А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова



бет12/65
Дата27.10.2023
өлшемі371,15 Kb.
#188549
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65
Байланысты:
А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова-emirsaba.org

Мәтін №2 
Аңызға сүйенсек, ең алғашқы бесік Жетісу мен Алтайдың бойын мекен
еткен Айдархан бидің кезінде пайда болған. Айдархан бидің әкесі, төңірекке
белгілі Мизам баба, қазақ даласына ағаш отырғызумен, орманды көбейтумен
айналысса керек. Елге сыйлы Мизам баба 150 жыл өмір сүріпті. Өзі сүрген
ғұмырында еккен көшет-талдардан үлкен бау-бақшалар өсіп шығыпты.
Мизам бабаның о дүниеге сапар шеккенінен хабардар қытайлар, бақилық
бабаның еңбегін көреалмаушылықпен өртеп жіберіпті. Сол уақытта Мизам
бабаның баласы, Айдархан би алыс ауылға сапар шегіп кеткен екен. Би түсінде
әкесін көреді, лезде бір сұмдықтың болғанын сезген ол, үйге қарай аттың басын
бұрады. Ауылға асығыс жетіп, ну орманның орнында шөл далаға айналған
ауылын көріп қатты қапаланады…
Жылдар өте береді… Айдархан би үйленіп, ең тұңғышы туылады. Бірақ
туыла сап, сәби тоқтамай жылай береді. Оған шартарапқа аты шыққан емшілер
де көмектесе алмайды. Бір күні бала жылауын тоқтатады. Әкесі қуанып кетіп,
жүгіріп үйге кірсе, оны ақ шапан киген бір қария өрттен аман қалған сынық
бұтақтарға жатқызып, сәбиді тербетіп отырады. Айдархан би жақын келгенде,
ақсақал ғайып болады. Оның орнында қалған ағаш бұтағымен Айдархан, қазіргі
«бесік» деп айтылып жүрген бұйымды жасайды.
Осылайша, «бесік» көшпелі қазақ халқының ажырамастай мұрасына
айналады.
1.Қытайлардың Мизам баба еккен ағаштарды өртеуінің себебі
A) Қызғаныштан
B) Жағымпаздықтан
C) Жауласқаннан
D) Әділетсіздіктен
E) Еріккеннен
2. Айдарханның бесік жасауына себеп болған жағдай
A) Баласы қатты жылағандықтан
B) Ақсақал айтқандықтан

C) Баласын тербеткісі келгендіктен


D) Баласының ағашта тыныш ұйықтауы
E) Әкесінен қалған ағаш болған соң
3. Мәтіннің соңғы бөлігіне қатысты мақал-мәтел
A) Жаман деп бесікке күлме,
Тар деп бар есікке күлме.
B) Ауылым - алтын бесігім.
C) Төріңде бесік тұрса, төре де бас иеді.
D)Бесік–ұшар ұяң,



18
Есік – алтын шыған.


E) Өз елің - алтын бесік.
4. Айдархан бидің қапалануының себебі
A) Ну орманның өртеніп кеткеніне
B) Баласының жылай беретініне
C) Алыс сапарлап кеткеніне
D) Сұмдықтыңболғанын сезгеніне
E) Ақсақалдың ғайып болғанына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет