Мәтін деген не?
Дыбыстар өзара тіркесіп, бір затты не құбылысты білдірсе, мағыналы сөз
болады. Бірнеше сөз тіркесіп, тиянақты ойды білдірсе, сөйлем болады. Бір тұтас
ойды толық жеткізген сөйлемдержиынтығы мәтін болады.
Мәтін – жалпы бір тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық пен
тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі.
Мәтін – белгілі көлемдегі (тұтас күйінде я шағын үзінді) шығарма немесе
шығармашылық жұмыстың жазбаша немесе ауызша түрі.
Мәтін – бір тұтас ойдың айналасындағы пайда болған тиянақты ойлар
жиынтығы. Бұл жиынтық мәтінді абзацтарға бөледі.
Бір тақырыптың әртүрлі мазмұны болуы мүмкін. Жазушы бұл мазмұнның
әрбірін бір мәтінге айналдырады. Осылайша оқырманның ойы бөлініп кетпеуін,
айтылғандарды тиянақты қабылдауын қамтамасыз етеді.
Әр мәтіннің өз құрылымы, оқырманға жеткізетін ойы, тақырыбы
болады.Мәтінге газет-журнал материалдары, өлең шумақтары, оқулықтағы
ережелер, әртүрлі сөйлесулер жатады.
Мәтіннің түрлері
Мәтіннің үш түрі бар:
Әңгімелеу мәтіні қандай бір оқиғаны баяндап не істеді? не болды?
сұрақтарына жауап береді, оқиғаның сатыланып дамуы баяндалады. Әңгімелеу
мәтінінің баяндауышы көбінесе, жедел өткен шақта болады. Әңгімелеу
мәтінінде оқиға, орын, уақыт, кейіпкерлер болады.
Сипаттау мәтіні бір затты не құбылысты сипаттайды және қандай?
Қалай? Деген сұрақтарға жауап береді. Мұнда пейзаж суреттеледі немесе
портретке мінездеме беріледі. Мысал, мәтінде таулар мен қырттар, адамның
көзінің көгергені, самайына түскен ақ шашы, биязы немесе қырсық мінезі,
Астананың Бәйтерегі, Алматының алмасы т.б. туралы айтылса, суреттеу мәтіні
екенін оп-оңай табуға болады.
Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не
үшін?неге? не себепті? Деген сұрақтарға жауап береді. Мұнда ойдың тезисі,
дәлелі, қорытындысы жасалады. Пайымдау мәтінінде сондықтан, өйткені,
себебі деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулары жиі қолданылады.
Кейде әңгімелеу де , сипаттау да, пайымдау да бір мәтінде кездесуі
мүмкін. Қайсысы басым екенін мәтіннің негізгі мақсатына байланысты табуға
болады. Мысалы: Жиырма жасар жігіт шатырдың алдында жанымен
жатқызылған есек арбаның үстінде домбыра шертіп отыр еді. Майшамның
жарығы маңдайына шағылысып, шыпшып шыққан терімен айқасып
жатқандай еді. Домбыраның мойны ары-бері жүгіріп өткен саусақтарының
астында тіріліп кеткендей еді. Жас жігіттің қолы домбыраның шегіне
жақындаған сайын екеуінің арасында құпияға толы әңгіме жүріп жатқандай
еді.
7
Берілген мәтінде жас жігіттің не істегені туралы айтылған. Алайда
оқырманның көз алдына оның сипаты, әрекеттері, жан-жағы, отырған орны
суреттеліп отыр. Сол себепті бұны суреттеу мәтініне жатқызамыз. Әңгімелеу
мәтінінде оқиға басым болады.
Достарыңызбен бөлісу: |