1. Тымақтың құрылымына жататын атау
A) Маңдайы
B) Терісі
C) Шекесі
D) Тігісі
E) Астары
2. Тымаққа қатысты айтылған ырым
A) Тымақты тек қана малдың терісінен тіккен.
B) Әр рудың өзінің тымақтары болған.
C) Шала туған баланы тымаққа салып өсірген.
D) Тымаққа ызбалы бау тағылған.
E) Тымаққа құрысқақ жасап қадаған.
Мәтін №2
Хакім Абайдың ғылымның, білім мен өнердің үш қайнар бұлағынан
сусындап, азамат, ақын, ойшыл есебінде қалыптасқаны баршаға мәлім. Ең әуелі
– қазақ халқының сан ғасырлар бойында қалыптасқан рухани әлемі, екінші –
шығыстық бай мәдениеті, үшінші – орыстың, орыс арқылы келген батыстың
білім-ғылымы, ой-өрісі. Әсіресе, Абайға шығыс ғұламаларының ықпалы
ерекше болғаны аян.
Өзінің 14 жасында жазған бір шумақ өлеңінде щығыстың ғұламаларының
атын атап, олардан медет сұрауы тегін емес. Шығыс мәдениетінің алтын
дәуірінде шыққан өшпес жұлдыздары Әбілхасым Фердауси, Низами Ганжеви,
Хожа Хафиз, Омар Хаями, Абірахман Жами, Әлішер Науаи, Физули, Сағдилар
өз заманының рухани басалқасы, батагөйі, рухани әлемнің қайнар бұлағы
болғаны анық. Батыстың Шекспир, Гете, Байрон, Монтескье, Шиллер, орыстың
Пушкин, Лермонтов сияқты ақындары мен философтары шығыс
жұлдыздарының ықпалын бойларына сіңіріп, шығармалар жазғаны белгілі.
Гетенің «шығыстың жеті ақыны бар, олардың ең нашары менен артық жазады»
дегені бар. Ал Аристотельді гректердің өзі Әл-Фараби арқылы ғана танып
білген.
Жердің күнді айналуын Коперниктен 500 жыл бұрын Бируни айтқан.
Математика, алгебра, астрономия Орта Азияда өріс алып дамығаны белгілі.
Ибн-Синаның медициналық канондарын бүкіл әлем мойындаған. Дәлдік
ғылымдардың бастауында тұрған әл-Хорезми, әл-Фараби, әл-Бируни, ибн-Сина,
68
ат-Туси, Ұлықбек сынды Тұран ойшылдарының қағидаттары күні бүгінге дейін
маңызын жоғалтқан жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |