«Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру»


Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге



бет7/18
Дата08.07.2018
өлшемі1,37 Mb.
#48780
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге

өтініш

Сізден маған жеке меншік (жер пайдалану құқығындағы тиесілі) _______________________

___________________________________________________________________ мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі____________________________, жер учаскесінің пайдалану ____________________________________________________________ нысаналы мақсатынан ____________________________________________________________ нысаналы мақсатына ________________________________________________________________________________

(жер учаскесінің көлемін көрсете отырып, оның нысаналы мақсатын өзгерту қажеттілігінің себебін көрсету)

байланысты өзгертуді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.


Күні __________ Өтініш беруші________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның не

___________________________________

уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты,

_________________________________

қолы)


________________________

«Жер учаскесінің нысаналы

мақсатын өзгертуге шешім

беру» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша


нысан

(Тегі, аты, болған кезде әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә), немесе

көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)

________________________________________________

(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан

бас тарту туралы қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:



Жоқ құжаттардың атауы:

1)_______________________________;

2)_______________________________;

3)....


«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.


__________________________________ ________________________

(ХҚО қызметкерінің) Т.А.Ә. ( қолы)


Орындаушы Т.А.Ә. ___________

Телефон ____________

Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызмет алушының қолы


20__ ж. «___» _________

________________________


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға

рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал);

2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні.

ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өкім (бұдан әрі – рұқсат).

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өкімді қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан
әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;

3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылады);

3) іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданының жоспары (схема);

4) іздестіру жұмыстарын орындауға тапсырманың көшірмесі.

Құжаттардың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;

2) ХҚО-ға жүгінген кезде:

1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылады);

3) іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданының жоспары (схемасы);

4) іздестіру жұмыстарын орындауға тапсырманың көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы және оның техникалық сипаттамаларын көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар нысанында алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі:



  1. сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

  2. сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

  3. қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;

  4. құжаттардың берілген күні (уақыты) және орны;

  5. құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беруді оның қызметкері жеке куәлік пен сенімхат ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмеген жағдайда, ХҚО олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді.

Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алуға ХҚО-ға бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде ХҚО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-ға жібереді, одан кейін ХҚО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.

3) порталда:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданы жоспарының (схемасы) электрондық көшірмесі;

іздестіру жұмыстарын орындауға тапсырманың электрондық көшірмесі.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы және оның техникалық сипаттамаларын көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Портал арқылы жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

10. Көрсетілген қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚО басшысының атына жіберіледі.

Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымның ХҚО кеңсесінде қабылдағанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, мемлекеттік қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзі келетін мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне бара отырып, ХҚО қызметкері жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында;

2) ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

________________________

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер

учаскесін пайдалану ғарұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша

______________________(облыс, қала, аудан)әкіміне


_____________________________________________

(облыс, қала) ______________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

______________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

______________________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

ЖСН/БСН____________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның жеке

_____________________________________________

басын куәландыратын құжаттың

______________________________________________

деректемелері, байланыс телефоны,

______________________________________________

мекенжайы)
Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға

рұқсат беру туралы өтініш

_________________________________________________________________ бойынша

(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан орны)

орналасқан, алаңы _____________________________________________________________

(алқап түрін көрсету)

жер учаскесін ______________ мерзімге дейін____________________________________


_____________________________________________________________негізінде жүргізілетін

_________________________________________________________________жұмыстарды

(іздестіру жұмыстарының түрін және мақсатын көрсету)

жұмыстарды жүргізу кестесі __________________________________________________

жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануға рұқсат беруіңізді өтінемін.

Жер кодексінің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізуге байланысты жер учаскесін пайдалану шарттарын қабылдауға міндеттенемін. ________________________________________________________________________________



(келісу)

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.


Күні __________ Өтініш беруші________________________________

(жеке тұлғаның немесе заңды

____________________________________________ тұлғаның не уәкілетті адамның ____________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты, қолы)


________________________

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша


(Тегі, аты, болған кезде әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы) ________________________________________________

(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)


Құжаттарды қабылдаудан

бас тарту туралы қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізімге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:



Жоқ құжаттардың атауы:

  1. _______________________________;

  2. _______________________________;

  3. ....

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.


_____________________________________ ___________________

(ХҚО қызметкерінің) Т.А.Ә. (қолы)

Орындаушы Т.А.Ә.

Телефон.


Алдым: Т.А.Ә./ көрсетілетін қызмет алушының қолы
20__ ж. «___» _________

________________________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді

ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитеті «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актіні берген кезде – 6 (алты) жұмыс күні;

ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жер учаскесіне жеке меншік құқығына акт (электрондық немесе қағаз түрінде).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.

Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет құны осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мөлшерде есептеледі.

Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін төлем қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз көрсетілетін қызметті берушінің есепшотына екінші деңгейдегі банктер арқылы не көрсетілетін қызметті беруші ғимаратындағы кассаларда жүргізіледі, олар төлемнің мөлшері мен күнін растайтын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем құжатын (түбіртек) береді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындау өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы алуға электрондық сұрау салған кезде ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

2) ХҚО – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде (электрондық) көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;

3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға:

мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні беруге өтініш;

2) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінен үзінді көшірме;

3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен жерге орналастыру жобасының көшірмесі (жерге орналастыру жобасын көрсетілетін қызметті беруші дайындаған жағдайда, жерге орналастыру жобасын ұсыну қажет емес);

4) жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмесі (жер учаскесінің шекараларын белгілеу бойынша жұмыстарды көрсетілетін қызметті беруші орындаған жағдайда, шекараларды белгілеу жөніндегі материалдарды ұсыну қажет емес);

5) жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, көрсетілген жұмыстарды орындаған ұйым беретін, нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жердегі шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар беріледі;

6) жер учаскесін сатып алу-сату шартының көшірмесі (жер учаскесін сатқан кезде);

7) уәкілетті органның жер учаскесiнiң сатып алу бағасын төлеу туралы, сондай-ақ жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезінде мәмiле жасасуға тыйым салынатыны туралы (жер учаскесін сату кезінде) анықтамасы;

8) көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды куәландырған сенімхат;

9) жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

10) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындаған жағдайда осы фактіні растайтын құжат;

11) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні беруге өтініш;

2) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінен үзінді көшірме;

3) жер учаскесін сатып алу-сату шартының көшірмесі (жер учаскесін сатқан кезде);

4) уәкілетті органның жер учаскесiн сатып алу бағасын төлеу туралы, сондай-ақ жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезінде мәмiле жасасуға тыйым салынатыны туралы (жер учаскесін сатқан кезде) анықтамасы;

5) көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды куәландырылған сенімхат;

6) жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындаған жағдайда осы фактіні растайтын құжат;

8) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:

1) көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні беруге өтініш;

2) жергілікті атқарушы органның бұрын жеке меншік құқығымен берiлген жер учаскесінің сәйкестендiру сипаттамаларын өзгерту туралы шешімінен үзінді көшірменің және/немесе жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгергенін растайтын басқа құжаттың көшірмесі;

3) уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының көшірмесі (жерге орналастыру жобасын көрсетілетін қызметті беруші дайындаған жағдайда, жерге орналастыру жобасын ұсыну қажет емес);

4) жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмесі (жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу бойынша жұмыстарды көрсетілетін қызметті беруші орындаған жағдайда, шекараларды белгілеу жөніндегі материалдарды ұсыну қажет емес);

5) көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды куәландырған сенімхат;

6) жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындаған жағдайда осы фактіні растайтын құжат;

8) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiні ауыстыру кезінде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні беруге өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды куәландырған сенімхат;

3) жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындаған жағдайда осы фактіні растайтын құжат;

5) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған кезде жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат өзгерген жағдайда, бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiні ауыстыру кезінде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні беруге өтініш;

2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;

3) көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды куәландырған сенімхат;

4) жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындаған жағдайда осы фактіні растайтын құжат;

6) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі).

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) ХҚО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар нысанында алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі:


  1. сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

  2. сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

  3. қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

  4. құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

ХҚО-да құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді оның қызметкері жеке басын куәландыратын құжат және сенімхат ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмеген жағдайда, ХҚО бір ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді.

Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алуға ХҚО-ға бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде ХҚО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-ға жібереді, одан кейін ХҚО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді;

2) порталда:

мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінен үзінді көшірме – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;

3) уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасы (жерге орналастыру жобасын көрсетілетін қызметті беруші дайындаған жағдайда, жерге орналастыру жобасын ұсыну қажет емес) – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;

4) жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар (жер учаскесінің шекараларын белгілеу бойынша жұмыстарды көрсетілетін қызметті беруші орындаған жағдайда, шекараларды белгілеу жөніндегі материалдарды ұсыну қажет емес) – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;

5) жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, көрсетілген жұмыстарды орындаған ұйым беретін, нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жердегі шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар беріледі;

6) жер учаскесін сатып алу-сату шарты (жер учаскесін сатқан кезде) – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;

7) уәкілетті органның жер учаскесiнiң сатып алу бағасын төлеу туралы, сондай-ақ жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезінде мәмiле жасасуға тыйым салынатыны туралы (жер учаскесін сатқан кезде) анықтамасы – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;

8) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындаған жағдайда осы фактіні растайтын құжат – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;

бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінен үзінді көшірме – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;

3) жер учаскесін сатып алу-сату шарты (жер учаскесін сату кезінде) – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;

4) уәкілетті органның жер учаскесiнiң сатып алу бағасын төлеу туралы, сондай-ақ және жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезінде мәмiле жасасуға тыйым салынатыны туралы (жер учаскесін сатқан кезде) анықтамасы – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;

5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындаған жағдайда осы фактіні растайтын құжат – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;

жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жергілікті атқарушы органның бұрын жеке меншік құқығымен берiлген жер учаскесінің сәйкестендiру сипаттамаларын өзгерту туралы шешімінен үзінді көшірме және/немесе жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгергенін растайтын басқа құжат – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;

3) уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасы (жерге орналастыру жобасын көрсетілетін қызметті беруші дайындаған жағдайда, жерге орналастыру жобасын ұсыну қажет емес) – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;

4) жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар (жер учаскесінің шекараларын белгілеу бойынша жұмыстарды көрсетілетін қызметті беруші орындаған жағдайда, шекараларды белгілеу жөніндегі материалдарды ұсыну қажет емес) – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;

5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындаған жағдайда осы фактіні растайтын құжат – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;

жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiні ауыстыру кезінде:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындаған жағдайда осы фактіні растайтын құжат – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;

жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған кезде құқық белгілейтін құжат өзгерген жағдайда, бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiні ауыстыру кезінде:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;

3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындаған жағдайда осы фактіні растайтын құжат – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11.  Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 11-кіреберіс, № 441 кабинет, тел: 8 (7172) 74-18-16.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына не шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

ХҚО-ның қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚО басшысының атына жіберіледі.

Қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымның ХҚО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына не шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО-ның басшысына жіберіледі.

Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы не порталда алуға болады.

Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адамның оның шағымын қабылдағанын растау үшін нөмірі, тіркелген күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, шағымға жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы ақпаратты алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде почта арқылы, порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» хабарланады.

Шағым сондай-ақ порталдың форумы арқылы www.1414.kz мекенжай бойынша беріледі.

Портал арқылы көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, мемлекеттік қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзі келетін мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне бара отырып, ХҚО қызметкері жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитетінің www.kuzr.gov.kz интернет-ресурсында;

3) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің www.aisgzk.kz интернет-ресурсында;

5) ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

6) порталда орналастырылған.

15. Көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
______________________________________

«Жер учаскесіне жеке меншік

құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша


Нысан




Каталог: file -> im news
file -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
file -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
file -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
file -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
im news -> Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының 2013 жыл бойында әлеуметтік-экономикалық салада атқарған жұмыстары туралы ауылдық округі әкімінің есептік кездесудегі баяндамасының тезистері
im news -> Қызылтау ауылдық округінің әкімі Руслан Рахметоллаұлының тұрғындар алдында беретін есебінің жобасы
im news -> Азаматтық бюджет 2014-2016 жылдарғА арналған Құрметті сайт келермендері!
im news -> Құндыкөл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен есептік кездесуіне дайындалған баяндама тезистері
im news -> Баянауыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 ақпандағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет