«Ұлағат Ұландары» туралы қысқаша мәлімет «Ұлағат ұландары»



Дата09.11.2022
өлшемі25 Kb.
#157363
Байланысты:
улагат
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант

«Ұлағат Ұландары» туралы қысқаша мәлімет

«Ұлағат ұландары» педагогикалық жасағы 2000 жылдан бастап, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жанынан құрылып, осы уақытқа дейін жұмыс жүргізіп келеді. «Ұлағат» педагогикалық жасағының негізін қалаушы – Гүлжәмиля Молдабекқызы.


Бұл жасақтың құрылуының басты мақсаты жазғы уақытта аудан лагерьлерінде тынымсыз жұмыс жүргізу барысында балалардың уақытын қызықты, тиімді, тәрбиелі өткізу.
Әлемді балалардың әсем күлкісіне толтыруды мақсат тұтқан “Ұлағат” педагогикалық жасағының сол күннен бастап жалынды жұмыстың атқарушысы болып келеді.
Құрылған жылдан бастап Өскемен, Қостанай, Көкшетау қалаларында тәжірибе алмасу барысында семинарларға қатыса, қалалық оқу орындарында педагогикалық олимпиада, мерекелік іс-шаралардың ұйытқысы болып жүр. Ең бастысы жазғы тынығу орындарында балалардың демалысының мәнді де мазмұнды өткізуіне зор үлесін қосуда. Сондай-ақ А.С.Макаренко атындағы балалар үйімен тығыз байланыс жасап, әрбір жексенбі сайын көңілді орта балалардың ортасына барып, қызықты үйірмелер, көңілді ойындар ұйымдастырып, балалар әлемін думанға толтырды.
“Ұлағаттықтар” ісінің нәтижелілігін әрбір жазғы демалыста балалардың асыға күтуінен, университет іс-шараларында "Ұлағатты" сахнадан көруге асығатындығынан, А.С.Макаренко атындағы балалар үйінің тұрғындарының тек жексенбі емес, әр күн сайын келіп тұруңды тілек қылған балалар үйінен көруге болады.
Ашылған уақыттан 2004 жылға дейін тегін жұмыс жүргізіп, ұлағаттықтар жылдан-жылға көбеймесе, азайған емес. 2005 жылы «Ұлағат» педагогикалық жасағының қызметі «Жастарды қолдау орталығы» МҚКК-нің тарапынан қаржыландырылса, 2006 жылы қызметіне «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» Қауымдастығы арқылы «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығының әлеуметтік жобалар Жәрмеңкесі есебінен қаржы бөлінді.
Құрылған жылы 10 мүшеден бастау алған бұл жасақ қазіргі таңда 84 мүшеден құралып, 30–ға жуық мүшесі осы жылы жазғы аудандық тынығу лагерьлерінде тәлімгер қызметін атқаруға жолдама алғалы отыр. «Ұлағаттан» түлеп ұшқан алғы буын өкілдерінің алды Москвада, Алматыда, АҚШ-тың Нью-Джери штатында жұмыс жүргізуде.
2007 жылы «Ұлағат» педагогикалық жасағы «Ұлағат Ұландары» жастар қоғамдық бірлестігі болып заңды тіркеуден өтіп, ресми өкілеттіктерге ие болды. Алдағы кезеңде түрлі жобаларға қатысып, жоба бойынша жұмыс жүргізуге мүмкіндік алып отыр.
«Ұлағат Ұландары» мүшелеріне алдағы істе сәттілік тілеймін!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет