Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Ғылым, 1994. – 288 б. Қазақ халқының ұлы перзенттерінің бірі — Ыбырай Алтынсариннің
ұлтымыздың мәдениет тарихында алар орны ерекше. Ол — жазба
әдебиетіміздің проза мен поэзия жанрларында айырықша із салған қаламгер
ғана емес, сонымен қатар қазақ тілінде жазылған алғашқы оқу құралдары мен
әдістемелік еңбектердің де авторы, әрі қазақ ауыз әдебиетінің сындарлы
жинаушысы.
Ұлағатты ғалым шығармаларының бұл жинағына оны педагог-ғалым,
ақын әрі жазушы, ел мүддесі үшін күрескен азамат ретінде кӛрсететін әр
жылдарда жазған туындылары мен оқу құралдарына кіргізілген еңбектерінің
таңдаулылары іріктеліп беріліп отыр.