Өтінім Сізден жер учаскесіне бастапқы құқық беруге құқық белгілейтін құжат туралы ақпарат беруді сұраймын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. 20__ ж. «____» ____________________ (қолы)
________________________
«Жер учаскесіне бастапқы құқық беруге құқық белгілейтін құжат туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
(Тегі, аты, болған кезде әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә) немесе
көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)_______________________________;
2)_______________________________;
3)....
«Жер учаскесіне бастапқы құқық беруге құқық белгілейтін құжат туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
_________________________ _________________
(ХҚО қызметкерінің) Т.А.Ә (қолы)
Орындаушы Т.А.Ә.
Телефон.
Алдым: Т.А.Ә / көрсетілетін қызметті алушының қолы
________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;
ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының бекітілген актісі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан
әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.
2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды куәландырылған сенімхат;
3) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын есептеген жер учаскесінің бағалау құнын айқындау актісі;
4) тиісті жергілікті атқарушы органдар құрған жер учаскесіне құқық беру туралы комиссиясының оң қорытындысының көшірмесі.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар нысанында алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі:
1) cұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
ХҚО-да құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді оның қызметкері жеке басын куәландыратын құжат және сенімхат ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмеген жағдайларда, ХҚО бір ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алуға ХҚО-ға бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде ХҚО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-ға жібереді, одан кейін ХҚО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол қабылданады.
Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚО басшысының атына жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымның ХҚО кеңсесінде қабылдағанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, мемлекеттік қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзі келетін мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне бара отырып, ХҚО қызметкері жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында;
2) ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
________________________
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
_______________________________________
басшысы________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
________________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның жеке
________________________________________
басын куәландыратын құжаттың
________________________________________
деректемелері, байланыс телефоны,
____________________________________
мекенжайы)
Өтініш
____________________________________________________________ мекенжайы (жер учаскесінің орналасқан жері)
бойынша орналасқан жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін бекітуді сұраймын.
Күні __________ Өтініш беруші________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның не
______________________________________
уәкілетті тұлғаның атауы, қолы)
_________________________
«Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі
1. Акті азамат (ша) ________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)
өтінішіне сәйкес ________________________________________________________________
(мақсатын көрсету)
_____________________ жер учаскесін бағалауға байланысты жасалды.
2. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі:__________________________________________
3. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: _________________________________________
________________________________________________________________________________
4. Жер учаскесінің орналасқан жері: ____________________________________________
________________________________________________________________________________
5. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының есебі (жер пайдалану құқығы)
Аймақ нөмірі (елді мекендер жерлеріне), алқап түрлері, топырақтың үлгісі (ауыл шаруашылығы пайдаланылатын жерлер үшін)
|
Ауданы
гектар, шаршы метр
|
Жерге төлемнің базалық мөлшерлемесі, теңге
|
Түзету коэффициенті
|
Кадастрлық (бағалау) құны, мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны
|
|
|
|
|
6. Жер учаскесінің (жерді пайдалану құқығының) кадастрлық (бағалау) құны _______________________________________________________________________ құрайды.
(жазбаша сомасы)
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны анықталды _________________________ ________________________________________________________________________________
(жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынның атауы)
М.О. ______________ ________________________________
(қолы) (басшының Т.А.Ә.)
________________________________________________________________________басшысы
(жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
М.О. ____________________ ________________________________ (қолы ) (басшының Т.А.Ә.)
Күні «____» ____________
________________________
«Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау)құнын бекіту» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
(Тегі, аты, болған кезде әкесінің аты ( бұдан әрі – Т.А.Ә) немесе
көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)
________________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)_______________________________;
2)_______________________________;
3)....
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
______________________________ _______________
(ХҚО қызметкерінің) Т.А.Ә. (қолы)
Орындаушы Т.А.Ә. _________
Телефон _________
Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ ж. «___» _________
_______________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал);
2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні.
ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық (бұдан әрі – бұйрық).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрықты қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан
әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.
2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың және сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері – жеке тұлға үшін;
заңды тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат – заңды тұлға үшін;
жерге орналастыру жобасы;
жер учаскесіне жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы сұратылған кезде тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы оң қорытындысының көшірмесі;
мұнай және газды магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға, одан кейiн сақтауға және көлiктiң басқа түрлеріне тиеуге байланысты мұнай-газ көлігі инфрақұрылымының объектiлерiн салу үшiн жер учаскесі сұралған жағдайда, Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу (тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді);
жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, төменгі тұрған жергiлiктi атқарушы органның сұралып отырған жер учаскесіне тиісті құқықты беру мүмкіндігі туралы шешімі (қажеттілігіне қарай).
Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақытын, құжаттарды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын мерзімі мен орнын көрсете отырып, талон беріледі.
2) ХҚО-да:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды расталған сенімхат;
жерге орналастыру жобасы;
жер учаскесіне жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы сұратылған кезде тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы оң қорытындысының көшірмесі;
мұнай және газды магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға, одан кейiн сақтауға және көлiктiң басқа түрлеріне тиеуге байланысты мұнай-газ көлігі инфрақұрылымының объектiлерiн салу үшiн жер учаскесі сұралған жағдайда, Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу;
жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, төменгі тұрған жергiлiктi атқарушы органның сұралып отырған жер учаскесіне тиісті құқықты беру мүмкіндігі туралы шешімі.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) ХҚО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар нысанында алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі:
сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
ХҚО-да құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді оның қызметкері жеке басын куәландыратын құжат және сенімхат ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмеген жағдайда, ХҚО олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алуға ХҚО-ға бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде ХҚО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-ға жібереді, одан кейін ХҚО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.
3) порталда:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;
жерге орналастыру жобасы – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
жер учаскесіне жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы сұратылған кезде тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы оң қорытындысының көшірмесі – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
мұнай және газды магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға, одан кейiн сақтауға және көлiктiң басқа түрлеріне тиеуге байланысты мұнай-газ көлігі инфрақұрылымының объектiлерiн салу үшiн жер учаскесі сұралған жағдайда, Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде.
жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, төменгі тұрған жергiлiктi атқарушы органның сұралып отырған жер учаскесіне тиісті құқықты беру мүмкіндігі туралы шешімі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Достарыңызбен бөлісу: |