А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова



бет29/65
Дата27.10.2023
өлшемі371,15 Kb.
#188549
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65
Байланысты:
А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова-emirsaba.org

ІV нұсқа 
Мәтін №1 
Сәукеленің сұлбасы көк әлеміне шаншыла үшкілденген оттың алауына
ұқсайды. Бұл шаңырақтың иесі – отағасы болса, ошақтың иесі – отанасы
дегенді білдірсе керек. Сәукеле неғұрлым биік болған сайын салтанаты арта
түседі. Шамамен екі қолды төбеден асыра созып, саусақтарының ұшын
түйістіргендей ұзындықта болған. Астыңғы тиянағы қозының жүнінен
талдырып басып қарпылған жұқа ақ киізден қиылып тігіледі. Кейде сәукеленің
астынан іш топы киіліп, бөзбен астарланып, тысы ашық қызыл түсті қымбат
матамен қапталып, әшекей бұйымдармен әрленеді. Маңдайы мен шекесі,
жақтауы ( шықшыттан белге дейін), салпыншақ – жырғасы, әдемі ою – өрнек,
шұбыртпа маржан – моншақ, тана – түймелермен, зер шашақ, оқа кесте, шоқ,
қозамен, нәзік су моншақтармен жиектеліп, түрлі – түсті кестемен көмкеріліп
безендірілген. Сәукеленің ұшар төбесіне бүрілген, етегі өкшесіне түскен
желектің шоғырланған төбілдірігіне әшекейлі қатырғы – бергек қадаған. Бұған
қоса көзмоншақ, үкіаяқ, самай сырға, жыланбас т.б. әшекей бұйымдар
тағылады. Сәукеленің астынан өңір мен жауырынды жауып тұратын жеңіл
желек – зере киілген.
1. Сәукеленің биіктігі нені аңғартады 
A) Көкпен таласқандығын



43
B) Ерекше әсемдігін


C) Сәуеленің асылдығын
D) Салтанатының артуын
E) Сәукеленің биіктігін
2. Сәукеле жиектелетін бұйым 
A) Бөзбенен
B) Киізбенен
C) Астарменен
D) Матаменен
E) Оқа кестемен

Мәтін №2 
Алақан медицина ғылымы саусақтар мен алақандардың көмегімен
адамның денсаулығы туралы көптеген мәліметтер алуға болатындығын
анықтап отыр. Әдетте денсаулығы жақсы, жастайынан бимен айналысқан
жандардың алақан саусақтары иілгіш келеді. Олар кем дегенде сыртқа қарай
иіле білуі керек. Ал алақанның ішкі бөлігіне жиырылған тері склероз ауруының
бар екендігін көрсетеді. Күрек тәріздес саусақтар қолдың төменгі бөлігімен
бірдей болып келеді. Энергияға толы, ақылды, батыл, шешім қабылдағыш,
өзгергіш. Бұндай адамдар көп жағдайда өздерін ұстай алмайды. Сынғыш
тырнақтар - ағзада минералды заттардың жетіспейтіндігі.
Тырнақтағы майда айлар қан айналым жүйесі мен өмірге деген
құштарлықты тырнақтың төменгі бөлігінде көрініп тұратын айлар арқылы
анықтауға болады. Ал олардың үлкендігі жүректің соғу жиілігімен байланысты.
Айшықтар тырнақтың басқа бөліктерінен бөлек тұрса, бұл адам диабет ауруына
шалдыққан.
Егер саусақ бөліктерінің ұзындығы кем болса, кейбір күштердің
жетіспейтіндігін білдіреді. Бірінші бөлік бас, ми бөліктерімен байланысты,
біріншісі мен екіншісі бірігіп омыртқамен байланысты. Буындары айқын
білінетін, жоғарғы бөлігі дөңгеленген саусақтар және әдетте бас бармақ семіз
болады. Бұндай адамдар ғылыммен, техникамен айналысады. Яғни, қарым-
қатынасқа жылдам түсе бермейтін мықты тұлғалар. Тырнақтардағы ақ нүктелер
олардың үнемі көрініс табуы – бүйрек, бауыр, лимфатикалық жүйе аурулары
немесе күшәнмен улану. Білектің ішкі бөлігіндегі әжімдер дәл осындай үш
әжімі бар адамдар ұзақ өмір сүреді, тіпті, жүз жасауы мүмкін. Құрғақ тері бұл
горманальды қиындықтар мен дұрыс тамақтанбаумен байланысты.
Температурасы суық қолдар – горманальды қиындықтар мен қан айналым
жүйесінің бұзылуы. Ыстық қолдар – ағзада минералдардың жетіспеуі. Терінің
жыбырлауы – жүйке жүйесінің сыр бере бастауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет