Афферентті жүйкелер ұштарының сезімталдығын төмендететін немесе олардың Қозуына



бет4/15
Дата19.02.2023
өлшемі0,56 Mb.
#169335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ф КАЗ 51-97

Рефлекторлы әсерлі қақырық түсіретін заттар
(13 тарауды қара "Тыныс алу мүшелерінің қызметіне әсер ететін заттар").
Рефлекторлы әсерлі ащы, іш жүргізетін және өт айдайтын
заттар
(15 тарауды қара "Ас қорыту мүшелерінің қызметіне әсер ететін заттар").
59
2.1. ТІТІРКЕНДІРГІШ ЗАТТАР
Бұл топтың препараттары тері мен шырышты қабаттардың сезімтал жүйке ұштарына ынталандырғыш әсер көрсетеді.
Қыша қағазы (горчичник) майсызданған қышаның жұқа қабатымен жабылған. Оның тітіркендіргіш әсері қышаның эфирлік майына (алилизотиоцианат) байланысты. Қышаның кұрамында синигрин гликозиді мен мирозин ферменті бар. Қыша қағазын жылы (40 °С жоғары емес) сумен сулағанда мирозиннің әсерінен синигрин ферменттік ыдырауға түсіп, айқын тітіркендіргіш әсер көрсететін қышаның эфирлік майын түзеді. Қыша қағаздарын көбінесе тыныс алу мүшелерінің ауруларында, стенокардияда, сонымен қатар невралгияларда, миалгияларда қолданылады.
Эфир майларына кәдімі қарағайдың шырынын айыру арқылы алынатын тазартылған терпентин майы жатады. Негізгі әсер етуші зат болып α-пинен (терпендер тобынан - жартылай немесе толығымен гидрирленген ароматикалық көмірсулар туындыларынан тұратын көптеген эфирлік майлар) саналады, оның айтарлықтай липофилділігі бар, сондықтан эпидермис арқылы сіңіп, сезімтал жүйке ұштарына тітіркендіргіш әсер көрсетеді. Құрамында тазартылған терпентин майы бар препараттар көбінесе жергілікті невралгияларда, миалгияларда, буынның ауыруларында ысқылап жағу үшін қолданылады.
Аталған тітіркендірігіш заттар екі мақсатпен қолданылады. Біріншіден, ауыру сезімін басу үшін зақымдалған мүшенің немесе тіннің аймағына әсері - алаңдатушы әсер деп аталады. Екіншіден, патологиялық үрдістер орын алған ішкі мүшелердің(тіндердің) трофикасын жақсарту үшін.
Алаңдатушы әсері ОЖЖ-де тітіркендірудің екі ағынының өзара әсерлесуі мүмкіндігімен түсіндіріледі - патологиялық өзгерген ішкі мүшелер мен тітіркендіргіш заттардың әсер ететін жерлеріндегі тері беті. Бұл жағдайда висцералды мүшелерден афферентті импульсацияға берілу әлсірейді. Бірақ мұндай көзқарас аса болжамалы, висцералды және соматикалық импульстердің өзара әсерлесуі физиологиялық дәлелденген. Бұл жайлы клиникалық көрсеткіштер де куә болады. Сонымен, ішкі мүшелердің ауруында терінің белгілі бір жерлерінде (Захарин-Гед аймағы) сезімталдықтың жоғарылауы байқалады. Мысалы, стенокардияда науқастар жауырынның тұсында немесе сол жақ қолында ауыру сезімін байқайды. Тітіркендіргіш заттардың әсерінен ОЖЖ-де ауыру сезімдерін басатын қасиеті бар заттар энкефалиндердің бөлінуі жоққа шығарылмаған (8 тарауды қара).
Одан басқа қоздырғыш заттар ішкі мүшелерге оң трофикалық әсер көрсетеді. Бұл бірқатар механизмдерге байланысты болуы мүмкін. Сонымен,
60
трофикалық кәдімгі тері-висцералды рефлекстермен және постганглионарлы симпатикалық талшықтармен антидромды түрде (аксон-рефлекс түрінде) іске асады деп болжайды. Екінші варианттағы қоздырғыштар ОЖЖ-нен тыс тері рецепторынан ішкі мүшелерге барады. Ауыру сезімдерін басатын тітіркендіргіш заттардың алаңдатушы әсері трофикада жағымды рөл атқарады. Теріні тітіркендіргенде биологиялық белсенді заттардың (гистамин және т.б.) бөлінуінің белгілі бір маңызы бар екендігі де ескеріледі.
Тітіркендіргіш заттарды қойған жерлерде тері қызарып, біраз ісінулер пайда болады. Бірақ бұл жергілікті әсерлердің ешқандай емдік маңызы жоқ.
Гиперемия артериолдар мен капиллярлардың рефлекторлы кеңеюімен түсіндіріледі. Бұл көбінесе аксон-рефлекске байланысты жүреді. Қозу тері рецепторларынан сезімтал талшықтарға, кейін коллатералдар арқылы (ОЖЖ-нен тыс) тері тамырларына барады. Сонымен қатар тітіркендіргіш заттарды қойған жерде биологиялық белсенді заттар, мысалы, гистамин бөлінеді. Ол да тамырларды кеңейтіп, капиллярлардың өткізгіштігін жоғарылатады (соңғысы экссудацияның жоғарылауымен және тіндердің аздап ісінуімен жүреді).
Кейбір тітіркендіргіш заттар терінің және шырышты қабаттардың сезімтал жүйке ұштарына аталған әсерлерді көрсетуден басқа жүрек қызметінің, тамырлардың тонусының және тыныс алудың рефлекторлы өзгеруін шақырады. Мұндай препараттарға ментол және аммиак қосылыстары жатады.
М е н т о л бұрыш жалбызы эфир майларының негізгі компоненті. Терпендік қатардың спирті. Тоңу сезімдерін шақыратын суықтық рецепторларға таңдамалы қоздырғыш әсер көрсетеді. Тітіркендіргіш әсер әлсіз анестезиялық әсерге ауысуы мүмкін. Ментол беткейлік тамырлардың да, терең орналасқан жәнс ішкі мүшелердің тамырларының да тонусын рефлекторлы өзгертеді.
Ментол жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуымен жүретін ауруларда (тамшы, жағу, интратрахеалды құюлар, ингаляция түрінде) қолданылады. Ол стенокардияда тіл астына тағайындалатын валидолдың негізгі ингредиенті. Препарат ауыз қуысына сіңіп, жиырылып қалған жүрек тамырларын рефлекторлы кеңейтеді. Ментолды невралгияда, миалгияда және артралгияда тері бетіне ысқылап жағу үшін қолданылады. Бастың сақинасында (мигренъ) оны самайдың тұсына (кұрамында 20 бөлік ментолы және 80 бөлік парафині бар ментолды қарандаш қолданылады) ысқылап жағады.
Аммиактың айқын тітіркендіргіш әсері бар.Аммиак ерітіндісінің (мүсәтір спирті - NН4ОН) буын иіскеу жоғарғы тыныс алу жолдарының
61
сезімтал жүйке ұштарын қоздырады және тыныс орталығын рефлекторлы ынталандырады. Аммиак ерітіндісін естен танып кұлауда, мас болуда ингаляция түрінде қолданылады. Соңғы жағдайда аммиак ерітіндісінің 5-10 тамшысын ішке беруге де (жарты стакан суда) болады. Сол сияқты аммиак ерітіндісінің дезинфекциялаушы қасиеті бар, сондықтан оны хирургтың қолын өңдеуде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет