А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


 Марқакөл сипатына жататын қатар



бет55/65
Дата27.10.2023
өлшемі371,15 Kb.
#188549
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65
Байланысты:
А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова-emirsaba.org

7. Марқакөл сипатына жататын қатар
A) Қос өзенді
B) Қысы қыспақ
C) Шөлді құм
D) Ертіс бойы
E) Самал желді
8. Мәтін мазмұнына алшақ сөйлем
A) Аузы қобыздай зарлайды.
B) Жануарларда сүт болмайды.
C) Алтай аруларының күлкісі атқан таңдай.
D) Күршімнің жзазы қыспақ.
E) Қиялың торға қамалады.
9.Мәтін мазмұнына лайықты тақырып
A) Қарт Алтай



81
B) Алтайдағы Күршім


C) Ертіс өзені
D) Өскемендегі Алтай
E) Алтайдағы Марқакөл
10. Мәтін мазмұнына лайықты мақал-мәтел
A) Жері байдың – елі бай.
B) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
C) Туған жерге туың тік.
D) Отан оттан да ыстық.
E) Өз үйім – өлең төсегім.
11. Марқакөлдегі төрт түліктің сүтті, малы болуының себебі
A) Марқакөлдің қасиетті болғандығы
B) Марқакөлдегі көлдің болуы
C) Марқакөлдің таулы болуы
D) Марқакөлдің шөбінің шүйгіндігі
E) Марқакөлдегі табиғаттың жайлылығы
12. Алтайдағы жер атаулары 
A) Күршім, Өскемен
B) Марқакөл, Ақ ауыл
C) Алтай, Қарағай
D) Найман, Күршім
E) Марқакөл, Мәйек
Мәтін №4 
1.Еламан лазаретті ұзақ іздеді. Біреулердің сілтеуімен көл жақтағы қисық
көшелердің біріне түсті. Басында «табам ғой» деген тәуекелмен жөндеп сұрап
алмағанына өкінді. Мезгілдің қай шама болғанын болжау қиын, кешеден бері
көк жүзін бұлт басып түнеріп тұрған. Бір кезде батыс жақта шоғырланған қап-
қара бұлттардың сонау көкжиекке тірелген жері жалтылдап шоқтай қызара
бастады. Еламан қараңғы түскен соң таба алмаспын деп қорқып, тезірек жүріп
кетті. Күпісі мен тымағы ат үстінде ыңғайлы болса да, жаяу жүргенде бойын
ауырлап ырсылдай бастады. Сеңсең тымағын қолына алып, пысынаған басын
желге қаққызды.
2.Темір жол бойында тас барақтар болатын. Лазарет солардай көп
бөлмелі, еңселі, биік үй болар деген оймен көзіне түскен кіші-гірім үйлерге
назар салмай келе жатқан. Кенет далада өскен кісі дағдыланбаған бір жаман
күлімсі иіс қолқасын атып жіберді. Сүйтсе, сыртын ақтаған аласа үйге ық
жағынан келіп қалған екен.Бұндай лазареттің түрік жерінде талайын көрген.
Жаралылар, ауру-сырқаулар әдетте жалаң матрац үстінде сұлап-сұлап жататын.
Қолын асқан, басын таңған кір-кір кісілер. Қолқа атқан күлімсі дәрі исі, ыңқыл-
сыңқыл... Еламан осының бәрінен өлердей жиіркенетін.Ұзақ жатып калмасам
қайтсін деп, қорқып келіп еді. Құдай оңдап лазаретте орын болмады. Ұрыс
үстінде қанын тоқтату үшін оқ тиген жеріне киіз күйдіріп басқанды. Қазір сол



82
арасы қарақошқылданып долбарып ісініп, иістене бастаған екен. Ақ-халатты


қыздар ұрысқаны әлде аяғаны белгісіз, әйтеуір «ай-ай»,- деп басын шайқап
жүріп жарақатын жуды. Дәрі-дәрмек жақты. Таза шүберекпен таңып байлады
да, екі-үш күннен кейін қайта кел деп қоя берді.
3.Еламан сыртқа шыққанда ымырт үйіріліп қалған екен. Бағанағы салқын
желдің ептеп зәрі сынғаны болмаса, әлі азынап тұр. Үй алдындағы терек басы
суылдап шайқалады. Ақ шүберекпен қатты таңған иығының басы ауырғаны
болмаса, осы қазір көңілі сергек.
4.Жан-жағына жылдам көз тастап, ширақ басып келеді. Осыған дейін
дүниеден түңілгендей боп жүр еді; әсіресе былтыр түрікпендер шауып
кеткеннен кейін тірлік таусылғандай көрінді. Енді қазір сонысына күліп келеді.
Адам баласы қызық қой. Кейде кішкентай нәрседен көңілің күйген терідей
құрыса қаласың. Сол кезде осынау айдай әлем тарылып басы-аяғы бір-ақ уыс
боп кетеді. Тар дүние тас шеңгеліне алып, қол-аяғыңды жазғызбай сыға береді.
Сыға береді. Шыдамаған кісі шөлмектей сынып жатады. Өзі де сына жаздады.
Көкірегі қарайып, көзіне қан толып жүрді. Жүзі ыстық жарық дүниенің әлі
қызуы сөнбегенін, аспанда ай мен күннің барын, адам баласы мен жан-
жануарға нұрын төгіп тұрғанын сезбеді... Енді қазір көңілі орныққан соң
қараса... о, тоба, кәрі дүние бәз-баяғы қаз-қалпында. Ай орнынан атып, күн
орнынан батып тұр. Біреу бақытты, бай, өрісі толған мал. Үстінде - үйі,
құшағында - қатыны. Біреу - бақытсыз. Еңбек үшін жаралған екі қолы мен
бойындағы күшінен басқа бұл өмірде сенері де, сүйенері де жоқ. Тауыққа
шашқан тарыдай, таланына біткен там-тұм несібесін теріп жеп, осы дүниеде о
да тірлік кешіп жүр. Жер басқан адам түгіл, ұшқан құс жүгірген аң екеш аң да
езінен кейінгі ұрпақ үшін күн-түн қатып жортады. Тірлік - тартыс. Ендеше
тайсақтаудың жөні жоқ. (Ә.Нұрпейісов)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет