2. «Қоғамдық сана» ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері. Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам. Постиндустриалдық қоғам. Ашық қоғам. Желілік қоғам. .
«Жабық қоғам» — догматты түрде жеке басқа табынушылықты, сондай-ақ дамудың ерте кезеңдеріне тән сипаттармен, жаңару, жаңғыруларсыз, ілгері қозғалыссыз тұрып қалу мәнін білдірсе, «ашық» қоғам — бұған қарама-қарсы ұғымда айтылады. Ол сыртқы жағдайларға тез икемделіп, жылдам ыңғайланатын, өзара сынға ерік бере білетін демократияшыл қоғам. Поппер өркениет тарихында қоғамдық даму қашанда «жабық» жүйеден «ашық» жүйеге өту арқылы жүзеге асып отырғанын көрсетеді.
3. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский, О.Шпенглер, К.Леви-Строс). Мәдениет – қоғам болмысының формасы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және коммуникация. .
Латынның «культура» сөзінің бастапқы мағынасы жерді өңдеу, оны күту, мұқтажына бейімдеу дегенді білдіреді. В.Даль культура сөзінің мынадай мағыналарын берген: «өсіру», «өңдеу» және «күту», «білім, ақыл-ой және ізгілік». Цицеронда біз бұл терминнің ізденуден туған міндеттерге, адам миының дамуына байланысты барынша кеңірек қолданылғанын көреміз. Мәдениеттің толығырақ мағынасын неміс философы Г.Ф.Гегель табиғи көзқарасқа орайластырылған адамның «екінші табиғаты» және «екінші ақиқат» деп атап көрсетеді.
3. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский, О.Шпенглер, К.Леви-Строс). Мәдениет – қоғам болмысының формасы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және коммуникация. .
Мәдениеттің маңызды міндеттерінің бірі – ізгіліктік болып табылады. Адамдар ерте заманнан-ақ мәдениеттің басты міндетін адамзатты рухани жетілдіру деп түсінді. Мәдениет жеке адамды дамытуға, оның рухани өсуі мен еркіндік деңгейін қамсыздандыруға тиіс.
3. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский, О.Шпенглер, К.Леви-Строс). Мәдениет – қоғам болмысының формасы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және коммуникация. .
Фрейдтік «мәдениет» термині адамдардың табиғатқа билік жүргізу барысында игерген білімдері мен әдіс-тәсілдерді, адам қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында игіліктерге қол жеткізу мағынасын білдіретін айта кету қажет. Сонымен қатар фрейд теориясы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, әсіресе игерілген игіліктерді бөлуді реттейтін институттарды да қамтиды. Басқаша сөзбен айтқанда мәдениет бір жағынан адамды сыртқы ортаның факторларынан қорғап, табиғат игіліктерін игеруге және оларды адамдар арасында бөлуге үлесін қосады, ал екінші жағынан мәдениет адамды оның қалау-тілектерінен айырып, оған ауыртпалық түсіреді.