АҒасың елге аяулы! Қазақстан халық жазушысы, жерлесіміз Әбіш Кекілбайұлының



бет4/4
Дата12.03.2018
өлшемі1,46 Mb.
#38576
1   2   3   4

Балмұқан Нұрғазиев

Тұлғасы дара арысым
Сырға толы, жырға толы жүрегің

Алты алашқа аты мәлiм ұл едің.

Даналардай болмысы бар өзiңдi

Арысым деп, ардағым деп - жүр елің

Елге қызмет етсем деп бiр талпынған

Шыққан жүйрiк жан едің сен Алшыннан.

Жұмыр жерге атың тарап кетсе де

Айнымадьң бәз-баяғы қалпыңнан.


Aғашты, Онды, Мырзайыр мен Басқұдық,

Берсем соның бәрiн тiзiп басқа ұрып.

Туған жердің қымбат дейдi тасы да

Қайран сол бiр балалық шақ" шат қылық,.

Сөз маржанын жиып алған санаға

Не деп теңеу айтсам екен ағаға.

Маңғыстауға ұл сыйлапты-ау марқасқа

Құдыретi күштi Аллатағала.


Үлкендерден тыңдап өсiп батаны

Сөз тудырдың ағамыз сен аталы.

Қайда жүрсең, ceнi желеп-жебеп жүр

Үш жүз алпыс әулие Отаны.

Сөз сөйлесең, таныттың сен шешiмдi үн

Бәйгедегi жараулы аттай көсiлдң.

Iзбасары өзіңсің ғой, Әбеке,

Мұхтар, Сәбит, Fабит жүрген көшiмнің.


Талаптыға талант баға берер шын

Қашағанды жыр дария дегенсің.

Сырға толы, жырға толы жүрегің

Жырдария нағыз өзің екенсің.

Ей, Әбекем, асыл Туған арысым

Тyғансың сен қазағымның ары үшiн.

Абыройға ceнi әрдайым бөлеп жүр

Бойға бiткен азаматтық намысың.


Тiлге араша түсетұғын кез бүгiн

Бәз бiреулер ұмтылып жүр кездiгiн.

Әбiш пенен Шерхандайын epiм бар

Шiркiн, менің ана тілім – өз тілім

Ей, Әбекем, тау мүciндi, нар тұлғам,

Айнымашы шабытты осы қалпыңнан.

Алатаудай ашық болсын мәртебең,

Тiлек осы қаратаулық халқыңнан


С. ҚОРАЗОВА, мұғалім

Дарабоз дарынға арналады.
Бүгiнде жазушылығы мен қайраткерлiгi бiрдей танылып жүрген қарымды қаламгер, зиялы азамат, жерлестерiмiз Әбiш Кекiлбаевтың өмipi мен өнегелi iстepi туған топырағы Маңғыстау жерiнде атап өтiлiп, мектеп оқушылары арасында шығармалары кеңінен талқылануда "Жақыныңды жаттай сыйла" деген халықтық, қағиданы алдымен, жас ұрпақ санасына көшiре бiлiп, ел тарихындағы елеулi есiмдердi таныта алғанға не жетсiн!

Ұлтымыздың ұлы жазушысы eciмi "ХХ гасырдьң таңдаулы жазушылары тiзiмiне енгiзiлген Әбiш Кекiлбаев - қазiргi таңда тәуелсiз қазақ елiнiң Ту ұстаушысы, қол бастаушыларының бiрi, парламентіміздің төрағасы.

Сан қырлы сана иесiн оқушыларға таныта бiлуде Ecip Айшуақұлы орта мектебiнде өткiзiлген "Әбiш аға - мақтанышымыз" апталығының маңызы зор болды. Жармыштық ақын Б.Нұрғазиевтiң "Тұлғаcы дара арысым" атты Ә.Кекiлбайұлына арнау өлеңi жұмысымызға арқау боп өрiлiп, оқушыларға жаттатылды.

Кiсiлiк пен кiшiлiктің үлгісі атанған Әбiш аға шығармаларынан көрме ұйымдастырылып, арнайы бетшелер шығарылды.

Жазушыньң замандас-құрбысы, жастық шағын бiрге өткiзген, әлi күнге дейiн бiрiн-бipi iздеп, сұхбаттасып тұратын ардагер ұстаз - Телемгенов Ораз ағайдың жүрекжарды естелiгi, қызықты әңгiмесiнiң берер тәлiмi зор болды.

Әбекеңнің жас кезiнен ғылым-бiлiмге зерек болып, көп бiлуге әуестігін, студенттiк шақтардан-ақ қарымдылығымен көзге түсіп, сын - пiкiрлерiмен үлкен жазушылардың санасқанын бiлiп, тәнті болдық.

Ә.Кекiлбаев шығармаларын жан-жақты таныстыруда пән мұғалiмдерi айтарлықтай еңбек сіңірді. Мұғалiм Махамбетова Биялай жазушының "Автомобиль" әңгiмесi бойынша VI сыныпта үлгiлi ашық сабақ өткiздi. "Маңғыстаудың әйгiлi адамдарын танимыз ба?" деген сұрақ-жауаптармен басталған сабақ барысында ақын-жырауларымыз бен дүлдүл күйшiлерiмiз, шежiрешi Алшын ата мен зерттеушiлер - Есбол Өмiрбаев, Қабиболла Сыдиыков eciмдepi еске түсiрiлдi.

Маңғыстау топырағынан түлеп ұшқан бiртуар азамат, қоғам қайраткерi Әбiш Кекiлбаевтың өмірі, ол туралы қаламдастарының жылы лебiздерi, суреткердiң айшықты ой­толғамдары көрнекiлiкпен жазылып, оқушыларға таныстырылды.

«Суреткер еңбегi қашан да альпинистер еңбегiмен туыстас қой. Қанша шыңға шықсаң да, оны мice тұта алмайсың, өз биiriңнен өзiң асып түсу үшiн тағы да тiзеңдi тасқа қанатып, тырнағыңның көбесiн сөгiп, тағы бiр асқардың құрдым етегінен құзар биiгiне дейiн қайта өрмелеуге мәжбүр боласың» деп, Әбiш ағаның өзi айтқанындай, әрбiр шығармасынан тынымсыз еңбектің ащы тepi сорғалап тұрғандай.

Белгiлi журналист, аудандық "Жаңа өмip" газетiнiң редакторы Т.Жаңбыршиннiң "Ағайынға Әбiштi таныстыру" мақаласындағы түйiндi ой-пiкiрлердi мұғалiм Б.Махамбетова сабақ барысында тиімді пайдалана бiлдi. Жазушының аталған әңгiменi ауылдас құрбысы, техниканы алғаш меңгерген аяулы азамат Қобылан Зорановқа арнағанын, оның ұрпақтары Онды аулында тұрып жатқанын айта келiп, оқытушы шығармада Жақан бейнесi арқылы жеткiншектердi еңбекқорлыққа, сауатты да табанды азамат болып өсуге шақырды.

Ұлы жүздің (ол Алматыда ғой) абыройлы азаматы, Орта жүздiң бәйгеге қосқан қазанаты, Кiшi жүздің шежiре хаты, барша қазақтың халық жазушысы, ой – құдiреті, қоғам қайраткерi - Әбiш Кекiлбаев!

Қазақстан Мемлекеттiк сыйлығының иегерi. "Бiр шөкiм бұлт", "Дала балладалары", "Құс қанаты", "Ұйқыдагы арудың оянуы", "Үркер", "Елең-алаң", т.б. кесек кiтаптардың авторы, қазақ әдебиетiнiң белдi өкiлi, мемлекеттiк қайраткер, абзал аға, атпал азамат Әбекеңе жоғарыдағы берiлген бағадан, жүрекжарды лебiзден артық сөз, одан артық таңырқау болар ма, cіpә?

Олай болса, мектебiмiзде өткен ауқымды бiр шараның мақсат-мүддесi де сол - сан қырлы қасиет иесi - Әбiш Кекiлбаевтың шағармашылығын таныту iшкi сырына үңілту, жас ұрпағы - iзбасарларына терең дарынның бiр тамшы суының дәмін татқызу едi.

Әбiш шығармаларын оқығаннан кейiнгi Ақтау қалалық «Әбіштану» мектебінің оқушыларының жазған ой түйiндiлерiнен

... Оның кейiпкерлерi сөйлемейдi, ой жетегiнде жүрiп небiр қызық оқиғаны елестетедi . ... Ой түпсiз терең шыңырау емес пе?! Ойға кеткен адам сол шыңырауға түсіп ап, мұнартқан аспан әлемiне қарап толғанатын шығар ...

... Әбiш бiздi сол ой шыңырауына түсiрiп, тығырыққа қамамайды, қайта аспанмен тiлдескен көк күмбездi сұлу мұнаралы сырлы сөз ой жетегiнен алып шығады.

Жазушы кейiпкерлерiнің ойлағанын орындай бермейдi ... ұнатқан адамына қолы жетпей бiрi - көлденең көк aтты атанса, бiрi-сүйiктiсiн өз қолымен өзгеге апарып бередi, бiрi - терезеден көрген жарыққа жылынуымен ғана қалады, бiрiнде өнегелi тәрбиелi қыз әумесерге бұйырғандай, бiрақ бiзге оқиганың осылай шешiлгенi ұнайды..."Өмiрде адамның қай дегенi болады дейсің" деген кеciм ғой бұл .

... Оқиғаларының өзегi, әңгiмe арқауына әcepi мол мына заттарға назар аударыңыз:

-Қызыл алма, тасбақаның шөбi, қабырғасы арса-арса қызыл қаншық ...

Бұлар арқылы жазушы "Неге?", "Не үшiн?" деген сауалға жауап iздетедi, тұспал, ишара, меңзеу сияқты ой-жетекшiлерiн шебер қолданған ...

... "Жарығымның малы-ай" деп, айналып-толғанып түйесiн cayғaн ана, "табанына кipгeн шөңге маңдайыма" деп намысқа тарта жалғызын арқалап өcipгeн ибалы келiн - салауатгы ана, соғыстан оралған күйеуiне барyға бата алмай, iштей сырласқан сабырлы келiн, әмiршirе махаббатының ақтығын дәлелдеумен болған сұлу ханша, бауыр eті баласын тумаласқа тастап, өмip жiбiн жалғаған батыл әйел істepi жаныңа шуақ құйып, жүрегiңдi сыздатып, өзгеше күйге түсiредi. Қазақтың анасы, келiнi қандай, жары қандай болyға тиiстi деген сауалға жауапты Әбiш шығармаларынан іздеңіз.

...тығырықтан шыға алмай аласұрған хан ісін бағалауды жазушы оқырмандарына қалдырған сияқты (Аңыздың ақыры).

АҒАСЫҢ ЕЛГЕ АЯУЛЫ!
Мазмұны
Лебен Садуақасов - Әбіштің өмірбаян беттерінен

Светқали Нұржан – Абыз ағаға мадақ жыр

Бектұр Төлеуғалиев – Абырой асқарында

Гүлжауһар Сейтжан – Әбіш аға

Айтқали Жайымов – Ән «Әбіш аға»

Дүйсенбі Әріпов – Дана Әбіш

Жамбыл Нәубетов – Әулие Бекет қолдайды

Тергеу Айдарханов – Жұлдызың жарқырай берсін!

Сабыр Адай - Мұнартау

Асан Әбдіров – Жүздесуден алған әсер

Жиде Жеткізген - Ән «Ағасың елге аяулы!»

Салдыр Сәдуақасов – Асылдың сынығы

Оңдабай Ахметов - Әлем таныған тұлға

Балмұқан Нұрғазин – Тұлғасы дара арысым

Сәнімхан Қоразова - Дарабоз дарынға арналады

Оқушылардың ой түйіндері


Жинақты құрастырушылар:

Киев Мырзабай - Маңғыстау облыстық Бiрнеше тiлдi игеру орталығының директоры

Жиде Жеткiзген - Ақтау қалалық бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi

Мақсот Есбосынов - Маңғыстау облыстық Бiлiм саласындағы жаңа технологиялардың



аймақтық орталығы бастығы



Каталог: uploads -> doc -> 04eb
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04eb -> Сабақтың тақырыбы: § 14 Тас дәуірі (палеолит) Сабақтың мақсаты. Тас дәуірі (палеолит)туралы білім қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет