А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


 Қар барысының азайып кетуінің себебі



бет27/65
Дата27.10.2023
өлшемі371,15 Kb.
#188549
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65
Байланысты:
А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова-emirsaba.org

7. Қар барысының азайып кетуінің себебі
A) Табиғат апаттарынан
B) Көбею процесі дұрыс жүрмегендіктен
C) Жыртқыштар қырып тастағаннан
D) Адамдардың араласуынан



39
E) Қыс жылы болып, қар болмағандықтан


8. Қар барысының мекені
A) Ашық, алаңқай жер
B) Қарлы, тоғайлы өлке
C) Мұзды, шөлейт жерлер
D) Аласа, мұзарт шыңдар
E) Биік, таулы мекен
9. Браконьерлік әрекеттердің тиылмай тұруының себебі
A) Ілбістің аз қалғандығы
B) Ілбістің етінің молдығы
C) Ілбістер әлі де көп болғандықтан
D) Ілбістің бағалы аң болғандығы
E) Ілбістер қауіпті болғандықтан
10. Ілбістің түсіне қатысты сипаттама 
A) Бойы биік
B) Қара дақты
C) Салмағы ауыр
D) Құйрығы ұзын
E) Өзі бағалы
11. Ілбістер туралы мәліметтер сақталған ел 
A) Түріктер
B) Қазақтар
C) Парсылар
D) Орыстар
E) Түркілер
12. Ілбістің «қар барысы» атануының себебі 
A) Өмір сүру ерекшелігіне байланысты
B) Қарсыз өмір сүре алмайтындығына орай
C) Қар түстес болғандықтан
D) Дене тұрқына байланысты
E) Бағалы аң болуына орай
Мәтін №4 
1.Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай
бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар. Бас
киім қыста аязда, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән
берген ата – аналарымыз бас киімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық
ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған.
2.Ұлттық бас киімдердің түрлері: бас киімдер XIX ғасыр мен XX
ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жасаған И. В.
Захарова мен Р. Р. Ходжаева ер адамның бас киімдерін 6 түрге бөлген:
1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ
астынан киетін кішігірім бас киім – тақия;



40
2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім – төбетей;


3. Киізден тігілген бас киім – қалпақ;
4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара);
5. Тері қапталған жылы бас киім бөрік;
6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім.
3.Үйге келген қонақ ілулі тұрған кимешектің үлгісіне қарап – ақ
отбасындағы әйелдердің жас мөлшері, талғамы мен дәрежесінен хабардар
болған. Демек, кимешек – әрі төлқұжат, әрі мінездеме рөлін атқарған.
«Кимешек – пайғамбардың ноқтасы» деген де сөз бар. Бұл жерде «ноқта» сөзі
тура мағынасында емес, бейнелі мағынада: тыйым, тәртіп, белгілі бір өлшем
деген түсінікті білдіреді. Кимешектің өзге мұсылман әйелдер бас киімінен
ерекшелігі – тек басты жабатын бүркеншектігі ғана емес, салтанатты да сәнді
әшекейі мен әдемі пішіні. Кимешек әр аймақтың тұрмыс қажеттігінен
туындағанын, ортақ өндірістік қатынастардың болмағанын ескерсек, сырт көзге
ғана бөлек болып көрінеді. Ал – жақынырақ танысып, бізге жеткен пішім
үлгілерін сараласақ, негізгі басты ұстанымы ортақ. Яғни, мәні сақталады, сәні
уақыт үрдісіне, жеке ісмердің шеберлік деңгейіне, ой – қиялы мен өресіне сай
өзгереді. Алайда, ортақ қағидасы бұзылмады. Әр өңір өзінше әр түрлі береді.
Біреу ойығын ойып, біреу жиегін жиып, біреу өңірін сырып киді. Бәрі пайдасын
біліп киді.
4.Кимешек– қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі. Кимешек ақ
матадан тігіліп, жиегі астарланады. Кимешектің иекті айнала, маңдайды жауып
тұратын екі жағын шықшыт дейді. Кимешек жас ерекшелігіне қарай
көркемделеді. Жасы егделенген әйелдердің кимешегінің ою-кестесі жеңіл,
сары, ақ жіппен сырылады. Жас әйелдердің кимешегі қызыл, жасылмен
әшекейленеді. Кимешектің алдын жақ деп атайды. Оны қол кестесімен
кестелейді. Кимешектің шылауыш деп аталатын түрін жас келіншектер, орта
жастағы әйелдер, әжелер де киеді. Кимешекті басқа сәйкестіре пішіп, тігеді.
Кимешектің белден төмен түсіп, шашты жауып тұратын ұзын ұшы құйрықша
деп аталады. Кимешек кеуде, иық, жонды жабатындай тұйық етіп жасалады.
Тек адамның бет — әлпеті ашық тұратын жері ойық болады. Ойықтың екі
жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп әшекейленеді. Жылтыр жіптермен
бастырылып, сырыла тігіледі. Ал, ойықтың жиегін өңді жіппен шалып тігеді.
Мұны «алқым шалу» дейді. Кимешектің кеудедегі бөлігінің ұшына күміс
теңгелер тағылады. Бұл кимешекке сән береді, әрі төмен қарай басып, жазылып
тұруға әсер етеді.
5.Кимешек әйелдердің шашын шаң-тозаңнан сақтап, қобырап тұрмауына
септігін тигізеді. Кимешектің Қазақстанда бұрама жаулық, иекше, т.б. атаулары
да кездеседі. Кестесіне қарай кимешек қызыл жақты, сары жақты, ақ жақты
кимешектер болып бөлінеді. Ақ жақты кимешекті қарт әжелер, қызыл жақты



41
кимешекті келіншектер, сары жақты кимешекті орта жастағылар киеді.


Кимешек кейде күміспен, моншақтармен шеттіктеледі. Бұрын әр тайпа мен
рудың кимешек терінің пішімінде, түрінде және сырт көрінісінде өзіне тән
ерекшеліктері болған. Дәстүрлі қазақ қоғамында жаңа түскен жас келіннің
алғаш кимешегін кигізуге байланысты ғұрыптық рәсім өткізілетін болған. Жаңа
түскен жас келінге алғаш кимешегін кигізу әйелдің қонақ асын беруімен бірге
өтеді. Оны келіннің енесі ұйымдастырып, ауылдың қарт әжелері шақырылады.
Келгендердің бірі жас келінге кимешек кигізіп, енесінен сый алатын болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет