қарсыласының өміріне қауіпті аяқ – қолды сындыратын әдістерді қолдануға болмайды.
Егер белдесу барысында балуан тиым салынған тәсілді қолданса, оның бұл әрекеті заңсыз деп табылып, белдесуден шеттетіледі. Белдесу кезінде төрешілерге қол жұмсап, ар – намысына тиген бапкерлер, балуандар ҚР қазақ күресі Федерациясының шешімімен 1 – 3 жылға дейін жарыстардан шеттетіледі. Төрешілер жұмысына араласқан бапкерлер жарыстан уақытша шеттетіледі.
Белдесу кезінде ереже бұзушылықты анықтаған команда жетекшісі бас төрешіге әр белдесуде бір – ақ рет ауызша наразылық білдіре алады.
Егер де наразылыққа жауапты түсініктеме берілмеген кезде команда өкілі федерациясының ресми қызметкеріне төрешілер алқасының төрағасына 30 (отыз) минут ішінде жазбаша наразылық білдіруге құқылы.