градустай, көлбеу егілгені жөн. Мұның себебі – көлбеу егілген
кезде шыбықтың буындары жерге тиіп тұрады да, ағаш осы буындардан өсіп
шығады. Негізгі өскін жерден нәр алып тұрғасын тез тамырланады.

1. Мәтін мазмұнына алшақ ой


A) Терек өсіру үшін көп қаражат керек емес.
B) Терек тік өседі.
C) Негізгі өскіні жай тамырланған.
D) Терек 150 жылға дейін өмір сүре алады.
E) Терек өнімді тез береді.
2. Терек буындардан өсіп шығуы үшін жасалатын әрекет
A) Жерге қисық қадау керек
B) Көлбеу егілуі керек
C) Аршып алу керек
D) Қалемшегін кесу керек
E) Жерді 1,5 метрдей қазу керек
3. Мәтін мазмұнына лайықты мақал-мәтел



19
A) Ағаш көркі – жапырақ


B) Адам досымен, ағаш тамырымен мықты.
C) Жаңбыр бір жауса, Терек екі жауады
D) Ағаш екпей, жеміс бермес.
E) Қанатсыз құс- Жапырақсыз ағаш
4. Теректің өсу жерлері
A) Ылғалды жерлерде
B) Қар тоқтамайтын жерлерде
C) Тау бөктерлерінде
D) Ашық алаңқайларда
E) Шөлді жерлерде



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет