10
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ЕКІ СҰРАҚТЫ МӘТІНДЕР
Мәтін №1
Құйысқан – аттың үстіндегі ертоқымы қия жерде мойнына қарай сырғып
кетпес үшін, аттың түп
құйрығынан өткізіп, ердің артқы қанжығалығына
бекітетін қайыстан жасалатын құрал. Қайыс теріден жасалған, мықты болады.
Құйысқанның екі жақтауы және жаңбырлық-салпыншақ атты жылқының
сауырын жапқан үзбелері болады. Құйысқан
аттың тезек тастайтын
тышпасына көлденең тұрғандықтан, кейбір кездерде жылқының тезегі
құйысқанға
қыстырылып қалып, аттың еркін қимылына кедергі келтіреді.
Мұндайды біздің қазақ жақтырмай: «Құйысқанға қыстырылған тезек сияқты»
деп айтады.Өмілдірік - ер артқа қарай сырғып кетпеу үшін, аттың омырауын
орай тағылған құрал.
1. Құйысқанның қайыстан жасалуының себебі
A) Құйысқан мықты болуы үшін
B) Құйысқан аттың терісін қажамас үшін
C) Құйысқан әдемі көрінуі үшін
D) Құйысқанға тезек қыстырылмас үшін
E) Құйысқан осал болуы үшін
2. Мәтіндегі:
«Құйысқанға қыстырылған тезек сияқты» деген сөздің астарлы
мағынасы
A) Қолынан іс келмейтін адамға қатысты айтылған
B) Өзінің жауапкершілігін көрсете алмайтын адамға қытысты айтылған
C) Кез-келген жерде жарқырап жүретін адамға қатысты айтылған
D) Өзінің жеке пікірі жоқ адамға қатысты айтылған
E) Кез-келген іске қыстырыла беретін адамға қатысты айтылған
Достарыңызбен бөлісу: