АҒасың елге аяулы! Қазақстан халық жазушысы, жерлесіміз Әбіш Кекілбайұлының



бет2/4
Дата12.03.2018
өлшемі1,46 Mb.
#38576
1   2   3   4
Абыз ағаға мадақ – жыр
Бала кезің ұлағат, дана кезiң,

Тырнап ашқан сен едің Сана көзiн.

Kәpi дала сан ғасыр толғатқанда,

Тек Маңғыстау туа алған - Дарабозым!



Әбiш Кекiлбайұлына арналған ауызекi өлеңннен
"Оян!" деп, таңда үн қатты заңғардан құсым,

Оятуға ойды жетер ме қалrан бар күшiм? ­

Өзіңізге, аға, арнаған бiр жырым бар-ды,

Тұрғызбасам да мәңгілік мәрмәрдан мүciн.

Шырлаған таңда нұрсіңді үнім боп менің,

Айналып ұшып жүр қазiр жырым-кептерiм.

Аққулар кептi ... Қарызға қауырсын алып,

Дәптерге төнiп отырмын дiрiлдеп демiм ...

Әуезем едi айтар бұл аспанға шығып,

Қанатым болмай тұрмын мен тастарға асылып.

Достан жасырып сырымды, қастан қашырып,

Жүргенде - кетiп қаларсьщ дастанға сіңіп.

Санаусыз нұрды сүртiп ап келбетіңдегі,

Шыра ғып жақсам деп eдiм елге түндегi.

Жер бетiндегi кәpi тау - Қаратау-анаң,

"Өзінде қалсын - Нұры жоқ, ер жетiм" дедi.

Ананың сөзi Заң маған -Өзіңде қалсын,

Тек оның ұшқын – сәулесi көзiмде жансын.

Көзiмде жанған шырақты өшiрiп алсам,

Төстабанrа сап даяр тұр - езуге нар-шың...

Адастым талай түнекте сансырап, талып,

Берген-дi сонда сен жаққан шамшырақ бағыт.

Қалтырап барып сан рет көздегi сәуле

Қайтадан жанды, бiлтесiн қан шылап қалып.

Шынары шыңда тұрса аспан бұлты қапсырып,

Етекте қалған қол созар шырқырап шыбық ­

3ардоштың сіңген қанына топырақ исi

Өзіңнен, аға, кеткенде бұрқырап шығып .

Мәртөбе-сынды мәртебең жарасады елге,

Биiктегi жұрт қия ма аласаны ерге!?

Елiңде өрлiк қала ма, жеріңде - кеңдік

Мұхитта жүзер кeмeciн қамаса көлге?!

"Оңбайды халық, деуменен, бiрлiгi кеткен",­

Бабаларыңньң iзiнде дүрлiгiп өткен

Шыңыраудағы шындьқты шыңға шығарып

Тамыздың таңдай – шөлдерге ындыны кепкен.

Жұтар деп 3аман кұлқыны Арандай Малгұн,

Шығар жол iздеп жұртыңа - ғаламды айналдың.

Әулие күйде келiп қап мына жалғанға,

Пенде болудың амалын таба алмай қалдың.

Астында кiмдep жатқанын оба, мазардың,

Айтып ап, Сендей ертеңге оза қарар кiм?- ­

Шайқалып бара жатасың, мың жарым үй тіккен

Асынан жаңа шыққандай Қожаназардың2...

Абыздар ділiн тiрілтiп нелер аталы

Сен сөйлеп кетсең, көрсетiп көне жотаны. ­

Toғaнақтарын теңдеп ап, керуен жолмен

Fасырлар көшi бiз жаққа келе жатады.

Сол керуеннен өткеннің мұрасын көрiп,

Таңдай қата боп: "Осы ғой шын асыл" ,- дeдiк.

Қарақшы - Уaқыт тонаған бар қазынаны

Үркердей елге қайтадан тұрасың берiп.

Елең -алаңда қылғай да Үркерiңдi аман,

Үркеріңе әзiр ұсынып тұр төpiн ғалам.- ­

Тоныкөк бабаң тәубә айтып тiрлiriмiзге,

"Tүpiк бұдұн тоқ"3,- дейтiндей Күлтегiн қaғaн.

Миына мысқал сендегi сезiмдi берсе,

Пiтiнә жұртың ұғар ед сөзiңдi де елше.



Жүрегiн ұстап сан ғасыр мелшиiп тұрған

Балбалдар сөйлеп кетедi өзiңдi көрсе ...

Жалпыға жүрсе Жалқының азабы жұқпай,

Топанда қалған тұрасың азалы Нұқтай.

Басарға тауым қалмайды - Жатқанда кейде

Қара тас ұққан жаныңды қазағың ұқпай.

Хош! Тәмәт. Тәмәм. -

Осы жыр құпталса бiр күн,

Түзелер түбi Абай мен Мұхтарша күлкiң.

Ордамның төpiн толтырып отыра бершi,

Сен кетсең жетiм қаларын ұққанша жұртың ...


Светқали Нұржан.

1 Зардош (Заратуштра) - Адам Ата Зәузаттарының тұңғыш пайғамбары. Маңғыстау Үстiртiнде дүниеге келген дейтiн ғылыми болжам бар (автор).


2 Қожаназар Жаңайұлы - кейiпкердің жетiншi атасы. Алашқа қайырын тигiзген Маңғыстаулық "Үш Назардың" бiрi. Асында 1500 үй тiгілген.
3 "Tүpiк бұдұн тоқ" ("Күлтегiн" ескерткiш, Кiшi жазу) - түркi халқы тоқ.
Бектұр Төлеуғалиев

Абырой асқарында
Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, әлемге танымал жазушы Әбiш Кекiлбайұлы үстiмiздегi жылдың 9 желтоқсанында 60 жасқа толады. Кластас достың өмiрiнің өзiм бiлетiн кезеңдерiнен деректеме

Тамыз айының 29 күнi. Маңғыстау ауданының Тұщықұдық селосынан почта таситын Қосым шалдың түйесiне мiнгесiп, сол кездегi аудан орталығы Таушық поселкасына жолға шықтым. Шешем ауырып, күйiмiз шамалы, жолға азыққа бiр кiшкентайлау таба нан пiciрiп берген. Ол кезде аудан бойынша орта мектеп бiреу - ол аудан орталығы Таушық поселкасында Шахта орта мектебi болып аталады. Менің интернатқа орналасып 8 класқа оқу үшiн келе жатқан бетiм.



Қосым ақсақалдың почта таситын көлiгi күйсiздеу, жылдам жүруге жарамайды, жайлап аяңдап жүредi. Ара-арасында менi түсiрiп жетектетiп алады. Жолға бiр түнеп 30 тамыз күнi сәскеде Таушыққа да жеттiк-ау. Қолымда жiппен ортасынан таңылған, тозығы жетіңкiреген чемоданым бар, түйеден түскесін, кiдipмecтeн мектепке келдiм. Келсем, мектептің ауласының iшi толған бала, интернатқа орналасуды сұрап арыз жинап жатыр екен, мен де арызымды жазып соларrа қосып жiбердiм. Арыздарымызды жинап алғаннан кейiн "Сағат 4-00-ге осы жерге жинальңыздар, интернатқа қабылданатындардьщ тiзiмi оқылады" деп бiздi таратты. Менiң жақын жерде бара қоятын үйiм де жоқ едi, сағат 4-ке дейiн интернаттың көлеңкесiнде аялдай тұруға тура келдi. Интернат мектептiң қарсысында орналасқан, екеуiнің арасы тас қоршаумен қосылған, ортасы үлкен алаң. Чемоданымды астыма қойып отырдым, қарным да ашып барады, кешегi ауылдан алып шьққан нанды Қосекең екеуiмiз жолда бөлiп жеп алғанбыз. Сөйтiп отырғанымда, ұйьқтап қалыппын, бiреу келiп, "ей, бала, неғып отырсың?" деп, оятып жiбердi. Мен "Тұщықұдьқтан оқуға келiп eдiм, сағат 4-ке жиналыңдар деген, соны күтiп отырмын" дeдiм. "Онда сағат төрт болды, жинал деген жерiне бара roй" дедi.

Аулаға кipceм, тағы да балалар жиналып күтiп тұр екен. Көп ұзамай eкi адам келiп интернатқа алынатындардьң тiзiмiн оқыды, менiң аты-жөнiм ол тiзiмде жоқ болып шықты. Cipә, аталмай қалrан жалғыз мен болмасам керек. "Бiздер тiзiмде неге жоқпыз" деген дауыстар ду ете түсті. Тiзiмдi оқыған адам «әуелi жетiм балалар алынады, содан кейiн жартылай жетiм балалар қабылданады, содан сон барып, орын болса, баск;а балаларды қабылдаймыз" дедi. Қазiр кiмнің қай класта оқитын тiзiмдерi оқылады, тiзiм оқылып болған соң шуламай әpкім өз кластарына барып отырсын, интернатқа алынбағандардьщ жайы сол жерде шешiледi" дедi. Менің атағым 8"А" класында оқитындардың ішінде аталды. Класқа кірсем, алдьңғы екі партадан басқа орындарды балалар иеленiп алыпты, амалсыздан, алдыңғгы партаға отырyға тура келді. Чемоданымды бұрышқа апарып қойдым. Мен отыра бергенiмде, қолында менікінен айырмасы шамалы, жiппен буылған чемоданы бар, киiмi де менікі сияқты жұпыны бұйра шаш, дүpдiк epiн қapa бала кiрiп, чемоданын мeнiкiнiң қасынa қойып, қасыма келiп отырды. Көп ұзамай, класқа қолында журналы бар, манағы ұйьқтап жатқанымда оятатын, ат жақты, суық жүздi, бойы ортадан жоғары қapa кici кiрiп келдi. Жапырлап орнымыздан тұрдық. "Отырыңыздар!" дедi де, өз орнына жайғасып болған соң "Менiң аты-жөнiм Шоңқалов Торғай деген болады, математика пәнiнің оқытушысымын, осы кластың жетекшiciмiн және интернаттьң тәрбиешiсiмiн" деп таныстырды. Содан кейiн алфавит бойынша балалардың аты-жөнiн, қай жерден келгенiн түгелдей журналға және дәптерiне де жазып отырды. Сол кезде класқа pұқcaт сұрап тағы бiр қыз бала оқушы келдi, apтқы парталарға барып орналасса керек. Бiр оқушы жаңағы келген қызға "Сыбай болдьқ, сыбайлас бұрыштардың ережесiн жаттайық" демесi бар ма. Солай деуi мұң екен, әлгi баладан "сенің аты-жөнiң кiм едi, қане, сыбайлас бұрыштар жөнiнде бiлетiнiңдi айтшы" деп Төкең баланы орнынан тұрғызды. Бала жауап берiп жарытпады, ұмытып қалса керек. "Ал кәне, сыбайлас бұрыштар жөнiнде кім айтады?» деп класқа көз жүгiрттi. "Интернатқа алынбайтын болдым-ау" деген уайым ciрә бар, «септiгi тиетiн болар» деген оймен сыбайлас бұрыштардың теңдігін аньқайтын теоремасы мен дәлелдемесiнен ойымда бiр нәрсе болуы керек, "мен айтам" деп, қол көтepдiм. Қарасам, қaсымдaгы бұйрабас та қол көтерiп отыр екен. "Ал кәне, тыңдайық, сенiң атың кiм едi?" дедi. Мен аты-жөнiмдi айттым да тақтаға шығып бор iздеп едiм, "ауызша айта бер, мен түciнeмін" дедi оқытушы. Мен өзiм бiлетiнiмдi айта бастадым, аз yaқыттaн кейiн "кiдipe тұр" дедi де, "кәне, сен жалғастыр" деп, бұйра бас қapa баланы тұрғызды. Аты-жөнiн сұрады. "Кекiлбаев Әбiш" деп, жауап бердi. Маған оқытушы "отыр" ­дедi де, " ал онда Кекiлбаев сен жалғастыр!" дедi. Әбiш айтып болған соң орнына oтыруғa pұқсат еттi. Содан соң журналды қолына алып, үйден оқитын балаларды бiр-бiрден тұрғызып, аты-жөндерiн, қай мектептен жетiншi класты бiтiргенiн, содан соң интернатқа жататын балалардың тiзiмдерiн жасады да, "ендi интернатқа орналаспаған бұл жерде үйi жоқ балалар бар ма?" дегенде, мен, Әбiш және бiр қыз қол көтердiк.

Бiздiң аты-жөнiмiздi жазып алды да, "үшеуiңіз қазiр мұғалiмдер бөлмесiне келiңдер!" ­дeді. Коридорда оқудың кестесі бар, соны жазып алыңыздар, сабақ таңертеңгi 8-00-де бас­талады, кешікпеу керек, осымен бүгiнгi сабақ аяқталды" деп, таратты. Кластан шығып, коридордағы сабақтың кестесін көшiрiп алып, Әбiш екеуiмiз оқытушылардың отыратын бөлмесiне барып, "Шоңқалов ағайдың шақыруымен келдiк" деп eдiк, "ол кici директорда, қазір келедi" дедi. Жарты сағаттай күтiп отырдық. Бiр кезде ағай келді де менің қолыма тiлдей қағазды ұстатты, "Шарипова деген интернатта тәрбиешi бар, соған апарып беріңдер, интернатқа орналастырады" дeді. Әбiш екеумiз қуанышымыз қойнымызға сыймай интернатқа келiп, апайымызды тауып, директордың жазған тiлдей қағазын берiп, сол қағаздың күшiмен сол бойда интернатқа орналастық.

Бiз өзiмiзге бөлiнген бөлмеге келсек, бiзден бұрын eкi бала орналаск;ан екен, Шүңкәров Өтелген, Әбдиев Амантай жене екеуiмiзбен төртеу болдық. Қазiрде ортамызда Амантай жоқ, өмiрден ертелеу кетiп қалды, Шүңкәров Өтелген - ғылым кандидаты, Ақтау университетiнде кафедра басқарады.

Келесi күні таңертең сабаққа келдік. Бiрiншi сабақ орыс тiлi болды. Валентина Яковлевна Осташкова деген орыс қызы келіп сабақ бастады. Әрқайсысымызды орындарымыздан тұрғызып, аты-жөндерiмiздi тіркеп алды, орысшалары өзімнен асып бара жатпағасын қарар болдық-ау деп отырғанмын. Кезек Әбiшке келгенде, орнынан тұрып кідірместен, өзін толық таныстырып, оқытушыдан өзiн таныстыруды сұрады. Ол кезде Маңғыстау ауданында (ол кезде Гурьев облысы) орыстар атымен жоқ десем, өтiрiкшi болмаспын. Форт-Шевченко қаласында ғана орыстар болды, ондағы мектепте оқыған балалар азды-көптi орысша бiлетiн-дi. Менің орыс оқытушысын бiрiншi көрiп тұрғаным. Мен Әбiшке оның орысша iркiлмей сөйлейтiнiне қатты таң қалдым да, қызықтым да, қызғандым да. Міне, осылайша бiздің таныстығымыз басталды. Көп ұзамай-ақ Әбiштің барлық пәндерден жақсы бiлетiнiн, әcipece қ;азақ, орыс әдебиеттерiн, тарих пәндерiн сүйiп оқитынына көзiмiз жеттi. Әбiштен орысшаны қалай жақсы үйренгенiн сұрағанымда, өткен жазда орыс тiлдi адамдардың iшiнде төрт айдай экспедицияда жұмыс істегенін, сонда бiршама үйренiп қалғанын, оның үстінe орыс әдебиеттерiн де үзбей оқитынын айтты.

Оқу басталып кеттi, екеумiз үнeмi кiтапханада боламыз. Әбiш сол кездің өзiнде кiтапханадаrы классиктердің еңбектерiн алып оқып тауысты десем артық болмас. Мен де сол кездерде 5 класымнан бастап әдеби кiтаптарды коп оқитын eдiм. Мұхтар Әуезовтың "Қараш-Қараш", "Қилы заман", "Абай жолы" эпопеясының әуелгi eкi кiтабын, Сәбит Мұқановтың "Менің мектептерiм", "Ботагөз", Әбдiжәмiл Нұрпейiсовтың "Курландиясын", Жюль Верннің таңғажайып қияли кiтаптарын, Пушкиннің, Тургеневтің, Чеховтың қазақша аудармаларын оқыған болатынмын. "Алпамыс", "Қобыланды", "Едirе", "Ер Тарғын", "Қамбар", "Қарасай-­Қази" т.б. дастандарды жатқа бiлетiн eдiм. "Кербаланың соғысы", "Зарқұм", "Сал -сал", "Дариға қыз", "Ләйлi-Межнүн", "Мұңлық-Зарлық» дастандарын сол кезде жыр айтатын Тоқсанбай, Айтқұл т.б. ақсақалдардан естіп, eciмe сақтаған жайым бар. Маңғыстау ауданындағы Сталин атындағы колхоздың Қарашағыр жеті жылдық мектебiнің кітапханасындағы қазақ тiлiнде бар iскe татыр төлтума және аударма кітаптарды тауысып оқып келген болатынмын. Сөйтiп, мен де өзiмше көп оқыдым-ау дегендей дәрежеде жүргенмін.

Әбiшпен бiрiккеннен кейiн менің көп оқыдым деп жүргенiм тек әшейiн нәрсе болып шықты. Әр демалыс сайын Таушықтың орталық кiтапханасына барып алған кiтаптарымызды тапсырып, жаңадан кітап аламыз. Әбiштiң алып оқитын кiтаптары - Хемингуей, Моэм, Набоков, Джек Лондон, Киплинг, Иво Андриг, Колдуэм, Чехов, Мамин-Сибиряк, Ги де Мопассан сияқты атақтылардьң еңбектерi. Meнің тiciм бата қоймаған кiтаптар. Әбiшке ерiп мен де аталған жазушылардың орысша жазылған кітаптарын оқиын десем, түсiнiп жарымайтындығымнан болар ұйқым келе бастайды. Бiр күнi Әбiш мaғaн Толстойдьң "Кавказ әңгiмелерiн", "Казактар", "Крейцер сонатасы", "Иван Ильичтің өлiмi", "Хажы-Мұрат" кiтаптарыньң қазақшасын оқып шығуды, содан соң барып, орысшасын оқyға ақыл бердi. Толстойдың қазақшаға аударылғандарын, соңынан орысшасын оқып шыққанымда, орысша сайрап кетпегенмен, орысша кiтаптардың мазмұнына лекер түсiнетiндей болып қалдым. Соңынан Достаевскийдің "Өлi үйден шыққан жазбаларын", "Құмарпаз", Пастернактьң "Доктор Живагосын", Кобо Абэнің "Кұмдағы әйел", "Бөтеннің түpi" кiтаптарының орысшасын оқып шыққанымда, Әбiшiм қатты қуанды. "Бектұр, сен ендi менсiз де классиктердің орысшаға аударылған еңбектерiн оқып түciнe бастадың, осыныңнан жазбасаң, осы оқу жылының аяғына дейiн орысшаға судай боласың!" дегенi әлi eciмдe.

Бiрде Әбiштiң Стефан Цвейг жазған ұмытпасам "Бальзак" атты кiтапты оқып отырып, "кейбiр жерлерi орысшаға дұрыс аударылмапты, былай деп жазғанда дұрыс болатын едi" ­деген сөздерi eciмдe қалыпты.

Мен Әбiштің әдебиетке деген құмарлығына, оның терең бiлiмiне, ойшылдығына, сол кездегi адамгершiлiк қасиеттерiне таң қалатын eдiм. Бiздiң заманымыздың Аристотелi осы шығар деген ойда болатынмын.

Қыркүйек айыньң орта кездерiнде оқушылардың жалпы жиналысы болды. Жиналыста оқушылар комитетiнiң төрағалығына Әбiш сайланды, менi дружина кеңесiнің төрағалығына, қабырға газетiнiнң редколлегиясы белгiлендi. Редактор болып Т.Көшеков, мүшелерi болып: И.Сейтов, А.Абдiров, Ә. Кекiлбаев, Б.Төлеуғалиевтар енгiзiлдi. Интернат кеңесінің төрағалығына Т.Ерғалиев, комсомол ұйымының хатшылығына Б.Озғанбаев сайланды. Ерғалиев Тiлекбай, Көшеков Төлесiн, Әбдiров Асан, Озғанбаев Бегалылар жоғарғы кластың оқушылары болатын. Осылайша, оқушылар арасындағы қоғамдық жұмысқа қызу араласып кeттiк. Оқy жылының ортасы болды. Оқушылар қысқы демалысқа шықты. Күйсiздеу балаларға интернатта қала беруiне рұқсат етiлдi. Қалған балалар интернаттың жеңiл жөндеулеріне, ол кезде интернаттағы eскі темір керуеттерге жөндеу жұмыстарын жүргiзу керек, сондай жеңiл-желпi жұмыстарды атқаруға тиiстi болатын. Мен ауылға бармай интернатта қалдым. Ауылға барғанда да жағдай белгiлi. Аурулы шешенің Отан соғысында қайтыс болган әкемiздiң жәрдемақысымен күнелтiп отырғаны, кейде нанның да болмай қалатыны ойыма түстi де интернатта қалyға бел байладым. Және ол кезде көлiктің де аз уақыты, колхоздардағы бiрлi-жарым автомашиналардың жүруiнен тұруы көп. Небары 10 күн­ге ауылға барып келудің азабынан да қашқан болуым керек. Әбiш те ауылына бармай қалды. Оның негiзгi себебi cipә, кiтапханадағы кiтаптардың оқылып тауыса қоймағандығынан болар деп ойлаймын. Осылайша, оқу жылы да аяқталды, табылған көлiкпен ауылдарымызға аттандық.

Келесi 1955-56 оқу жылында Таушыққа қайта келдік. Былтырғыдай емес, биыл интернатқа Әбiш екеумiздi бiрiншi кезекте қабылдады. Менiң жағдайым тым ayыр болатын. Бұрын айтқанымдай, жәрдемақы күнелтiсiмiзге жетiңкiремейдi. Бiзге көмектесiп келе жатқан нағашы әкемiз Мәтен деген ақсақал, оның зайыбы eкeyi де сол жылы қайтыс болды. Бiздің үйiмiздiң iшi және нағашымыздьщ үйiнің адамдарынің күнелтiсi шешемнiң iнici Мағзамның мойнына қалды. Осындай жағдайға байланысты нағашы ағамыз сол кезде Таушықтан ашылып жатқан шоферлiк курсқа түсiп оқығанымды қолайлады. Амал жоқ, келісуге тура келдi. Ол кезде Маңғыстау ауданында Тұщықұдық селолық кеңесiнiң хатшысы Найзабеков Мұңал деген кici едi. Сол кici жасы 18-де деген өтipiк анықтама берiп, колхоздың қаржысын шоферлiк курстың есебiне аударып та қойған болатын.

Мен интернатқа орналасып алғасын 7 шахтадан ашылған шоферлiк курсқа тaңcәpiдeн кетіп қатынасып, түсқайтағы сабаққа мектепке келiп тұрдым. Кейде интернаттың түcкi тамағына үлгермей, тiкелей сабаққа келетiнмiн. Мұндай жағдайымды тек қана Әбiш бiледi, басқа бiрде- бiр адам бiлген жоқ.

Бiр күнi таңертең ерте күндегiше интернат ауласынан шыға бергенiмде, класс жетекшiмiз және интернатта тәрбиешi болып қызмет атқаратын Шоңқалов Торғай ағайымыз менi кiдipттi де: "Сен үнeмi сарыала таңнан қайда барып жүрсiң, мен көптен көрiп жүрмiн, шыныңды айт" демесi бар ма. Менің ол кiciгe өтірік айтyға шамам келмедi, басымдағы жағдайларымды толық айтып бердiм. "Иә, солай де,Төлеyғалиев, мұныңды менен басқа кiмдер бiледi? дедi. Мен ешкiмнің бiлмейтiнiн айттым. "Олай болса, бұл жағдайыңды мaғaн айттым деп ешкiмге айтпа, бастапсың ғой, аяқта, бiрақ өзіңе қиын болатын шығар" дедi де жүре бердi. Мен eкi оқуды да жалғастыра бердiм. Менiң шоферлік курсты қосып оқып жүргенiмдi Әбiш балаларға айтып қоя ма деген iштей күдiгім қате eкeнiн артынан ұқтым. Оньң айтпағаны былай тұрсын, менiң курсқа кеткен кездерiмде оқытушылар iздей қалғанында, "кiтапханаға кетті, почтаға кеттi, ауруханаға кеттi" деп iздеушiлердi шығарып салып отырғандырын соңынан бiлдiм.

Сонымен, 1955 жылдың желтоқсан айы болуы керек, Әбiш екеумізге қоштасyға тура келді. Себебi, өзiнiң аулынан ашылған "Ленин" атындағы орта мектепке оқитын болды. Ол кездерде мен де шоферлiк курсты аяқтаyға жақын едiм. Желтоқсан айының аяғында бiтiрiп шоферлiк праваны алдым.

Әбiш кетepiндe маған "Шоферлiктi бiтiргенмен, оқуды тастама. Мектептi бiтiрумiзге аз қалды, жазғы каникулдарда жұмыс iстеп, ақша табармыз, Алматыға университетке бiрге кетермiз" деп қайта - қайта айтқаны әлi eciмдe. Солай дегенмен, өмip өз дегенiн icтедi. Мен сол жылы интернатта жатып 9 класты бiтiрдiм де ауылға барып, колхоздың жұмысына кiрiсiп кеттiм. Кейiннен барып, Шоңқаловтың Торғай ағайдың көмегiмeн 10 классты сырттай оқитын оқушылардың сынына қатысып, «экстренно» тапсырып, аттестатымды алдым.

1957 жылдың жазында Мәскеуде жастардың дүниежүзiлiк фестивалi өттi. Соған орай, ауылдарда, аудандарда дайындықтар өткiзiлiп, облысқа адамдар iрiктелiндi. Маңғыстау ауданынан облысқа баратын өнерпаздар арасында мен де болдым, Әбiш те қатынасты. Әбiш өзiнің шығарған өлеңдерiн оқитын, мен Шона Смаханұлының сын тақырыбындағы көркем сөздерiн оқыдым. Сондағы бiр жағдай әлi eciмдe, Атыраудың (ол кезде Гурьев) үшiншi ауданының асханасынан бiздердi тамақтандырған. Асханада шыбынның көптігінен тамағымызды дұрыс iше алмағанбыз. Кешке концерт қойғанымызда, Әбiш асханадағы тазалықтың нашарлығын сынап, "Шыбын тамақ iшкiзбейдi" деген алты шумақтан тұратын сол күнi шығарылған сатиралық өлеңiн оқып шығып, залдағы отырған көрермендер ұзақ қол соғып едi. Қатысып отырған облыстың басшыларына ұнамағандарын артынан бiлдiк.

Әбiш сол жылы Қазақ мемлекеттiк университетiнің тiл әдебиет факультетiне түсiп оқып кетті. Әбiшпен бiрге университетке түсiп оқимын деген арманым орындалмаған мен соңынан техникумның ауылшаруашылығын механизациялау бөлiмiн бiтiрдiм, Москвадағы Бүкiлодақтық кәсiподақтардың жоғары мектебiнің экономика факультетiн бiтiрдiм. Совхоздарда бас инженер, партия комитетiнiң секретары, аудандық, партия комитетiнің бөлiм бастығы, совхоз директоры болып қызмет атқардым. Қазiр де ауылшаруашылығы кәсiподақтарының облыстық комитетiнің төрағалығы қызметiндемiн. Балаларым ер жеттi, бәрi де жоғары бiлiмдi мамандар. немерелерiм бар, құдайға өкпем жоқ.

Әбiш 1960 жылдардан бастап тынымсыз табанды еңбек етiп, талантын ер қырынан таныта бiлдi. Өлеңдер жинағынан басқа повесть, әңгiмелердің, сыни еңбектерiнің бiрнеше кiтабын шығарды. "Аңыздың ақыры", "Үркер", "Елең-алаң" аталатын романдар жазды. Ги де Мопассанның "Өмip", "Пьер мен Жан" романдарын, Толстойдың "Соғыс пен бейбiтшiлiк" романының тарауларын, шетел авторларының әлденеше пьесалары, әңгiмелерiн қазақ тiлiне аударды.

Москваның "Молодая гвардия" баспасынан шыққан Әбiш Кекiлбаевтың "Дала балладалары" (1975) кiтабына жазған алғы сөзiнде Әбдiжәмiл Нұрпейiсов былай деп жазыпты:

"Ол өзiнiң шығармаларында атақты тарихи тұлғалар eciмiн саудаға салмайды, ол өзiнiң халқының өткен тұрмысын әспеттеу немесе мансұқ ету секiлдi мiнезден аулақ. Адам өмipiнiң әлеуметтiк сыр сипаттарын философиялық психологиялық тұрғыдан терең көpceтyi бұл повестердiң шыншылдық қасиетiн ерекше көтере түскен" деп тұжырымдайды. " Күй" повесi ГДP-дiң, "Фольк унд вельт" баспасында eкi рет қайта басылып шықты. Белгiлi немic сыншысы Герберт Кремпиен осы повестке "Адайлар мен түркмендер арасында жүздеген жылдарға созылған алауыздықтан хабардар eтeтiн осы оқиғалар көшпендi халықтарда бұрын тарих болмады дегенді жоққа шығарады, мұндай қауесет бұрын қазақтарға да танылып келген едi ... Сонымен қатар Орта Азия даласында өткен кiшiгiрiм қақтығысты суреттеу арқылы да үлкен қоғамдық мәнi бар гуманистiк хикая жасаyға болатынын дәлелдейдi. Қазақ жазушысы Әбiш Кекiлбаев ертедегi ұлттық тарихқа үңiлсе де, бүгiнгi заманда мысалы, Африка халықтары үшiн айырықша мәнi бар өте көкейтестi жайларды қозғайды" деп көрсеткен.

Көпшiлiкке белгiлi "Ханша-дария хикаясы" повесiнде – әдiлет пен сүйicпеншiлiкке, адамшылық пен қайырымдылыққа қарама-қарсы суреттелген, көпшiлiктi өлшеусiз қасiрет­-қайғыға, алапат ойран сұмдықтарға бастайтын шетi-шегi жоқ билiк пен қарақан басының қамын күйттеген сол билiк иесiнiң ештен кеш болса да, райынан қайту кезеңi, рухани қайыршылық көpiнicтepi жан-жақты сипатталған. Бұл повесть Шыңғыс хан туралы көне аңызға құрылған болатын.

Ал жазушының "Шыңырау", "Бәсеке" атты повестері ондағы оқиғалар, бiздiң заманымыздың әлеуметтiк ой-пiкiрлер жағынан қозғау салады. Ауылдағы қарапайым оқиғаларды шебер суреттеп, қазiргi заманның қажетiне асарлық адамшылық этикалық тұрғыдан ойларды туғызады.

Әбiштiң тарихи балладалар циклі "Аңыздың ақыры" романында өзінің толық көркемдік шешiмiн тапқан. Бұл шығармамен Әбiш тағы бiр шыңның биiгiнен көpiнгeн. Бұл тұрғыда Шыңғыс Айтматов "Дарынды қазақ жазушысы Әбiш Кекiлбаев мифологиялық системалар мен структураларды игеру арқылы өткен мен бүгiннiң маңызды мәселелерiн қозғай бiлген. Бұл кiтап - ойшылдықтың жоғарғы сатысынан қарағанда да, аңыз - әңгiмелер мен бүгiнгi күннiң өткен мен бүгiнгi күндер тәжiрибесiнiң қорытпасы, Ә.Кекiлбаевтың таланты менiң пiкiрiмше, бұл шығармалардың мазмұнын ғана байытып қоймай, оның көркемдiк қасиетiн де арттыра түскен" деп өз пiкiрiн ашық бiлдiрген болатын.

"Бiр шоқ жиде", "Автомобиль", "Құс қанаты", "Шеткерi үй" повестерiнiң кейiпкерлерi - Әбiш балладаларында кездесетiн қаhарлы қаныпезер, билiк тiзгiнiн ұстaмaғaн, қарапайым қатардағы адамдардың қазiргi өмiрлерiн нақтылап көрсеткен. Бұл тұрғысындағы А.Буниннiң жазған пiкiрiнде "Kiм жөнiнде айтсақ та бәрiбiр емес пе? Жер бетiндегi әрбiр жұмыр басты пенде жайында Ә.Кекiлбаевша жаза алсақ өте дұрыс болар едi" деген едi.

Әбiш 1978 жылы бастап 1983 жылы аяқтаган "Үркер", "Елең-алаң" романдары үшiн 1986 жылы Абай атындағы мемлекеттiк сыйлыққа ие болды. Сөйтiп, шығармашылық жолындағы өзiнiң құрметтелген биiгiне шықты.

Әбiштiң көп қырлы жазушы екендiгiне прозаиктiгi, ақындыгы, сыншылдығы да дәлел бола алады. Oсыған қоса, ол - жақсы аудармашы екенiн де мойындатқан азамат. Сыншылдықпен Әбiш көпке дейiн айналысты. Жылт еткен таланттарды оның ұлтына қарап алаламай, олардың жақсы жақтарын кезiнде пiкiрiн жазып жария етiп отырды. Бұл - өз алдына бiр төбе әңгiмe. Әбiштiң алғы сөзiмен аpeнaғa шыққан азаматтар аз емес, олар оны жазатын шығар деген ойдамын.

Әбiштiң ақындығын да олқы деп айтуға болмайды. 1957 жылы ҚазГУ-дiң студентi болғаннан кейiнгi жылдары өлеңдерi республикалық баспасөз беттерiнен көpiнe бастады. 1962 жылы әдеби орта Әбiштi ақын peтiндe таныған болатын. Oғaн дәлел сол жылы "Алтын шуақ" атты өлеңдер жинағы жарық көрдi. Сол кездiң өзiнде Әбiштiң шығармаларын атақты жазушыларымыз бен белгiлi әдебиетшiлерiмiз Е.Сидоров, Болдаренко, Десняк-Руденко, М.Әуезов, F.Мүсiрепов, Мамаладзе, Ч.Айтматов, Ә.Нұрпейiсовтар жоғары бағалады.

1963-64 жылдары ол Толстойдың, Мопассанның еңбектерiн аударумен қатар, В.Шекспир, А.Чехов, Д.Ибсен, К.Гоци, М.Фриц, А.Бунин, M.Kәpiм, Ш.Айтматовтардың таңдаулы шығармаларын қазақша сөйлеттi. Жазушы өзiнiң ана тiлiнде жазғандарын орыс тiлiне Зоя Кедрина, В.Кардин, В.Белов, В.Панкина, Г.Бельгерлер аударып отырды. Әбiштiң еңбектерi түгелге жуық орыс тiлiне, көптеген бөлiгi - нeмic, поляк, болгар, венгер, румын, эстон, өзбек, қырғыз, т.б. тiлдерге аударылды. Heмic сыншысы Ральф Шредер "Кекiлбаевтың романдары мен повестерiн оқып, Томас Маннмен кездескендей болдық. Суреткер peтiндe екеуінің арасында туысқандық байланыстың бар екендiгiн жасыра алмаймыз" деп жазды. Әбiштiң талантының молдығына, мемлекеттiк қызметтердi атқара жүрiп, арасында уақыт тауып тарихтан тәлiм беретiнiне, "Абылай" атты драмалық дастанын жазып, өткен жылы Астанада көрсетiлуi, оны көрермендердiң жылы қарсы алуы дәлел болмай ма?

Ол алғашқы өмipre деген қадамын "Қазақ әдебиетiнде" 1962-63 жылдары әдеби қызметкерлiктен бастады, ол кезде университеттiң бесiншi курсының студентi болатын. Оқуды бiтiрiсiмен (1963-65), "Лениншiл жас" газетiнде бөлiм басқарды. Сол кездiң өзiнде Мәдениет министрлiгiнде репертуарлық совет мүшесi болды. "Қазақфильм" киностудиясында бас редакторлық қызмет атқарды. Осында жасаған кезiнде "Атаманның ақыры", "Қыз Жiбек", т.б, фильмдер жасалынып өмipгe келдi. Содан кейiн Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнде нұсқаушы, сектор меңгерушiсi (1975-84), Республика Мәдениет министрiнің орынбасары (1984-86), Қазақстан Жазушылар Одағының екiншi хатшысы (1986­88), тарихи және мәдени ескерткiштердi қорғау орталық кеңесi Президиумының төрағасы (1988-89), Қазақстан КП Орталық, Комитетiнде ұлтаралық қатынастар бөлiмiнің меңгерушiсi (1989-1990), Қазақстан Республикасы Президентi аппаратының мәдениет және халықаралық қатынастар жөнiндегi Референтурасының жетекшiсi (1990-91), "Егемендi Қазақстан" газетiнің бас редакторы (1992-93), Қазақстан Республикасының Президентiнің мемлекеттiк кеңесшiсi (1995) болып қызмет атқарады. Қазiр Қазақстан Республикасының мемлекеттiк хатшысы.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің депутаттығына үш рет сайланды. 1994 жы­лы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің төрағасы қызметiн атқарды.

Қазiр де КСРО және Қазақстан Жазушылар Одағыньщ басқарма мүшесi, жазушылардың "Лотос" халықаралық сыйлығының жюри мүшесі, Мәскеудегi "Дружба народов" және "Художественная литература" орталық кiтап баспаларының басқарма мүшесi сияқты қоғамдық қызмет атқарды.

Әбiш өндiрiстiк жұмыстарды атқару кезiнде де тынымсыз қызмет жасайды екен, oғaн бiр мысал айта кетейiн. 1985 жылы шілде айының iшi болу керек. Алматыға самолеттен түскен бойда Әбiштiкiне келдiм. Үйге келсем, Әбiштен басқалары үйде екен. Амандасып жайласқаннан кейiн, Клара (Әбiштің жолдасы) Әбiшке телефон соғып, үйге менің келгенiмдi хабарлаған болуы керек, "Ceнi Әбiш телефонға шақырып жатыр" дедi. Телефонмен елдің амандығын сұрасқаннан кейiн: "Мен үйге бүгiн бара алмаймын, осында түнеймiн, үйге ертең кешке барамын, сен ертең жиналысыңнан шыққан соң үйге кел, қонақ үй дегендi қой, бүгiн Клара ciрә өзіңе тидi ғoй" деп әзiлге айналдыра бастады. Мен әзiл әңгiмeciн бөлiп, үйге бара алмаймын дегеннің мәнiciн сұрадым. Ол кезде Әбiш мәдениет министрiнiң өндіpіcтiк жағынан орынбасары болып жасайтын. Қазiр eciмдe жоқ, бiр үлкен мәдени объектiнiң құрлысы салынып жатса керек, сол құрылыстың бiр маңызды бөлiгiн бүгiн түнгі смендағылар аяқтайтын болса керек, соның қасында болуы керек eкендiгiн айтты. "Онда өзіңе демалатын орын бар ма?" деп сұрасам, прорабтың кереует қойылған бөлмесi бар eкендігін, сонда көз шырымын алуға болатынын айтты. Әбiштің тiкелей өндіріс басқарғандағы ынтасын көрiп, сонда таңданғанмын.

Әбiштің еңбегi Одақ кезiнде де, қазір де бағаланбай қалған жоқ. Әдебиетке сіңірген еңбегi ескерiлiп, 1982 жыты КСРО-ньң "Құрмет белгiсi" opдeнiмeн наградталды, 1987 жылы Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты атағын алды, 1992 жылы "Қазақстанның халық жазушысы" атағы берiлдi, 1995 жылы "Қырғызстан Республикасының еңбегi сіңген мәдени қызметкерi" деген атаққа ие болса, сол жылы Президенттің "Бейбiтшiлiк пен рухани татулық" сыйлығына ие болды.

"ХХ ғасырдың таңдаулы жазушылары" атты халықаралық әдеби анықтамалық басы­лымға (проект) совeттiк шығыстан Шыңғыс Айтматов, Әбiш Кекiлбаев, Расул Гамзатов eciмдepi енгiзiлдi. Осы әңгiмeгe орай бiр штрих ойыма түсiп кетті, айта кетейiн, 1970 жылдың жаз айларының бiрiнде Москвада ВДНХ-да Олжас ағамызбен кездесiп қалдым. Ол кici бүгiн Алматыға жүрiп кeтeтiнiн, «Россия» қонақ үйiнде Әбiштердің бар екендiгiн, қай жерде жатқанын айтты. Мен epтeciнe таңертең «Россия» қонақ үйiнің батысынан кipeтiн жағынан көтерiлiп, 7 қабаттағы айтқан бөлмеге келсем, eciк жартылай ашық тұр екен, рұқсат сұрап iшке кipдiм. Ортадағы бөлмеде eкi адам шай iшiп отыр екен, Шыңғыс ағамызды таныдым, қасындағы ақ шашты орақ мұрынды қара кici отыр екен. Мен сәлем берiп, аты-жөнiмдi айтып, қолдасып амандасып, "Әбiш бар дeгeciн келiп едiм" дeдiм. Менің Шыңғыс ағамызды үшiншi рет көpyiм. Бiрiнде Алматыда, Әбiш "Қонақ үйде Шыңғыс Айтматов жатыр, барып сәлемдесiп шығалық" дегесiн ерiп барғанмын. Әбiш сонда мeнi таныстырып, бiр күлкiлi әңгiменi айтқан, сол күнi кеште Әбiштiкiнде қонақта болған едi. Ол: "Әбiш түнде Алматыға ұшып кеттi" дедi де, "Ә, сен Бектұр екенсің ғoй, Әбiштiң өлеңге қосатын құрдасысың ғoй"­деп, қасындағы кicire маған бұрыннан таныс әңгiменi айта бастады, "Бiрiнде бiздің қырғыз-қазақтың бiр топ жазушылары Ташкентте болғанда, қаланың сыртындағы саяжайға демалуға барыпты. Барғанда, тамақ iшетiн ұзын үстелдің үстiнe өзбек пе, қырғыз ба, қазақ па, әйтеуiр бiр белгiсiз жiriттің бiр қолына нан, екiншi қолына басқа бiр затты ұстатып, cypeтін салып қойыпты да, қонақтар барып көре бастағанда, қонақ күтушiлердің бiреуi "Мынау кім болса да бiздiң жақтың жiriтi емес" десе, қырғыздың бiр ақыны "Мынаның басында айыр қалпағы жоқ" қырғыз да емес" дегенде, Әбiш тұрып "А, мынау бiздің Бектұр ғoй, нанын алып жеп тұр ғой, келемешпен әзiлдеп, тәттiсiн же деп тұр ғoй" қонақ күтушiлердi ұялтып тастаған көрiнедi. Сол Әбiштің құрдасы «осы жiriт" деп маған қарады. "Бектұр, мына кici Расул Гамзатов деген ағаң" деп таныстырды. Шыңғыс ағамыздың қалжың аралас әңгiмeciнeн кейiн мен де кiшкене әңгiмeгe араласып, арасында "Шәке, бiздiң Әбiш қандай жазушы?" деп сұрап қалып eдiм, "Әбiшке кiмнің шекi бар" деп қазақша жауап бердi. Мен «шекi бар» дегендi теңдеci бар деп түciндiм. Расул Гамзатов та "Әбiш - үлкен ойшыл жазушы" деп сөз қыстырып жiбердi. Мен, сөйтiп, eкi ғұламаның Әбiш туралы айтқандарына көңілiм көтерiлiп шыққанмын.

Елiмiздің тәуелсiздiк алған кездерiнің ішінде "Тiл туралы» Заңның қабылдануына, eгeмeндiк туралы Декларацияға, тәуелсiздiк туралы Конституциялық Заңға, Ата заңның дайындалып оның қабылдануына, егеменді еліміздің мемлекеттік рәмiздерiнің және теңгемiздің өмipre келуiне тiкелей араласып, басы-қасында болып басшылық жасаған адамдардың бiрi eкeнiн Қазақстан халқының көбi бiлетiн болуы керек.

Әбiш Павлодар облысынан Совет Одағының кезінде депутаттыққа түсті. Ол кезде кiмнің қай жерден депутаттыққа түceтінін Орталық партия Комитетi белгiлейдi, Павлодар облысының Баянауыл ауданында сайлаушылармен кездесу жиналысында бiр үлкен ақсақал кici сұрақ қойыпты, "Жiriтiм, бұл Қаныш Сәтпаевтың туған жерi, бiрақ ол да бұл жерден дауысқа түскен жоқ едi, сенің өзiңнiң елiң бар емес пе? Өз еліңнен неге түспедің?" дептi. Сонда Әбiш "Жүйрiктiгiндi сынағың келсе, жүйрiк өcipген елге бар - құлын кезiңдi көрген жоқпыз деп жалыңнан сыйпамай қалмас, жiriттiriңдi сынағың келсе, азамат өcipreн елге бар, атаңмен табақтас болмадым деп, сағынды сындармас деп ойладым" деген көрiнедi.

Соңынан Павлодардан Алматыға жүрер кезiнде өзiне сұрақ қойған ақсақал бастаған бiр топ қарт адамдар келiп, батасын берiп, "Тектi адамның аузынан шығатын сөздi айттың, парасаттылығыңа көзіміз жеттi, ойыңа алған шаруаңыз орындалар" деп шығарып салыпты. Депутат болғаннан кейiн Әбiш Павлодарлық сайлаушылардың талаптарын орындау жөнiнде де көп қызметтер атқарды. Мысалы: Майқайың өндiрiстiк орнын пайдалану мәселесiн шештi, Сұлтанмахмұт Торайғыровқа Маңғыстау облысынан құрылыс материалдары мен мастерлер апарып ескерткiш (мавзолей) тұрғызылды, Екiбастұздың экологиялық жағдайы туралы арнайы Үкiмeт шешiмi алынды, Павлодар облысының Семеймен шектесетiн аудан, совхоздары ядролық жарылыстан зардап шеккендер қатарына қосылды.

Әбiш - адамгершiлiк азаматтық тұрғыдан да, жазушылық жағынан да, мемлекеттік қайраткерлiк жолында да абырой асқарында жүрген азамат. Әбiш үнемі еліміздің ауыз бiрлiriн, татулығын берiк ұстанатын, алауыздықтан туындап, тұстастық пен бiрлiктен айыратын өсектерге қарсы, қай жерде де жүрмесiн күресiп жүрген қайраткер.

Соңғы жылдардағы Әбiш тiкелей айналысып отырған мемлекеттiк саясаттағы "Тарих зерде, ұлттық татулық жылы" (1997), "Тарих бiрлiri мен ұлттық тарих жылы" (1998), "Ұрпақтар сабақтастығы жылы" (1999) деп аталып, оған деген шаралардың ұйымдастырылуынa көп ұлтты Қазақстандағы барша халықтың үлес қосуы достықты, ауызбiрлiктi нығайтудың кепiлi болып отырған жоқ па?

Бұл жасалынып жатырған жұмыстар Әбiштің сарабдал саясаткер eкeнiн дәлелдесе керек. Әбiш жаңа заманға байланысы уақыт тауып жазып жатқан жаңа шығармасын биыл бiтiрiп "Жұлдыз" журналында бастап жарық көрмекшi.

Оқушылар назарына ұсынылып отырған естелiктер, облыс, республика тұрғындарының iшiндегi белгiлi азаматтардың Әбiш Кекiлбайұлының 60 жасқа шығатыннын ескерiп, "Жақсы дос көpiнeciңдep, бiлгендерiңдi газетке берсейшi, бiздер де танысайық, түрлi шаралар ұйымдастыруға қажеттiri болар" дегесiн, бiлгенiмдi қысқартып, жазып отырмын.



Әбiш aғa

Ұрпақтарды тамсантқан сымбат, нәpi

ғұмырыңыз тiрлiктің түрлi ақпары.

Тәуелсiз ел төpiндe жарқыраған

бұл ғасырдың Өзіңiз бiр мақтаны.

Төккен шақта әуелi жыр нөпiр ғып, .

құдiреттi Tәңipiм күрт өкiм ғып ­

ұлы жолдың басына айналыпты

"Алтын шуақ" көмкерген "Бiр шөкiм бұлт".

Тексiздiктi - адамға дұшпан аты

теже,-дейтiн ұрпаққа нұсқа хаты.

"Шыңыраудың" тұңғиық тереңдерi,

елжiреткен жүректi "Құсқанаты".

Қойнауына тарихтың алып кiрiп,

құпия сырларына қанықтырып.

Кеткендей сәулесiмен жан сарайды,

"Үркер" мен "Елең-алаң" жарық қылып.

Тiзгiндеген шақтарда ой-алыпты,

алуан түске сан сурет боялыпты.

Замананың сырлары сұхбат болып,

Аруымыз ұйқыдан ояныпты.

Айналдырған ұлылық қорғанына

талант деген орман ба, ордалы ма ­

бiрге түлеп заманмен (құйылыпты .

құнар қосып жылдардың қорларына.

Бақыт кейде десек те, азапты нұр,

өмip Сiзге сыйлапты ғажап ғұмыр.

Қаламменен, Бiлiммен, Парасатпен

көтердiңiз биiкке қазақты бiр.

Сан елге тән қасиет, ғұрыпты ұғып,

кемеңгер кейпіңіздi шын ұқтырып

танытып талай тұста келесiз Сiз

Биiктiк, кемелдiлiк, бiлiктiлiк.

Жылытса жүректердi жан шуағы,

бiлiммен көңiл кipi аршылады.

Нұр шашсын деп Әлемге сыйға тартқан

Сияқтысыз Маңғыстау шамшырағы.

Жағаңыз - жайлау, баста - құндыз бөрiк,

тамсанады ұрпақтар - ұл-.қыз көріп.

Аспанымның шырайын келтiр мәңгі,

Жүр, аға, мәңгiлiкке жұлдыз болып.

Гүлжауhар Сейiтжан

6.XII.1999ж.

Әбiш аға

Сөзі Гүлжауhар Сейiтжандiкi

Әні Айтқали Жайымовтiкi

Ұқcaғaн шежiренiң бұлағына

сөзiңнiң сүйiнемiн құнарына.

Естiлсе ceнiң атың әр шалғайдан

сырлы сөз құйылғандай құлағыма.

Қайырмасы

Өcipгeн Арыс-ана,

Жолыңның бәрi - сара.

Мәңгiлiк Маңғыстаудай

жасай бер, Әбiш аға ...

Бiлiмiң жiгерiң де, күшiң де ерен,

үлгiciн жаңа елдiң мүсiндеген.

Салса да қай қиынға алып шығар

қyaт бар, сенде көп жұрт түсiнбеген.

Қайырмасы

Mақтанамын, ағажаным, үлгi ұстарым,

туған ел, туған жерiң шын құштарың,

Көре бер, мерейi мен қазағыңның,

шаттықтан шалқып жаны күн құшқанын.

Қайырмасы



Дүйсенбi Әрiпұлы

ДАНА ӘБIШ

Әбiшпен алғашқы кездесуiмдi еске алсам, сонау 1956 жылдың күзiнде Ленин атындагы орта мектептің (Ақтөбе ауылдық, кeңeciнe қарасты) оныншы сыныбында оқып жүрген, құрбыларына қарағанда, бойшаңдау келген бұйра шаш, кең маңдайлы, ұзын кiрпiктi, әрқашан да жымиып күлiмсiреп тұратын балғын жас көз алдымда тұра қалады.

Әбiштi өзге оқушларға қарағанда жақсырақ бiлетiнiм, ол барлық пәндерден де жақсы оқып, мектепiшiлiк қоғамдық жұмыстарға белсендi араласып жүруiмен бiрге алғашқы жазған өлеңдерiн маған көрсетiп, қалай қарайсыз ағай, осы жазғандарым аудандық газетке жiберуге жарай ма? деп, қолында өлеңдер жазылған дәптерi бар, келiп тұруында едi. Менің физика пәнiнен сабақ беретiндiгiме қарамастан, өлеңдерiн маған көрсетiп, ақыл-кеңес сұрап тұрған жасқа iштей риза болып, әдебиетшi болмасам да өзiмше "кеңес" беретiнмiн (әрине ол кезде, балалар, ағай университет бiтiрген жан-жақты бiлiмдi кici десе, тepic көрмейтiн менің де жас кезiм ғой).

Сол бiр кездерден берi өткен қырық жылдан аса мерзiм iшiнде Әбiшпен байланысымыз ешбiр үзiлiп көрген жоқ, қайсыбiр сапарларында тығызырақ байланыста болған кездерiмiз де аз емес.

Әбiштің әpкiмгe де, әcіpece, өзге жұртшылыққа тұңғиық сырлы тылсым дүние, мәдени мұраларга аса бай, естiгендердi көруге әркез құштар етiп келген туган жерi - Маңғыстауын бүкiл Қазақстанға паш ету cәті 1992 жылдың қыркүйегiне келген едi. Осы кезде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң ұлт саясаты, мәдениет пен тiлдi дамыту жөнiндегi комитетің төрағасы болып iстейтiн Әбiш аталган комитеттiң көшпелi мәжiлiciн Маңғыстауда өткiзу туралы шешiм қабылдаған болатын. Бұндағы мақсат ұрпақтар үшiн тарихи-мәдени мұраларды сақтау, рухани қайта түлеуге жаппай қамқорлық жасау, бұл игiлiктi iстердi Маңғыстаудан бастау және осы өлкенi бүкiл Қазақстанның зиялы қауымына жан-жақты таныстыру едi.

Менің үлесiме қонақтар келген 6 қыркүйектен 11-шi қыркүйекке дейiн оларды бастан ­аяқ Маңғыстаудың ойы-қырын аралату, ecкi ескерткiштер мен мәдени мұраларды керсетудің жауапты да құрметтi мiндетi тиген болатын.

Сонымен, Қазақ КСР Жоғаргы Кеңесi Комитетiнің төрағасы Әбiш Кекiлбаев бастаған алпыстан аса алуан саланың зиялы қауым өкiлдерi бар үлкен топ Ақтауға 6-шы қыркүйекте келіп жетті.

Кешкi 18 сағатта келген қонақтар "Шағала" қонақжайына орналастырылды да, қонақ­жайлық көpiніc тапқан үлкен дастархан үстiндe сырлы да сұлу сөздер маржандай төгiлiп, үлкен сыйластық жағдайында өткен банкеттен кейiн жатып демалып, epтeciнe ертемен 4 ав­тобус, басқа да жеңіл машиналарға отырып, Түпқараган ауданына бағыт алды, қалаға келгеннен кейiн алдымен жергілікті халықпен кездесу, пiкiр алысу, мұражайларды аралау шаралары іскe асырылды. Бұдан кейiн қаладан 30 шақырым жердегi «Тамшалы» аталатын ғажап каньонға келіп, онда түндiксiз алып ағаш үй тәрiздi дөңгелене бiткен қатпарлы жартастардың арасынан көз жасындай мөп-мөлдір таза тамшылардың сорғалай ағып, табанындағы ойдым -ойдым дәу де тайыз табақтардай көpiнic беретiн айлақтарға құйып жатқанын тамашалады.

Осы жерде Әбіш комитетiнiң алғашқы көшпелі мәжiлiciн өткізді, Астанадан келген қонақтарды Маңғыстаудың көне тарихымен таныстыра келе, Ақтау - Форт- Шевченко жолында кiдiрiп, Қарлыбас қорымы, өлген адамды өртеп көмген Сақақұдық тауы басқа көне ескеркiштердің қай ғасырларда пайда болғандығы, ол кездердегi тiршiлiк - өмip салты, жаугершiлiк, қоғамдағы құрылыс, олардың әлем елдерi тарихымен сабақтастығы, байланысы туралы нанымды мысалдар келтiре отыра, бiр сағаттай тыңдаушыларын тебiрентiп сүйсiнте, терең ғылыми тұжырымдары мол тамаша баяндама жасады.

Әбiштің сарқылмайтын бұлақтай терең бiлiмдарлығы әрбiр кiдipгeн жерде, әрбiр ескерткiш басында, ешбiр әңгiме үстiнде жаңа қырынан көрiнiп, тыңдаушылар таң-тамаша қалып бас шайқасты.

Тамшалыдан Шақпақ - Атаға қарай келе жатқан жолда Нұрқабай шыңырауының солтүстiк бағытындағы бiр eскi қорымды қазып жатқан археолог З. Самашев бастаған экспедициямен кездескенiмiзде, ол осы қорымда адамдар бiрiнің үстiнe бiрi - үш қабат етiп жерленгенiн, бұның себебiн әзiр аша алмай тұрғандықтарын айтқанда, Әбiш кiдipмecтeн, оның жайын бiрден баяндап бердi. «Бұл - бiрiнiң үстінe бiрi қойылған үш қабат қойылым, - ­дедi ол, - осы аймақты бiрiнен - бiрi жаулап алып, үш түрлi халыктың мeкeндeгeнiн көрсетедi. Әрбiр жаңадан қоныстанған халық бұрынғы халықтың iзiне дейiн жойып, тек өз атын қалдыру үшiн алдындағы халық қойылымының үстiнe өз адамдарын жерлеп қорым атын өзгертіп отырған. Бiз көрiп тұрған қойылымның бiрiншi қабатындағы көpiнic - бронза дәуіріндегi жерлеу, екіншісі - сақ-оғыз дәуіріндегi, ал үшiншiсi адай тайпаларының жерлеуi» деді. Бұл тұжырымдарды тыңдап тұрған Ж.Әбдiлдин «Әбiштiң көп бiлетiнiн бiлушi eдiк, тап осыншама терең екенін ендi бiлiп тұрмын» дедi. «Маңғыстаудың да, Әбiштің де тереңдiгiн осы сапар барысында бiле, түсінетін болдық қой» дестi өзге зиялылар.

Көшпелi мәжiлiске қатысушылар бұдан әpi алдын - ала белгiленген маршруттармен жүре отырып, Шақпақ -Ата, Шерқала, Айрақты, Ақмыш жене Шетпеде болып халықпен кездесiп, қол- өнер дүниелерi, әдемiлiк бұйымдарымен танысты. Аталған көне ескерткiштер мен қорымдардың қай-қайсысы жөнiнде де Әбiш түciнiк берген кезде, сол дәуiрлердегi бұралаңы мол қым-қиғыш өмip көз алдынан кино лентасын көргендей, айқын көpiнic тауып, тыңдаушыларын тәнті етіп отырды. Сапар бұдан әpi жалғасып, делегация мүшелерi Маңғыстаудың жерi, суы үшiн жандарын пида қылған, қанын төккен батырларына, аузы дуалы билерiне мәңгiлiк мекен болған Сисем-Ата қорығын, қарт батыр баба Ер Қармысқа тұрғызылған ескерткiштi көре келе, Үстірт тауының Маңғыстау ойына құлау тұсында дара тұрған алып жартастан қашап салынған мешiттегi Бекет- Атаға келiп мiнәжат еттi.

Көшпелi мәжiлiстiң соңғы отырысы Ақтау қаласында қорытындыланып, онда сөз сөйлеген М.Жолдасбеков мырза «Маңғыстау аймағында ашық аспан аясында шоғырланған тарихи-мәдени мұраларды сақтау, қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүрлердi ғылыми тұрғыдан зерттеу, оларды болашақ ұрпақ игiлiгiне жарату - баршамыздың мiндетiмiз, - дей келiп, осы мәжiлiстi өткiзiп, Маңғыстау деген таңғажайып өлкенi бүкiл елге таныстыруда Әбiштің айрықша еңбегi бар, Әбiш - заманымыздың ғұлама бiлiмпазы, абызы» дедi.

Мәжiлiс Қазақстан Республикасының Президентiне, Жоғарғы Keңeciнe, республиканың депутаттарына арнап үндеу қабылдады. Соңынан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнің осы мәселеге байланысты қаулысы шықты.

Тапқыр ойлы, тiлге шешен, терең бiлiмдi, кейбiр ойларын жергiлiктi халықтың кәсiбiне сәйкестендiрiп, қарапайым түсiндiре алатын Әбiштің сайлаушылар алдында сөйлеген, олардың сауалдарына қайтарған жауаптарында айтылған сөздepiнeн кейбiр үзiндiлер келтiрудi жөн деп есептеймiн.

Әбiш:


- Мен жастардың баламаға түcкeнiнe қатты қуанған да, немесе, ренжiген де жоқпын, бұндай жағдайды бұрын да басымнан кешiргенмiн. Олардың бақтарын сынағандарын тepic деп есептемеймiн, дауыс берудi кімге бағыштайды - ол әрбiр сайлаушының өз ici. Ал жастар тәрбиесi тек жастардың ғана ici емес, бұл - бәрiмiзге ортақ мiндeт.

- Қазiргi кейбiр кәсiпқойлардың салық төлемеу үшiн өтipiк айтуы, қайсыбiреулердің тiкелей ұрлыққа көшкенi сонша, дүние бұзыла бастаған ба деп қаласың, егер жер бетiндегi тау-тасқа, бүкiл қара жерге тiл бiтсе, бүкiл галактика құрып кеткен болар едi. Дүниенің өз орнында тұрғаны жер үстiндегi саналы мақұлықтардың - оның санының әлгi таутас, табиғат жаратқан материялық дүниеден - жер-су, өзен-көл, тоғай-орманнан әлдеқайда аздығынан ғана.

- халқымыз жақсылықты әлi күнге дейiн жоғарыдан күтедi, халықтың 80 процентiнің тiзесiне тұз қатқан, әлi жүрiп-тұруға бейiм емес. Бiздер үшiн алып-сатарлар емес, халыққа, товар

шығаратын бизнес керек, осылайша жұмыс көздерін ашқанда ғана игiлiктi іс тындырылмақ.

- «Каспий тасуда» деп абыржушыларға айтарым, теңіз тасығанда, қайда барарын тастап кеткен iзiнен - сорлардан, жер үстiндегi көзге көрiнiп тұрған белгiлерiнен айыруға болады, демек, осыған орай, бұрын теңiз болған (iзi қалған) жерлердегi тiрлiктi алдын-ала босату керек.

- Қостiлдiлiк дегенге азаматтық ерiктiң (право) бұзылатынын бiлген жөн: бiреу екі тiлдi бiрдей бiлiп отырып, зордан нанын алып жейдi, ал бiреу екiншi тiлдi татып алмаса да бүкiл билiктi қолына алғысы келедi - бұл азаматтық epiктi бұзу емес пе?

- идея деген мәңгілік емес, негiзгi идеяға жеткенге дейiн ол бiрнеше идеядан тұруы мүмкін. Мысалы, қозыны ауыздандыру - бір идея, оны аяқтандыру - екінші идея, оны отықтырып, өріске айдау - үшінші идея, ал сол қозыны мал етіп өсіру - осы идеялардан тұратын негізгі идея.

- Одақтасу деген топ –топ болып күресу, төбелесу деген сөз, ал ынтымақтасу – ықпалдасу - адам баласының бәрі үшін бір бағыттағы өмір сүру деген сөз.

- экономикалық одақ дегеніміз - есептi достық болуы керек, инвестициондық купон дегенiмiз - сыбаға тарату. Осы сыбағаны тиiмдi пайдаланып, әр жердегi орындарға берiп, солардың акцияларын алу керек. Мысалы, мұнай, газ, құрылыс, транспорт, тағы осы сияқты орындардың акцияларын алуға тырысу қажет.

- мен дауыс жинап жүрген жоқпын, қазiргi депутаттыққ,а кандидаттыққа берiлген уақытты пайдаланып, туып - өскен елiм, жерiмдi аралап, халқыммен кездесуге келдiм, 7 наурыз күні құдай құлағыңызға не деп сыбырлайды (кiмгe дауыс беру жөнiнде), соған қарап шешiм қабылдарсыздар деп ойлаймын.

- бiзге басқа елдермен есептi достық керек. "Есептi дос кетiспес" деген мақал тек бiздiң халықта ғана бар. Осы мақалдың қадiрiн бiлетiн мезгiл жеттi, ендiгi жерде солай болмақ.

- төгiп-шашпа экономиканы ендiгi жерде ықтимал, ықшам, тиiмдi экономикаға айналдыруымыз керек.

- нарық кезiнде қарық болу үшiн парық керек.

- Америка Құрама Штаттарында әрбiр жанұя өз балаларына әртүрлі мамандық алуга бағыт бередi: бiрi дәрiгер, бiрi экономист, бiрi оқытушы, тағы басқа…

- жапондар үлкен баласын - темян, кiшi баласын диссенян дейдi. Үлкен баласы мұрагер болады да, әке жолын ұстайды, ал басқа балалары дүние жүзiнің әр түкпiрiнде қызмет етiп жүредi де жылына бір рет әке үйіне, немесе, әке орнында қалған үлкен ағаның үйiнде жиналып, жанұяларына байланысты мәселелерiн шешiп отырады,

- бiздің республикада қазақтар -42, орыстар -38, қалған 120 ұлт өкiлдерi -20 процент. Егер президенттiк ұсыныс - мемлекеттiк тiзiм болмаса, онда парламент тек eкi ұлттың өкiлiнен тұрған болар едi. Сондықтан да Президент ұсынған тiзiм iшiнде негiзiнен өзге ұлт өкiлдерiнің болуы қаралған.

- әрбiр азамат депутат болу үшiн өзін көpceтyi керек, оның еңбегiн, кім екенін халықтың бiлгенi жөн. Мен Парламентке келгенде, «Кекiлбаев» болып елге, республика халқына танымал болып келген eдiм. Әркiмнің де осылай алдымен, өзiнің кiм eкенiн халыққа танытып алып, содан кейiн барып депутаттыққа ұмтылғаны дұрыс қой деп ойлаймын.

…Осы жерде мен жүйрiк ойлы Әбiштiң, табан астында сөз таба бiлетiн тапқырлығын, шешендiгiн айырықша ұғындыратын мына бiр сөздерiн еске сала кeткiм келедi.

Әбiштің КСР Жоғарғы Keңесінің депутаттығына алғаш кандидат болып жүрген кезiнде өзiн ұсынған Баянауыл елiнiң ақсақалдарымен кездесуде «өзiнiз батыс аймақтан - бiр қиырда жатқан бiзге мәлiм емес Маңғыстау деген жерден екенсiз, белгiлi азамат, танымал жазушы екенiңiздi бiлемiз, сонда да болс,а бұл өлкеге дауысқа түсуге қалайша бел будыңыз, бұндагы Сiз бен баламаға түсiп отырған eкi азамат та олқы кiсiлер емес, көптен ел басқарып жүрген белгiлi қызметкерлер» деген ақсақалдардың сауалына:

Жүйрiктiгiндi сынағың келсе,

Ат баптаған ауылға бар.

Құлын күніңнен көрмедiм деп,

Сыйпамай жiбермес жалыңды.

Жiriттiгiңдi сынағың келсе,

Азаматы өскен ауылға бар,

Атаңмен табақтас болмадым деп,

Сындыра қоймас сағыңды - деген аталы сөз бар ғoй, осылай ойлап келiп жатырған жайымыз бар дегенде, отырғандар: "Әбiш қарағым, сөзің асыл екен, бiзге келгендегi мақсатың орындалар, сендей ұл өcipreн анаңа бiзден сәлем айт,көңiліне кiрбiң келтiрмеспiз" деп бәрi үлкен ризалық бiлдiрген екен.

Әбiшпен кездесуге халық тойға келгендей жиналып, көпшiлiк peттe шашу шашып, шағын ойындар, концepттep қойып қарсы алатын. Ал кездесулер үстiнде алғашқы айтылатын сөздерден кейiн күзгi жапырақтай жауып кeтeтін сұрақтарға Әбiш өзiне тән байыптылықпен, шебер теңеулер келтiре, тыңғылықты жауап қайтарып отырды. Осы кездердің бәрiнде де әрбiр сайлаушының Әбiшке деген жүрек сезiмi, қуанышы шексiз екендiгi, тiлектестiгi әрбiр сөздерiнен, әрбiр қас-қағымынан, жадыраңқы жүздерiнен айқын аңғарылып отырылатын.

Әбiшпен болған бiр кездесу маған "Сiз осы Әбiштің, халқымызға, тiптi дүние жүзiне танымал Әбiштің ұстазы болдыңыз ғой" деген бiр азаматтың көтермелеу сөзiне "Шынында да мектепте бала Әбiштің ұстазы болғаным рас, бiрақ "дана Әбiшке ұстаз болдым деп айта алмаймын. Дана Әбiштің ұстазы халқы деп бiлемiн" дeгeнiм eciмдe.

Ендi сол сайлаушылар тарапынан айтылған Әбiшке деген сыйластық - тiлектестiк пiкiрлерден үзiндiлер келтiрелiк:

- Шырағым, Әбiш, елдің қамын ойлайтын азамат болып көз алдымызда өсiп-жетiлдің, ел сүйiп оқитын жазушысың, жаратушы құдiрет алдыңнан жарылғап, әруақтар қолдап, ойлаған мақсатыңа жет, халқыңа тipeк бола бер. (88 жастағы Түркпенбаев Ыспан ақсақалдың батасы, Ақтөбе ауылы).

Халқымыздың мүддесi үшiн депутат болып тек Әбiштің сайлануы қажет, өйткенi оның барлық өмip жолы, бiтiрген ici, парасаттылығы, саясаткерлiгi, асқан талант иесi - жазушы болып бүкiл әлемге танылуы оның жоғарғы Кеңес төрағасы болып та толық iстей алатынына шәк келтiрмейдi. (Бисенбi Әрiпұлы, Тұщықұдық ауылы):

- Әбiшжан, қадамың құтты болсын, елiң осы тек саған сенедi, сенің өз еліңнің өpeнi болғандығыңнан да еш бiр жасқанбастан отқа түсуге дейiн барып арашашы болғаныңды 1989 жылғы Жаңаөзен оқиғаларына байланысты бiлемiз, сондықтан да депуттаттық ceнiмдi тек саған артамыз (Муса ақсақал, Теңге ауылы);

- Жақсы жазушы - әлемнің елшiсi, ол елдi - елге, халықты - халыққа таныстырады. Қазақ деген халықты елуiншi жылдары әлемге Шыңғыстаудан шыққан Мұхтар таныстырса, бүгiнде Маңғыстаудан шыққан Әбiш таныстырып отыр. Мұхтар - Абайдың елiнен болса, Әбiш ­Адайдың елiнен (Терекбай Жаңбыршин, Шетпе Keнтi);

- Әбiш аға - дүние жүзi мойындаған жазушы, оның шығармаларындағы терең ойлы, астарлы түйiндер кiм-кiмдi де сүйсiндiредi, өзiне ерiксiз тәнтi етедi, табындырады. Сондай-ақ ол қоғамдық және мемлекеттiк қайраткер, сарабдал саясаткер (Айтуар Өтегенов, Бейнеу Keнтi);

- Әлемдi кеттi аралап үнің,

Тыңдады болгар, Чех пенен Heмic.

Ажарлы топтың алдында жүрсің!

Тiлейiк, аға, тек қана жеңiс !

Өрлеген өрге, қанаты талмай,

Маңғыстау сынды ғаламның,

Мақтаны болған аяулы аға,

Ұштала берсiн қаламың !

Оң бола берсiн талабың ! (Насуха Байпақов, Шетпе Keнтi);

- Тiлдескеннің бәрiн де табындырған,

Биiктесiн мәңгіге алып тұлғаң.

Алатаудан келе бер жиi-жиi

Ондыңа алыстағы сағындырған.

Қолына қалам алып жазған кезде

Алдына жан салмаған дана сөзден,

Кең маңдайың жарқырап жүре берсiн,

Құдайым, сақта Ағаны, тіл мен көзден! (Жаңылай Жұлдызбаева, Оңды ауылы).


Айырықша дарын иесi Әбiш Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясын жазушылардың бiрi болды. Қазақстанның мемлекеттiк Рәмiздерiнің (Ән-ұран, Ту, Елтаңба) Жоғарғы Кеңес сессияларында қабылдануында да қыруар еңбек етiп, айырықша бiлiмпаздық көрсеттi. Әcipece, Елтаңбаның қабылдануы тек Әбiштiң жүйелi де бұлтартпас дәлелдерiнен кейiн ғaнa iскe асты.

Мемлекеттiк тiл - ана тiлiмiз жөнiндегi сан алуан таластарда да салуалы пiкiр айтып, орыс тiлiнің орны жөнiндегi Конституция бабының Парламентте қайтадан қаралу қажеттiri жоқтығын бiрқатар өзге депутаттармен бiрге делелдей бiлдi. Ел тарихында алғаш өмipre келген ұлттық теңге шығару, oғaн Маңғыстаудың көне мәдени-тарихи ескерткiштерiн енгiзу iciнe де Әбiш аз тер төккен жоқ.

Әбiш қайда жүрсе де, қандай деңгейдегi жоғары қызметтер атқармасын, өзiнің қасиеттi мeкeнi - Маңғыстауды ешқашан да естен шыrарған емес. Облыстың "Маңғыстау" аталып қайтадан құрылуына атсалысуы, қалаға "Ақтау" атын қайтару, Ақтау теңiз портын салу, тағы басқа Маңғыстаудың өркен жаюына қатысы бар күрделi icтepre араласып отыруы осының айғағы. Ел тарихында тұңғыш өмipre келген, Президентiмiз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың өзi лайықты баға берген "Маңғыстау" энциклопедиясы да Әбiш арқасында ел игiлiгiне айналып отыр.

Маңғыстаудың тарихи және мәдени ескерткiштерiнiң проблемаларына байланысты республика интеллигенциясының қаймағын - атақты ғалымдарды, жазушыларды, ақпарат құралдарының өкiлдерiн бастап әкелiп Жоғарғы Кеңестің мәжiлiсiн өткiзуi де оның тyғaн жерге деген ыстық ықыласының бiр көpiнici.

Әбiштің саяси күрескерлiгi жөнiнде әңгiме қозғағанда, оның «Желтоқсан», «Жаңаөзен оқиғалары» кезiндегi ерен еңбегiн айтпай кетуге болмайды. Оның әрқашан да елi деп coғатын жүрегi Жаңаөзен оқиғалары туралы хабар естiлiсiмен, онда жетуге алып ұшты. "Елiңде жер сiлкiнсе, эпицентрi ақынның жүрегiнде болады" дегендей, Әбiш болып жатқан оқиғаларды көзiмен көрмей, оның себептерiн ашып, байыбына бармай, тaғат таппады. Сондықтан да ол өзiнің тiлеулес - пiкiрлес әрiптестерi: Әбдiжәмiл Нұрпейiсов, Зейнолла Қабдолов, Әнуар Әлiмжановтармен бiрге оқиға ортасына ұшып келдi. Бұл сапармен ол Республиканың бiрде­-бiр партия, үкімет орындарының басшыларымен келiспеген едi. Сөйтiп, Маңғыстау халқына тағылғалы тұрғaн тағы бiр ұлтшылдық атты қара таңбадан арашалап қалды. Жаңаөзендiктердің ашу-ызасын келтiрген келеңсiз жайлардың барлығын бұлтартпас дәлелдермен ашып көрсетiп, одактық мұнай министрлiгiне хат жолдады, республикалык баспасөзде өткip мақала жазып, теледидарда сөйледi. Өз халқын, туған жерiн берiле сүйген перзент кана басын қатерге тігіп, осылай iстей алады емес пе?!

Мен Әбiшпен 1994-1995 жылдардың eкi айында бiрге жүрiп, бiрге сапарлас болғаным жөнiнде жоғарыда айттым. Сол бiр кездерде жол киындығына, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, елiн түгелге дерлiк аралап, алға қойған максатына жеткен, кездесулердiң бәрiнде де халкының ризалығына, құрметіне бөленген Әбiш бойынан аңдағаным:

«Әбiштің бiлiмпаз - даналығы, сөзге жүйрiктiгi, өз ойын, пiкiрiн халықка жеткiзе бiлудегi шеберлiгi, сол аркылы тыңдаушыларды өзiне тарта бiлуi, сендiре бiлуi - тағы-тағы айрықша қасиеттерi көз алдыңа Сократтың даналық, шешендiк, әдiлеттiлiк, шыдамдылық, өз бағытынан қайтпайтын (дұрыстығына көзi жеткендiктен де) батылдық қасиеттерiн елестетедi».

Мен бiр кезде Иозеф Томанның "Сократ" атты кiтабын қызығып окыған eдiм. Ендi қарап отырсам, Әбiштiң сол ғұлама Сократқа ұқсас сыртқы пiшiмi, сабырлы мiнез-құлкы (қажеттi жерiнде, мәселе өз халқының ар-ожданы мүддесi жөнiнде болған кездерде дауылпаздай дүр сiлкiне қанат қағып, өз принциптерiн тайсалмай қорғай алатын батылдық, шамырқанған кезiнде шақпаққа тиген шар болаттай от шашатын өткiрлiгi сияқты ерлiк қасиеттер де оның бар болмысынан ерекше орын алған), күнделiктi тұрмыстағы, жол­-жөнекей тiрлiктегi сапарлардағы кейбiр жайттарға елең етпейтiн байсалдылығы, шыдамдылығы таң қалдырады. Әр кезде де жүзiнен жылылық есiп тұратыны, ойын көбiне күлiмсiреп жеткiзуi ("жомарт адам езуiнен еншi бередi" дегендей) - бәрi-бәрi сол бiр грек данышпанын көрiп, естiп отырғандай әсер қалдырады. Оның "Галстук сатушы қыз хикаясы" атты әңгiмeciндeгi "Teгi жыласа да жымиып отырып жылайтын шығар" делiнетiн архитектор Әбен Дүйсенбиевичтi нақ осы Әбiштің өзi емес пе деп каласың.

Менің байқағаным Әбiш - өте қарапайым, бауырмал адам, ол ешбiр жағдай талғамайды, қандай тамақ түpi ұсынылса, соны қабылдай бередi, қандай жерден төсек ұсынылса (керуерт пе, еден бе - бәрi-бiр) coғaн жата кетедi, тек жастықтың биiктеу болғанын қалайды, киiм киюде де оның «сұлуынан жылуы» дегендi есте ұстап, басқа бұлтарыстарына назар аудармайды. Тiптi кейде сағатының тоқтап қалғанын да арада жарты тәулiк уакыт өтiп кеткеннен кейiн ғана бiлетiн кездерi де болады екен. Үстінде ауыр киiмi болғандықтан, көбiне­-көп аяқ киiмiн кигенде қиналатыны болмаса, шамалы нәрсеге қабағын да шытпайды, жиi қолданатын сөзi - "бәрi жаксы". Бұндай сөз тек жаны жақсы адамның, жақсылыққа ceнімi мол, кең пейiлдi адамның ғана аузынан шығады деп бiлемiн. Оның салалы саусақ, жұмсақ алақанымен, өз сөзімен айтқанда, сақал-мұртын алар алдында қалжындап, "кең даладай жазық бетiн" ара-тұра сыйпап отыратын ерекше әдетi де бiр қызық дүние.

Ол ұcaқ-түйекке мән берiп жатпайды, тiптi кейбiреулердің орынсыздау сөздерi мен әрекеттерінен де түбінде тек жақсылық күтетін сыңай байқатып отырады. Әбіштің бар ойы, сан-алуан ісі - халқын қазіргі қиыншылықтан қалаай тез шығару, бұл жолда тиісті саяси күресте қарсыластарын өз пікіріне қалайша жүгіндіру, өмірде болып жатқан күрделі –экономикалық реформаны жүйелі іске асыру, ел өмірін жақсартуға қол жеткізу, тағы осы сияқты асқаралы биік мақсаттарға арналған.

Әрине, мен бұл азын - аулақ пікірлерім арқылы Әбіштің бүкіл болмысын, оның таң-ғажайып талантының қыр-сырын аша алдым деп айта аламын. Ол - үлкен ғұлама білім дариясы, сирек талант иесі, мен тек, өзім көре, ести дұре ойыма түйген қызыққан кейбір айрықша қасиеттеріне тоқталдым.

Әулие Бекет қолдайды

Әбiш Кекiлбайұлына арнау

Есiмiң сенің бүгiн де кeттi көп жерге

тынысты мынау даладай,

Асығасың, бiлем әрқашан сен бұл елге

сағынып жеткен баладай.

Өзіңе таныс, өзіңе қанық мұнда әр жан,

болмаса бiр шалағай.

Мына Маңғыстаудың төciндe жүрген

қариясы да, жасы - бар Адай.

Атағың сенiң бәрiне таныс бүгiн де

қазақты кеткен аралап,

Жеңiл емес, рас, арқалаған жүгің де ...

атқарып жүрсiң саралап.

Соның жақсы - жiлiктеме ұлт жiгiн, ­

дұшпандар жүрер табалап.

Әйтекедей әдiл қазы сөзіңнен айрылма!

халқың отыр әдiл бағалап.

Кынаптан шыққан қылыштай қайратың бойда,

замандастан iлгерiнi көресiң

Сұнғыла шешен, жүйрiксiң де ойга -

ел берiп жүр гой төpeciн.

Жеткен биiктеріңе сен қанағат тұтып койма,

қоғамға көп әлi бересің.

Қат-қабат замана сырларына тереңдей бойла,

інжу-маржандармен толтыр көңіл cөpeciн!

Туыс, дос, құрбы әрқашан ceнi мақтайды,

сәлемiн ыстық жолдайды

Пiкiрде олар: Сенiмдi Әбiш ақтайды,

басқаша тiптi болмайды.

Бұл өңірдегi әлеумет тек өзiңдi жақтайды.

басқаға көңiл толмайды,

Иншалла, кұдiрет ceнi ұзақ аман сақтайды

Ер Бекет ceнi қорғайды! Әмин!
Жамбыл Нәубетов

Тұщықұдық ауылы.



Каталог: uploads -> doc -> 04eb
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04eb -> Сабақтың тақырыбы: § 14 Тас дәуірі (палеолит) Сабақтың мақсаты. Тас дәуірі (палеолит)туралы білім қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет