ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Ағылшын тілі кафедрасы
6B02301 – Аударма ісі мамандығы бойынша
(ShT 1103) «Шетел тілі»
пәнінен БӨЖ тапсырмаларына
арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Шымкент 2022
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Жалпы ережелер
Негізгі жағдайлар
Ақпаратпен жұмыс жасаудың әдістемесі
Білім алушының өзіндік жұмысының (жобаның) мазмұны мен құрылымы
Cтуденттердің білімін бағалау критерийлері
КІРІСПЕ
Студенттердің өзіндік жұмыстары оқу ісінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Студенттердің өзіндік жұмыстары екіге бөлінеді ОСӨЖ (оқытушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысы – аудиториялық оқу сабақтары) және БӨЖ (білім алушының өздік жұмысы – оқытушының қатысуынсыз өзіндік дайындық уақыты).
БӨЖ-ң негізгі міндеттері:
Студенттердің ғылыми және техникалық әдебиеттермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Ақпаратты өз бетінше іздестіру.
Ғылыми-зерттеу және шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Жұмыс уақытысын жоспарлап және ұйымдастыра білу.
Тақырыпты жан-жақты талдап, нақты қол жеткізген қорытындысы, қолданыс аясын нақты білу.
Сол сияқты баяндама, эссе жазу, презентация, топтық және жеке жобалардың тақырыптары да қарастырылған. Тақырыптар оқу жоспарына байланысты жүйеленіп құрастырылған.
Барлық БӨЖ тапсырмалары уақытылы тапсырылуы қажет; уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмендетіп бағаланады (әрбір тапсырмадан кешіккен күніне 1 балл алып тастау).
БӨЖ ұйымдастыру үшін:
- БӨЖ тапсырмаларын семестр басында студенттерге беру;
- Ағымдық және межелі бақылау түрлерін дайындау;
БӨЖ консультациясының уақытын белгілеу.
Студенттерден:
а) БӨЖ тапсырмасын уақытылы орындауды;
ә) белгіленген уақытта тапсыруды;
б) БӨЖ-ге үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ету қажет.
БӨЖ-ді іске асыруға арналған жоғарыда ұсыныстар мен интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің білім деңгейін көтеруге болады.
Интерактивті әдістер студенттердің:
Тыңдау және өзара қарым-қатынасын;
Басқаға жанашырлық таныту, жанкүйерлік қабілетін дамытуды;
Көзқарасын дамытуды және түсінуді;
Белгісіз сұрақтарға жауап тауып, белгілі мәселелерді шешуді;
Аналитикалық ойлау және өз ойын талқылауды қалыптастырады;
Өзін-өзі нақты бағалайды;
Сын тұрғысынан ойлау дағдысы қалыптасады.
|