««Ағайынбыз бәріміз»» әндер байқауы Өту барысы



Дата17.09.2024
өлшемі21,43 Kb.
#204469
Байланысты:
« Ағайынбыз бәріміз »


«« Ағайынбыз бәріміз »»


әндер байқауы


Өту барысы:
(екі жүргізуші ортаға шығады)
1-жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
2-жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.
Ырғақты әуенге, сазды әнге толы « Ағайынбыз бәріміз » атты халық әндері байқауымызға
Екеуі бірге: қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Байқауымызды бастамас бұрын төрешілерімізді таныстырып өтейік!


2-жүргізуші: Жарайды ендеше бүгінгі байқауымыздың әділ бағасын берер төрешілер,
төрешілер


1-жүргізуші:төрешілер
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2-жүргізуші: төрешілер
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------


1-жүргізуші төрешілер
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------


1-жүргізуші: «Музыкалық әуендер жақсы мінез құлықты, адамның қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Музыка мен ән эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етеді» - деп жазған екен шығыс философы, ұлы ғұлама ғалым, энциклопедист, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл – Фараби.
2-жүргізуші: Олай болса, осындай жан тебірентер әндердің біріне кезек берейік,
Корея халық әні: «...............» Орындайтын: 8а сынып оқушылары
--------------------------------


2-жүргізуші: Музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы, мұхиттай шексіз ғажайып дүние. Музыкада адамның асқақ ойлары, арман - мақсаты, ізгі тілектері, қуанышы,қайғы-қасіреті мен әртүрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.


1-жүргізуші: Молдован әні: «». Орындайтын: 8 ә сынып оқушылары-----------------


1-жүргізуші: Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына – ұшы қиыры жоқ аса мол мұра. Біз музыка аясында өмір сүреміз. Ол еңбек үстінде де, тұрмыс-тіршілігімізде де, саяхат-сапарларда да, түрлі жиын кездесулерде де, мерекелік салтанаттарда да үнемі бізбен
бірге. Жер бетінде қандайда бір музыкасыз ғұмыр кешетін адам болуы мүмкін емес. Олай болса балалар, музыка біздің өмірлік жан серігіміз.
2-жүргізуші: 8 б сынып оқушылары татар әні-------------------------------------------------------------


1-жүргізуші: Бүгінгі таңда жастар үшін жарқын әуенді жеңіл музыка аса қажет. Жас адамның көңілін көтеріп билегісі келетіні анық, Осындайда ескертетін бір жай, көңілденудің жөні осы екен деп, құр даңғырлаған даңғаза музыкасымақтарға әуестенудің ешбір пайдасы жоқтығын білген дұрыс. Ондай әндер мен музыкалар адамды жеңілдікке, ұшқалақтыққа әкеліп соқтыруы мүмкін. Бір кезек байыптылықпен әдемі – әуезді тыңдап көрелікші, жанымыз бір жадырап, көңіліміз жайланып қалары анық.
2-жүргізуші: осы сенің айтып тұрғандарыңның растығына көз жеткізу үшін қырғыз халық әнін тыңдап көрейікші, олай болса, ән: орындайтын: 8 в сынып оқушылары
1-жүргізуші: Әлемдік музыка қорына әр халық, әр ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді. Әр халқтың музыкасының өзіне тән ерекшеліктері болады. Музыканың шынайылығы мен өміршеңдігі де сол халықтылығында. Орыс халық әні орындайтын 8 г сынып оқушылары


2-жүргізуші: испания халық әні: орындайтын 8 д сынып оқушылары


1-жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді 9 а арабский ән


2-жүргізуші:
Әндер - әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлемде,
Көктем келсе гүл боп елге,
Менде бүгін түрленемін, - деп келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.9 ә өзбек


1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға.
Бүгін әнші атанбақ.
Келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар. 9 б украина


2-жүргізуші:Жинаған өн бойына өнеріңді,
Тәнтімін, ынтазармын өрендерім.
Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,
Жарайсың, айналайын сайыскерім, - деп келесі додаға түсуші сайыскердің өнерін бағалайық.
9 в түрік
9г индия


1-жүргізуші: Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы атыңды ақта,
Әншілерге арманменен бақыт жолда, - дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
2-жүргізуші:. Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!
Екеуі бірге Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет