А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


 Мәтін мазмұнына алшақ ой



бет47/65
Дата27.10.2023
өлшемі371,15 Kb.
#188549
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65
Байланысты:
А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова-emirsaba.org

7. Мәтін мазмұнына алшақ ой 
A) Түркістан түркі халықтарының астанасы болмағанын растайды.
B) Мағжан «Түркістан» өлеңін жазған болатын.
C) Қазақ хандығы тұсында Түркістан қаласының маңызы зор болған.
D) Түркістанды ерекше қала санайтындар да аз емес.
E) Шығыс халықтары арасында Түркістан киелі саналады.
8. Мәтін мазмұнының реттілігін көрсетіңіз 
1. Шығыс халықтарының ақ ордасы.
2. Маңызы зор Түркістан
3. Түркістан қалалары туралы
4. Қоғам қараткерінің пікірі
5. Ясауи ілімінің таралуы
A) 4, 5, 2, 3, 4
B) 1, 4, 3, 2, 5
C) 4, 1, 3, 2, 5
D) 3, 4, 2, 1, 5
E) 4, 1, 3, 5, 2



70
9. Түркістан үшін қан көп төгілуінің себебі 


A) Хандар тұрағы болғандықтан
B) Көк түріктердің мекені болғандықтан
C) Қазақ халқының ең киелі орны болғандықтан
D) Ата-баба сүйегі жатқандықтан
E) Жаулар жиі соғыс ашқандықтан
10. Түркістан атаулары туралы айтылатын бөлім 
A) 5
B) 1
C) 4
D) 2
E) 3
11. Сырдария маңындағы Түркістан қалаларын белгілеңіз 
A) Қарнақ, Сауран
B) Ясы, Отырар
C) Сығанақ, Сейхун
D) Сауран, Сейхун
E) Сығанақ, Якуба
12. Түркістанның күллі түркі әлеміне танылуының себебі 
A) Әмір Темірдің жарлығымен
B) Махмұт Қашқари еңбегімен
C) Ясауи ілімінің кең таралуынан
D) Мағжанның «Түркістан» өлеңімен
E) Қоғам қайраткерлерінің пікірімен
Мәтін №4 
1.Адам баласының асау жылқыны ауыздықтап мінуі және ер-тұрманды
ойлап табуы дүниежүзілік өркениет үшін ұлы жаңалық болды. Ердің шығуы
жайында Орта Азия халықтарында мынадай аңыз бар: «Бірнеше мың жыл
бұрын мұсылман патшасы Жәмшид ұзаққа созылған атты жорықтан соң, артын
жарақаттап алады, ауырған жерін жеңілдету үшін, атының арқасына иленген
нан (қамыр, жайма) салғызып мінеді. Ауырған жері жазылып жайма нанның
аттың арқасына келісті формаға келіп қатая бастағанын байқаған патша,
аяғының талғанын қойдыру үшін ат үстінен тұзақ тастап, оған аяғын салады,
аяғының талғаны тоқтайды. Сонда патша жайма нанның формасындай етіп,
ағаш пен былғарыдан зат жасауды бұйырады. Сөйтіп бұл нәрсені ер деп
атайды».
2.Ат әбзелдерінің түрлері. Тебінгі – жұмсақ теріден немесе былғарыдан
жасалатын, ердің қос қапталындағы үзеңгі бауды басып тұратын жұқа
жабылғы. Ол тоқым мен үзенгі бауды терден сақтайды.
Таралғы немесе үзеңгі бау деп ердің қапталындағы ойыққа өткізіліп,
үзеңгіге бекітілген қайыс бауды айтады. Бауды иленген қайыстан екі немесе үш
елі етіп тіліп жасайды. Жайшылықта үзенгі бау бір қабат болса, жаугершілік



71
кезінде сарбаздар үзеңгі бауды бірнеше қабаттайтын болған. Ал үзеңгі – атқа


мінуге, сол сияқты ердің үстінде екі аяқты тіреп, нық отыруға, тебінуге
мүмкіндік беретін құрал.
3.Пыстан – көпшіктің, ат көрпенің үстінен баса тартылатын төсайылмен
бірге жүретін, ер жабдықтарының арасындағы ең көрнекті көз тартатын түрі.
Ат көрпені алды-артынан басып тұратын жіңішке бау тағылады. Бауды «пыстан
бау», «көпшік бастырма», «бастырма», «көрпе бастырма» деп әр түрлі айтады.
4 Жүген – желкелік, милық, кеңсірік, қасқалық, сағалдырық, сулық,
ауыздық және тізгін-шылбырдан тұратын, аттың басына кигізілетін, міндеті –
атты иесі ырқына бағындыруға көмектесетін әбзел. Жүгеннің түрі көп. Атап
айтқанда: күміс (күмістелген) жүген, өрім жүген, шашақты жүген, қасқа жүген,
үкілі жүген, түймелі жүген т.б. Жүген басына ауырлық келтіретіндей болмауы
керек. Сондай-ақ, ертеде бәйбішелер мінетін жуас жылқыларға жібек жүген
қолданатын болған.
5. Құйысқан – аттың үстіндегі ертоқымы қия жерде мойнына қарай
сырғып кетпес үшін, аттың түп құйрығынан өткізіп, ердің артқы
қанжығалығына бекітетін қайыстан жасалатын құрал. Құйысқанның екі
жақтауы және жаңбырлық-салпыншақ атты жылқының сауырын жапқан
үзбелері болады.
6. Өмілдірік – жұмсақ қайыстан сәндеп жасалатын, ер артқа қарай сырғып
кетпеу үшін, аттың омырауын орай тағылған құрал. Өмілдірік төсбау және
айылбас салпыншақтардан тұрады. Төсбаудың міндеті – омыраудағы өмілдірік
аттың бауыздауына қарай сырғып кетпеу үшін, бір ұшы төс айылға байланып
тұрады.
7. Айыл – аттың үстіндегі ер-тұрманды нық ұстап тұратын, жалпақтығы
екі елі қайыс құрал. Айыл ердің қамшылар жағына бекітіліп, аттың бауырынан
өткізіліп, жырымға қосылады. Айылдың міндетіне қарай төс айыл және шап
айыл деп бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет