Қазақ күресінің ережесі Барлық жарыста әрбір белдесуге тағайындалған төрешілер тобына: кілем жетекшісі, кілемдегі төреші, қапталдағы төреші, яғни үш ресми төреші енеді. Төрешілер тобын кездесу кезінде алмастыруға үзілді – кесілді тыйым салынады. Тек сырқаттанып қалуын дәрігерлік қорытынды айғақтаған жағдайда ғана төрешілерді ауыстыруға болады.
Төрешілердің қара түсті костюм – шалбары мен көк түсті көйлегі және қызыл түсті мойын жібі болуы – шарт, қыста костюм– шалбар, жазда көйлекпен төрешілік жүргізіледі. Атағына байланысты айырым төс белгілері болу керек.
Жалпы міндеттері:
Кілем жетекшісі, төреші, қапталдағы төреші әрбір қолданылған әдіске жеке баға бере отырып, түпкілікті шешім қабылдауы керек;
ә) Төрешілердің міндетіне жарыс ережесінде қаралған айыптау шаралары да кіреді;
б) Техникалық хатшы жазбалары екі қарсыластың барлық әдіс – айласына берілген бағаның нақты көрінісі болып табылады.
Төрешілер есебі Бір кілемге қызмет көрсететін төрешілердің кұрамы: