15
Мәтін №9
Жазық даланың ойпаттау бір жерде кесек қардан «аққала» көтеріле берген
күнге шағылысып шұғыладай жарқырап көрінеді. «Аққаланың» қасында осы
араға келіп қайтқан шананың ізі бар, ішінде бір сиыр дірдектеп жатыр. Әуелі
оны қара ала сиыр ма деп қалып едік, қара ала емес, мойны мен қыр арқасының
жүні түсіп, ақ құйқаланып қалған қара сиыр болып шықты. Безгегі ұстағандай
қалшылдап тоңып жатыр. Қаншырдай қатқан арық. Дәл жаялығында «Алып»
деген күйдіріп басқан таңбасы бар. Бір мүйізі сынық. Астына жаялықтай ғана
қара құрым киіз төсепті де иесі тастап кетіпті. Тоңып қалшылдап жатқан
бейшара сиыр тұра салып жүгіріп кететіндей ілгерілі-кейінді сырғып қояды.
Бұл әрине шегіне жете жіңішкерген тіршілік. Сиыр байғұс соның өзінде қия
алмай шолақ құйрығын қысып алыпты (Ғ.Мүсірепов).
1.Мәтін мазмұнына лайықты сөйлем
A) Ақ құйқаланған ақ сиыр болып шықты.
B) Шананың ізі мүлдем жоқ.
C) Астына ештеңе де төселмепті.
D) Сиыр шолақ құйрығын қысып алыпты.
E) Жазық даланың тегістеу жерінде аққала тұр.
2. Сиырдың ақ құйқалануының себебі
A) Дірдектеп, қалшылдап жатқандықтан
B) Иесі қарамай, тастап кеткендіктен
C) Жүре алмай, шамасы кетіп жатқандықтан
D) Аққаланың қасында шұғылаға нұрланып жатқандықтан
E) Мойны мен арқасынан барлық жүні түсіп қалғандықтан