Ағаш материалдары және олардың қасиеттері. Фархат Оспанов Тағайұлы технология пәні мұғалімі



Дата26.08.2017
өлшемі37,76 Kb.
#28447
Ағаш материалдары және олардың қасиеттері.

Фархат Оспанов Тағайұлы технология пәні мұғалімі



Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауыл округі Төңкеріс ауылы. №68 Талғат Оспанов атындағы жалпы орта мектебі

Сабақтың мақсаты: халық өнерінің теориясы мен тарихын ескере келе, технология сабағында оқушыларға сұлулықты түсіну қабілетін дамыта отырып эстетикалық тәрбие беру Білімділігі: ағаштардың әр түрлілігіне қарай олардың қасиеттерін білу. Дамытушылық: ойлап,қиялдау арқылы шығармашылық қабілетін,қолөнерін әсемдік сезімін дамыту. Тәрбиелігі:жоғары эстетикалық талғам,туған өлке табиғатының сұлулығын,байлығын бағалай білу қасиеттерін қалыптастыруға тәрбиелеу. Сабақтың түрі:технология сабағында оқушылардың танымдық шығармашылық белсенділігін арттыру мен қоршаған ортаға эмоционалды-эстетикалық тұрғыдан қарауға жол ашудағы сарамандық сабақ. Оқыту әдісі: түсіндіру,топ серуен,топтық жұмыс.Сабақ көрнекілігі: еңбек қауіпсіздік ережесі,жинақ альбом,құрал-саймандар,жыңғыл бұталары. Пән аралық байланыс: технология,жаратылыстану,тарих,бейнелеу өнері. Сабақтың жүру барысы: І.–Ұйымдастыру кезеңі . ІІ.-Жаңа сабақ: «Технология»пәні бойынша сабақта және үйде сендер үнемі ағаш материалдарымен жұмыс істейсіңдер.Олардан әр түрлі әсем бұйымдар жасауға болады.Бұйым көрнекті әрі сапалы болуы үшін материалды таңдай білулерің қажет.Ол үшін еңбек қауіпсіздігі ережесін сақтай отырып ағаштардың қасиеттерін ұғынып алғанымыз жөн. Ағаш-табиғаттың тамаша туындысы.Ағаш көп өскен жерді халық орман,тоғай деп атаған.Орман,тоғай-жан-жануарлардың,құстар мен жәндіктердің өмір сүретін ортасы.Тоғай ертеде адамның негізгі тұрақ жайы болған.Алғашқы адамдар ағашты тіршілігіне қажет материал ретінде пайдаланған.Мәселен,олар аң аулауға қажет құрал-саймандарды аша таяқ,үшкір (ағаш,найза,қада,жебе,т.б) ағаштан жасады. Дегенмен ағаштан бұйым жасау кез-келген адамның қолынан келе бермеген. Алайда,бірте-бірте адамдардың ептілігі шыңдалып,қарапайым бұйым жасау жолдарын біртіндеп жетілдіріп отырды. Ағаш табиғатта өте жиі кездесетін өсімдіктердің бірі болғандықтан адам өміріне тигізер пайдасы көп,алар орны да бөлек.Сондықтан болар, біз ағашты күнделікті өмірде жиі пайдаланамыз.Атап айтқанда ағашсыз құрылыс өз жұмысын бастамайды.Мебель фабрикалары: үстел,орындық.адалбақан т.б жасай алмайды.Күнделікті тұрмыстағы қолданылатын заттардың көбісін осы ағаштан жасайды.Басқа шикізаттарға қарағанда әр түрлі мүліктер жасауға да өте қолайлы,тез өңделетін жас күйінде былқылдақ июге,тоқуға ойып шабуға келгенде теңдесі жоқ материал. Ағаш өңдеу өнерінде шеберлер көп құрал-саймандарды қажет етпеген.Олар темір ара,балта,шапа-шот,бұрғы секілді негізгі қарапайым құралдарды пайдаланған. Халық шеберлері,ұсталары ағаштан тек үй тұрмысына қажетті бұйымдарды ғана жасап қоймай,оларды әшекейлеуді,безендіруді,көркемдеп қашауды,шабуды және ағаш бетіне нақышты өрнектер салуды шебер игерді.Өнердің бұл түрімен ата-бабаларымыз сонау көне сақтар дәуірінен бастап айналысқан. Емен,қайың,терек ағаштары тұрмыста кеңінен пайдаланылса,қызыл қайыңды жақсы табиғи суреттері болғандықтан үй мүліктерін жасауға қолданған.Олардың түбірлерінен ердің қастарын қашап шапса,діңінен ыдыс-аяқ жасаған және оларды әсем оюлап,өрнектермен безендірген. Алма,акация,ырғай алмұрт ағаштарын-кебеже,сандық,жүк аяқ,қобдишалар жасаса,тал,қарағай,алма,арша ағаштарын саз аспаптарын жасауға терек,қарағай.үйеңкі,емен секілді ағаш түрлерін көлемді құрылыс қажеттеріне керекті бұйымдар жасауға пайдаланған. Біздің ауылымыздың географиялық орны жазық далалық жерде болғандықтан орман-тоғай болмағанымен жергілікті жерімізде «Жылтыркөл»аймағын жағалай өскен жыңғыл ағаштары баршылық. Жыңғыл ағашы-қос жарнақтылар класына жататын аласа ағаш бұта, шала бұта.Олар республикмыздың оңтүстік және шығыс аймақтарындағы шөл мен құмды,сортаң жерлерде,өзен, көл жағалауларында өседі.Жапырақтары майда,қабыршақ,қылтанақ тәрізді лоар сабақ бойына кезекті орналасады.Мал азықтық өсімдік.Шөлді аймақтарда отынға,себет тоқуға,көшпелі құмдарды бекітуге пайдаланған болатын. Ал, біз болсақ өткен сабағымызда топ серуенге шығып,ауыл іргесіндегі жыңғыл бұталарын аралай жүріп,зер салып қарай жүріп белгілі бір танымдық дүниелерге ұқсайтын бұталарды жинап әкелген ек. ІІІ.-Сарамандық жұмыс кезеңі. Ендеше,сабағымыздың сарамандық кезеңінде әкелген бұталарымыздың артық жерлерін кесіп немесе егей отыпып,өңдеу арқылы алғашқы қалпына біраз өзгерістер енгізуге тырысамыз.Ол үшін бізге еңбек құралдарын пышақ,темір ара,бұрғылар,біз,егеу түрлері қажет.Оларды қолдануда еңбек қауіпсіздігін қатаң сақтау керек. ІV.Сабақты қорытындылау Кім қандай бейнелер әкелді,нелерге ұқсатты? Алғашқыда қандай еді,соңғы кейпі неге ұқсады? (Әр оқушы бұталарды өңдеп,қандай аң-құстарға ұқсатып шығарғандарын баяндап береді) –Оқушылар,біздің алдымызда Жылтыркөлдегі биші ақ құтан,көк құтандар,күрке тауық пен үкінің т.б бейнелері жарасымды кейпін тапты.Олай болса,біз тек ата-бабаларымыз қалдырған бұйымды жасап,өңдеумен шектеліп қоймай,өмірде өзімізді қоршаған ортаға қырағылықпен қарап,эстетикалық тұрғыдан бағалай білуге де дағдылануымыз керек.Міне,бүгінгі сабағымызды қорыта келе, ағаштар қасиетінің тағы бір қырын ұққандай болдық.Сабақтың соңы.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет