АӘК меңгерушісі А. Смағұлов



бет4/8
Дата26.08.2017
өлшемі1,18 Mb.
#27857
1   2   3   4   5   6   7   8

Еліміз егемендік алып, білім беру саласында көптеген өзгерістер мен жаңалықтар болып жатқан тұста, Елбасының өзі білім саласына бәсекеге қабілетті тұлға дайындау талабын қойып отырған кезеңде аудан мұғалімдерінің осындай жетістіктерімен қатар кемшін соғып жатқан тұстары да бар екенін айта кету керек.

Мысалы аудандағы 21 мектептің 12-і ғана облыстық пән олимпиадасына қатысты. Қалған мектептердің әлі де болса заман талабына ілесе алмай жатқаны байқалады.

Оқушылардың білімі мен біліктілігі республикалық интеллектуалдық жарыстарда соңғы жылдары көп байқалып жүр. Биылғы қазан айындағы «Ақбота» интеллектуалдық марафонына аудан бойынша 504 оқушы қатысты. Нәтижесінде Береке орта мектебінің 7-сынып оқушысы Мадияр Мирас пен Н.Бозжанов ат.о.м 9- сынып оқушысы Картай Назерке жоғары балл жинап, Алматы қаласындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектепте ұйымдастырылған республикалық «Дарын жұлдыздары» атты мәдени-танымдық шараға қатысуда. «Русский медвеженок», «Британ бульдогы» сияқты марафондардан да күтер жүлдеміз алда.

2012 жылдың 6-қарашасында Бақанас орта мектебінің базасында аудандық КҒА-ның ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 16 оқушының ғылыми жұмыстары үздік деп танылып, облыстық КҒА-ның конференциясына қатысуға сұраныс берілді.

Сонымен қатар аудандық «Дарын» ғылыми жоба жарысы 2012 жылдың 22-қарашасында Б.Бейсекбаев ат.о.м базасында өткізілді. Нәтижесінде 12 оқушы -І орын, 9 оқушы- ІІ орын, 7 оқушы –ІІІ орындарды иеленді. 12 оқушының ғылыми жұмыстары облыстық «Дарын» ғылыми жоба жарысына қатысуға сұрыптауға жіберіліп. 2013 жылы қантар 9-10 күндері аралығында облыстық ғылыми жобадан 4 оқушымыз жүлделі орындарға иеленді.

2012-2013 оқу жылы аудандық пән олимпиадасына барлығы 328 оқушы сұраныс беріп, олимпиадаға қатысты. Олардың ішінен 36 оқушы жүлдегер атанып 1-орындарды жеңіп алды. Пәндер олимпиадасы бойынша Ақдала орта мектебі, №1 Жамбыл ат.о.м, Б.Бейсекбаев ат.о.м, Бірлік о.м жақсы нәтиже көрсетті. Жиделі о.м, Ә.Ахметов ат.о.м оқушылары да өз білімдерін жақсы жағынан көрсете білді. Олардың барлығы алдағы жылда облыстық пәндер олимпиадасына қатысып, ауданның намысын қолдан бермейді деп сенеміз.

Психологиялық қызметтің мақсаты –білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік –психологиялық жағдай жасау екені белгілі. Білім беру үрдісінде білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету үшін аудан мектептерінің психологтары бес бағыт бойынша жұмыстар атқарды. Мұндағы мақсат баланың әр жас ерекшелік кезеңінде толық , жеке және интеллектуалдық жетілуін , өз-өзін тәрбиелеу , өз-өзін жетілдіру қабілеттерін дамытуын қамтамасыз ету қажеттілігін анықтау.



І. Психодиагностикалық жұмыстар. Бұл бағыт мектепке дейінгі және мектептегі балалық шақтың барлық кезеңі бойынша баланы терең психологиялық-педагогикалық зерттейтін, жеке ерекшеліктерін, оқыту мен тәрбиелеуде кездесетін бұзылу себептерін анықтайтын психологиялық қызмет бағыты болып табылады. Диагностикалық жұмыстар жеке оқушымен және балалар тобымен жүргізілді.

Жұмыс барысында психологтар психодиагностикалық зерттеудің бірнеше түрлерін қолданады.

1.Кешенді педагогика-психологиялық зерттеу жүргізу. Зерттеудің бұл формасы балалардың мінездемесін анықтауда алғашқы диагностика болып есептеледі. Бұл зерттеуде оқушылардың 75 пайызы оң нәтиже көрсетеді. 20 пайызы орташа және 5 пайызы төмендеу нәтиже көрсетті. Алдағы уақытта кешенді-психологиялық зерттеу барлық оқушылармен 100 пайыз жүргізіледі.

2.Тереңдетілген психодиагностикалық зерттеу- күрделі қиындық туындаған жағдайда жүргізіледі. Тереңдетілген психодиагностикалық бақылауды Ақдала орта мектебінің психологы Ойшиева Аля өз тәжірибесінде көп қолданады. Бақылау нәтижесінде күнделікті тіршіліктен күйзелген балалар анықталып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.( іскерлік ойындар, тренингтер, психотехникалық жаттығулар, оңаша әңгімелесулер). Бұл зерттеу тәрбиесінде қиындық келтіретін оқушылармен 100 пайыз жүргізілді. Нәтижесінде оқушылардың өмірге деген көзқарастары түзелді.

Диагностикалық жұмыстардан күтілетін нәтиже анықтау жұмыстары айқын, нақты жүргізілу. Алдағы басқа бағыттардың дұрыс жүргізілуіне бастама болады.

Психопрофилактикалық жұмыстар.Бұл бағыт бойынша психологтар баланы балабақшаға , мектепке бейімдеу кезінде көптеген жұмыстар атқарды. №1 Жамбыл атындағы орта мектептің психологы оқушылардың мектепке бейімделуіне жасалатын профилактикалық шараларды үнемі тыңғылықты жүргізеді. Профилактика-сәтсіздіктерге ескерту жасау. Осыған байланысты өзінің жұмыс тәжірибесінде тұлғаның дамуының сәтсіздігінің алдын-алу, сынып, мектеп ұжымының психологиялық ахуалының бұзылуына жол бермеу, кәсіби бағыт беру жұмыстары көптеп жүзеге асырылады.5-11 сыныптар аралығында 85 пайыз профилактикалық шаралар жүзеге асырылды.Күтілетін нәтиже- оқушылардың күнделікті өмірде кездесетін сәтсіздіктерінің алдын алу.

Профилактикалық жұмыстардың бірегейі- мектеп оқушыларының суицидалды мінез-құлықтарының алдын алу. Бұл тұрғыда ақпан айында Бірлік орта мектебінде «Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жолдары» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өткізілді.

Мамыр айында мектеп оқушыларының суицидалды іс-әрекеттерінің алдын-алу мақсатында «Өмір, сен маған қымбатсың» тақырыбында аудандық семинар Ақдала орта мектебінің базасында ұйымдастырылды. Барлық аудан мектептерінде 100 пайыз суицидке қарсы жұмыстары тыңдалып, талдау жасалды.7-11 сыныптар арасында өмір туралы шығарма жазылып, нәтижесінде өмірден шаршаған оқушылар анықталды. Алдағы уақытта олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Осы бағытта аудан мектептерінің психологтары іскерлік ойындар, тренингтер, тесттер, арттерапия жұмыстарын жұмыс жоспары бойынша үнемі қолдануда.



Психокоррекциялық (түзету) жұмыстары. Бұл бағытта оқушылардың мінез-құлқындағы және оқуындағы өзгерістер мен бұзылуларды, дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше орын алады.Бала психологиясындағы қателіктердегі жөндеуге бағытталған арнайы көмектерді барлық мектеп психологтары жүзеге асырады. Атап айтқанда Бірлік орта мектебінің психологы сыныпта конфликтілер болған жағдайда мынадай психотехникалық жаттығулар тобын жүргізеді.Мысалы: «Өкпені еріту» жаттығуы. Жаттығудың мақсаты қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, шаршағандарын басу, физиологиялық тұрғыдан біршама босаңсуға бой алдыру. «Мен ғажаппын» жаттығуы. Мақсаты: күйзеліске түскен оқушыны стрестік жағдайдан алып шығу, өзін-өзі бағалай білуге баулу. Ж.Бәрібаев атындағы орта мектептің психологының жоғары сынып оқушыларымен жүргізген «Біздің өміріміздегі дау-дамай» , «Психологиялық қарым-қатынас», «Өзін-өзі игеру» жаттығуы, «Кәсіптік өзін-өзі анықтау» тренингтері коррекциялық жұмыстардың сәтті өтуіне себеп болды.Тренингке 100 пайыз оқушы (тәртібінде қиындық келтіретіндер) қатыстырылды.

Психологиялық кеңес жұмыстары. Бұл бағытта оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, оқушыларға, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, ата-аналарға оқу мен тәрбие жүйесінде бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді. Мысалы Д.Қонаев атындағы орта мектептің психологы Қ.Өскенбаева бастауыш сынып мұғалімдеріне психологиялық кеңес берудің маңызы зор деп есептейді. Себебі бастауыш сынып оқушыларында алғаш мектепке келгенде оқушылар үш түрлі қиындықты бастан кешіреді.1. Жаңа мектеп тәртібі-50 пайыз. 2. Мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен қарым-қатынас сипаты- 28. 3. Түрлі талаптар-22 пайыз –деп атап көрсетті. Осыған байланыты бастауыш сынып мұғаліміне мектеп психологының көмегі қажет екенін баса айтты.

Психологиялық кеңес жоғары мектеп оқушыларына, өтпелі кезең жасындағы балаларға өте қажет. Бұл аудан мектептерінің психологтары тәжірибесінде көптеп кездеседі. Кеңестің тиімділігі балалардың суицидтік әрекеттерінің алдын-алуға көмектеседі.



Психологиялық ағарту-дамыту жұмыстары. Бұл психологтың , мектеп мұғалімдерінің яғни педагогтардың өз білімдерін дамыту жұмыстары. Мектеп психологтарының барлығы бұл бағытта күнделікті жұмыс жасауда.

2011-2012 жылдағы психологиялық қызмет көрсету жұмыстарындағы ең негізгі жаңалық- аудан мектептері психологтарының жинағының жарық көруі. Қазан айында өткен семинарда аудандық әдістемелік кабинет тарапынан жинақ шығаруға ұсыныс түскен болатын. Әдістемелік кабинеттің психологиялық қызмет көрсету бойынша әдіскері П.Абенованың ұйымдастыруымен 2012 жылдың тамыз айында «Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті ұйымдастырудың әдістері» тақырыбында жинақ жарық көрді. Жинақ АОМКДИ-да бекітілген. Бұл жинақта шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтардың жұмыстары іріктеліп берілді. Психолог мамандардың жыл бойғы атқарған жұмыстарының қорытындысы іспеттес бұл жинақта профилактикалық, психокоррекциялық жұмыстар көп қамтылған.



Озат іс-тәжірибе тарату жұмыстарың барысы жайлы

Ауданның әр мектебінде мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеру, мектептердегі озат тәжірибе жұмыстары арқылы да жүзеге асырылады. Біраз мектепте озат тәжірибе мектебі, шеберлік сыныбы жұмыс жасайды. Онда тәжірибелі педагогтар жас мұғалімдердің кәсіби деңгейлерінің көтерілуіне көмек береді, оларды шығармашылық еңбекке баулиды. Шығармашылық есеп береді. Мұғалімнің, оқушының шығармашылық жұмыстарының нәтижесі байқалады. Шығармашылыққа, ізденіске баулиды.. Әр мұғалімнің кәсіби өсу деңгейін анықтайды. Өз білімін көтеру жұмыстарына ықпал етеді. (курстарға, іскерлік ойындарға, тренингтерге, конференсияларға, дебаттарға, семинарларға қатысуға). Өз білімін көтеруге әдістемелік басылымдарды таңдауға көмектеседі. Тәлімгер мен жас мұғалім арасында байланыс, өзара сабаққа қатысу, талдау және бағыт-бағдар беріледі. Өз пәніне байланысты әдістемелік оқу құралдарын жазады. Кәсіби байқауларға, семинарларға, педагогикалық оқуларға қатысады. Алдыңғы қатарлы педагогикалық озық жұмыстарын таратады.

*Осы бағыттар бойынша тәжірибелі ұстаздар Е.Болсынбеков, Н.Қалқанбаева, К.Абдіқайымова, Н.Үкібасов, Ж.Әбітбекова, В.Балқыбаева, Б.Өтелбаев, Т.Әміреева, Б.Құлтаева, Ж.Әлімбаева, А.Әденова оқытудың жаңа технологиясын қолдану, білім беру сапасын арттырудың тиімді жолдары, ғылым мен тәжірибенің интеграциясы т.с.с. тақырыптарға семинар, кеңес, ашық сабақтар, тренинг т.с.с. тұрақты өткізіліп отырады. Осы жұмыстарды жүзеге асыру барысында «Озат тәжірибе мектебінің» жұмысы жинақталады. Қазіргі заман талабына сай шығармашылықпен жұмыс істеп, өздерінің кәсіби біліктілігін жоғары дәрежеде танытып жүрген Н.Сматаева, М.Тыныбекова, Ж.Салқынова, С.Абілдаева, Б.Тойбаева т.с.с. ұстаздардың еңбектері жинаққа шықты.*

Биылғы оқу жылында Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты мен бірлесе отырып «Білім беру үрдісіндегі ақпараттық коммуникациялық технологиялар» тақырыбында мұғалімдердің іс – тәжірибесі жинақталған жинақ болып шықты. Бұл жинақта Ақкөл, Бірлік, Қарағаш, Бейсекбаев, Ахметов, Бәрібаев, Топар, №2Жамбыл мектептерінің мұғалімдерінің сабақ жоспарлары шықты. Осымен қатар облыстық «Бейінді оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында Б.Бейсекбаев ат.о.м А.Сәлімбаева, Ж.Әлімбаева, Н.Сматаева, Г.Сейсенбаева, Д.Қонаев а.о.м Қағазбекова М. сынды мұғалімдерінің қолданбалы таңдау курс бағдраламалары осы жинаққа шықты.

ҚР Республикамыздың 20 жылдығына арналған облыстық ғылыми –практикалық конференциясына аудан мектептерінің материалдары жинаққа енді./Ж.Бәрібаев, Мектеп –интернаты/ , №1 Жамбыл а.ом /Өзін -өзі тану Венера Балқыбаев халықаралық интернет конференциясына қатысып «Мектеп оқушыларының рухани адамгершілікке тәриелеудегі отбасылық ықпалы», іс –тәжірибесі «Білім беруді модернизациялау жағдайындағы рухани –адамгершілік тәрбие» /халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жинағына шықты, «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу пәндерінің үдерісті және мазмұнды компоненттері» тақырыбындағы сырттай өткізілген облыстық интернет конференцияға аудан мұғалімдерінен 9 мұғалімнің баяндамасы жіберіліп, жинаққа Ахметов ат.о.м – М.Тыныбекова, Г.Саттыбаева, №2 Жамбыл ат.о.м – З.Ивиниова, Ж.Салқынова, Қарағаш о.м – Х. Қадырбаева, Береке о.м – Л.Нурханова, №1 Жамбыл ат.о.м – А.Бөртебаева, Б.Құлтаева, Р.Сатиева мұғалімдер енгізілді. Биылғы оқу жылында І және ІІ ж/ж бойынша облысқа он-лайн режимінде сабақ берген №1 Жамбыл ат.о.м мұғалімдері А.Қасабеков пен Г.Косенбаеваның сабақ жоспары мен презентациялары облыстық ақпараттық технологиялар орталығының көмегімен шығатын жинаққа енгізілді.

Аудан мектептерінің іс – тәжірибесі жинақталып басылып таратылған мектептер, атап айтсақ Бірлік о.м «Өркениеттің өзегі -білімде», Ы.Алтынсарин аом «Мектеп – ауыл жүрегі», Ақкөл о.м «Ақпараттық технологияны қолдану іс –тәжірибесінен» және «Ғылым -жанып тұрған шырақ, өнер-ағып жатқан бұлақ», Қонаев а.о.мектебінің Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдық мерей тойына арнап «Ұлы тұлға ұлағатымен» тақырыбындағы оқу тәрбие жұмысынын ұйымдастырудағы іс тәжірибелері топталған.

«Білім көкжиегі» республикалық ғылыми-әдістемелік журналға /1 қаңтар 2012ж./ ауданның бастауыш сынып мұғалімдерінің П.Молдажанова, А.Әденова, Б.Тәжіқұлова, Р.Әжібиева /Береке о.м./, А.Өнербекова, Ф.Сонабаева, Р.Валиева, Б.Үсенова /Б.Бейсекбаев ат.о.м./, Абдырахманова, С.Абілдаева, А.Бейсенбаева, Ж.Сырманақова /Ә.Ахметов ат.о.м./, Г.Сылқымбаева /Қарағаш о.м./, А.Жайсаңбекова, Н.Митянина /Үшжарма о.м./, Ж.Салимова, Ж.Салқынова /№2Жамбыл ат.о.м./, Д.Өмірбекова /Д.Қонаев ат.о.м./, А.Жолдасова /Жиделі о.м./ және «Арман» балабақшасының тәрбиешілері Е.Игенбаева, А.Надирова, Н.Ахатаева, Г.Талқамбаева озық іс-тәжірибелері шықты.

Авторлық бағдарламаларының жарық көруі - аудан ұстаздарының жаңашылдыққа, ізденіске бет бұрып, осы кезге дейінгі аға буын ұстаздардың ізденісін жалғастырып келе жатқандығының айғағы. Атап айтсақ аудан мектептерінің Үлгілі орта мектебінің әр оқу жылына бағдарламалары жарық көруі, атап айтсақ/«Қызықты математика» , «Құсбелгілік өнері», «Абай поэзиясы- тәрбие көзі» «Шешендік өнер» тақырыбындағы қолданбалы курс бағдарламасы/ , Ә.Ахметов атындағы орта мектептің «Бисердан әр түрлі бұйымдар жасау технологиясы» , «Абайтану» қосымша әдістемелік құрал ұйымдастырып баспаға ұсынуы , «Қазақтың интерпретациялық өлшем бірліктері» жинақтарға енді. Б.Бейсекбаев ат.о.м М.Достемесованың «Қазақ ою өрнегі» тақырыбында авторлық бағдарламасы облыс, аудан көлемінде таралды. Сонымен бірге Топар о.м , Алтынсарин а.о.м мұғалімдерінің авторлық бағдарламалары жинақталып басылып шықты.

Алматы облысы әкімінің 2012 жылы «2012-2013 оқу жылына әскерге шақырылатын жастарды дайындау жоспарын бекіту туралы» шешімнің орындалу барысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімінің шешімі қабылданып әскер жасына дейінгі және әскер жасындағы азаматтарды қызметке дайындау жөніндегі аудандық оқу бөлімінің бұйрығы шығарылып 2011-2012 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Әдістемелік кабинеттің 2011 -2012 оқу жылындағы жоспары мен бастапқы әскери даярлық пәнінің оқытылу сапасын арттыру мақсатында осы пәннің оқытушы-ұйымдастырушыларымен жыл барысында бірнеше аудандық семинар өткізілді.

Бастапқы әскери даярлық пәнінің оқу-материалдық базасын жетілдіру барысында да біршама жұмыстар атқарылды. Бастапқы әскери даярлық кабинеттері, қарауыл қалашықтары, тактикалық алаңдар,кедергімен жүгіру,тирлер, талапқа сай жабдықталмаған. Кейбір мектептер өз күштерімен немесе демеушілер көмегімен материалдық базасын нығайту үстінде. Мектеп тирлері мен қару-жарақ сақтайтын бөлмелері босатылып, әрлеу жұмыстары жүргізілді. Жастардың бойында отансүйгіштік сезімдерді ояту мен бастапқы әскери даярлық пәні оқытушы-ұйымдастырушыларының осы саладағы еңбектерін бағамдау мақсатында аудандық «Жас Қыран-2012» әскери-патриоттық ойыны өткізіліп, Б.Бейсекбаев атындағы орта мектебінің командасы бас жүлдені иеленді.

Аудандық қорғаныс бөлімі аудандық білім бөлімімен бірлесіп аудан мектептерінде АӘД пәнінің жүргізілуін және патриоттық тәрбиені өткізілуін алдағы оқу жылында бірігіп жоспарлау шараларын ұйымдастырып іс –шаралар жоспарын жасап аудан әкімімен бекітті. Сонымен бірге аудандық қорғаныс бөлімімен бірігіп түрлі семинарлар ұйымдастырылып отырады.

Аудан мектептерінің әскери жетекшілері патриоттық іс-шаралар ұйымдастырумен қатар денешынықтыру пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып, жастардың спорттық деңгейін көтеруге жете көңіл аудара бастады. Атқарылған іс-шаралар өз нәтижесін беріп, мектеп оқушыларының денсаулығы өткен жылдармен салыстырғанда біршама артқанын көруге болады. Былтырғы жылы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде шақыру учаскесінен тіркеуден өткен 1996 жылы дүниеге келген жасөспірімдердің әскери қызметке жарамдысы 50,3 пайыз болса, биылғы жылы (1997 ж.т.) ол көрсеткіш 51,2 пайызды құрап отыр.

Бастапқы әскери даярлық пәні оқытушы-ұйымдастырушыларының кәсіби білімін жетілдіру мақсатында Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінде өткізілетін курсқа Н.Бозжанов атындағы орта мектебінің пән мұғалімі жіберіді. Осы уақытқа дейін аталған курсқа аудан мектептерінен 6 адам жіберілді. өкінішке орай олардың екеуі түрлі себептермен курсқа бара алмады.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әр айдың үшінші сәрсенбісінде аудандық білім бөлімі маманының қатысуымен бастапқы әскери даярлық пәні мұғалімдерімен семинар өткізіліп тұрады. Семинарда тәжірибелі пән мұғалімдері көрсетімдік сабақ өткізіп, тәжірибе алмасады. Сонымен қатар әскери жетекшілер өздеріне қажетті сұрақтарға жауап алады.

23-26 тамыз аралығында бастапқы әскери даярлық пәні мұғалімдерімен өткен үш күндік жиында 2007 жылдың 21 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің №299 Жарлығымен шыққан мемлекетіміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған әскери доктринасының бірінші кезеңінің (2007-2008ж.ж.) аяқталуына байланысты екінші кезеңдерді қамтитын (2009-2012 жылдар аралығы) қауіпсіздік негіздері мен бағыттары туралы мағлұмат берілді. Бұқаралық қорғаныс айлығы кезінде мектептің әскери жетекшілері өздеріне бөлінген төменгі сынып оқушыларына шефтік көмек көрсетіп, түрлі шаралар ұйымдастырды. Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, ауғанстанда интернационалдық борышын өтеген жауынгерлермен және еңбек ардагерлерімен кездесулер өткізді. Сонымен қатар мектепішілік әскери-патриоттық «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ойындары және өзге де спорттық жарыстар өткізілді.

Сондай-ақ аудан мектептерінде бастапқы әскери даярлық пәні оқытушы-ұйымдастырушылары мектеп кітапханашылары, денешынықтыру пәні мұғалімдері және сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, «Мен өз елімнің патриотымын ба?», «Ұлт рухын ұлықтаған», «Желтоқсан желі» секілді сынып сағатары мен кездесулер, диспуттар және «Қазақстан туған елім менің» атты Елбасы Н.Назарбаевтың шығармаларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2011-2012 оқу жылында технология пәні білім саласының жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 21.02.2011 жылғы № 68 бұйрықтарымен бекітілген оқу бағдарламаларының негізінде оқытылады .

Мектептерде « Шебер қолдар» үйірмелері жұмыс атқарады .Оқушылар қолданбалы қол өнерінен аудан көлемінде өткізіліп тұратын көрмелерге қатысып тұрады

Технология пәнінде оқушылар еңбек құралдарын толық пайдалана отырып түрлі жұмыстар атқарады .Ауданда технология пәні мұғалімдері және мектеп оқушылары арасында қолданбалы қолөнер байқауы ұйымдастырылып өткізіледі.

Аудандағы 21 орта негізгі мектептерде.2012-2013 оқу жылында мемлекеттік бағдарлама сәйкес жоспар құрылып , іс- шаралар өткізілді. Ауданы мектептерінде 55 дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері жұмыс істейді, олардың 39 жоғары білімді мамандар, 12-і арнаулы орта білімді дене шынықтыру пәні мамандары, 3-і аяқталмаған жоғары білімді.

2011-2012 оқу жылына аудан мектептеріне 10 717 000 теңгеге спорттық құрал-жабдықтар сатып алынып таратылып берілді,оның ішінде 21 мектепке қысқы спорт түрлерімен айланысу үшін шаңғы және конькилермен қамтамасыз етілді, сонымен бірге футбол,волейбол,баскетбол доптарымен және басқа да спорттық инвентарлармен жабдықталды Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын орындау мақсатында денешынықтыру сабақтары мен спорттық үйірмелерге ерекше көңіл бөлінуде.Аудан көлемінде мектептерде 97 ақысыз спорттық секциялар жұмыс жасайды ол секцияларда 1547 оқушы әртүрлі спорт түрлерімен айналысады.Аудан мектептерінің бала санына шаққанда 28% пайызды құрайды. Мектептерде міндетті түрде таңертеңгілік 15-20 минуттық жаттығулар және сабақ арасында төменгі сыныптарда бой жазу жаттығулары өткізіліп тұрады. Елбасының жылдағы дәстүлі жолдауларында басты назарда болатын салауатты өмір салтын іске асыру жолында аудан мектептерінде « Президенттік тест » көрсеткіштері қабылданды. Ал мектеп оқушылары аудандық Президенттік көпсайыс спартакиадасына жаппай қатысады.

Алматы облысында дене тәрбиесі және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, Балқаш ауданы бойынша дене тәрбиесі спортын дамытудың 2007-2013 жылдарға арналған іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Балқаш ауданы әкімінің 15 ақпандағы № 2-2 шешімімен бекітілген. әр тоқсандық спорттық-көпшілік іс-шараларының жоспары негізінде тұрақты жұмыс істейді Ауданның 21 орта мектептерінде 85 % спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Балқаш ауданы бойынша оқулықтар және оқу әдістемелік құралдарды бастыру және сатып алу үшін облыстық бюджеттен 14 338 000 (он төрт миллион үш жүз отыз сегіз мың) теңге қаржы бөлінді

Оқулықтар 1-сынып, 5- сынып, 7-сынып,8-сыныптар және 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11 «Өзін - өзі тану» пәндері бойынша жеткізіліп аудан мектептеріне таратылып берілді

Оқулықтар 11-баспа бойынша алынды



1, «Атамұра» баспасы бойынша 1-сыныптарға қазақ мектебіне 8-пән бойынша 4 915 дана оқулық, 1-сынып орыс мектебіне 8-пән бойынша 570 дана оқулық.

«Атамұра» баспасы 7-сынып қазақ мектебі 7-пән бойынша барлығы 2660 дана, 7-сынып орыс мектебі 7-пән бойынша барлығы 281 дана оқулық,

«Атамұра» баспасы 8-сынып қазақ мектебі 2-пән бойынша 580 дана, 8-сынып орыс мектебі 1-пән бойынша 40 дана және 5-сынып қазақ мектебі 6-пән бойынша 2700 дана, 5- сынып орыс мектебі бойынша 240 дана. Жалпы «Атамұра» баспасы бойынша 6 771 830 (алты миллион жеті жүз жетпіс бір мың сегіз жүз отыз ) теңгеге 14 282 дана оқулықтар, оқу-әдістемеліктер алынды.

2. «Мектеп» баспасы бойынша 8-сынып қазақ мектебі 10-пән бойынша 2960 дана, 8- сынып орыс мектебі 11-пән бойынша 380 дана . Жалпы «Мектеп» баспасы бойынша 2 546 800 (екі миллион бес жүз қырық алты мың сегіз жүз) теңгеге 3 340 дана оқулықтар, оқу-әдістемеліктер алынды.

3. «Бөбек» қорынан «Дәуір» баспасы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11 «Өзін - өзі тану» пәндері 1-4 сыныптар бойынша 5076 дана оқулықтар,оқу-әдістемелік құралдар.

5-сынып қазақ мектебі 250 дана оқулық 25- дана оқу-әдістемелік құрал 820-дана дәптер

5-сынып орыс мектебі 20 дана оқулық 7- дана оқу-әдістемелік құрал 80-дана дәптер

6- сынып қазақ мектебі 250 дана оқулық 25- дана оқу-әдістемелік құрал 820-дана дәптер

6-сынып орыс мектебі 20 дана оқулық 7- дана оқу-әдістемелік құрал 80-дана дәптер

7- сынып қазақ мектебі 220 дана оқулық 25- дана оқу-әдістемелік құрал 800-дана дәптер

7-сынып орыс мектебі 20 дана оқулық 7- дана оқу-әдістемелік құрал 80-дана дәптер

8- сынып қазақ мектебі 220 дана оқулық 25- дана оқу-әдістемелік құрал 800-дана дәптер

8-сынып орыс мектебі 20 дана оқулық 7- дана оқу-әдістемелік құрал 80-дана дәптер

9- сынып қазақ мектебі 220 дана оқулық 25- дана оқу-әдістемелік құрал 800-дана дәптер

9-сынып орыс мектебі 20 дана оқулық 7- дана оқу-әдістемелік құрал 80-дана дәптер

10- сынып қазақ мектебі 200 дана оқулық 25- дана оқу-әдістемелік құрал 700-дана дәптер

10-сынып орыс мектебі 20 дана оқулық 7- дана оқу-әдістемелік құрал 80-дана дәптер

11- сынып қазақ мектебі 200 дана оқулық 25- дана оқу-әдістемелік құрал 700-дана дәптер

11-сынып орыс мектебі 20 дана оқулық 7- дана оқу-әдістемелік құрал 80-дана дәптер

«Бөбек» қорынан «Дәуір» баспасы Балабақшалар мен шағын орталықтардың даярлық топтары мен жоғарғы топтарына және тәрбиешілеріне әдістемелік құралдар,альбомдар барлығы 3 942 000 (үш миллион төғыз жүз қырық екі мың) теңгеге 14 673 дана оқулықтар,

оқу-әдістемелік құралдар алынды.

4. «Алматыкітап» баспасынан 1-сынып қазақ мектебіне оқу-әдістемелік құралдар және дәптерлерімен 7-пән бойынша 680 дана, 1-сынып орыс мектебіне оқу-әдістемелік құралдар және дәптерлерімен 9-пән бойынша 154 дана, Жалпы «Алматыкітап» баспасынан 362 160 теңгеге 834 дана оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар алынды.

5. «Арман ПВ» баспасынан 5-сынып (Қазақ әдебиеті) қазақ мектебіне 40 дана, 7-сынып қазақ мектебі 4 пән бойынша 1140 дана, 7- сынып орыс мектебң 3 пән бойынша120 дана, 8- сынып казақ мектебі 2 пән бойынша 760 дана, 8- сынып орыс мектебі 3 пән бойынша 120 дана оқулықтар. Барлығы «Арман ПВ» баспасынан 2 565 дана оқулық 1964805 (бір миллион тоғыз жүз алпыс төрт мың сегіз жүз бел) теңгеге алынды.

6. «Кембридж» баспасынан 7-сынып қазақ мектебіне 660 дана оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтар, 8- сынып қазақ мектебіне 660 дана оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтар. Барлығы 1 320 дана оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтар 1 851 000 (бір миллион сегіз жүз елу бір мың) теңгеге алынды.

7. «Білім» баспасынан 8-сынып оқулығы 380 дана 209 000 (екі жүз тоғыз мың)теңгеге алынды

8. «Жазушы» баспасынан 8-сынып қазақ мектебі бойынша (Геометрия) 200 дана 110 000 (жүз он мың) теңгеге оқулықтар алынды.

9. «Географиядан Республикалық атаулы мектеп» баспасынан 5- сынып қазақ мектебіне (Жаратылыстану) 394 дана; 5- сынып орыс мектебіне (Естествознания) 38 дана, 8- сынып қазақ мектебіне (Қазақстанның физикалық гографиясы) 372 дана, 8-сынып орыс мектебіне 40 дана (Физическая география Казахстана) оқулығы барлығы 844 дана 527 000 (бесжүз жиырма жеті мың) теңгеге алынды.

10. «ЦПТИО» баспасынан 120 дана 7,8- сыныптарға электронды оқулықтар 1500 000 (бір миллион бесжүз мың) теңгеге алынды

11. «Олимп» баспасынан оқулықтар әлі алынған жоқ.

Жалпы ауданға 39 758 дана оқулықтар мен оқу - әдістемелік құралдар 14 338 000 (он төрт миллион үш жүз отыз сегіз мың теңгеге) алынып ауданға жеткізіліп мектептерге таратылып берілді.

Аудан мектептерін оқулықпен қамтылуы 100% пайызды құрайды.

Аудан мектептерінде эксперименттік - тәжірибе жүргізілуде. Республикалық ғылыми –эксперимент жұмысы 2010-2013 оқу жылына Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте «Халықаралық сапа стандарты контекстінде мектептің оқу–тәрбие процесін басқаруды педагогикалық құрастыру» тақырыбы бойынша ғылыми жетекшісі п.ғ.к.,доцент Орақова Амангүл Шахарбекқызы ғылыми –эксперимент жұмысы жүргізілуде. Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының ғылыми жетекшілігімен «Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін қалыптастыру –нәтижеге бағдарланған білім беру шарты» тақырыбы бойынша ауданымызда Д.Қонаев атындағы орта мектебі мен №1 Жамбыл атындағы орта мектебі ғылыми- эксперимент жұмыстары 2010-2014 жылдырына жоспарланып жүргізілуде. Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының педагогикалық менедмент кафедрасының меңгерушісі Майра Уалиқызының ұйымдастыруымен, Д.Қонаев 100 жылдығына толуына байланысты,Д.Қонаев атындағы орта мектебінде облыстық семинар өткізілді.

Тәуелсіздік туын көтерген жас мемлекетіміз білім саласында да өзіндік бағыт-бағдарын айқындап, әлемдік білім кеңістігіне шығуда. Жаңа мектепке жаңа ұстаз қажет.Жылдан-жылға қарыштап дамыған қоғамымызда мұғалім ролі өсіп келе жатқаны даусыз. Мемлекетіміздің білім саясатын жүзеге асыратын –мектептер десек, ал мұғалім -мектептегі ең басты тұлға екендігі айдан анық. Қазіргі мұғалімнің кәсіби біліктілігін көтеруге ықпал ететін шаралар- түрлі байқаулар, конференциялар мен педагогикалық оқулар.

Осы заманғы білім беру мен тәрбиенің өзекті мәселелері, жаңа білім технологиялардың ролі, оқушылардың білім сапасын арттыру, оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары туралы мәселелер көтерілді.

«Қауіпсіздік дөңгелек» байқауы өткізіліп, бас жүлде алған «Бірлік» орта мектебінің «Жас ұлан» тобы облыстық байқауға қатысып, 5-орынға ие болды. «Жас велосипед» байқауында І орынды иеленді.

Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқан оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарының доклад тезистері жинаққа енгізіліп, республика көлемінде таратылды.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

2011- 2012 оқу жылы компьютерлер саны 606 – ға жетті. Өткен оқу жылында аудан бойынша 1 компьютерге 11 баладан келсе, 2011-2012 оқу жылына 1 компьютерге 9,6 баладан келіп отыр. Жабдықталған компьютерлік сыныптардың саны - 32.

Балқаш ауданында 25 мектеп бар, оның 20 – ы орта, 4 – ы бастауыш мектептер, 1- мектеп интернаты. Балқаш аудандық білім бөліміне қарасты 25 мектептің барлығы да компьютерленген. 2012 жылғы жоспарға сәйкес білім мекемелеріне 61 компьютерлер алынып, орнатылды Лингофонды- мультимедиялық кабинет ауданның 11 мектебінде. Б.Бейсекбаев атындағы орта мектепке, Бақанас орта мектебіне, Ақкөл орта мектебіне, №1 Жамбыл ат.о.м, №2 Жамбыл ат.о. мектептерге кең арналы жоғары жылдамдықты интерактивтік тақталар орнатылып, «Оn-line» режиміндегі белгіленген жоспарлы интерактивті сабақтарға уақытылы қатысып отыр.

Ауданымыздың 12 мектебіне қашықтан оқытудың спутниктік каналы (СКДО) орнатылды.

Әдістемелік кабинеттің өзекті тақырыбы:
Нәтижеге бағдарланған құзіретті білім беру жағдайында әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру
Әдістемелік жұмыстың мақсаты:
Әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыра отырып, мұғалімдердің кәсіби құзырлық және педагогикалық шеберлік деңгейлерін үздіксіз жетілдіру.

Әдістемелік кабинеттің міндеттері


1.Педагог-мамандарың кәсіби шеберліктерін арттыру, дайындық курсынан уақытылы өтулеріне көмек көрсету;

2.Жеке пәндер бойынша көшпелі курстар ұйымдастыру;

3.Мектептердегі жалпы әдістемелік жұмыстардың пән бірлестіктерінің жұмыстарының жүргізілуін бақылау,әдістемелік көмек көрсету;

4.Тәжірибе алмасу, педагогика саласындағы жаңалықтамен танысу, білім технологияларын оқып үйрену мақсатында аудандық пән семинарларын, дөңгелек стол,конференциялар ұйымдастыру; Кәсіби байқаулар ұйымдастыру, жоғары деңгейде өтілуін қамтамасыз ету;

5.Озық іс-тәжірибені анықтау, зерттеу, насихаттау жұмыстарын жүргізу;

Педагог-мамандардың шығармашылық жұмыстарын, үздік сабақ үлгілерін баспа бетіне жариялауға ықпал ету;

6.Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру;

7.Пән олимпиадасының жоғары деңгейде өтілуін қамтамасыз ету.

8. Жас мамандардың кәсіби тұлғаларын қалыптастыруға, кәсіптік шеберліктерін көтеруге көмек көрсету.


Аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісінің

(Смағұлов А.Е.) лауазымды міндеттері


  • Облыстық білім басқармасы, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты мен аудандық әдіскерлердің арасында жүйелі байланыс орнату;

  • нормативтік құқықтық акт ережелерінің келісімімен облыстық, аудандық әдістемелік кабинеттердің іс-әрекетін басқару және ұйымдастыру;

  • Өз құзыры деңгейінде әдістемелік кабинет қызметкерлерінің жұмысқа тұруы мен шығуына бөлім бастығына ұсыныстар беру;

  • әдістемелік кабинет мүшелерінің құрамын аттестаттауды ұйымдастыру;

  • әдіскердің лауазымды міндеттерін анықтау, кәсіби шеберліктерін дамытуға жағдай жасау;

  • аудандық әдістемелік кабинетте ғылыми оқыту әдістемелік іс-әрекетті бақылауды және жоспарлауды ұйымдастыру;

  • Әдістемелік жұмыстың жай-күйіне талдау жасайды, оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

  • Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының тәжірибелерін, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижелерін зерделеуді, талдауды және таратуды ұйымдастырады

  • Мұғалімдер мен оқытушылардың курсаралық даярлығын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбиелік, әдістемелік және басқару қызметін ұйымдастыруға консультативтік, әдістемелік, практикалық көмек көрсетеді.

  • Оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізеді.

  • ғылыми тұрғыда өткізілген іс-шараларға және оқу бағдарламасының әдістемелік дайындығын бақылауға жетекшілік жасау, оны жүзеге асыру;

  • педагогтардың мамандықтары бойынша мамандықты көтеру курсына жіберетін ұстаздарға диагностика жасап, ұйымдастыруды қадағалау ;

  • әдістемелік жұмыстың жағдайын қорытындылау, оның тиімділігін зерттеу;

  • білім, мекеме жетекшілері мен озат педагогтардың жұмыстарын талдауды, таратуды, оқытуды ұйымдастырылын қадағалау;

  • Бағдарлы оқытуды жүзеге асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету

  • педагогтардың байқауға, слетқа, олимпиадаға, көрмеге және т.б. жарыстарды ұйымдастырып, оны өткізуге қажетті жағдай жасау.

  • келісім шарт негізінде ғалымдармен, шығармашылықпен жұмыс істейтін басқа аймақ педагог қызметкерлерімен байланыс ұйымдастыру;

  • тестік жұмысты өңдеуге, құрастыруға және басқа да материалдарға әдістемелік нұсқау беруге көмектесу.

- эксперименттік – тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру, көмек көрсету

- білім мекемелерін аттестациалау, авторлық бағдарламаларды сараптауда



ғылыми - әдістемелік көмек беру





Бастауыш сыныптар және мектепке дейінгі білім беру

бойынша әдіскердің (Мәкібаева С.Ж) лауазымдық міндеттері


  • Бастауыш сыныптар, 12 жылдық білім беру, мектепке дейінгі білім беру педагогтардың әдістемелік жұмысын ұйымдастыру;

  • Бастауыш сынып, МАД, шағын орталық мұғалімдерінің аудан бойынша сапалық және сандық құрамы мониторингісін жасайды;

  • педагогтардың мамандықтары бойынша, өз білімін көтеру курсын жоспарлау және бағдарлау;

  • мектепаралық семинар, отырыстарды ұйымдастыру;

  • балаларға арналған білім бағдарламасын өңдеуге қатысу, мектепаралық және балабақшалармен қарым-қатынасты дамыту;

  • Аппарат, алқа мәжілістеріне өз саласы бойынша материалдар әзірлеп ұсынады.

  • шағын жинақталған бастауыш мектептерде оқу-тәрбие және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, оны жоспарлау үрдісіне көмек көрсету;

  • мекемедегі педагог қызметкерлерін аттестаттау, білім мекемелерін аттестациалау және өз білімін көтеру курсын үйлестіру жұмысына, тәрбиешілерге өз білімін жан-жақты дамытуға көмек көрсету;

  • Озық іс-тәжірибені анықтау, зерттеу, насихаттау жұмыстарын жүргізу; мекемелердегі циклдар бойынша атқаратын әдістемелік жұмыстың жағдайын зерттеу;

  • балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтудың, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әр түрлі бағдарламаларына қол жеткізуді қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру;

  • педагог қызметкерлеріне моральдық және материалдық мадақтау шараларына ұсыныс енгізу;

  • мектепалды даярлық пен бастауыш сынып оқушыларының білім сапасына мониторинг шығарып отыру;

  • Тірек мектебінің жұмысына көмек ұйымдастыру және басшылық;

АӘД, дене тәрбиесі, сызу, бейнелеу, өнері, музыка

пәндері және кітапхана жұмыстары бойынша әдіскердің

(Сарыбаев С.Қ.) лауазымдық міндеттері
- әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;

  • педагогтардың мамандықтары бойынша, мамандықты көтеру курсын жоспарлау және бағдарлау;

  • пән бойынша олимпиадалар, конкурстар (байқаулар) конференциялар және семинарлар ұйымдастыру;

  • білім мекемесінде педагог қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастыру және жоспарлау үрдісіне көмек көрсету;

  • аудандық білім мекемелерінде дайындық курсынан өткен қызметкерлер құрамының мониторингін жүзеге асыру;

  • өнер бағытындағы және АӘД пәндері бойынша әдістемелік жұмыстың тиімділігін байқау, (зерделеу);

  • мектептерде пән бойынша әдістемелік сұрақтарды қамтамасыз ету және жүзеге асыру;

  • сәйкес пәндері бойынша педагогтарға тестік жұмыстарды өңдеуге, құрастыруға және басқа да материалдарға әдістемелік нұсқау беруге көмектесу;

  • пәндер бойынша озат технологиямен оқыту, тәрбиелеу ақпараттарын меңгеруге және таратуға мүмкіндік туғызу;

  • озат тәжірибелі педагогтардың тартылған жұмыстарын зерделеу, жүйелеу, мониторингін шығару.

  • кітапхана жұмыстарын ұйымдастыру;

  • кітапхана қоры, педагогикалық және ғылыми әдістемелік әдебиеттермен баспасөз басылымдары, аудиовизуальды құралдармен толықтырып отыру;

  • Аппарат, алқа мәжілістеріне өз саласы бойынша материалдар әзірлеп ұсынады.

  • медиатека және электронды кітапхана құру;

  • жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін

қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру

Қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы пәндер, білім технологиялары бойынша әдіскердің ( Р.Асылбек ) лауазымдық міндеттері


  • аудан бойынша қоғамдық – гуманитарлық пән бірлестіктерінің әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру;

  • педагогтардың мамандықтары бойынша, мамандықты көтеру курсын жоспарлау және бағдарлау;

  • пән бойынша олимпиадалар, конкурстар (байқаулар) конференциялар және семинарлар ұйымдастыру;

  • аудандық білім мекемелерінде дайындық курсынан өткен қызметкерлер құрамының мониторингін жүзеге асыру;

  • қоғамдық-гуманитарлық цикл бойынша және бағдарлы оқыту бойынша әдістемелік жұмыстың тиімділігін байқау, (зерделеу);

  • мектептерде пән бойынша әдістемелік сұрақтарды қамтамасыз ету және жүзеге асыру;

  • Пән мұғалімдері және оқушыларды ғылыми жобаны қорғау жарысына, пән олимпиадаға, ҰБТ-ға даярлауға көмек көрсетеді.

  • қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша педагогтарға тесттік жұмыстарды өңдеуге, құрастыруға және басқа да материалдарға әдістемелік нұсқау беруге көмектесу;

  • Оқушылар арасындағы интеллектуалдық байқау жұмысына басшылық;

  • пәндер бойынша озат технологиямен оқыту, тәрбиелеу ақпараттарын меңгеруге және таратуға мүмкіндік туғызу;

- Оқытудың жаңа технологиясымен жұмыс істейтін мұғалімдердің шығармашылық тобын құру, педагогикалық инновациялық технологияларға байланысты ақпараттық анықтамалық құру және жүйелеу;

- орыс және ағылшын тілдері бойынша білім деңгейлеріне айырықша көңіл

бөлу


  • ҰБТ жұмыстарын жүргізу барысында мұғалімдер мен оқушылардың жетістігіне мониторинг жүргізу.

  • Озат іс – тәжірибелерді зерттеу, насихаттау мен таратуда жүйелі

жұмыстар жүргізу

  • Аппарат, алқа мәжілістеріне өз саласы бойынша материалдар әзірлеп ұсынады.

  • 3 тілде оқыту, «2- сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту» бойынша әдістемелік көмек

  • қоғамдық-гуманитарлық цикл бойынша 12 жылдық білім беруді ұйымдастыру және әдістемелік көмек;

  • Аудан мектептеріндегі таңдау, элективті курстары және факультативті сабақтардың жүргізілуін жүзеге асыру;



Жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер және тәрбие бойынша әдіскердің ( А.С. Тұрсынбекова) лауазымдық міндеттері


  • Аудан бойынша әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;

  • педагогтардың мамандықтары бойынша, мамандықты көтеру курсын жоспарлау және бағдарлау;

  • пән бойынша олимпиадалар, конкурстар (байқаулар) конференциялар және семинарлар ұйымдастыру;

  • білім мекемесінде педагог қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастыру және жоспарлау үрдісіне көмек көрсету, аттестациялаушының іс – тәжірибелерін зерделеу;

  • аудандық білім мекемелерінде дайындық курсынан өткен қызметкерлер құрамының мониторингін жүзеге асыру;

  • жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер (физика, география, биология, химия, экология, валеология, математика, информатика, астрономия, экономика)және бағдарлы оқыту бойынша әдістемелік жұмыстың тиімділігін байқау, зерделеу;

  • Пән мұғалімдері және оқушыларды ғылыми жобаны қорғау жарысына, пән олимпиадаға, ҰБТ-ға даярлауға көмек көрсетеді.

  • педагогтарға тестік жұмыстарды өңдеуге, құрастыруға және басқа да материалдарға әдістемелік нұсқау беруге көмектесу;

  • Оқушылар арасындағы интеллектуалдық байқау жұмысына ұйымдастыру;

  • Шағын жинақты мектептердің жұмыстарын әдістемелік көмек жүргізу.

  • зертханалық – сарамандық және бақылау жұмыстарының

орындалуын,білім сапасына мониторинг негізінде зерттеу, талдау жасау.

  • Ақпараттық- коммуникациялық білім беруді ұйымдастыру, жақсарту;

- жас мамандар мектебінің жұмысына көмек ұйымдастыру;

  • жаратылыстану-математика цикл бойынша 12 жылдық білім беруді ұйымдастыру және әдістемелік көмек;

- «E-learning» электрондық оқыту жүйесін қолдану және жүзеге асыру;

- ақпараттық – коммуникациялық технологияларды педагогтердің

құзыреттіліктерін қамтамасыз ету, электрондық оқыту жүйесін

пайдалануды даярлау және олардың біліктілігін арттыру;



  • Аппарат, алқа мәжілістеріне өз саласы бойынша материалдар әзірлеп ұсынады.

  • кең жолақты интернетке қосылу, электрондық білім беру жүйесі үшін

жабдығын қамтамасыз ету;

- оқушылардың әлемдегі барлық білім беру ақпараттық ресурстарына on-line

арқылы қол жеткізуін қамтамасыз ету;


  • Білім мекемелеріндегі оқу-тәрбие әдістемелік бірлестіктер жұмысын ұымдастыру және үйлестіру;

  • Жеке және топтық консультациялар, белсенді қозғалыс сипатындағы сабақтар(үйірме) жұмысын ұымдастыру және үйлестіру;


Олимпиада, ғылыми жоба жұмыстарын , оқушылардың интеллектуалдық марафондарын ұйымдастыру

және психологтармен жұмыс бойынша әдіскердің (Әбенова П.Қ) лауазымдық міндеттері:


  • мектептердің іс – тәжірибесін зерттеу, жинақтау, тарату;

  • жалпы білім беретін үлгілі мектептердің іс-тәжірибесін тарату;

  • әдістемелік бағытта тірек мектептерінің жұмысын зерттеп, анықтау;

  • оқушының жеке тұлғасын жан-жақты, терең іс жүзінде зерттеу мен осы жұмысты диагностикалық тұрғыдан тиімді талдаудың әдістерін қарастыру;

  • республикалық, облыстық шараларға қатысу бойынша пән олимпиадасы нәтижесіне қарай; ғылыми жобаны қорғау жарысының қорытындысына қарай, тексеру, зерттеу анықтамасы бойынша білім мекемелері оқу процесі жағдайының мониторингін жасау;

  • педагог қызметкерлерді педагогикалық-психологиялық, әдістемелік, ғылыми әдістемелермен қағаз (факс) және электрондық жеткізгіштер арқылы таныстырып отыру;

  • Аудандық мектептердің ОҒҚ жұмысына жетекшілік жасау

  • Аппарат, алқа мәжілістеріне өз саласы бойынша материалдар әзірлеп ұсынады.

  • тесттік жұмысты өңдеуге, құрастыруға және басқа да материалдарға әдістемелік нұсқау беруге көмектесу:

  • Аудан мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру курсынан өтуін ұйымдастыру.

- психологиялық қызметті жетілдіруге әдістемелік көмек көрсету

- Білім негіздерін тереңдетіп оқытуға басшылық және көмек ұйымдастыру,

мониторингілеу;

- дарынды балалармен жүргізілетін жұмысын дамыту диагностикасы

негізінде зерттеу.


  • Олимпиада, ғылыми жоба жұмыстарына, оқушылардың интеллектуалдық

марафондарға қатысуын ұйымдастыру.

Әдіскерлерге кураторлық жауапкершілікті

міндеттеу реті

Смағұлов А. №2Жамбыл орта мектебі

Үлгілі орта мектебі

Ақкөл орта мектебі




Балабақшалар «Жасұлан», «Балдәурен», «Арман», «Балауса», «Бөбек», «Толғанай» және шағын орталықтар

Мәкібаева С.Ж. Бақанас орта мектебі

Б.Бейсекбаев атындағы орта
Көкжиде орта мектебі


Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп

№1 Жамбыл атындағы орта мектеп

Үш жарма орта мектебі

Береке орта мектебі



Әбенова П.Қ. Бірлік орта мектебі

Ы.Алтынсарин атындағы орта

мектеп.


Ақдала орта мектебі


Ә.Ахметов атындағы орта мектеп

Д.Қонаев атындағы орта мектеп

Б.Бейсекбаев атындағы орта мектебі

Топар орта мектебі



Сарыбаев С.Қ.

Н.Бозжанов атындағы мектеп

Аралтөбе орта мектебі

Топар орта мектебі




Көкжиде орта мектеп

Қарағаш орта мектеп

Жиделі орта мектебі

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі

Бақанас орта мектебі

Тұрсынбекова А.С




Ақдала орта мектеп

Н.Бозжанов атындағы орта мектеп

Аралтөбе орта мектебі

Бақанас мектеп-интернат

Бірлік орта мектебі

Асылбек Р



АББ кеңесінде қаралатын сұрақтар




Іс -шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

1

Пән олимпиадалары мен оқушылардың ғылыми жобалар жұмысының қорытындысы

Ақпан

Абенова П.Қ



2

Білім мекемелеріндегі пән мұғалімдерінің ақпараттық -коммуникациялық технологиясын оқу үрдісінде пайдалануы

Сәуір

Смағұлов А.Е


3

Аудан білім мекемелеріндегі математика, информатика және физика пәндерінің мазмұны, жүргізілу жайы

мамыр

Тұрсынбекова А


3

МДМ және шағын орталықтарда «Балапан» Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы

Маусым

Макібаева С.Ж

4

Білім мекемелеріндегі әдістемелік бірлестік жұмыстарының жүргізілуі

Тамыз

Смағұлов А.Е

5

Аудан білім мекемелеріндегі мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарының әдістемелік қызметінің жүргізілуі


Қараша

Асылбек Р


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет